оттегі және ауа жіберу - бұл гидробионттардың өмірлік белсенділігі үшін қажетті оттегімен суды қанықтыру процестері. Суда ерітілген оттегінің қолжетімділігі әдетте сумен жабдықтау жүйесі тұйық қондырғыларда (ТСЖҚ) өсірілген балықтардың отырып қалу тығыздығын арту мүмкіндігін шектейтін негізгі фактор болып табылады. Оның судағы - тығыздықты арттыру әр түрлі әдістермен және жабдықпен жүзеге асырылады.

Толқымасыз тынық ағын

Өсіріліп жатқан балықтардың оттегі концентрациясына байланысты қажеттіліктері отыру тығыздығын, судың температурасын, берілетін азық мөлшеріне және басқаларын қамтитын көптеген факторларға тәуелді. Кез-келген дерлік балықты сәтті өсіру үшін (ауа оттегісімен тыныс ала алатындардан, мысалы, кларий жайынынан басқа), оттегінің концентрациясы 7-9 мг/л болуы керек, балықтардың көптеген түрлерінде төменгі шегі 3-5 мг/л, бекіре және тұқы тұқымдастараға шектеулі көрсеткіш 3-4 мг/л, ал албырт балық тұқымдастар үшін 4-5 мг/л.

Егер оттегінің концентрациясы көсретілген нормадан төмен түссе, онда тыныс алу интенсивтілігі төмендейді, балықтың өсімі баяулайды, жем беру коэффициенті артады және балық шаруашылығының рентабельділігі аз болады.

Балық шаруашылығында суды оттегімен қанықтыру үшін бірнеше әдіс, соның ішінде ауамен су аэрациясын жүргізу, сондай-ақ суды қанықтыру үшін сұйылтылған түрде таза оттегіні пайдалану немесе оттегіні сол жерде генерациялау қолданылады.

Судың аэрациясы әдетте 90%-ға дейін көтеріп қанықтырады. Дегенмен, оттегі қанықтылығының 100%-дан асуын қаматамсыз еткен дұрысырақ, өйткені осы жағдайда қол жетімді оттегінің мөлшері балықтың жоғары әрі тұрақты өсу қарқыны мен азықтың жақсы сіңімділігі үшін жеткілікті болады. Одан да жоғары қанықтыру деңгейіне қол жеткізу үшін таза оттегіні пайдаланатын оксигенация (оттегімен қамтамасыз ету) жүйесі қажет.

Генератор көмектеседі

Таза оттегі жүйеге жиі сұйық оттегі түрінде жеткізіледі, алайда шаруашылықта оттегі генераторы арқылы өндірілуі мүмкін.

ТСЖҚ жүйесіне таза оттегінің енгізілуі балықтың отыру тығыздығын 120 кг/кубқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта ТСЖҚ жүйелерінде әдетте оттегі конустары және шахталық типтегі оксигенаторлар қолданылады.

Конуста су мен таза оттегі қысыммен араласады, ол оттегінің суға өтуін қамтамасыз етеді. Оттегі конусында қысым сорғы арқылы қамтамасыз етіледі, ол әдетте 1,4 бар шамасында конустық қысым жасайды. Конусқа қатты қарқынмен су жіберу оттегінің көп мөлшерін ерітуге мүмкіндік береді.

Шахталық типтегі оксигенаторларда - оттегімен жабдықтаушыларда қысымдық қарқынға ілмек формасындағы құбырды жерге, мысалы, 6 метр тереңдікке тереңдету және осы ілмектің төменгі нүктесінде оттегі беру арқылы қол жетеді. Жоғарыда орналасқан су бағанының қысымы (бұл жағдайда 0,6 бар) оттегінің суға өтуін қамтамасыз етеді. Шахталық оксигенаторлардың артықшылығы суды айдап қотару шығынының төмен құны болып табылады, бірақ оларды орнату күрделі жұмыстар мен көп шығынды талап етеді.

Баллондағы газ

Суды оттегімен қанықтырудың тексерілген сенімді жолы газды баллондарда пайдалану болып қала береді. Газды 170 атмосфераға дейін қысуға байланысты бір баллонға 3-тен 7 текше метрге дейінгі мөлшерде оттегі сыяды. Еуропада көптеген балық фермерлері сұйытылған оттегін пайдаланады. Ал Қазақстанда оттегі генераторлары кеңінен таралған.

ТСЖҚ жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін кезекпен суды оттегі қанықтырудың екі әдісін де пайдалану ұсынылады.

Қуаныш ИСБЕКОВ,

балық шаруашылығы саласының сарапшысы

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз