Қазіргі кезде Қазақстанда сумен тікелей жабдықтау жүйесін және тұйықтай жабдықтау тәсілдерін орнату арқылы жұмыс істейтін алаптық балық шаруашылықтары жақсы нәтиже көрсетуде. Мұндай типтегі балық шаруашылықтарындағы негізгі тауарлар алабалық пен бекіре балықтары және олардың будандары. Мамандардың айтуынша, бұл гибридтерді өсіруден түсетін табыс жаман емес.

Индустриалды балық шаруашылығы – Қазақстандағы балық шаруашылығының жаңа әрі жас тармағы. Оны дамытудағы негізгі мақсат – еліміздегі су ресурстарын үнемдеу, сатылатын балық өсіруді шағын, табиғи су қоймаларының айдынына топтастыру.

Елімізде индустриалды балық шаруашылығында тауарлық өнім, бекіре еті мен қара уылдырық алу үшін, алабалық пен бекірені, олардың гибридтерін су қоймаларына орнатылған арнайы торларда және артезиан ұңғымаларына тікелей жалғанған су алаптарында, тұйықтай жабдықталған хауыздарда өсіру технологиясы қолданылады.

Қазақстандағы балық шаруашылығында балықты арнайы торларда өсірудің технологиялық тәсілдері әлі толық жетілмеген.

Одан бөлек, тәжірибе балықты табиғи су қоймаларында орнатқан арнайы торларда өсірудің қауіптілігін көрсетті. Толқындардың әсерінен тордың сөгітілуі, бетіндегі жиегінің сынуы мүмкін.

Ресейде, басқа да алыс-жақын шетелде жасалған балық өсіретін торлар Қазақстандағы заманауи экономикалық шарттарға сай келмейді.

Қажетті жағдайларды қалай жасауға болады?

Бекірелерден тауарлық өнім алатын су қоймаларындағы тұйықтай жабдықтау құрылғыларының брутто – өнімі 40 кг/м2 – құрайды. Екі жасар сібір бекіресін өсіруге кететін шығынды санау үлгісі 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Сату үшін тұйықтай жабдықталған су алабында екі жасар сібір бекіресін өсіруге кететін шығынының есептеу үлгісі

Ұсынылған есепте көрсетілгендей, «балық сорпасын дайындауға арналған бекіре балығы» шартты стандарттарына сай сібір бекіресі өнімінің масса бірлігіне (1 кг) кететін шығын, тоғанда өсірілетін, «балық өнімдерін дайындауға арналған бекірет балықтары» шартты стандарттарына сай орыс бекіресінің 1 келісі шығынымен тең. Демек, сібір бекіресі мен сүйрік балығын сумен тұйықтай жабдықталған құрылғыларды өсіру экономикалық тұрғыдан тиімді.

Орыс бекіресін ет үшін, азықтық уылдырық және алабалық өсіру

Бекіре өсірудің технологиялық картасы 1-кестеге сәйкес. Бірақ, балық өнімділігі балық өсірілетін алаптардың 4,5 – 5,0 кг/м3 – на тең. Балықты өсіру мерзімі 16 жыл.

Бұл жағдайда кәсіпорынның негізгі табысы Ресей Федерациясы және басқа да іргелес елдер нарығында жеңсік ас саналатын азықтық уылдырық сатудан түседі

 

Егер жаңадан жетілген орыс және сібір бекірелерінен уылдырық алуға бір ұрғашы бір еркек балық қатысады. Бұл өндіруші балықтардың құны (мемлекеттік субсидиясыз) 2*309337,0 = 618674,0 теңгені құрайды. Нормативтік мәліметтерге сай, ұрғашы бекіренің қалыпты жағдайдағы ұрықтау қабілеті 13 кг*8000 уылдырық/кг = 104 000 уылдырық. Осылайша, ұрықтандырылған 1 уылдырық құны (үлесі аз қосымша жұмыстарды қоспағандағы баға) 618674,0/104000 = 5,95 теңге/дана = 6,0 теңге/дана.

РФ, Астрахань облысында бекіре өсірумен айналысатын ғылыми өндірістік орталық сібір бекіресінің ұрықтанған уылдырығының бір данасын 2,5 рубльге (12,5 теңге), орыс бекіресінің ұрықтанған уылдырығының бір данасын 3,0 рубльге (15,0 теңге) ұсынып отыр. Сәйкесінше, бірінші рет уылдырық шашатын өндіруші балықтарды өсірудің тиімділігі ((12,5 – 6,0)/6,0)*100% = 108,33%, яғни табысты іс болып саналады.

Бірінші рет уылдырық шашатын өндіруші балықтарды өсірудің (коммерциялық тәуекелді ескермегенде) есептік табысы (ҚКС-мен бірге) 104000*(12,5 – 6,0) = 676000 теңгеге тең болады, таза табыс 676000/1,12 = 603571,0 теңге

Жоғарыда мысалға келтірілген брутто-өнімдер мен балық асырауға арналған мұздатылған құрылғының орташа салмақ көрсеткіштерін анықтау үшін, Қазақстанның балық шаруашылықтарында қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Ұрықтанған уылдырық шашатын өндіруші балықтардың құны 2*239906,0 + 287553,5 + 347760,0 = 1115125,5 теңгені құрайтын болады. Осылайша, ұрықтанған бір уылдырық құны (үлесі аз қосымша жұмыстар құнын қоспағанда) бір данасы үшін 1115125,5/152000 = 7,34 теңге. Бұл ресейлік балық шаруашылықтарын ұсынып отырған бағадан төмен.

Егер ең бірінші өндіруші балықтардан алынған уылдырықтар дан түскен табысты (603571,0 теңге, жоғарда көрсетілген) жинаса, уылдырық құны (балық асырауға арналған құрылғыдағы өнім шағын болған жағдайда) 3203508,0 - 603571,0 = 2599937,0 теңгені құрайды, бір уылдырықтың таза өзіндік құны 2599937,0/20000 = 13,0 теңге. Бұл Ресейлік балық кәсіпорындары ұсынып отырған орыс бекіресінің ұрықтанған уылдырығының құнымен шамалас.

Артезиан суларынан тікелей жабдықталатын су алаптарында сатылатын алабалықты өсіру үшін басты шикізат – орташа салмағы 6-8 кг болатын шабақтар. Бірінші жылдың соңына қарай балықтардың өсімділігі 25 кг/м3-тан асып жығылады. Бұл жылдағы шабақтардың орташа салмағы 50 – 200 г., яғни, балықтар сатуға жарамды деңгейге жетеді (жарты порциялық алабалық).

Бұл жағдайдағы өндірістік циклдың ұзақтығы 1 жыл, сатуға жарамды шабақтар мен бір жасар балықтардың өзіндік құны 1690теңге/кг, көтерме бағасы 1800 теңге/кг.

Аталған технологиялық әдіс-тәсілдер жайлы ақпараттармен Қазақстандық агробизнес субьектілерін таныстырып отыру қажет. Сатылатын балықтарды ірі балық шаруашылығындағы су қоймаларына жіберу, тоғандағы балық шаруашылықтарында балық өсіретін материал орната отырып, балықтардың қымбат түрлерін өсіру қарқынын арттыру, балық өсірумен қатар, жеміс-жидек өсірумен де айналысатын аралас индустриалды балық шаруашылығын қолдану тәсілдерін Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайына бейімдей отырып, зерттей түсуді қажет етеді.

 

Қуаныш ИСБЕКОВ,

балық шаруашылығы жөніндегі сарапшы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз