Шолуды сарапшы Виктор Асланов ("Зерновые и Масличные Казахстан") арнайы Agrobilim.kz үшін ұсынды.

Әлемдік нарық

Барлық бұршақ тұқымдастар өндірісінің болжамы айдан айға өсу үстінде:

Әлемдегі негізгі бұршақ тұқымдастар өндірісінің динамикасы, мың тонна

Қара теңіз жағалауы аймағы үшін осы тізбектегі ең басты баға жасаушы дақыл – бұл бұршақ – ол өз кезегінде өндірістік дағдарыстан шығатын түрі бар: 2018-19 МЖ-ға арналған баға 2017-18 МЖ-дан көп қалыңқырамайды. Біз Statpub бағасын аталған елдердің салалалық мекемелерінің бағаларымен салыстырдық.

Бұршақ өндірушілерінің құрылымы мың. тонна

Яғни, салалық мекемелер жалпы аз мөлшерде жинауды болжап отыр.

Бұршаққа қарағанда нұттың көрсеткіші жоғары. Оның өсу драйвері – Үндістан. Өткен жылмен салыстырғанда дақыл өндірісі 4%-ға өседі және алдын ала есептеулер бойынша 9710 мың тоннаны құрайды.

Нұт өндірушілерінің құрылымы мың. тонна

Жасымық өндіру өткен жылдың деңгейіне шығып отыр:

Тек үрмебұршақ қана г/г қысқарған.

Канада

Канадалық АӨМ жуырда шыққан шілдедегі есебінде бұршақ өндірісінің бағамын біраз қысқартып тастаған. Негіздеме: егістік алаңы бағамын 110 мың га-дан 1430 мың га-ға қайта қараған. Өнімділік өткен жылдан сәл жоғарырақ – гектарына 2,52 т. деп болжамдалып отыр. 6 тамызға Саскачевандағы бұршақтың 8%-ы басылды. Әзірге бұршақ өнімділігі нақтыланып отыр, топырақтағы ылғал қоры қанағаттандырарлық деңгейде.

Жасымық 6% аумақта басылды, 6 – жуық арада, 2- дестеде.

Бір жыл бұрын бұршақ түсімі 11%,-ға, жасымық – 10 пайыз болған.

AAFC шілдедегі есебінде жасымық өндірісі минусқа сәл дұрысталған (өткен маусыммен арадағы айырмашылық минусқа ұлғайған), бірақ жоғары өтпелі қорларды есепке ала отырып, алдағы маусымдағы ұсыныс 2016-17 МЖ рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде, оны толықтай пайдаға асыру мүмкін болмай тұр – ағын рекордтық боп қалып отыр.

Канададағы жасымықтың болжамдық теңгерімі мың. тонна

Экспорт

Шындығында, 2017-18 МЖ-ға арналған экспорттың 1,3 млн. тоннаға дейін төмендетілген бағамы экспорттың ағымдағы қарқынын қарағанда нашар орындалады деп күтілуде. CanadianGrainCommission мәліметтері бойынша 31 шілдеде аяқталған 52 - апта қорытындысы бойынша лицензияланған терминалдардағы экспорт 316 мың тонна деңгейінде болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 853,7 мың тоннаға тең болатын. Нақтыланған мәліметтерді күтеміз.

Жинақ қоры бар канадалық жасамық экспортының динамикасы, мың тонна

Коммерциялық ағындар 147,7 мың тоннаға бағаланады (84,3 – бір жыл бұрын).

Австралия

Өндіріс

Австралияда құрғақшылық болуда. ABARES шілдедегі жаңартуда бұршақ тұқымдастар өндірісі болжамын толықтай өзгертті. Бірінші кезекте болжамға түзету енгізу жасамыққа қатысты болды, және басты соққы – өткен болжаммен салыстырғанда төмендеуі 26,4% дан 408 мың тоннаға дейін құрайтын экспорт болды. Бұл ретте соңғы қорлардың өзгеріссіз қалатындығын атап өткен жөн.

Австралиядағы барлық бұршақ түрлерінің болжамды теңгерімі, мың тонна

АҚШ

Өндіріс

Жуырда АҚШ-та бұршақты жаппай жинау басталды. Алдағы маусымға арналған NASS-тың болжамы дайын. Жасымыққа арналған жер көлемі өте қатты қысқарған. Бірақ шығымдылықтың өсуі нәтижесінде өндіру жоғары болмақ. Бұл нұтқа да қатысты.

АҚШ-тағы бұршақ тұқымдастардың шығымы мен өндірісі

Сауда

Дәл осы кезде жасамық экспорты төмен қарқынмен өндірілуде.

АҚШ-тағы бұршақ тұқымдастар экспортының динамикасы (үрмебұршақтан басқасы), мың тонна

Ай сайынғы жинақтық қоры бар АҚШ-тың жасымық экспортының динамикасы мың тонна

Ресей

Экспорт

Біз бұрынырақ айтқандай, ақшаның құнсыздануы толық маусымдағы қара теңіз жағалауы бұршағы нарығын шамалап анықтап қойды. Ресей маусым аяқталуға жақындағанда жөнелтімнің екі есеге өскенін көрсетеді, жан-жақтан алып қарағанда бұл соңы емес.

РФ-сы бұршағы экспортының динамикасы, мың тонна

Жасымық жөнелтілімі өткен маусымға қарағанда 4 есеге өскен:

Тоннамен жинақ қоры бар РФ-сы жасымығы экспорты

Басқа да бұршақ тұқымдастар, бірінші кезекте нұт, 2018 жылдың басында ішкі нарыққа өздерінің қысымдарын төмендетті.

Басқа бұршақ тұқымдастар экспортының динамикасы, мың тонна

Болашақ жоспарлар – олар әлі де көмескі. РФ-сында 2018 жылы бұршақ 1,5 млн.га жерге себілді, ол өткен жыл көрсеткішінен 10%-ға жоғары (1,3 млн.га) және ол нағыз рекорд болып табылды. Федералды аймақтар арасында жоғары өсім Оңтүстік бойынша – гектарына 85 мың, сондай ақ Солтүстік Кавказ бен Приволжск бойынша – гектарына 43-49 мың байқалады. Нақ осы аймақтар аномалды ауа райы жағдайында болды, сондықтан алдын ала болжамдар айтылмай отыр.

Қазақстан

Экспорт

Мамырдағы жөнелтім сәуірдегіні қосқанда (20,1 мың тонна) 7%-ға өсті, және ол 21,5 мың тоннаны құрады. Өткен маусыммен арадағы айырмашылық өсті және ол 12%-ды құрады.

МЖ басынан бергі жасамық экспортының динамикасы мың. тонна

Негізгі сатып алушы, бұрынғыдай Түркия. Мамыр айында бұл елге жіберілген жөнелтім сәуір айымен салыстырғанда (19,6 мың тонна) 2,5%-ға өсіп, 20,1 мың тоннаны құрады. Түркия 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қаңтарына дейін сатып алуы қысқарып қалған қазақстандық жасымықтың импортын өсіруді жалғастыруда. Ертеректе жазғанымыздай, наурыз айында Түркияға жіберілген жөнелтілімдер 12 мың тоннаға дейін өскен. Жалпы Түркияға он бір ай ішінде 98,2 мың тонна жасымық жөнелтілген, өткен жылмен арадағы айырмашылық 19%-ды құрайды. Қазақстандық бұршақ тұқымдастар экспорты құрылымында бұл ел 89%-ды құрайды.

МЖ-дың басынан Түркияға жөнелтілген жасымық экспортының динамикасы мың тонна

Мамыр айында Қазақстан Түркиядан басқа төрт елмен, бір ай бұрын алты елмен сауда жүргізді. Экспорттаушылар дақылды сыртқы нарыққа өткізу үшін түрлі амалдар іздейді. Бұл шыны керек, өте қиын, қажырлы еңбекті талап етеді. Ең алғаш экспортқа жіберілетін аздаған партиялар көбінесе «үлгіге» ұқсайды, оның сапасы көп жағдайда сатып алушыларды қанағаттандырмайды. Бұл елдер импортер тізімінде де жоқ. Сонымен қатар қазақстандық жасымықтың бағасының көтерілуіне әсер етенін логистиканы да ұмытпауымыз керек. Бұршақ тұқымдастарды көп қолданатын потенциалды импортерлардың ішінде БАӘ-ге көп көңіл аударған жөн, оларға мамыр айында 553 тонна жасымық жіберілді.

МЖ басынан бергі жасамық экспорты құрылымы (Түркиядан басқа), тонна

Болашақ жоспарлар

Біздің күткеніміздей болды. 2017 жылы аумағы бойынша «көп алға кеткен» СҚО көп кейін қалды, сондай көрініс Ақмола облысында да болды. Басқа облыстар бойынша аумақтардың өскенін байқаймыз. Бұрынырақ жазғандай, сұраныс өскен кезде жасамықты өз егістік алқаптарында тәжірибесі мен білімі жоқ жаңадан келгендер өсіре бстады. Олар сапасы төмен өнім алды, бұл өз кезегінде табысты төмендетті. Бағаның төмендеуі жағдайында жасамықты өсіруге деген комерциялық қызығушылық та төмендеп кетті.

Екінші мәселе: аумақ бойынша жасалған біздің болжамымыз АШБ –мен нақтыланып отыр. 2018 жылы жасамық себудің жалпы аумағы алдын ала болжам бойынша 314,5 мың га құрады. Бұл санға бағаны кейін береміз, ал әзірше 2017-18 МЖ теңгерімді нақтылауды ұсынамыз. Өткен жылы алдын ала мәліметтер бойынша 331,5 мың га жер себілді (қысқартып алғанда -– 5%). Бұл сан Статистика комитетінің нақтыланған мәліметтері бойынша өзгерген жоқ. Белгісіз себетермен Статком жинау аумағына баға берген жоқ, ол үшін мәліметті ЗМ жасады. Жасымықтың бүлінуі, дән тасымалдаушылардың өтірігі мен басқа да себептерге қатысты жыртылған жерлерге дақылдың егілмеуі сияқты жағдайлар болды. Осының нәтижесінде біз аумақты 310 мың га дейін қысқарттық.

Дерек көздеріне сәйкес ел бойынша орташа өнім гектарынан 9,5 ц құрады. Жалпы өнімді жинау бойынша мәліметтерді Статком ұсынбайды. Сондықтан біз өзіміздің есебімізді ғана жүргізе аламыз. Сонымен, аумағын қысқартқан аймақтар жаңадан іс бастағандарды таңдап алды, ол өз кезегінде өнімнің жоғары шығымдылығына деген үміт береді. Негізгі аймақ СҚО туралы оны айта алмаймыз. Себебі бұл жерде жауын шашын көп мөлшерде болды, ауру тарады, жалпы алғанда дақылды жинаудан өткен жылдың нәтижесін көру мүмкін болмайын деп отыр.

Біріншіден, біз жасымық өндірушілері үшін табыстың қайта көтерілуін күтеміз. Өнімнің өсуі есебінен, және бағаның сәл өсуінен төлем төлеуші болып табылатын Үндістан саясатының өзгеруі күтілуде.

Негізгі импортер болып табылатын Түркия лирасының құнсыздануы есебінен баға көтерілмейді, қайта ұсталынып тұрады. Ішкі баға ақшаның құнсыздануына байланысты жергілікті валютамен көтеріледі.

Импортерлар

Үндістан

Үндістан бұршақ тұқымдастарды өндірудің жаңа рекордына ұмтылады. Қандай жағдайда болса да қағаз жүзінде. Салалық мекеменің үшінші бағасына сәйкес бұршақ тұқымдастардың жалпы өндірісі өткен жыл нәтижесін 2017-18 МЖ 2,4 млн. тоннаға жоғарылатады және ең жоғары көрсеткішті қояды.

Бірнеше ай ішінде жағдай, соның ішінде жалпы бұршақ тұқымдасы нарығындағы жағдай түбегейлі өзгерген жоқ.

Ішкі нарықтағы баға MSP-қа жеткен жоқ.

Қолдаудың ең төменгі үкіметік бағасы, 100 кг үшін рупий

Үкімет өзінің «импортқа тәуелділіктен кету» авантюрасына миллиардтаған рупий жұмсауға тәуелді. Алайда, рупияның жағдай қазір мәз емес: жаңында Үндістанның ұлттық валютасының долларға шаққандағы құны тарих бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетті:

Бұл нарықтағы бұршақ тұқымдастардың жағдайын одан да бетер ауырлатуы мүмкін, ол Үндістан үкіметі үшін де қиын жағдай.

Үндістанның азық түлік нарығының жетекші талдамашысы Чандра Шекар Үндістанның импорт бажы саясатына қатысты өз болжамын жасады: қыркүйекте оны төмендетеді, не болмаса мүлдем жояды – деді сарапшы.

Өндіріс

Алайда үндістан үкіметінің ұрмалық саясаты халықаралық сарапшыларға да қатты әсер етті, олар өз кезегінде көзқарастарын бірден өзгертіп, Үндістан ауылшаруашылығы бағасымен келісіп отыр.

Үндістандағы бұршақ тұқымдастар өндірісі (тәуелсіз болжам) мың тонна

Әйтсе де ресми сандардың қатты ұлғайтылғаны көрініп тұр.

Қолдану

Біз не істейміз? Біз тәуелсіз үндістандық сарапшылармен бірігіп өткізген бастапқы ізденістерімізде тұрмыз. 2018-19 МЖ басында Үндістанда шын мәнінде бұршақ тұқымдастардың жетіспеушілігі байқалмайды, бірақ әрі қарайғы жағдай, сонымен қатар сандар және бағаға қатысты айла амалдардың арқасында басты мақсат – прьемердың «сәтті» сайлануына жету – нарыққа қарсы іс шараладан бас тартуға әкеледі және шиеленіс азаяды.

Үндістандағы бұршақ тұқымдастардың болжамдық теңгерімі млн. тонна

Импорт

Баж салығын енгізгенге дейін күшейтілген жеткізілімнің есебінен жасымықтың 2017-18 МЖ импорты 2016-17 маусым деңгейіне жетті, бірақ қаңтардан бастап ірі ағын кішігірім жылғаға айналды, осылайша 2018-19 МЖ-ның алғашқы үш айы да өтті.

Ай сайынғы Үндістанға жіберілетін жасымық импорты, мың тонна

Түркия

Экспорттың мәліметтеріне сүйенсек, ақпан айында Түркия жасымықтың экспорт нарығында өз орнын бекітті.

Ал Түркия орасан зор өнім есебінен имортты бәсеңдетті.

Ай сайын Түркияға жіберілетін жасымықтың барлық түрі импортының динамикасы, мың тонна

Импортерлар құрылымында Қазақстан Қанадаға қарағанда 2,3 есе аз көлемде екінші орында қалды. Бұл фактінің өзі канадалықтарды мазасыздандырды, оларға осы 76 мың тонна кедергі жасады: канадалық БАҚ –тарды қазақстандық жасымықтың түрік нарығындағы олардың экспортына кедергі келтіретіні туралы ақпараттар айтылды.

Елдер бойынша Түркияға жөнелтілетін жасымық импортының құрылымы, тонна

Сол уақытта да, сол себеппен де экспорт – ең жоғарғы көрсеткіште:

Түркиядан әкелінетін жасымықтың барлық түрі экспортының динамикасы, мың тонна

Жасымық импортерларының ішіндегі көшбасшысы Ирак боп қалып отыр. Екі ел арасындағы кикілжіңге байланысты келесі маусымдағы жағдайға теріс әсер етуі мүмкін, бірақ Ирактың импорттағы үлесі 19% - ды ғана құрайды және де саяси жағдайлардың бұл елдің азық түлік нарығына әсер етеді деген күмән да бар.

Түркиядан әкелінетін жасымық экспортының құрылымы, мың тонна

Экспорт бойынша қорытынды мәліметтер бізге түрік жасымығы теңгерімін қайта қарауға мүмкіндік береді. Біз алдыңғы бағамызда экспортты аздап қайта бағаладық, ал импортты бағаламадық. Нәтижесінде 2018-19 МЖ бастапқы қорлар тағы бір басқышқа өсті. Осыған байланысты 2018-19 МЖ белсенділігі мен сыйлықақысы бойынша орташа деңгейі бұл бағытта әлі де қарастырылып жатыр. Соңғы нүктені 2018-19 МЖ жеке меншік жинау туралы TUIK-тің екінші бағасы (алғашқы баға алдыңғы дақыл жинаудан аздап ерекшеленеді) немесе басқа инсайдерлік ақпарат, ең әрі дегенде өздерін сылбыр көрсетіп отырған импортерлардың өз іс-әрекеттері қояды.

Түркиядағы жасымық теңгерімі (қызыл+жасыл) , мың. тонна

Баға

Түрік жасымығы бағасының динамикасы, USD/MT

Канада жасымығы бағасының динамикасы, USD/MT

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз