Қой өсіру

Мал шаруашылығының қандай саласынан бизнес бастау керек екенін сұрасаңыз, бірден қой шаруашылығы деп жауап береміз.

Қойлар тез өседі, әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделе алады. Сондай-ақ, олар азық талғамайды. Малдың бұл түрінің еті, жүні мен сүті ерекше бағаланады.

Қазақстанда қойдың 20-дан астам тұқымы өсіріледі. Жайылымның ауқымына байланысты қой шаруашылығымен тұрақты түрде айналысуға болады. Сондай-ақ, технологиялық процестерді тиісті түрде сақтай отырып, толағай табысқа кенелуге де мүмкіндік бар.

Төмендегі жағдайлар қой шаруашылығы саласында табысты болуға ықпал етеді. Жайылым, азық-түлік қоры, сондай-ақ қойлардың бордақылауға немесе өсіруге арналғандығын анықтау маңызды.

Соғымға арналған қойлар дененің тауарлық салмағын жоғарылату үшін қорада сақталады. Ал сау ұрпақ алу мақсатында ұсталатын қойлардың күтімі де айырықша болады.

Егер сіздің жеріңіз болмаса, оны жалға аласыз. Алаңның кеңдігі 1 гектарға дейін болуы керек. Қыс мезгілінде қойларды арнайы мал қорада ұстайды. Мал ұстайтын орын шөп, сабан, түйіршіктелген жем қоспалары, сұлы, жүгері астығы және кебекпен қамтылуы керек. Ал көктемде жануарлар жайылымға шығады.

Қой шаруашылығы бизнесін ұйымдастыру барысында қойларды сақтаудың ерекшеліктерін білу керек. Ет және жүн нарығына назар аудару да маңызды. Вакцинациялау және малдың денсаулығына үнемі мониторинг жүргізу, қойларды тамақтандырып, күтіп-баптайтын тәжірибелі мал дәрігерін жалдауға болады.

Қойдың еті басқа ауыл шаруашылығы жануарларының етіне қарағанда біршама ерекшеленіп, халық арасында сұранысқа ие. Ол барлық қой тұқымдарынан алынады, бірақ етті-майлы қой тұқымдарының ет өнімділігі жоғары.

Қойдың жүні тоқыма мен жүннен өнімдерді жасау үшін қолданылады. Қой жүні ең жақсы тоқыма болып табылады.


Жиі қойылатын сұрақтар

Қой шаруашылығында субсидияның келесі түрлері қарастырылған:

- Шаруа (фермер) қожалығындағы және ауыл шаруашылық кооперативтеріндегі аналық биязы жүнді, биязылау жүнді және қаракөл қой тұқымын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру - 1 000 тг/бас;

- Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

Асыл тұқымды аналық мал 2 500тг/бас;

Тауарлық аналық мал – 1 500тг/бас;

Асыл тұқымды қошқарларды сатып алу - 8 000тг/бас;

Қозыларды сатып алу құнын арзандату – 3 000тг/бас;

Өңдеу үшін сатылған жұқа және ұяң жүннің құнын арзандату

60 сападан басталатын жүн сапасы – 150 тг/кг;

50 сападан басталатын жүн сапасы– 100 тг/кг.

Тұқымдық қошқарларды азықтандыру.

Тұқымдық қошқарларды дұрыс мөлшерде азықтандыру ұрықтың пайда болуына және алынатын тұқымның сапасы мен және санынаәсер етеді.

Қошқарларды жемдеудің шамамен алғандағы тәуліктік нормасы жылдың әртүрлі маусымында төмендегідей болуы қажет:

а) шағылыстырылмайтын маусымда – қоректік бірлік – 1,6-2,0 кг бойға тарайтын протеин – 150-185 г

б) шағылысу (2-3 рет шағылысу) кезіндегі қоректік бірліктің орташа жүктемесі 2,25-2,5 кг , қорытылатын протеин 230-285 г.

Жылдық мөлшер 650-700 қоректік бірлік .

Минералды тұзбен және жеммен қажетті мөлшерде үнемі қамтамасыз ету қажет.

Қошқарлар өндірістік талапқа сай қоңды болуы қажет, оның қоңдылығының төмендігі малдың дұрыс азықтандырмағанын және күтіп-бапталмағанын көрсетеді.

Қошқарлардың жем құрамы шамамен келесідей болуы мүмкін: шағылыстырылмайтын маусымда жақсы сападағы жоңышқалық пішен немесе әртүрлі шөп – 2 кг, құрамдас жемазық қоспасы – 0,8-1,0 кг, шырынды жем (сүрлем шөп) – 1,5-2 кг. Шағылыстыру жүргізу кезеңінде – жоңышқа пішені – 2 кг, концентраттар қоспасы (арпа,құрамдас жемазық ) – 1,5 кг сәбіз, қызылша – 1,0 кг. Күйек қошқарларға сапасы жақсы шөп – 2 кг, құрама жемазық қоспасы– 0,8-1,0 кг беріледі.

Қойларды қысқы маусымда қой қорадағы арнайы қашадағы негізгі аумақта ұстайды. Жазда олар үшін жақсы жайылымдық жер бөледі. Жайылымнан басқа көктемгі және жазғы кезеңде, оларды тәулігіне бір

басқа 0,8 кг есебінен құрама жемазық қоспасымен қосымша азықтандырады. Жылдың барлық кезеңінде қошқарларды аналық отардан бөлек ұстау қажет.

Қой шаруашылығы өнімінің стандарттық жоспарланған көлеміне және сапасына қол жеткізу үшін фермер қожалығында жыл бойы кесте бойынша бір қалыпты жүзеге асырылатын өндірістің технологиялық үрдістері қатаң сақталуы қажет. Бұл мақсат үшін қой шаруашылығы институымен технологиялық үрдістерді кезеңділікпен орындау циклограммасы әзірленеді. Бұл негізгі технологиялық үрдістердің жоспарлы орындалу мерзімін айқындайды. Оларды сапалы орындау ең алдымен, фермерлердің ұйымдастыру қабілеттілігіне және шаруашылықта азық қорын жасауға, жемшөп дайындауға және жыл бойы тазалау-жинау жұмыстары кезінде қажетті арнайы орындармен, техникамен, машинамен және басқа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Ұрғашы қойларды ұрықтандыруды (қолдан, еркін немесе жасанды жолмен) жоспарланған төлдейтін науқан мерзіміне байланысты әр өндірістік жылдың күзгі кезеңі бойы шаруашылықтың білікті мамандары жүргізеді.

Қоздау (қысқы, ерте көктемгі, көктемгі) – өте күрделі, жауапты төлдейтін науқан және жаңа туған қозыларды туғаннан кейінгі өсіру арнайы жабдықталған туу цехында немесе қой шаруашылығы жайының бөлімшелерінде жүргізіледі. Мұнда топтық торлар, астаулар мен автосуарғыштар және басқа құралдар орнатылған. Бөлменің жарықтылығы және микроклиматы зоогигиеналық талаптарға (құрғақ, жарық әрі таза) сәйкес болуы қажет.

Жаңа туылған қозыларды өсіру көбінесе қой қора - базалық әдіспен жүзеге асырылады. Бұл ретте, жаңа туған қозылар 25-30 күнге дейін, аналарымен бірге болады. Төлдеген ұрғашы қойларды бірінші аптада 5-6 бастан, екінші аптада 25-30 бастан, үшінші аптада- 35-40 бастан, төртінші аптада- 50-60 бастан , 30 күн толғанда және 150-200 бастан астам болғанда сақмандарға бөледі қалыптастырады. Егіз, үш қозы әкелген аналықтарды 3-4 бастан жеке топтарға қалыптастырады. Туатын жайларда жетім қозылар және сүті аз төлдердің қозылар үшін жеке орындар бөлінеді, мұнда оларды сұйытылмаған сиыр сүтімен немесе жасанды сүтпен қолданазықтандырады. Алғаш рет азықтандыру кезіндегі мөлшер бір басқа 50-80 грамм, екінші рет-80-100г, үшінші рет- 100-120 г. Өсе келе мөлшері 10 -күндік қозы үшін 0,30-0,35 л. –ге, 20- күндік - 0,45-0,50 л. –ге, 30- күндік – 0,65-0,70 л.ге, тым ересектерге - 0,7-0,8 л-ге дейін ұлғайтылады.

Қойдың сапасын бағалау (жекеше, топтық) – кешенді бағалау жылдың жылы кезінде (көктемде және жаздың басында) жүргізілуі қажет.

Қой қырқу және тоғыту. Қой шаруашылығындағы ең маңызды науқан қой қырқу болып есептеледі. Бұл жұмысты қырықтық пункттерінде жасақталған білікті қой қырқушылар мен жүнді топтау мамандары жүргізеді. Шаруашылықта осы науқанды жүргізу қарқыны және алынған жүннің сапасы көбінесе қой қырқудың жақсы ұйымдастырылуына байланысты. Сапасы жақсы жүн, әсіресе биязы жүн – жүн өңдеуші өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қой қырқуды жылы ауа-райын белгілей отырып, +15-20°С кезінде, жақсы қоңдылықта жүргізу қажет. Қоңдылық пен ауа температурасының жоғарылауымен – жүн биязыланады, шайырлық саны ұлғаяды әрі созылғыш, иілгіш, қажетке сай жылтыр болады, қырқудың қолайлы мерзімі басталады.

Қой қырқуды жүргізу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы мүмкін. Қой қырқуды, жүнді топтастыруды, будаларды буып-түюді ұйымшылдықпен және сапалы жүргізу үшін екі нұсқадағы жылжымалы қырқатын пункт (ЖҚП-4/200) ұсынылады.

Бірінші нұсқасы – қой қырқуды және төрт қырқушының жүнді жинауын қарастырады.

Екінші нұсқасы – қойды қырқудан және жүнді жинаудан басқа фермердің қалауы бойынша жүнді өлшеу, топтастыру және тығыздау жүргізіледі. ЖҚП-4/200:

а) қырқылған және қырқылмаған қойлардың металл немесе ағаш қалқан қашасынан;

б) тез қырқу әдісімен қырқуға арналған стеллаж үстелінен;

в) жұмыс уақытында жүн қырқу жүктемесін азайтуға арналған топсалы механизм құрылғысынан;

г) даладағы орынды және қырқуға арналған орынды күннің тікелей сәулесінің түсуінен , желден және жаңбырдан қорғауға арналған көлеңкелік шатырдан;

д) МСО-776, МСУ – 200 немесе ЭСА – 12/200 маркалы алты электр қырқу агрегаттарынан, оның 4-еуі – негізгі, 2-еуі- қосалқы;

ж) ТА-1 қайрайтын аппараттан;

з) ЗИД-4,5 шағын станциясынан немесе басқа электр құрал-жабдықтарынан тұрады.

Сонымен бірге, жұмыс істейтін жұмысшылардың саны 8-9 адам: 4-қырқушы, 1-қайрақшы, 2- тығыздаушы және жүнді топтастырушы. ЖҚП-4/200 жинақтамасына қосымша жүнге арналған ПГШ-1 жүнтығыздағыш және жүн мен будаларды өлшеуге арналған таразы қосылады. Бүкіл құрал-жабдық (2268 кг) пен қызмет көрсетуші жұмысшылар тасымалы үшін 10-орындық автобус немесе кез келген жылжымалы техника қажет.

Шаруашылықта малдардың ауруы үлкен экономикалық зиян әкеледі.

Малдарды әртүрлі эпизоотикалық аурулардан ҚР АШМ малдәрігерлік жарғысымен және нұсқаулығымен қорғау үшін орындау міндетті болып табылатын, эпизоотикалық аураларға қарсы ісшараларды жүргізу қарастырылған. Қойлар арасында аса қауіпті жұқпалы ауру туындаған кезде, жұқпа індет ошағын карантиндеу жыл мезгілі және ауа-райы жағдайына қарамай, аурудың пайда болған сәтінен бастап, бірінші тәулік бойы жүргізілуі қажет. Індеттің ықтимал таралу жолдарының барлығын жабу, індет көзін анықтау және малдарға дәрі егуді ұйымдастыру қажет.

Жұқпалы аурулар, егер тіпті олар толық жойылса да, кез келген уақытта қайтадан туындауы мүмкін. Сондықтан, шаруашылықтың малдәрігерлік- санитарлық жағдайын ескере отырып: малдәрігерлік алдын алу іс- шаралар жоспарының болуы және дер кезінде сауықтыру шараларын жүргізу, қойларды малдәрігерлік алдын алу мақсатында өңдеу жоспарын қатаң орындау қажет.

Некробациллез ауруының алдын алуға ерекше назар аудару қажет, онымен ауырған қозылардың аузының шырышты қабығы, ерні, ішкі мүшелері зақымданады. Ауыз қуысы некротикалық зақымдалған қозыларды оқшаулайды және марганец қышқылды калийдің үш пайыздық ерітіндісімен емдейді. Жалпы емдеуді биомицинмен, террамицинмен және биовитаминмен жүргізеді. Сондай-ақ, үй-жайына мұқият тазалау және зарасыздандыру жүргізілуі тиіс.

Бруцеллезді жою мақсатында, кейін аллергиялық және серологиялық зерттеу жүргізе отырып, жануарларға вакцинация жүргізу қажет. Барлық оң әсері анықталған жануарларды оқшаулайды және етке өткізеді..

Жылдың жылы кезеңінде инвазиялық аурумен күресу кезінде, қойларды оннан бір есебінен фекатиоздық-тұз қоспасымен қосымша азықтандырған қолданған жөн.

Ценуроза және эхинококкоза ауруын жою кезінде, әр тоқсан сайын қызметтік иттер ді гельминтсіздендіру (құрттардан тазалау) және өлекселер үшін арнайы бөлген жерді пайдалану қажет. Бұдан басқа, күзде (9 қазанда) көктемде (мамыр), ағымдағы жылы туған қозыларды қоса алғанда, шаруашылықтағы барлық қойларды індетті құрттардан тазалау қажет.

Қойлардың көп шығынға ұшырауы, негізінде, жұқпалы емес аурулардан да болуы мүмкін. Олардың арасында ең көп таралғаны тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің аурулары болады.

Тыныс алу мүшесінің ауруын жою үшін, жануарларды, әсіресе, жас төлдерді күтіп-баптауды жақсарту қажет, себебі олар суыққа шалдыққыш келеді.

Ас қорыту мүшелерінің аурулары, әдетте, қате және толымсыз жемдеудің салдарынан болады. Қоректік заттардың жетіспеушілігі, әсіресе, қыс маусымында, ерте көктемгі кезеңде балауса жемшөптің болмауы, малдың арықтауына, қысыр қалуына және түсік тастауына, қозылардың, өмірінің алғашқы күндері әлсіз және өлі тууына әкелуі мүмкін.

Жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін, бірінші кезекте, азық қорын нығайту, сапалы азық дайындау шараларынжүргізу, бүкіл жыл бойы қойларды толыққанды жемдеуді және күтіп-баптау үшін қалыпты жағдайды ұйымдастыру қажет. Қотырға жол бермеу мақсатында, жыл сайын паразит ошағының алдын алу және кенелердің дамуына кедергі болатын карантиндік және санитарлық іс-шараларды жүргізу қажет. Малдың және адамның ағзасы үшін зиянсыз жаңа препараттарды пайдалана отырып, қойларға тоғыту жүргізу қажет

Малдәрігерлік -санитарлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін, ветеринария емханасының, жұқпалы ауруы бар мал үшіноқшаулағыштың , сатылатын және сатып алынатын малдар үшін карантиндік жайлардың, шарасыздықтан союға арналған бөлімшелермен бірге санитарлық- мал соятын орынның болуы ұсынылады. Малдәрігерлік пункт қажетті құрал-жабдықтармен, зарарсыздандыру және емдеу материалдарымен жабдықталуы тиіс.

Бүтіндей шаруашылықта ветеринарлық-профилактикалық шараларды сақтау кезінде, жоғары өнімділікті асыл тұқымды қой басын сақтау және көбейту мүмкін болады.

Жұмыс атауыОрындау мерзімі
1

 

Қошқарларға және ұрғашыларға карточка ресімдеу және толтыру.

Қаңтар, ақпан, наурыз
2Қой төлінің көктемгі қоздауы және қозыларды нөмірлеу үшін сырға салуға арналған журнал дайындау.наурыз
3Асыл тұқымды ұрғашылардан қозының тууы кезінде, және қойлардың тұқымы бойынша тексерілетін отарларда таңбалау, өлшеу және сипаттау.Сәуір
4Өткен жылы туған қой төлін сұрыптау және өлшеу, өсімтал отар үшін тұсақтарды іріктеу, сатуға арналған тоқтылар мен тұсақтарды іріктеу. Қошқарлардың және ұрғашы қойлардың селекциялық отарын таңбалау.Мамыр, маусым
5Ұрғашы қойлардың селекциялық отарындағы жүн қырқымын жеке есепке алу. Зертханалық зерттеу үшін жабағы жүнді іріктеу.Мамыр, маусым
6Сату үшін өсірілген тоқтылардың тұқымынан жүннің үлгілерін іріктеу және жуылған жүннің түсімін анықтау.Мамыр, маусым
7Таңбалау және тұқымдық жұмыстың көктемгі циклін орындау туралы есеп құрастыру және материалдарды өңдеу.Маусым, шілде
8Ұрғашы қойлардың тұқымдық карточкасына өнімділігі мен таңбалау, сонымен бірге өткен жылы туған төлдің өнімділігі туралы жазба енгізу.Шілде, тамыз
9Қозыларды енелерінен айыру, селекциялық және тұқымдық төл отарындағы тоқтылар мен тұсақтарды таңбалау және өлшеу. Өсімтал тоқтылар мен тұсақтарды іріктеу. Сату үшін өсірілген тұқымдық қойларды іріктеу. Төлдейтін ұрғашы қой отарын қалыптастыру. Қой өсіруге жарамсызын шығару.Тамыз
10Алдыңғы жылғы іріктеу нәтижелері туралы өткен жылы туған төлдің өнімділігін және таңбалау деректерін өңдеу және алдыңғы жылғы іріктеу нәтижелері туралы күні бұрынғы пайымдама үшін ағымдағы туған төлдің қозыларын айыру және қоздау деректерін өңдеу.Қыркүйек
11Ересек қошқарлардың тұқым сапасын тексеру, жас қойларды шағылысуғадайындау, шағылыстыру жоспарын құрастыру.Қазан
12Қойлардың: қошқарлардың, ұрғашылардың селекциялық отарын тексеріп шығу және өлшеу. Қойларды шағылыстыру үшін соңғы рет белгілеу.Қазан
13Пайдалану отарындағы тұқымдық отарды және топтық отарлар бойынша шағылыстыруды жеке есепке алу.Қараша
14Төлдейтін қойлардың карточкасына күзгі тірі салмақты және ұрықтандыру нәтижелерін таратып жазу.Қараша, желтоқсан
15Ағымдағы жылы іріктелген ұрғашыларға тұқымдық карточка құрастыру. Шағылыстыру журналын ресімдеуді аяқтау және өңдеу.Желтоқсан

Отар бойынша негізгі жұмыстардың күнтізбелік осы жоспары етті-жүнді жоғары өнімді қой отарының тұқымдық жұмыстары жөніндегі келешекті жоспарын жүзеге асыру мақсатында, жыл сайын өткізіледі.

Етке тапсырылатын қой отарын топтастыруды күзде, мал басын қысқа бөлу алдында жүргізу қажет. Осы отардың малын етке тапсыру сәтінде, олардың қоңдылығының жоғары және тірі салмағының үлкен болатындай жақсы семіртілуі тиіс. Бордақылау алдында барлық қой басын жасын, тірі салмағын және дамуын ескере отырып, топтарға бөледі. Ересек мал басын бордақылау ұзақтығы -60-70, жас төл- 90-100 күн. Бордақылау неғұрлым қарқынды болса, оны жүргізу мерзімі соғұрлым қысқа және салмақ өсімі өзіндік құнынан төмен болады. Қарқынды бордақылау кезінде, тірі салмағы 40 кг және одан асатын қоңдылығы жоғары туған мәліштерді сатудың нақты мүмкіндігі бар. Бордақылау шаруашылықтағы жем есебінен жүргізілуі қажет.

Қойларды жайылымда ұстау экономикалық тұрғыдан пайдалы. Қойды жайылымда ұстау кезінде, жүргізілген қой шаруашылығы өнімінің бірлігіне еңбек пен қаражат қорада баққанға қарағанда 2-3 есе аз жұмсалады. Малды жайып семірту үшін, жарамсыз ұрғашы және өсіру үшін жарамсыз төлдің аздаған бөлігі пайдаланылады.

Жайып семіртуді сәтті жүргізу үшін, жайылымды дұрыс пайдалану қажет. Алдын ала жоспар құрастыру қажет, онда тұтыну саны және мал жаюды пайдалану тәртібі, жайып семірту мерзімі, тәулікке және әр маусымға арналған салмақ өсімінің көлемі белгіленеді. Жайып семірту үшін іріктелетін мал басы жас-жыныстық белгілері бойынша жеке топтарғабөлінеді. Жас төлден құралған отарларға бұршақ дақылды өсімдіктері бар , ал ересек қойларға- дәнді дақылға бай жайылым бөлінеді.

Жақсы нәтиже алу малазықтық жағдайларға ғана емес, күн тәртібін сақтауға да байланысты. Бұл ретте, жайылым ұзақтығы азаннан кешке дейін 10-16 сағаттан кем болмауы тиіс. Жайып семірту кезеңінде малды суаратын және демалатын жері бар жайылымнан үлкеніне айдау қажетсіз. Тұрақты суат пен минералды үстеме жемдеуді ұйымдастыру қажет. Қойды жайып семірту ұзақтығы малдың қоңдылығына және жинаған тірі салмағына байланысты.

Ұрпақтық мал өсіру – бұл отардағы тұқымдық жұмыстың ең жоғарғы формасы, мүлдем өз бетінше қабылдау. Бұны қошқарлардың тұқымы және өнімдік сапасы бойынша, өзінің оң сапасын ұрпағына тайсалмай беретін және ұрпақтың аталық із бастаушысына тән, құнды ерекшеліктерімен сипатталатын өнімділігі жоғары, асыл тұқымды қойлардың үлкен тобын құру үшін қолданады.

Тұқым шегіндегі ұрпақ, ұрпақтың аталық із бастаушысының сапасына және жеке құнды қасиеттерін қайталайтын, біртуар тұқымның ең жақсы бөлігінің қатары бойы мал өсіру нәтижесінде алынған, малдың тобын құрайды.

Осылайша, тұқымдық отардың ең жақсы бөлігіне тән сапалық көрсеткіштерімен және өнімділік деңгейімен қатар шыққан тегі және түрі бірдей ұрпақтық қойлардың ұрпаққа тән жеке шаруашылықтық-пайдалы белгілеріне қатысты өзінің құнды ерекшеліктері болуы қажет. Ұрпақтық қой өсірудің негізгі мәні осында жатыр.

Отардабірнеше ұрпақ болса, ол, әрқайсының тұқым шегінде өзінің ерекшеліктері бар, бірнеше сапалық- әртүрлі топтарға бөлінеді. Ұрпақтан ұрпаққа әр буынға тән негізгі шаруашылықтық- пайдалы белгілерін біріктіре жүргізу және ұрпақтық қойларды және отардағы қалған төлді пайдалану өсірілетін қойдың тұқымдық және өнімдік сапасын үзіліссіз жетілдірумен жүзеге асырылады.

Осылайша, біртуар өнім берушілердің жеке ерекшеліктерінің ұрпақ бойынша өсіру кезінде, тұқымдық жұмысты жүйе көмегімен топтыққа айналады.

Ұрпақтық тұқымдық жұмыс міндетіне әр ұрпақ малына тән, конституционалдық-өнімді түрлерді біріктіру енеді.

Ұрпақтық мал өсіру кезінде, малдың шағылысу жүйесіне қатысты, туыстық ретіндегі, сонымен бірге туыстық емес шағылысу тән болып есептеледі.

Ұрпақтар негізін, әдетте, ұрпақтық із бастаушымен бірге әртүрлі туыстық дәрежесіндегі төлдер құрайды. Сондықтан, ұрпақтық із бастаушының немесе оны жалғастырушының құнды ерекшеліктерін бекіту мақсатында, әртүрлі дәрежедегі туыстық шағылыстыруды қолдану қажет. Мал тобының гендік түрі бойынша бірегейлерін алу үшін, жартылай ағайындыны жартылай аналықпен, яғни бір атаның аналықтарын және әртүрлі аналықтармен шағылыстыруды қолдану ұсынылады.

Туыстық шағылыстыру үшін, ұрпақтық мал арасынан мықтыдене тұрқы мықты , денсаулығы жақсы және сырт мүшелерінде кемістігі жоқ аналықтарды таңдап алу қажет.

Ұрпақтың із бастаушысының құнды ерекшеліктерін және өнімдік сапасын сақтау үшін, жоғары көрсеткіштерімен сипатталатын, ұқсас белгілері мен жоғары өнімділік деңгейі бар аналықтарды таңдап алу қажет, ал қатардағы аналық қойларды жақын туыстық шағылыстыру үшін пайдалануға болмайды.

Таңдаулы және І санаттағы мал отарларында жеке тұқымдық есеп жүргізіледі. Барлық малдардың жеке нөмірлері болады, сол бойынша оны оңай табуға болады.Бұл үшін төлдеу кезінде туғаннан кейін бір тәулік ішінде барлық қозылардың оң жақ құлағына жеке нөмірлі сырға тағылады , ал қоздаудың аяқ кезінде сол нөмірмен сол жақ құлағына бояутаңба жасалады.

Металл сырғамен нөмірлеу қойлармен жасалатын әр түрлі жұмыстарды жүргізу кезінде нөмірді оқуды жеңілдетеді, ал жоғалтып алған жағдайда малдың нөмірі бояутаңба бойынша анықталады.

Осылайша, екі жақты нөмірлеу малдың тегін жоғалту мүмкіндігін болдырмайды, оның тұқымдық және өнімдік сапаларын анықтау кезінде жаңылыстырмайды

Тұқымдық жазбалар мынадай үлгідегі журналдарда жүргізіледі: қойларды шағылыстыру, қойлардың төлденуі, оларды таңбалау, қырқу, өлшеу, ал селекциялық және І класты озат отарларда одан басқа, жеке тұқымдық карточкалар толтырылады (қойлар үшін №1 үлгі және ұрғашылар үшін №2 үлгі).

Шағылыстыру журналында ұрғашылар нөмірлері өсу нөмірлерінің тәртібімен жазылады. Ұрықтандыру мәліметтерінен басқа бұған ұрғашылардың тұқымдық және өнімдік сапаларын сипаттайтын барлық материалдар жатады. Бұл журналдар бойынша қойлардың ұрғашыларға жеке тағайындауын жүргізуге болады.

Төлдеу журналына өсу тәртібімен қозылардың нөмірлері жазылады және екі жасқа дейінгі қозылардың сипаты бойынша журнал үлгісінде қарастырылған барлық мәліметтер енгізіледі.

Сондықтан шағылыстыру журналында ұрғашыларды сипаттау бойынша барлық материалдар, ал төлдеу журналында қозылар бойынша барлық мәліметтер жиналған.

Басқа журналдар (таңбалар, қырқу, өлшеу) қосалқы болып табылады және дала жағдайына қатысты материалдарды жинауға арналған.

№1 және № 2 үлгідегі тұқымдық карточкалар олардың өнімдік сапаларын нақты анықтаудан кейін толтырылады.

Ұрғашылардың және олардың төлдеуінің сипаты бойынша барлық материалдар жазылатын тұқымдық карточкалардың болуы тұқымдық табындағы әр түрлі жұмыстарды жүргізуді жеңілдетеді. Сол журналдар бойынша ұрғашылардың тұқымдық және өнімдік сапаларын жорамалдау жеңіл, таңдау және келтіру әдісін талдауға байланысты әр түрлі мәселелерді, сонымен қатар қойларды жетілдіру әдістерін анықтау бойынша басқа да мәселелерді әзірлеу ыңғайлы.

Жұмысты шыдамды және мұқият орындауға қабілетті есепшілерсіз тұқымдық есепті жасау мүмкін емес. Тұқымдық ұрғашылар отары мен жылдық тоқтылар отарына тұқымдық есеп жүргізу үшін бір білікті есепші қажет.

Қойларды өсіру және ұрықтандыратын тұқымдас ұрғашыларды жеке есепке алу бойынша жұмыс жоғары зоотехникалық деңгейде жүргізілуі тиіс.

Қойлар мен тоқтыларды бірінші шағылыстыруға 18 айлық кезінде жібереді. Сәуірде қозылар алу үшін жоспардан тыс науқан қарашаның басынан жүргізіледі.Төлдеу уақыты жылы ауа райына, жайылымда қойларды толығымен қанағаттандыратын қажетті мөлшердегі қоректік заттары бар жасыл шөп кезіне сәйкес келеді.

Қолдан ұрықтандыру қойларды шағылыстырудың негізгі әдісі болып табылады. Шаруашылықтың қойшылары бұл шағылыстыру әдісін жете меңгерген, әсіресе тұқымдастыруда ұрғашыларды екі есе ұрықтандыру кезінде ұрғашылардың жоғары ұрықтануына қол жеткізеді.

Бұл ретте төлдің тегінде жаңылысу болмау үшін әр ұрғашыны бірінші рет тұқымын алған қойдың тұқымымен екінші рет ұрықтандыру қажет. Бұны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін әр қойға өзінің құлағындағы негізгі нөмірінен басқа, қойдың арқасына жылдам жуылатын бояумен уақытша нөмір қойылады. Тиісінше ұрықтандыру кезінде ұрғашының арқасына бояумен сол шартты нөмір қойылады. Бұндай белгілі бір ұрықтандыру кезінде сол қоймен екінші рет ұрықтандыру үшін ұрғашыны оңай табуға және топтауға септігін тигізеді.

Қойлардың ұрпақ сапасын тексерудің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Олардың мұралық ерекшеліктерін есепке ала отырып, тексеріс арқылы анықталған жоғары өнімді аталықтарды кеңінен пайдалану табынның өнімділігін жоғарылату жұмысын жылдамдатады және жетістігін қамтамасыз етеді.

Ұрпақ сапасы бойынша тексеріске жалғастырушылардан бөлінген ересек қойлармен қатар өз табыны үшін таңдап алынған барлық өсімталдық мақсаттағы қошқарлар енеді. Бұл үшін 4 жастан үлкен емес І санатты ұрғашы қойлар пайдаланылады , кей жағдайларда өз табынында осы қошқарларды болжалды пайдалануға байланысты ІІ санатты қойлар пайдаланылады.

500 бастан тұратын ұрғашы қойлар отарында әр қойдан бір жастағы отыз тоқты алу үшін 7-8 қошқар тексеріледі.

Тексерілген әрбір қошқардың ұрығымен аналық қойларды ұрықтандыру таңдаусыз, бірақ күн сайын жүргізіледі. Сонда шағылыстыру кезеңі бойы әр қошқар аналық қойларды сапалы ұрықтандырады.. Индивидуальный учет осеменения, ягнения маток и нумерация ягнят проводится также, как это описано в шестом разделе этой главы.Ұрықтанудың, қойдың қоздауының және қозыларды нөмірлеудің жеке есебі осы бөлімнің алтыншы тарауында сипатталғандай жүргізіледі.

Ұрпақты жалғастырушы қошқарларға І санатты ұрғашыларға жүргізілген әдеттегі тексерістен басқа ұрпақтық ұрғашылар таңдалады. Бұл барлық топтағы тексерілген қойларға оның басымдылығын орнатуға, сонымен қатар арнайы таңдау кезінде ұрпақ сапасын ескеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте ұрпақ сапасын аналармен немесе бір уақытта туғандармен міндетті түрде салыстыру қажет.

Қошқарлардың ұрпағын және олардың әрі қарай жеке сапасын тексеру мәліметтері шағылыстыру жеке және олардың санатын анықтау кезінде қойды таңдауға негіз болып табылды.

Фермерлік және шаруа қожалықтарында биязы жүнді қойларды өсірудің негізгі міндеті барынша көп мөлшерде жоғары сапалы жүн, өнім бірлігіне шаққанда барынша аз еңбек және қаржыны барынша аз шығындай отырып ет алу. Сондықтан қойлар табынында таза тұқымды қой өсірумен қатар, будандастыруды да қолданады.

Асыл тұқымды табындарда ұрғашыларды жұптау үшін осы тұқымның қойлар да, асыл тұқымды зауыттан алынған қойлар да қолданылады. Шаруашылықтарда асыл тұқымдылардан басқа пайдаланылатын малдар болуы мүмкін.

Таза тұқымды өсіру. Асыл тұқымдыларды өсіру кезінде пайдаланатын қойлардың өнімдік сапасын арттыру үшін әртүрлі тұқымдық шаруашылықтар мен тұқымдық зауыттардан алынған осы қошқарлардың тұқымын пайдаланған дұрыс . Бұл әртүрлі тұқымдық табындарға тән құнды ерекшеліктерін үйлестіретін дене тұрқы мықты, демек, аса өнімді малдарды алуды қамтамасыз етеді. Қойлардың бірнеше түрін табында үнемі пайдалану әртүрлі зауыттар мен тұқымдық шаруашылық өндірушілеріне тән құнды өнімді ерекшеліктермен толық үйлесімді тұқым алуды қамтамасыз етеді.

Пайдаланылатын табындарда тектес малдарды шағылыстыру рұқсат етілмеген.

Малдарды будандастыру – пайдаланылатын малдардың өнімділігін жылдам арттыру мен өнім сапасын жақсартудың ең нәтижелі тәсілдерінің бірі. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет:

- будандастыру үшін жергілікті табын ұрғашыларынан гөрі іс жүзінде өнімділігі жоғары сапалы ұрпақ әкелетін тұқымдық еркек мал таңдалуы қажет;

- будандасудан алынған будан төл жергілікті табиғи жағдайда өсіруге жақсы бейімделуген болуы керек;

- будандасқан малдарды толыққанды азықтандыру, будандастар арасынан дамуы мен өнімділік сапасы жоғары будандасты таңдау.

Қойылған мақсатқа байланысты мынадай будандастыру нұсқалары қолданылуы мүмкін:сіңірмелі, ауыспалы және енгізілмелі шағылыстыру.

Сіңірмелі шағылыстыру жаңа түр мен тұқым алу кезінде, яғни, өнімді сапа бойынша қажетті түрді алғанға дейін қолданылады.

Ауыспалы – қой шаруашылығы өнімінің көп мөлшері өндіру мақсатымен қошқарлардың бірнеше тұқымын пайдалану жолымен.

Енгізілмелі (қан құю) – белгілі селекциялық белгі мен сапаны жақсарту үшін, мысалы, егер табында малдардың жүні қысқа болса, малдардың жүнін ұзарту үшін ұзын жүнді қойларды пайдалану керек, бірақ олардың белгілері қойылған мақсатқа сай болуы тиіс.

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ