Сиырлардың сүттілігін арттыру проблемасы әрқашан да өзекті мәселе болып табылады. Осы мақсатта мүйізді ірі қара малға арналған жемдердің құнарын анағұрлым байыта түсудің жолдарын іздеуге және солардың жақсысын таңдауға бүгінгі таңда ерекше назар аударылуда. Бұл ретте сиырларды түйіршіктелген құрама жеммен жемдеудің дұрыс технологиясын сақтау аса маңызды болып табылады. Өйткені, осы жағдайда ғана нақты нәтижеге кепіл беруге болады.

Түйіршіктелген жем мен бекітілген кесте

Сиырлардың сүттілігіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар. Солардың қатарында жыл мезгілі мен жемдеу шарттарын атап өтуге болады. Біз бүгін осы екі факторға баса назар аударғымыз келіп отыр.

Жыл мезгілдеріне қарамастан сапалы сүт алу мақсатында сиырларды толыққанды азықтандыру проблемасы бірнеше ондаған жылдар бойына көптеген зерттеудердің өзегі болып келеді. Осындағы бір себеп - қыс мезгілінде сүт сапасының нашарлауы сиырлардың ағзасындағы қышқылдық-кермектік тепе-теңдіктің өзгеруіне байланысты. Ал мұндайда жыл мезгіліне сәйкес жануарларды ұстау жағдайы, сондай-ақ жемдеу сапасы баса ескерілуі қажет. Соның ішінде жем құрамыныңтеңгерімді құнарынааса зор көңіл бөлу талап етіледі. Осы ретте түйіршіктелген жемдерді пайдалану өзге азықтардағы жоқ витаминдер мен микроэлементердің орнын толтырып, жемнің сіңімділігін жоғарылатады.

Малдың белгілі бір жасына, түріне және өнімділік сипатына арналып түрлі үлестік қатынаста шығарылатын қажетті нәрлі заттарды жануарлар ала алатын болса, азықтытолыққанды құнарлы деп санауға болады. Дәрумендер мен микроэлементтерді жемге қосу олардың тиімділігін 25-30%, теңгерімді азықпен жемдеу сауын малдың сүттілігін 10-12% арттырады.

Сиырларды жемдеу сапасын қадағалау аясына жануарлардың жем жеу процесі ғана емес, сонымен бірге жемнің құнары, желіндеріне массаж жасау, дұрыстап суару, сауу кестесі, жануарларды ұстау жағдайы, оның ішінде жеткілікті жарықтандыру, таза ауа, орынжайдың температурасы және тағы да басқалар кіреді.

Азықтандырудың дұрыс құнарын таңдап алу дегеніміз оның теңгерімді қоспалардан тұратындығын білдіреді. Сонымен қатар бұл - мүйізді ірі қара малдың сау, әрі сүтті болуының кепілі. Бұл жағдайда оларды құрамында қажетті нәрлі заттар, дәрумендер және минералдар бар теңгерімдіқоспаларға бай түйіршіктелген жеммен жемдеуге кеңес беріледі.

Түйіршіктелген жем дегеніміз –белгілі бір ұсынымдар бойынша іріктеліп алынып, нақты белгіленген технологиялар бойынша дайындалған түрлі жемдік компоненттердің жиынтығы. Әдетте мұндай жемнің құрамына дәнді-дақылдар,ірі азық, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, минералды қоспалар және дәрумендер кіреді. Түйіршіктелген жемдердің құрамы жануарлардың бұзау, бұқа, етті немесе сүтті сиыр тұқымы сынды және тағы да басқа санаттары ескеріле отырып дайындалады.

Дәмі мен түсіне сәйкес

Мүйізді ірі қара малға арналған алуан сипаттағы түйіршіктелген жемдербасқа азық түрлеріне қарағанда белгілі бір артықшылықтарға ие болып келеді. Бәрінен бұрын бұл жемнің өте сапалы құрамымен тікелей байланысты. Азықтандырудың теңгерімдік құнары және олардың сиырлардың белгілі бір санатының қажеттіліктерімен оңтайлы үйлесім табуы жануарларға толыққанды азықтануға мүмкіндік береді.

Мұндай жемдерді пайдаланудың келесі бір аса маңызды факторы - олардың ұзақ сақталатындығы. Бұл жемнің сапасы мен теңгерімді құнарын сақтай отыра жыл бойы пайдалануға мүмкіндік береді.Сиырлар көп ретте түйіршіктелген жемдерді дәмдік ерекшеліктеріне қарай таңдайды. Ондайда жемді сәйкес келетін дәмі мен консистенциясын ескере отырып іріктеп шығаруға болады.

Түйіршіктелген жемді пайдаланудың тағы бір аса маңызды көрсеткіші – оның ингредиенттерінің жоғары температурада өңдеуден өтетіндігі. Соның барысында оның құрамындағы барлық микробтар мен бактериялар жойылып кетеді.

Дайындалуы қарапайым, жұмсалатын шығыны аз, тасымалдануы жеңіл, мөлшерленуі оңай - осының барлығы түйіршіктелген жемнің сиырлардың сүттілігін арттыра түсудегі пайдасының зор екендігін білдіреді.

Нәтижесі жоғары тәжірибе

Тиімділігін тексеру мақсатында біздің тарапымыздан түйіршіктелген жемдерге (арпа, бидай, сұлы, бидай жармасы, күріш қалдықтары, күнбағыс күнжарасы, макро және микро элементтер, тұз, фторы жоқ фосфат) шаруашылық-өндірістік тәжірибелер жүргізілген болатын. Сынақ жұмыстары Қарағанды облысы Абай ауданындағы Жаманжол бөлімшесінің ауылшаруашылығы кооперативінде жүзеге асырылды. Тәжірибе мақсаты - сиырларды түйіршіктелген жеммен жемдеу және суару технологиясы арқылы алынатын сүт өнімділігін бағалау. Зерттеу міндеті болып түйіршіктелген жеммен азықтандырудың экономикалық тиімділігі және сиырлардың сүттілігінің артуына жасалатын салыстырмалы талдау алынды.

Жемдеу тәртібі біздер берген ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Ол ұсынымдарда жем мен сүтті есепке алу, сиырдарды ұстау жағдайы және оларды жемдеу, сауу кестесі сынды т.б. жайттар есепке алынған болатын.

Шарттардың бірі ретінде түйіршіктелген құрама жемді берер алдында 3-5 сағат суға малып қою және жануарларды қосымша суару қарстырылған. Жемдеу сипаты –таңертең және кешке қолмен сауу кезінде сиырларға тәулігіне 2,5 кг түйіршіктелген құрама жем және 7-10 кг шөп (еркекшөп) беру. Тәжірибенің оң нәтижесі – біздер берген ұсынымдағы барлық көрсетілген шарттарды қатаң түрде сақтаудың арқасында сиырлардың сүттілігі екі есеге арта түсті.

Осылайша, сиырлардың қысқы мезгілдегі сүттілігінің мол болуына қол жеткізу үшін түйіршіктелген құрама жемдерді басқа азық түрлерімен үйлестіре пайдалану аса нәтижелі болатындығын көрсетті. Сиырлардың сүттілігін арттыруға кешенді түрде өте мұқият қараған фермерлер ғана анағұрлым зор нәтижеге қол жеткізе алады.Алайда ұстау жағдайын бұзар болса (жеткіліксіз суару, ылғал және салқын орынжай) сиырлардың сүттілігін арттыру, әсіресе, қыс мезгілінде мүмкін емес.

Владимир ШИН,

Ауылшаруашылығы саласының сарапшысы

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз