Алма бағын күтіп-баптау кезінде басты мәселенің бірі зиянды жәндіктерден қорғау болып табылады. Қазақстанда осы қауіпке қарсы тұрудың биологиялық әдісі ең қауіпсіз, тиімді және тұтынушы тарапынан сенім тудыратын деп танылды.

Табиғи жауларын қолдану

Интенсивті бақ (арнайы отырғызу схемасы, ағаш екпесі және тамшылатып суаруы бар) жасау барысында да, дәстүрлі бағбандық көшеттер отырғызу кезінде де мол өнім алу, сақтау және көбейту мәселелері айрықша маңызды. Сондықтан қауіпті пестицидтерді қолданудан тыс жемістерді қорғаудың биологиялық әдістерін іздестіру үнемі жүргізілуде. Тіпті ескірген әдістерден бас тартуға нарықтың екі тарапы да мүдделі: тұтынушылар қоршаған экологиялық таза, органикалық өнімдерді іздейді, ал фермерлер өз тауарының нақты құнын арттыруға тырысады.

Бағбаншылықта жиі пайдаланылатын химиялық пестицидтер жоғары уыттылығымен ғана емес, сонымен қатар төтенше биологиялық белсенділігімен, сондай-ақ қоректік тізбектің әр түрлі буындарында жинақталу қабілетімен ерекшеленеді. Шамалы концентрациясымен-ақ олар адамның иммундық жүйесін әлсіретеді, ал жоғары концентрациясымен - ағзаға мутагенді және канцерогенді әсер етеді (1-сурет, 2-сурет).

Биологиялық өңдеудің пестицидтерден айырмашылығы - ол адам мен өсімдік үшін улы емес, сондықтан оны өнім жинаудың алдында да жүргізуге болады (3-сурет). Әдістеме биологиялық препараттарды қолдану немесе зиянкестердің табиғи жауларын пайдалануға негізделген. Сондықтан, ағзалардың зиянды түрлерімен күресу іс-шараларына кіріспес бұрын, мкеннің экологиялық жағдайының ерекшеліктерін зерттеу біліп алу қажет.

Көп асқанға бір тосқан

Қазіргі уақытта инсектицидтер орнына қауіпсіз гербицидтер мен энтомопатогенді препараттар ретінде есірткі фитопатогенді бактерияларды қолдану бойынша әдістемелер белгілі.

Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты Bacillusthuringiensis (таяқша тәрізді, спора түзуші, энтомопатогенді бактерия) негізінде жәндіктерге әсер ететін токсин бөлетін отандық «Ақ көбелек» деген биологиялық препарат әзірледі .

Бұл қабыршақ қанатты зиянкес жәндіктердің қырықтан астам түріне қарсы күресте тиімді алғашқы отандық биологиялық инсектицидті дәрі-дәрмек. Препараттың белсенді затын Қазақстан мамандары америкалық ақ көбелектің өлі қырықбуындарынан бөліп алды. Өнертабысты ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында, үй іргесіндегі телімдерде, қалалық саябақтарда мен скверлерде қолдануға рұқсат етіледі.

«Aқкөбелектің» әсер ету механизмі өте қарапайым: жұлдызқұрттар дәрмекті жапырақтармен бірге жейді. Жәндік ағзасына түскесін, ол ішек қызметінің бұзылуын тудырады, нәтижесінде жұлдызқұрт қоректене алмайды және өледі. Биопрепаратты қолданудың 3-7 күнге биологиялық тиімділігі 92-100%-ды құрайды.

«Байкал» иммунитетті күшейтеді

Бақтарды биологиялық қорғау практикасында «Байкал ЭM» микробиологиялық тыңайтқышы да кеңінен пайдаланылады, ол қалдықтарды қордаландыру процесіне ықпал ететін микробтық кешен болып табылады. Оны қолдану өсімдіктердің иммунитетін және тіпті ауа-райының төтенше жағдайларында әртүрлі кеселдерге деген төзімділігін арттырады.

Өсімдіктердің иммунитетін жоғарылату топырақтың құнарлылығын жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Яғни, өсімдіктер топырақ бактериялары, саңырауқұлақтар мен өз тамыр жүйесінің симбиозы арқылы топырақтан барлық қажетті макро- және микроэлементтерді алуға тиіс. Осындай әдістердің бірі қатараралықтарда сидералды дақылдарды өсіру болып табылады. Өсімдіктердің мұндай түріне көбіне бұршақ тұқымдастар жатады, өйткені олар атмосфералық азотты пайдаға асырып, өсімдіктің тамыр аймағында органикалық заттарды жинақтау мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, бақта микоризасы бар препараттарды пайдалану тиімді болып табылады. Оны пайдалану ылғал жинау қабілетін арттырады, ол өз кезегінде құрғақшылыққа шыдамдылығын арттырады. Сонымен қатар, микориза ризосфералық бактериялардың қызметін кеңейтетін компонент ретінде химиялық тыңайтқыштарды қолдану қажеттілігін азайтады және өсімдіктердің өнімділігін арттырады.

Жәндіктерге арналған тұзақ

Отандық бақтарда отандық өндірістің ферромонды тұзақтарын пайдалана бастағанын атап кетейік. Бұл зиянды жәндіктердің көбею маусымының басталуын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс бақтағы зиянды жәндіктердің жыныстық мінез-құлқын өзгерту және шағылысуына жол бермеу арқылы олардың популяциясының тікелей реттеушісі болып табылады.

Әрине, қатал нарықтық экономика жағдайында дотациясыз толық органикалық өндірістің болуы көптеген жайттарға байланысты мүмкін болмай отыр. Бірақ келешек ұрпақ туралы ойлау және қоршаған ортаға деген қамқорлық бақтарды қорғаудың биологиялық құралдарын пайдалануды кеңейтуге маңызды ынталандыру болуы тиіс.

МӘНШҮК ЖЕКСЕМБЕКОВА,

жеміс-жидек дақылдары саласындағы сарапшы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз