Амин қышқылдары, май қышқылдары, макро және микроэлементтер. Мұның бәрі – әркімнің тоңазытқышынан табылатын сүттердің құрамындағы заттар. Бұл өнімдер сүтқоректілердің сүт бездерінде бөлінеді, басты міндеттері – төлдерін, балаларын емізу. Сондықтан да, сүтқоректілекрдің сүттерінде кішкентай ағзаның өсіп-өнуіне қажетті барлық компоненттер бар. Жануар ауырса оған дәрі-дәрмек беретіндіктен, сүттің құрамы өзгереді. Бұл мақаламызда осы мәселені, сүттегі антибиотиктер туралы ақпарат береміз.

ДДСҰ кеңес береді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 2014 жылы жариялаған мәліметтерінде көбі антибиотикке қарсы төзімділіктен зардап шегетін адамдар саны артып келеді.

Бұл жағдай мал шаруашлығында антибиотиктерді оңды-солды, еш бақылаусыз қолданудан орын алуда. Малды емдейтін дәрілердің негізгі тобы – сүтке берілетін антибиотик. Сондықтан, ДДСҰ және халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) ұсынысы бойынша антибиотиктерді мал шаруашылығында қолдану қатаң қадағалануы қажет, ондай дәрілерді тек ветеринарлық дәрігерлердің келісімімен берілуі қажет.

Одан бөлек, ХЭБ Дүниежүзілік ветеринарлық кодекске антимикробтық дәрілерге төзімділікті қадағалауға және тексеруге, мал шаруашылығында пайдаланылатын антибиотиктердің мөлшерін бақылауға қатысты ұлттық бағдарламалар жасауға, ұйымдастыруға нұсқаулықтар, сонымен қатар антибиотиктік заттарды мақсатты түрде ғана қолдануға ұсыныстар енгізді.

Ең танымал антибиотиктерден бөлек, құрамында ескірген белсенді қоспалар мен дұрыс зерттелмеген заттары бар қолдан жасалған дәрілер тәжірибеде жиі қолданылады.

Ешқандай тіркеуден өтпеген дәрілер де жиі кездеседі. Сәйкесінше, олардың екінші әсері мен салдарының қандай болары белгісіз.

Жануардың ауырғаны байқалса, ветеринар кеңесі керек-ақ, бірақ бірден тексерілмеген ине салуға болмайды. Антибиоткотерапия – бір реттік ине салу емес, емдеу курсы. Ағзадағы дәрі сүтке араласатын уақытта, ол сүтті пайдалануға болмайды. Сондықтан, қажетті нұсқаулықты мұқият орындау қажет. Бұл ақпараттың бәрі 50-жылдардан белі белгілі, фермерлер мұны жақсы білген және барлық ережені сақтаған. Ал соңғы онжылдықта аймақтардағы көпшілік бұл қағиданың күші жойылған, бұл тәртіпті сақтаудың қажеті жоқ деп есептейді. Ал халықтың денсаулығының нашарлауының басты себебі де осында жатыр.

Егер шегін білмесе

Өкінішке орай, соңғы жылдары антибиотик барлық жерде бақылаусыз қолданылатын болды. Адамдар ешбір маманның келісімінсіз, өз беттерінше антибиотикпен емделеді, өздерін ғана емес, малдарын емдеу үшін де ветеринарсыз антибиотик қолданатын болды.

Көптеген ауылдарда төмендегідей жағдайлар жиі кездеседі: бір сиыр ауырып, сүті азайып немесе суала бастаса, аурудың алдын алу үшін басқа көршілердің барлық сиырларына антибиотик салынып шығады.

Маусым ауысымында сиырлардың мұрындарынан су ағып, желіндері сезімтал бола бастайды, сүті азаяды. Фермерлер бұл симптомдарға қарап, диагноз қойып, ине салады. Сосын, сауылған сиыр сүтін сатуды, қолдануды жалғастыра береді.

Кей ауылдарда кей антибиотиктер сиырдың сүтті әрі етті болуына әсер етеді, деген пікір қалыптасқан. Бұл қате пікірдің кесірінен, кей фермерлер сау жануарларға ине салып, саналы түрде өз өнімдеріне зиян келтіреді. Кәсіби тұрғыдан алғанда, бұны «өз халқына қаскүнемдік» деуге болады.

Қазақстанда жануарларға арналған антибиотиктерді (жақын уақытқа дейін адамдарға да) дәріханалардан дәрігердің рецептінсіз емін-еркін алуға болады. Бірақ, дәрілерді өз бетінше қолданудың соңы ауру қоздырушы бактериялардың антибиотикке қарсы төзімділігін арттырып, ауыр инфекциялық және клиникалық ауру кезінде дәрі-дәрмек көмектесе алмайтын жағдайға әкеп соғады. Кейін жануарды емдеп жазу мүмкін болмайды.

Антибиотиктің әсері

Мал шаруашылығында антибиотиктерді бақылаусыз пайдалану салдарынан дәрілер малдың еті мен сүтінің құрамына бөлінеді. Бұл өнімдері тұтына отырып, біз де антибиотиктерді (аз мөлшерде болса да) жейміз. Бұл антибиотикті білместен қолдануымыз біздің ағзамызда да антибиотикке төзімділік қалыптасады.

Нәтижесінде, жай тымауратқан кезде әдеттегі дәрілеріміз безге көмектеспейді. Антибиотикке төзімділік әсіресе жас балалар үшін қауіпті.

Жас ағзадағы кішкентай инфекцияның өзін кейін базалық антибиотиктермен емдеу қиынға түседі. Демек, әсері күштірек басқа дәрілердің көмегіне жүгінуге тура келеді.

Уақыт өткен сайын антибиотиктердің жаңа түрлері шығып, оларға қарсы төзімділік саны арта түскенін айтып, дәрігерлер біраз уақыттан бері дабыл қағуда.

Микроскоп астындағы сүт

Сүт және сүт өнімдерінде снтибиотиктердің негізгі төрт бөлігін анықтауға болады: левомицетин, тетрациклин, стрептомицин және пенициллин. Бұл антибиотиктер шикізаттық сүт және сүт өнімдерінің құрамында табылса, оның қолданылуына тыйым салынады.

Сүт құрамындағы бұл заттарды анықтаудың көптеген әдіс-тәсілдері бар. Тез анықтауға арналған экспресс-тест жүйесі, ИФА-тест жүйесі (иммуноферментті әдіс), микробиологиялық әдіс және әрине өзгелерден гөрі сезімтал әрі сенімді тәсіл – хроматография.

Сүт өңдеуші кәсіпорындарға фермерлерден сүтті қабылдайтын кезде шикізат құрамында антибиотиктердің бар-жоғы жүйелі түрде тексеріледі.

Антибиотиктің иненің жасуындай ізі болған жағдайда, сүт кәсіпорынға қабылданбайды, кері қайтарылады. Біріншіден, мұндай шикізатты өндірістік деңгейде өңдеу қиындық туғызады, екіншіден, сүт өнімдері дәмі, түр, сапасы жағынан (консистенция, текстура, тіпті дәмі де) жарамсыз.

Егер антибиотиктер жануарларды емдесе, оның мал шаруашылығы өнімдеріндегі (ет, сүт) қалдықтары мен зат алмасуға әсерлері зерттеу кезінде анықталады.

Гаухар ҚОНЫСПАЕВА, 

Мал дәрігері 

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз