Су өнімдерін өсіру

Аквамәдениет – бұл балық түрлерінің ресурсы мен өзге де суда өсетін жануарлар мен жәндіктерді қолдан өсіріп, жасанды жағдайда көбейту.

Қазақстан территориясындағы тоған шаруашылығы 6 зонаға бөлінсе, көлді-тауарлы балық шаруашылығының 4 зонасы бар. Олардың әрқайсында балық өсірудің белгіленген өз нормативтері бар.

Еліміздегі балық түрлерінің сан алуандығы өте жоғары деңгейде.

Мәселен, Қазақстанда балықтың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерін қоса алғанда 159 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі Каспий теңізін мекендейді.

Ауыл шауашылығындағы қолданыста басқа балық түрлерінен гөрі тұқы, алабұға, бекіре, майшабақ, ақсерке тұқымдас балықтардың маңызы жоғары.

Балық шаруашылығымен айналысқысы келетін фермер бастапқы кезеңде жергілікті жердің табиғи-климаттық жағдайы мен балық өсірілетін су қоймасының әлеуетін, қаржылық мүмкіндіктерін есептей отырып, балық өнімдеріне деген сұранысты, сондай-ақ дайын өнімді сатып алатын орындар, өсірілетін балық түрлерін (ассортимент) айқындап алу қажет. Сонымен қатар, кәсіби білімі бар балық өсірушілерді жұмысқа қабылдау да табысты бизнес жүргізуге қажетті алғышарттардың бірі.

Сонымен қатар, мемлекеттен балық шаруашылығы саласына бөлінетін субсидиялар мен жеңілдіктерді зерттеп, алу жолдарын қарастыру керек.

Жалпы әр су қоймасының өзіндік қыр-сыры болады. Олар бір-бірінен өзара гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерімен, табиғи жем қорымен, бастапқы ихтиофаунасымен ерекшеленеді. Сондықтан балық шаруашылығының бизнес-жоспары осындай ерекшеліктерді есепке ала отырып жасалуы қажет. Су қоймасын салуға дейін алдымен балық өсірудің биологиялық негіздемесі жасақталады, әйтпесе бөлінген қаржы босқа жұмсалуы мүмкін.

Еліміздегі көптеген келешегі зор балық өсіру шаруашылығымен айналысуға болатын су қоймаларын қолданушылар конкурс арқылы 10 жылдай уақытқа қолданысқа алған. Қалған резервтік су қоймалары кәсіптік, әуесқой (спорттық) балық аулау, көлдік-тауарлық балық өсіру шаруашылығы бойынша бекітіліп, паспортталған.

Бөлінетін қаржы көлемі су қоймасының түріне, аймақтық орналасуына басқа да жеке-жеке қарастырылатын факторларға тәуелді, яғни қаражат әр жағдайға байланысты бөлек есептеледі. Көлдік-тауарлық балық шаруашылығы үшін тартылған қаражаттың өз-өзін өтеу уақыты Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 3 жылды құраса, өзге облыстарда 4-5 жылды құрайды. Ал бассейндік форель шаруашылықтары үшін 2 жыл жеткілікті.

жабық балық өсіру қондырғыларына салынатын қаржы (УЗВ) 7 жылда өзін ақтайды.

Балық өсіру шаруашылығындағы негізгі шығын шабақ сатып алуға, өсіруге, балық жеміне, жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге, электр энергиясына, жанар-жағар майға кетеді. Салынатын инвестиция құнының көп бөлігі қойма салу құнына, ал индустриалды шаруашылықтар үшін 64 %-ке дейін кетеді.

Балық өсіру шаруашылығын жобалаған кезде жоба орналасатын аймақтың экономикалық жағдайының барлық қыры, рыноктағы дайын өнімге деген сұраныс пен ұсыныс есепке алынуы тиіс. Осы орайда рынокта тірі балық пен терең өңделген балық өнімі жоғары сұранысқа ие екенін естен шығармау керек.

Шағын балық өсіретін кәсіпорынның сатуға шығаратын басты рыногы сол аймақтағы сауда кәсіпорындары болып табылады. Балық шаруашылығының рентабельді болуы үшін балық өнімділігінің жоғары болуына қол жеткізу керек: Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарындағы балық өнімділігінің көрсеткіші гектарына 70-80 кг болса, оңтүстік және батыс аймақтар үшін – 100-120 кг/га, орналасқан аймағына қарамастан интенсивті балық өсіретін су тоғандары үшін 300-400 кг/га-ны көрсетеді. Шаруашылыққа салынған инвестицияның қайтарым уақыты 3-7 жыл мерзімді құрайды.

Балық шаруашылығы өндірісін іске қосу үшін резервтік қойма таңдап, оны аквакультура мақсатында қолданылады деп, құжатпен бекітіп алу керек. Содан кейін балық өсірудің биологиялық негіздемесін жасақтап, бизнес-жоспар құрылады, дайындық жұмыстары жүргізіледі. Дайындық жұмыстарын жүргізудің ең қолайлы уақыты көктем, күзге салым оны аяқтап, өсіруге балықтар мен шабақтар сатып алуға болады.

Балық өсіретін шаруашылықтарда олардың санитарлық-эпизоотологиялық жағдайының қандай екеніне қарамастан үнемі профилактикалық және ветеринарлық-санитарлық шаралар кешені жүргізіледі. Бұл шаралар балық өсірудің жалпы технологиялық өндіріс барысына енгізілген.

қоймаларын бақылау (мониторинг) мынадай шаралардан тұрады: гидрохимиялық бақылау, гидробиологиялық мониторинг, мелиоративтік жұмыстардың көлемін анықтау үшін су қоймасының өсімділігі, балықтарды бағалау, өсірілетін балықтарға эндо және экто-паразит бар-жоғын анықтау үшін тексеріс жүргізу.

таңда шарбақтық тоған шаруашылығының құрылысына, шарбақтық тоған қондырғысы бар балық өсіретін шаруашылықтарға және көлдік-тауарлық балық өсіру шаруашылығын жасақтауға салынатын инвестицияларға мемлекеттен субсидия беріледі. Сондай-ақ, инвестсубсидия мен қоректік жем сатып алуға кететін шығынды арзандатуға арналған субсидиялар беріледі.


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
Алтын балық: ертегі ме, шындық па?Балыққа да оттегі қажетМен армандаған балықБизнесті жоспарлаудың жете жолсілтемесіТабыс көзі - балық
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ