АӨК-де сандық жүйеге көшу тәуекелдерді азайтуға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, егіс өнімділігін арттыруға және егістік жұмыстарды уақтылы жоспарлауға көмектеседі. АӨК-ге сандық жүйеге көшудің элементтерін енгізу сыртқы ресурстарды пайдалануды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ұлттық экономикасына сандық жүйені 2020 жылға дейін енгізу үшін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оған төрт құрамдас бөлік кіреді - экономиканың дәстүрлі салаларының цифрлық трансформациясы, адам капиталын дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту. Қазақстан Үкіметі энергетика мен шикізат, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, логистика және ақпараттық технологиялар секторына цифрландыру экономикасына ерекше назар аударып отыр.

Шетелдік ғалымдардың мәліметінше, ауыл шаруашылығында ГАЖ пайдалану экономикалық оң әсерін тигізеді және кешендік тәсілді іске асыру кезінде шығындардың кем дегенде 23% азайтады

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін фермер электрондық танаптық карталар, спутниктік бейнелер, егісті дифференциалды өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялы датчиктер, мобильді қосымшалар және GPS жүйелердің сандық технологияларын меңгеруі қажет. Осы тұрғыда Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған білімді тарату аясында агрономия саласындағы сарапшылар тобы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында өсімдік шаруашылығындағы цифрлық технологиялық элементтерді қолдану бойынша 9 пилоттық шаруашылықтарға консультациялық көмек көрсетті, оның ішіне электрондық танаптық карта жасау және өсімдіктердің даму кезеңі бойынша дақылдардың вегетациялық NDVI индексін пайдалану жатады.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін цифрландырудың алғашқы қадамы электрондық танаптық карталарын құру болып табылады. Электрондық татаптық карта танапқа және шаруашылықтың ауыспалы егісіне паспорт енгізуді жүзеге асыруға, ағымдағы ауылшаруашылық жылда технологиялық операцияларға түзетулер енгізуге, тұқым материалының қажетті мөлшерін есептеуге, өсімдіктің өсуі және дамуына мониторинг жүргізуге, техниканы бақылауға, егін жинау үрдісін қадағалауға, отын шығынын анықтауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және т.б. мүмкіндік береді.

«Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-ның және коммерциялық ақпараттық жүйелердің ақпараттық-құқықтық базасында АКТ-ның базалық білімі бар өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін электрондық танаптық карталарын құру ерекше материалдық-техникалық шығындар мен инвестицияларды талап етпейді.

Айта кететін мәселе, АЕО базасын пайдалану тегін, ал коммерциялық компаниялардың АЖ-базасының құны көрсетілген қызметтердің міндеттеріне байланысты жылына 200-ден 420 теңге /га дейін құрайды

АЕО АЖ деректер базасын пайдаланушылардың санын қазіргі уақытта 125 мыңнан астам ауыл шаруашылығы субъектілері құрайды. «Ақпараттық-есептеу орталық» АҚ деректері бойынша бүгінгі таңда цифрландырылған ауыл шаруашылығы алқаптары 24006993 га құрайды.

Барлық пилоттық шаруашылықтарда ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бүкіл вегетациялық кезеңде өсуі мен дамуын қадағалау үшін, GPS қабылдағыштың дәлдігімен координаттарға байланыстырылған электрондық татаптық карталар (контурлар) пайдаланылды. Алқаптың географиялық координаттарына сәйкес, ауа-райы жағдайына байланысты әр 10-18 күнде 5-7 спутниктік бейнелер алынды.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және коммерциялық ақпараттық жүйелердің электрондық-құқықтық базасында Танапты цифрландырудан кейін, дақылдың вегетациялық кезеңі бойынша қалыпты вегетациялық өсімдік индексін (NDVI) жүктеуге болады.

Өсімдік жамылғыысының анық және нақты жасылдық индекстерінің есебінен, алдыңғы жылдардағы спутниктік суреттер өсірілген дақыл түрлеріне қатысты деректер көрсетті, кейінірек олар танаптар тарихын құрастыру үшін пайдаланылды. Осылайша, өсімдік индекстеріне сәйкес «Шағала Агро» ЖШС танаптарының тарихы анықталды, бұл жазғы рапсты өсіруге арналған технологиялық карталарды түзетулер енгізуге, сонымен қатар гербицидтер таңдауда көмектесті.

Танаптарға агрохимиялық зерттеулер жүргізу үшін электрондық татанаптық карталар қолданылды - топырақ пен өсімдік жамылғысының кеңістіктік-бағдарлы сипаттамаларының ауысуы (мысалы, жылжымалы фосфордың құрамы 15-тен 45 мг / кг-ға дейін өзгерді), сондай-ақ белгілі бір алқаптағы соңғы егіннің көлемі («Петерфельд Агро» ЖШС-де бидайдың биологиялық өнімділігі 5,26-дан 26,82 ц / га дейін) анықталды.

Электронды карталарды пайдалану ролі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау ережелерінің өзгеруіне байланысты өсуде. Тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына және Өсімдік шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру бойынша субсидиялау ережелерін бекіту туралы Ауыл шаруашылығы министрі м.у.а. бұйрығына сәйкес көктемгі егістік және егін жинау үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа да тауарлық-материал заттарының құны, басым дақылдардың өндірісін субсидиялау есебінен, 2019 жылы субсидия алу үшін шаруашылықтар агрохимиялық картограммалар мен электрондық түрдегі электронды карталармен қамтамасыз етілуі қажет.

Агроөнеркәсіптік кешен үшін спутниктік бақылау кеңінен танымал болып келеді. Оның негізгі артықшылықтары - егістерді үнемі бақылау, өсімдіктің өнгіштігін бағалау, егіс алқаптарын болжау, егістерді бақылауды қамтамасыз етудің шығындарын азайту, сондай-ақ алқаптардың қол жетімділігі қиын аумақтарында мәселені көре алу мүмкіндігі. Бұдан басқа, ғарыштық бақылау тек вегетацияның қазіргі жай-күйін бақылап қана қоймай, сондай-ақ соңғы жылдардағы алқаптардың тарихын қадағалауға мүмкіндік береді.

Электромагниттік шоғырдың қызыл және жақын инфрақызыл аймақтарындағы өсімдік жамылғысының көрінісі оның жасыл фитомасасымен тығыз байланысты. Өсімдіктің сандық жай-күйін анықтау үшін өсімдіктің NDVI (NormalizedDifferenceVegetationIndex) нормаланған вегетациялық индексі кеңінен қолданылады. NDVI сонымен қатар өсімдіктердің тығыздығын сипаттайды, өсімдік өсіру мамандарына өсімдіктің өнгіштігі мен өсуін, алқаптың өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Индекс олардың санына бөлінген шоғырдың жақын инфрақызыл және қызыл өңірлерінде көрсетілетін мәндердің айырмашылығы ретінде есептеледі. Нәтижесінде NDVI мәндері - 1-ден 1-ге дейінгі мөлшерде өзгереді. Жасыл өсімдіктер үшін, қызыл аймақтағы көрініс, хлорофиллдің жарықты сіңіруіне байланысты, жақын инфрақызыл сәулелерге қарағанда қашанда аз, сондықтан өсімдіктерге арналған NDVI мәндері 0-ден кем болмауы керек.

Қызыл және жақын инфрақызыл спектрлік аймақтары арқылы ғарыш бейнесіне әрбір пиксельге индексті есептеу - NDVI картасын алуға мүмкіндік береді. Жерді дистанциялық зондылау (ЖДЗ) арқылы вегетациялық индекс карталарын алуға, атмосфераның жай-күйі (әсіресе, су буы мен аэрозольдар), бұлттылық, топырақтың спектрлік сипаттамалары (жер бетінің ылғалына қатты тәуелді), спектрлік әсер (орбитада спутниктің жағдайына, спектрлік жолдардың ені мен кеңістік ұлғаю) әсер етуі мүмкін. Сондықтан, өсімдіктердің өсуін және дамуын қосымша зерттеу кезінде, жоғары қарқынды белсенді сәулелену көзі Greenseekerhandheld көмегімен оптикалық сенсор арқылы жер үстілік бақылаулар жүргізілді.

Өсімдіктердің даму фазалары бойынша NDVI вегетациялық индекс картасы агротехнологиялық операцияларды өзгерту, оның ішінде арамшөптермен күресу кезінде қолданылады. Егер алқаптардың нақты бөліктерінде өсімдік индексі вегетациялық кезеңде 0,18 немесе одан да көп бірлікке дейін өссе, белгілі бір шаралар қабылдану қажет

Мысалы, «Логос Трейд» ЖШС-нің кейбір телімдерінде жазғы рапс толық розеткаға даму кезеңінде, жасылдық индекс күрт 0,53 бірлікке дейін артты. Гербицидтік өңдеуден соң ол 0,33 бірлікке төмендеді. Осы кезеңде рапс алқабының вегетациялық индексі 0,37 бірлікті құрады. Яғни, вегетация индексінің шамадан тыс және күрт өсуі алқаптың арамшөптермен залалдануының нақты көрсеткіші болып табылады.

Рапс жемісінің пісіп-жетілуі кезінде, кейбір нүктелердегі жасылдық индексінің жергілікті көбеюі алқаптың осы аудандарында ластанудың артуын көрсетеді. Бұл құбылыс жинау жұмыстарының сапасына теріс әсер етеді, сондықтан бөлектеп жинау немесе дисекацияның жекелеген әдістерін қолдану талап етіледі.

Өсімдіктер индексін пайдалану арқылы агротехнологиялық операциялардың оңтайлы мерзімдерін анықтауға болады. Жазғы рапстың өсімдік жамылғысының вегетациялық индексінің 0,4-тен 0,38 бірлікке дейін төмендеуі бұршаққындардның 40-тан 60% -ға дейін жетілгендігіне сәйкес келеді, яғни бұл көрсеткіш жинау жұмыстарына дайындықты бастау қажетігін көрсетеді.

Рапс алқаптарын қашықтан бақылау жаппай гүлдеуге байланысты өсімдіктердің даму ерекшеліктерін анық көрсетеді. Жазғы рапстың толыққанды бұршаққындарын қалыптастыру үшін өсімдіктердің жаппай гүлдену кезеңінде фунгицидтік және инсектицидтік өңдеуден бас тарту керек, гүлдену кезінде жасылдық индексі орташа алғанда 0,38 бірлікке дейін төмендейді.

Бидай гүлденуінен кейін өсімдік түсі ашық болады, тиісінше алқаптың вегетация индексі бірте-бірте төмендейді, алайда бидай алқаптарындағы вегетация индексінің 0,22 бірлікке ауытқуы біркелкі емес пісіп жетілу көрсеткіші ретінде қарастырылуы керек. Вегетация индексі картасында егістің сиреуі, ондағы жоғары ластану және сол себепті біркелкі емес пісіп-жетілген жерлер анық көрінеді. Бұл жағдайда шаруа қожалығының мамандары егін оруды екі фазалық әдіспен жинау қажет.

Вегетациялық кезеңде өсімдіктің өсуі мен өсімдік өсімінің дамуына қашықтан бақылау жүргізу өсімдіктің вегетациялық индексі өсімдік түрлеріне байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді. Бидайда вегетациялық индекс масақтану кезеңінде ең жоғарғы деңгейге 0,74 бірлікке дейін өседі, ал гүлдену кезеңінің басталуымен өсімдік индексі біртіндеп 0,33 бірлікке дейін төмендейді. Рапста NDVI индексінің мәні гүлдену кезеңіне дейін 0,67 бірлікке жоғарылайды, ал гүлдену кезеңінің басталуымен рапс алқабы сары түске боялады, сондықтан вегетациялық индекс шамамен 0,12 бірлікке дейін төмендейді. Жемістердің дамуы кезеңіне дейін жапырақтар түскеннен соң, вегетациялық индекс бірте-бірте артып, содан кейін бұршаққындарының пісуі басталғаннан соң қайтадан төмендейді.

Егіншіліктің бейімдеу-ландшафтық жүйелер қашықтан нақты тексеру мәліметтерімен сай келуі қажет, олар әртүрлі деректерден алынған мәліметтер арқылы, шығымды материалдарды оңтайландыруды қоса алғанда (жанар-жағармай материалдар, пестицидтер, тыңайтқыштар), егісті басқару туралы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен, « Шағала Агро» ЖШС-не -азот-фосфор тыңайтқыштары егісті қашықтықтан алдын ала тексеру арқылы алынған вегетация индексі деректерінің негізінде жасалды. Дозаны енгізу өсімдіктің жай-күйіне және бидайдың осы даму фазасына оңтайлы сәйкес болуына байланысты түзетілді. Сонымен қатар, көктеу тығыздығының алдыңғы диагностикалық нәтижелері ескерілді.

Бекзат АМАНТАЕВ,

«агрономия» саласындағы сарапшы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз