Нақты тексіз кез келген онан арғы селекциялық-тұқымдық жұмыстарды жүргізу мәнін жоғалтады. Ауыл шаруашылық жануарларына ДНҚ талдау жолымен генетикалық сараптама жүргізу бұзаулардың қандай тұқымнан алынғанын дәл анықтауға көмектеседі. Мұны қалай дұрыс жүргізуге болатыны - біздің материалымызда.

ДНҚ-талдау көмегімен ата тегін анықтау – бұл олардың генотипі негізінде мүмкін болатын басқа аталық текті есептен шығару жұмысы. Сондықтан ДНҚ талдау барлық тұқымдық бұқаларды қамтыуы маңызды.

Бірінші санатты малды кедергісіз анықтау үшін, зауытшы мына жұмыстарды жүргізуі қажет:

Қандай жануарларға ДНҚ-талдауын жүргізу керектігін анықтап алу және бірінші санатты мәртебе алуға арналған генетикалық сараптама жүргізу ;

Генетиптілік (генетикалық сараптама) жүргізу үшін (Палатада бекітілген) лайықты зертхананы таңдау;

Сәйкестендіру нөмірімен бірге конверттер алу үшін, Палатаға өтінім беру; жануардың биологиялық материалын (жүнін, қанын, ұрығын) дұрыс таңдау және зертханаға жолдау;

Генетиптілікті және генетикалық сараптаманы мынадай жануарларға жүргізуді ұсынамыз:

тұқым өсіруге пайдаланылатын бұқаларға,

өз төлінен өсіру үшін іріктеуге жоспарланған ең жақсы бұқаларға ,

басқа өндірушілерге сату үшін жоспарланған бұқаларға.

ДНҚ-талдау үшін биоматериал алуды қалай дұрыс жүзеге асыруға болады (мысалы: жүні бойынша):

Міндетті түрде таза болуы тиіс құйрығының ұшынан жүні жұлып алынады (жүннің түбі көрінетіндей, табиғи өсіміне қарама-қарсы бағытта болуы міндетті). Іріктелген биоматериал (түбімен бірге жұлынған жүннің бөлігі) жануардың сәйкестендіру нөмірімен бірге (Палата берген) арнайы конвертке салынады. ДНҚ-талдауға арналған үлгі жабыстырмалы лентамен белгіленеді.

Конверт арнайы вакуумдық пакетке салынады. Бұдан әрі бұл үлгі талдау үшін, таңдап алынған зертханаға немесе Республикалық Палатаға жолданады.

Әнуар ТҰРҒАНОВ,

"Қазақстандық ангус" республикалық палатасының сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз