Agrobilim.kz жобасы – бұл Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бөлігі (бағдарлама операторы – «Атамекен» ҰКП).

Порталда кез келген ыңғайлы уақытта фермер еліміздің түрлі өңірлерінде өткен білім беру семинарларының бейне жазбаларын қарап, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың агробизнесті дұрыс құру мәселелеріне қатысты ауылшаруашылық кәсіпорындарына беретін ұсыныс-кеңестерін біле алады.

Бұдан бөлек, Agrobilim.kz әр саладағы технологиялық циклдар туралы бейне роликтерді, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы туралы өзекті ақпаратты қамтитын талдамалы мақалалар мен шолуларды орналастырады.

Портал:

1) Қазақстандағы агробизнес туралы сенімді ақпаратты жүйелеу және сервисті ыңғайлы ету;

2) ауыл шаруашылығындағы өндіріс пен бизнесті жүргізудің толық циклын көрнекі түрде көрсету;

3) кең таралған және сіздің жеке сұрақтарыңызға жауап беру;

4) фермерге мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын пайдалануға көмектесу үшін жұмыс істейді.

Біздің клиенттеріміз кімдер?

- Қазақстанда бизнес жүргізетін фермерлер;

- Болашақ фермерлер - ауылшаруашылық ЖОО-ның студенттері;

- Еліміздің ауыл шаруашылығына қаржы салуды жоспарлап отырғандар;

- Аграрлық сала кәсіпорындарының қызметкерлері

- Ауыл шаруашылығы тақырыбын арқау еткен БАҚ

- Қазақстандағы аграрлық кешен өнімдері қалай өндірелетініне, өңделетініне, сақталатынына және сатылатынына қызығатындардың бәрі

Сізден не күтеміз?

Пікірлеріңізді, кері байланысты, комментарийлеріңізді, сайттың жұмысы мен біз орналастырған ақпаратқа қатысты сындарлы сыныңыз бен ұсыныстарыңызды, сондай-ақ, сұрақтарыңыз бен тәжірибе барысындағы оқиғаларыңызды күтеміз.