Бүгінгі таңда жоғары технология ауылшаруашылық саласына етене енуде. Соның бірі егін егу саласында. ГАЖ (геоақпараттық жүйе) технологиялары, ғарыштан суретке түсіру секілді дүниелер егін ору кезін алдын ала жобалау үшін, ақпараттарды алдын ала біліп отыру үшін таптырмас құралға айналды.

Қазақстан Республикасының ғарыш саласының дамуы, осы саладағы технологияларды ауыл шаруашылығында игеруге де жол ашты. Бүгінгі таңда жер бедерін ғарыштан толық суретке түсіру, астықты алдын ала жобалау және ауылшаруашылық өнімдерін шығару мүмкіндіктері бар (1 сурет).

Ауылшаруашылық өндірісін басқарудағы басты талаптардың бірі объективті және тұрақты түрде жаңарып отыратын ақпараттың болуы. Өсімдіктің өсу барысындағы барлық ақпараттарды жинап беру,ел көлеміндегі масштабта немесе шаруашылық көлеміндегі масштабта ақпараттарды жинау – қашықтыққтан алдын ала бақылаудың басты міндеттерінің бірі.

ГАЖ технологиялары алқаптағы кей жағдайларды алдын ала бағамдап, басқару кезінде пайда әкелетін жылдам шешім шығаруға және ол шешімнің одан кейінгі жай-күйін бағамдауға мүмкіндік береді

.

1сурет. ЖШС"Найдоровское" аймағының ғарыштан түсірілген кескіні

Нақты егіншілікпен айналысудың басты ерекшелігі , алқаптағы өсімдіктің нақты не қалайтындығын анықтап, сол бойынша өңдеуде. Бұл қажеттіліктер заманауи құрылғылар арқылы анықталып, қажет болса ғарыштан спутниктік суреті де түсіріледі. Сәйкесінше алқаптың әр бөлігіне әр қилы жұмсалатын аз ғана шығынмен,сондай-ақ, қоршаған ортаға барынша залал келтірмей, жақсы өнім алу мүмкіндігі жоғарылайды.

Кейінгі жылдары Европа елдері тыңайтқыштар қосудағы нақты мөлшерді, олардың қандай мөлшерде тұқымға және қоршаған ортаға тигізетін кері әсері бар деген сұрақтардың жауабын тауып, көпшілікке ұсынып отыр.

Ауылшаруашылық саласында пайдаланылатын ұшқышсыз басқарылатын аппараттар нақты ақпараттар беруге қабыылетті. Спутник арқылы түсірілген суреттердің тұнықтығы біз қалағандай болып шықпайды, ал жер бедерін тек көзбен көріп бағамдай алмайсыз. Бұл тұрғыда ұшқышсыз ұшақтар бізге көп көмегін тигізеді.

Бұндай жағдайларда Ұшқыссыз басқарылатын аппараттардың басымдығы көп. Алқаптардың жай-күйін жіті бақылап, дер кезінде дұрыс шешімдер мен қадамдар жасауға ыңғайлы

Бұл аппараттардың екі түрі бар: ұшақ тектес және коптер тектес. Біріншісі, өзінің аэродинамикалық мінездемесіне байланысты ұзақ уақытқа, шамамен 3-4 сағатқа ұша алады. Сол себепті, бұл ұшақтар бір ұшқанда әжептеуір қашықтыққа ұшып, 10-20 мың га жерді түсіріп әкеле алады. Ал, коптерлер әрі кетсе 30 минутқа ұша алады және жылдамдығы төмен. Бір артықшылығы, бұлар қалаған жеріңізде қалықтап тұра Бұндай құрылғылар көбіне шағын шаруашылықтар үшін қажет. (2 сурет).

2сурет. Шағын алқаптарға арналған ұшатын

Егіс алқабындағы өнімнің өсу барысын ұшқышсыз басқарылатын аппараттың мультиспектралды камерасымен түсіруге болады. Бұл өз кезегінде NDVI форматындағы жоғары тұнықтықтағы суреттер алуға мүмкіндік. Бұл суреттер шаруа қожалықтарына қай алқаптың өнімінің жақсы өсіп, қай алқаптың өсімі нашарлығын анықтауға қажет.

Мультиспектралды камераның суреттерінің нақты болуы үшін, суреттер жер өлшемімен өлшенеді. Осы анықтамалардың көмегімен тыңайтылатын аймақтардың картасы жасаып,агрохимиялық қосындылардың әсері сезілетін болады

Ұшатын аппараттардан алған мәліметтер өз кезегінде егін егу кезінде кететін шығындарды есептеп, күзгі науқан кезінде қанша өнім алатынымызды болжауға септігін тигізеді. Егін егілмеген алқаптарды түсірген соң, сол суреттер арқылы жер қыртысының 3D моделін жасап шығуға болады. Бұдан бөлек бұл карталар жерді қолмен суару немесе шалшық судан кептіру кезінде де өз септігін тигізеді. Қысқасын айтқанда, ұшатын аппараттарды дұрыс пайдалана білген адам, ауылшаруашылығында әжептеуір жетістіктерге жете алады. Сол себепті алдағы жылдары ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары ауылөнеркәсібінде негізгі көмек құралдарының біріне айналады және кез-келген жетістігі жоғары кәсіпкердің жанынан табылатын болады. Сондай-ақ, бұл ұшақтарды қашықтықтан басқара білетін бір адамның болуы шарт.

Бұл технологияны шаруашылыққа енгізтідегі қажетті сомма - 25 000 000 теңге. Бұл соммаға ұшқышсыз басқарылатын ұшақ, оны ұшыруды үйрету курсы, қажетті асай-мүсейлері(тепловизор, мультиспектралді камера, оптикалық камера) және ақпараттарды өңдейтін бағдарламалар жиынтығы енеді. Баға ұшақ қажеттілігіне байланысты аздаған өзгеріске ұшырауы мүмкін және қажеттілік бойынша бекиді.

Бұл технологияның пайдасы көзге бірден байқалады. Себебі, тыңайтқыштар мен арам шөптерді улағыштарға жұмсалатын жанар-жағар май шығыны әжептеуір азаятын болады

Түрлі тұнықтықтағы ғарыштан түсірілген тегін суреттерді Planet.com спутнигі, Sentinel – 2, және Landsat – 8 спутниктері бере алады.

Фараби ЕРМЕКОВ,

ГАЖ және қашықтықтан алдын ала бақылау бойынша эксперт

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз