Картоп тұқым шаруашылығын жетілдіруде осы бір дақылдың будандастырылған сорттарын мерзімінде қамтамасыз етіп отыру басты орындағы мәселе болып табылады.

Картоп тұқымының маңызы

Мамандардың айтуынша, картоп өндірісіне кететін шығынның 2/3 бөлігін оның тұқымын сатып алуға кетеді. Өйткені, өнімнің сапалы болуы тұқымына тікелей байланысты. Дегенмен, кейбір тәжірибелі шаруалар тұқым сатып алуға кететін шығынды азайту үшін, картоптың шағын түйнектерін өндіріп, соны кәдеге жаратады екен.

Егер, сәтті шығып жатса, бұл – өте тиімді әдіс.

Тұқым шаруашылығының басты қағидасы - сорттық тұқымдардың тазалығы мен өнімділік қасиетін сақтай отырып көбейту. Қазақстанда картоп дақылының өз ерекшеліктері бар. Ал бұл ретте еліміздің егістік аймағындағыауа райын ескермеске болмайды. Себебі бізде қысқатаң, күз жауынды,ал Солтүстік, Батыс, Орталық өңірлерде күз тым ерте түседі. Сондықтан, картоп дақылының тұқымын қажет мөлшерде алу үшін оны дер кезінде жинап алу шарт. Сондай-ақ жоғары сапалы тұқымдарды өндіретін агроэкологиялық аймақтарды дұрыс таңдай білу де керек.

Картоптың басқа тұқымдарының арасынансапалы тұқымдыажырата білу – өте жауапты іс. Ол үшін шаруалар тұқымдықтың көлеміне, оның түрлі аурулармен зақымданбай, таза жетіліп-пісуін қатты қадағалайды.Одан кейінгі мәселе–топырақтың құнарлы болуы. Қажет болса, тіпті органикалық тыңайтқыштарға да жүгінуге болады.Бірақ картоп дақылы үшін топырақ қышқылдығы рН 5,1-6,0 болса жеткілікті.

Картоп егілетін топырақты өңдеудінегізгі күзде бастаған дұрыс. Алайда кей шаруалар техниканың жетіспеуінен көктемде өңдейді. Бұл дұрыс технология емес.Себебі, осының салдарынан топырақтың сапасы нашарлайды.

Топырақтың ауа-су режимін жақсарту мақсатында оңтүстік аймақтарда суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу қайырмалы соқалармен 27-30 см тереңдікте жүргізіледі. Сосын ол жерге гектарына 40 тонна мөлшеріндекөң себіледі.Осы тұста ескеретін жайт, жаңа ойып алынған қиды картоп алқабына себуге болмайды. Сондай-ақкөктемдеқұрғақ көң себуде де абайлаған жөн. Себебі,ондайда топырақ трактордың табанына жабысып, картоптың отырғызу мерзімінің кешеуілденуіне әкеп соқтырады.

Көңді жерге күзде сепкен жөн. Себебі минералдардыңфосфорлы және калийлі тыңайтқыштары жерге күзде жақсы сіңеді. Ал, қалған жартысын көктемде бір-ақ өңдеген тиімді. Калий тыңайтқыштарынан күкіртқышқыл калий сияқты хлорсыз түрлерін таңдаңыз. Өйткені, хлор картоптың сапасын нашарлатады.Картоп өсіруші шаруалар топырақты органикалық және минералдық тыңайтқыштармен өңдегенде, топырақтың агорохимиялық құрамын зерттеп барып, содан соң қолданғаны жөн.Ал бізде картоп өсіруші шаруалардыңкөбі топырақ құрамына онша мән бермейді. Сондай-ақ бізде топырақ құрамын зерттейтін арнайы зертханалар да жеткіліксіз. Мәселен, Жамбыл облысының шаруалары топырақтың құрамын зерттеу үшін Алматы қаласына баруға мәжбүр. Әрине, бұл тиімсіз және көп қаражат кетеді. Сондықтан әр аймақта топырақ құрамын жылдам зерттейтін зертханалар болуы керек.

Еліміздің Солтүстік аймақтарында картоп дақылы негізгі элементтерден – азотты, фосфорды және калийді көптеп талап етеді.

Тағы бір маңызды мәселе –алмасып отыратын алғы егіс. Яғни, картопқа дейінгі алқапта өсірілетін егін түрі. Картоп үшін ауыспалы егісте ең жақсы алғы егістер: асбұршақ, жүгері, көпжылдық шөптер, күзгі және дәнді бұршақты дақылдар. Солтүстік өңірде картоп отырғызбас бұрын ол жерге қант қызылшасы және майлы зығыр дақылдарын егеді. Жалпы көкөністік ауыспалы егісте: пияз, бақша дақылдары, тамыржемістілер, қырыққабат, қияр пайдалы. Өйткені, картоп егілгеннен кейін ол жер көп суарылмайды. Демек, алдыңғы егіс сусүйгіш дақыл болса, картопқа пайдасы көбірек болар еді.

Ал, қызанақ, баялдыдан соң картоп дақылын егуге болмайды.

Картоп негізінен борпылдақ, ауа, ылғал өткізгіштігі жоғары, орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнеді. Сортаң-сазды топырақта өсімдік кешігіп шығады. Ал сазы қалыңтопырақта картоп түйнектерінің пішіні тегіс болмайды әрі қоректік және сорттық сапасын жоғалтады.

Естеріңізде болсын: шілде айында құрылымы, механик құрамы ауыр топырақта суармалы жерлерде топырақ қатты тығыздалып қалады да, оның ауа, ылғал өткізгіштігі әлсірейді, соның салдарынан түйнектердің өсіп-өніуі төмендейді.

Картоп өсіруші фермерлер нені білуі шарт?

Картоп егетін жерді дұрыс таңдай білу және жұмысты(алғы дақыл түрлерін, топырақтың құрамын, сумен қамтылу денгейін, аурулар түрлерін, зиянды зиянкестердің таралуын, техникалық материалдық базасының қамтамасыз етілуін, картоп егетін машина және механизм түрлерін, тұқымдық материалдың қамтылыуын, ең маңыздысы өнген өнімнің коммерциялануын, өзінде бар қаражат мөлшерін, біліктілік денгейін бәрін)дұрыс ұйымдастыруы керек;

Топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасай білу (егістік жерді тегістеу, арам шөптерден тазарту, негізгі жер жырту, топырақты үнемді өңдеу технологиясын қолдану- дискілеу, тырмалаумен қоса чизелдеу)

Көктемде, Оңтүстік өңірде топырақ бусап жатқан кезде жерді көлденең, немесе қарама-қарсы бағытта, құмдақ топырақты орташа ауырлықтағы тісті тырмалармен, ал құмды саз, сазды топырақта- ауыр тырмалармен өңдейді.

Қырқалар тілу. Қырқаларды тілу – картоп тұқымдарын отырғызуға 1-2 күн қалғанда немесе отырғызумен бірге жүргізсе болады.

Тыңайтқыштардың (органикалық және минаралды тыңайтқыштар)жеткілікті мөлшерін енгізу

Егетін картоп түйнектерінің сапасын тексеру, іріктеп алу. Шаруалар үшін ең маңызды мәселе –егетін картоп сорттарын дұрыс таңдау және түйнектерді іріктеп алу. Егілген көшеттерді мөлшеріне қарай 30-50, 50-80г сұрыптайды. Шағын шаруашылықтарда ірі түйнектерді кесіп отырғызужақсы нәтиже береді (Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс аймақтарда) Түйнектерді көктетіп барып отырғызуда осындай пайдалы әдістерге жатады.

Шаруашылықта техникалар болса,картоп түйнектерін отырғызарда соны пайдалану керек. Түйнектерді отырғызуға дайындау. Картоп өндіруші тұқым шаруашылықтарында картопты әдетте терең қазылған ұрада сақтаайды. Алайда егетін кезден бір аптаа бұрынтүйнектерді жердің бетінеалып шығып, күн көзіне қыздыру керек. Және түйнектердіқалыңдығы 0,3 м етіп жайып тастау керек.

Қазақстанда картоп отырғызудың көп қолданылатын сүлбесі қатараралығы 70 см-лік тәсіл. Суармалы алқаптарда 70х25. Суарылмайтын жағдайда 70х35,40 см. Суармалы жерлерде-картоп –гектарына 50-57 мың,ал суарылмайтын жерлерде 40-45 мың өсімдік. Картоп түйнектерін 12-15 см тереңдікке отырғызған дұрыс.

Оңтүстік аймақтарда ерте көктемде (құрғақшылық жерлерде) топырақтың ылғалдығын сақтау мақсатында картоп көгеріп шыққанға дейін алқапты жеңіл атыздап шығады. Бұл әдісті картоп көгеріп шыққанға дейін 2-3 рет қайталауға болады. Картоп көшеті анық байқалған соң, қарықтың араларын өңдеуге кірісуге болады. Егер картоп түйнектері қырқаларға отырғызылса, картоп көгеріп шыққанша,қарықтардың арасын өңдеуге болады. Шаруашылықтар суғару жүйесін тамшылату әдісімен жүргізетін болса онда қарықтардың аарасын суғару қондырғыларын орнатуға дейін өңдеу керек. Бірінші қатар арасын өңдеу 10-15 см тереңдікте жүргізіледі. Ал, картопты түптеу өсімдік биіктігі 18-20 см жеткенде ғана жүргізіледі.

Суармалы жерлерде картоп гүлдегеншеарамшөптерге қарсы апта сайын фунгицид Даконил 75% сл. -1,8-2,4 кг/га жүргізу керек. Арезин 50% ұнтақ түрінде, әр гетарға 5 кг препаратын 300 л суға ерітіп бүркеледі.

Метазин, 50% -гектарына 5 кг препаратты суға ерітіп өңделеді. Сондай ақ шаруалар өз қаражатының жағдайына қарай Паторан 50%, Ситрин 50%, Топогард 50%, Прометрин 50% препараттарын ерітіп бүркейді. Талғамды әсерлі гербицидтерге –Зенкор 70% ұнтақ, 0,700-0,750 кг/га жұмсалады.

Суғару. Картоп дақылын суғару мөлшерісуару тәсіліне, топырақ құрамына қарай жүзеге асады. Мәселен Солтүстік Қазақстанда ол 4-5 рет вегетациялық суарылады. Оңтүстік Қазақстан жағдайында суару мөлшері 5-6 ретке дейін жүргізіледі.

Қазір Қазақстанның картоп егілетін барлық алқаптарында колорада қоңыздары кездеседі. Ал оған қарсы шараны қоңыздаренді шыға бастаған кездежүргізу керек. Екінші рет қоңыздың жаппай таралу кезінде бүркеулерді тағы қайталаймыз. Қазіргі кезде Каратэ 5% к.э., Децис 2,5% к.э., Кинмикс 5% к.э. дәрілерікең қолданысқа ие.

Картоптың вегетациялық мүшелерін шабу немесе десикациялау;Кейбір практик шаруалар картоп түйнектерінің пісуін тездету мақсатында картоп сабақтарын ұсақтағышпен 15 см биіктікте кесіп тастайды. Картоп түйнектерін қазан ұрғанға дейін жинап алу үшін, тамыздың үшінші онкүндігінен бастап, қыркүйектің 20 на дейін бітіру керек.

Картоп түйнектерін жинау және сақтау орындарына жеткізу.Картоп түйнектерінжинау оның сабақтары мен жапырақтары солып қураған кезден басталадыы. Егер шаруашылықта картоп жинайтын арнайы машиналар болса комбайындармен жинайды. Ал, тұқымдыққа арналған картоптарғазақым тимес үшін қолмен жинаған дұрыс.

Картоп өнімділігі соңғы жылдары Қазақстанда орташа 19,0 - 25,0 ц/га өсті.Әйтсе де бұл – өте аз көрсеткіш. Ал, картоп өнімінің өте төмен болуы мына жағдаларға байланысты;

1.Картоп өсірудің инновациялық қарқынды технологияларының бұзылуынан және тұқым шаруашылығының жолға қойылмағандығынан,

2.Сорттарды таңдауда оның биологиялық ерекшеліктеріне мән берілмеуінен.

3. Сорттық агротехниканың жетілмегендігінен, негізгі технологиялардың дұрыс іске аспағандығынан деп қарау қажет.

Шаруалар үшін негізгі кемшілік тұқымдық материалдардың дұрыс сақталмауы. Әйтпесе, суармалы жерлерде озық тәжірибені өндіріске енгізгенде картоп өнімінен 30,0-40,0 ц/га дейін жеткізуге болады.

Соңғы кездері картоп өсірудің американдық Миттлайдер әдісі қолданылуда. Бұндай әдісті көршілес Өзбекстан елініңдиқандары кеңінен қолданады. Бұл әдістің ерекшеліктері дайын қырқаларға картоп түйнектері екі қатарлап егіледі, түйнектер аралығы 30 см шахмат формасында отырғызады. Осындай әдіспен отырғызу картопты тамшылатып суғаруға өте қолайлы. Қазақстандық диқндардың бір қатарлап егуі, қырқалар үстіне суғару құбырларын орналастыру әдісі өте ыңғайсыз және суғару кезінде қырқалар судың әсерінен құлап қалады

Сурет 1.Картопты Миттлайдер әдісімен отырғызу сүлбесі

Миттлайдер әдісі бойынша отырғызылған картопты тамшылатып суару, дақылға минералдық тыңайтқыштарды енгізуге өте қолайлы және тиімді.

Картоп өсірудің голландық әдісі

Бұл технологияның ерекшеліктері біріншіден, жоғары технологияны ұйымдастыру; екіншіден, агротехникалық іс шараларды қатаң сақтауда болып табылады Голландтық әдісінің басты ерекшелігі – топырақты үнемді өңдеу, ұсаққұрылымды және оңтайлы тығыздық күйіне жеткізу. Іріктелгенкартоп түйнектері диаметрі 35-55 мм және 35-50 мм түйнектерді бір бірінен 33-38 см қашықтықта отырғызылады.

Түптеу, картоп түбін көму, арамшөптермен қарсы күресу, ауруларға қарсы күрес жұмыстары қатаң технологиялар бойынша орындалады.

Голландық әдісте негізінен топырақты тыңғылықты өңдеу шарт. Сонда ғана техникалық құрал-жабдықтар дұрыс жұмыс істейді. Минаралды тыңайтқыштар да көп мөлшерде қолданылады. Сндай-ақ картоптың жақсы көктеген тұқымдық түйнектері отырғызылады.

Қазақстандық шаруалардың картоп өсіруде ең басты кемшіліктері: біріншіден, топырақты өңдеуде техниканың жетімсіздігі, құралдардың арнайы сынақтан өтпегендігі; екіншіден – суармалы аймақтарда картопты бір қатарқарықпен егу. Бұл жерден үнемсіз пайдаланылған минералды тыңайтқыштар картоп дақылының тамырына толық бармайды. Сондай-ақ картоптыбізде қарықтап суағарады. Бұл су ресурстарының артық қолданылуына және де кейбір алқаптарды су шайып кетуіне апарып соғады.

Қазір Қазақстан фермерлері қолданып жүрген картоп егудің қырқалық әдісінің басты кемшілігі топырақ тез құрғап кетеді.

Дихандар картоп сорттарын таңдарда сол аймақта кең тараған вирус, бактерия және саңырауқұлақ қоздырғыштарына төзімді сортты таңдай білуі керек. Сосын картоп сорттарын әр 3-4 жылда ауыстырып отыру керек. Бір аймақтақайталап өсірілген картоп сорттары жергілікті жерде таралған зиянкестрге және ауруларға төзімсіз болып қалады. Сондықтан, саңырауқұлақ және басқада ауру қоздырғыштарға төзімді сорттарды егу керек.

Қуандық СЕЙТБАЕВ,

ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз