Жылқы шаруашылығы

Жылқы шаруашылығы – Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығындағы сан қырлы және табысты сала. Кәсібін енді бастаған фермер істі табынды жылқы шаруашылығы арқылы дамыта алады. Себебі ол Қазақстандағы негізгі жылқы шаруашылығының 95%-98%-н құрайды.

Жылқының мұндай түрінен ең алдымен ет және сүт өндіру көзделеді. Фермер табынды жылқылардың етті тұқымын өсіріп, одан қымыз алу арқылы кәсібін бірнеше бағытта дамытады және тұрақты кірісі болады.

Табынды жылқы шауаршылығымен айналысу үшін бір үйір жылқы болу керек, яғни бір айғыр, екі бие. Сәтті бастама үшін ең аз дегенде осынша көлемдегі бас болу қажет.

Жылқыларды жаю үшін, бос өріс қайда бар екенін білу керек. Табынды жылқы жыл бойы жайылымда болады. Қыста сақтық үшін қоймада жем болуын қадағалау керек.

Жылқылар үнемі жайлауда жайылатындықтан ауру жұқтыру қаупі жоғары болады. Сондықтан жылқыларға паразитке қарсы екпе және жамандатқа қарсы вакцина салу қажет. Табынға 3-5 адам қызмет көрсетеді. Олар – жылқышы мен мал дәрігері.

Табынды жылқылардың әрқайсысына нөмір беріледі. Ол малдың денесіне сұйық азоттың көмегімен жазылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда жылқылардың жота тұсына микрочиптер ендіретін болған. Микрочип ISO стандарты бойынша жасалып, сәйкестендіру әдісі бойынша қызмет етеді. Ол жылқыларды шетелге жібергенде міндетті түрде керек.


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
Қазақстан даласының «Ақ алтыны»Бизнесті жоспарлаудың жете жолсілтемесі
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ