Қыстың аумалы-төкпелі ауа райы – күрт өзгергіш климаттың ең үлкен ерекше қыры. Әдетте әр жылы қыс әр түрлі болады. Сондықтан жем-шөпке айтарлықтай шығын шығарып, қытымыр қыста малды дұрыс бағу, әсіресе, ірі қара малдың /ІҚМ/ ауырмауын қадағалау шаруашылықтың өнімділігін арттырады. Ендеше, біз бұл мақалада қыс мезгілінде қорада малды дұрыс баптауға қажет түрлі әдіс-тәсілдер ұсынамыз.

Қатты суықта малдың дене температурасы жоғарылайды. Бұл – олардың денесіндегі зат алмасу процесінің жылдамдығы артқан себептен болатын құбылыс. Нәтижесінде, жемді көп жегеннің өзінде жағдайы төмендеуі байқалуы мүмкін.

Маусым ауысса, етті мал суыққа біртіндеп бейімделеді: ондай жағдайда оны жүні өсіп, зат алмасу процесі және горманалды секрециясы (NRC, 1981) өзгеріп, қысқа дайындалады. Сонымен қатар, жем-шөбі дұрыс болса, оның майы қалыңдауы керек. Таза, түкті жамылғы және желден қорғаныш – малды күннің суығынан қорғайтын осындай маңызды факторлар.

Фигура 1. Жем жеу және температураға төзу үшін қажет мөлшердің ара салмағы (NRC 1981-ден алынған)

Маусымдық ерекшеліктер

Ірі қара мал өсірушілер дұрыс жоспарлау, қора-қопсыны қамдау және жақсы басқару арқылы белгілі бір деңгейде қыс жағдайын жұмсартуы мүмкін. Ал, көктем мен күзге қатысты айтсақ, күртөзгергіш континенталды климат жағдайында бұл маусымдар бұзауларды бөліп алуға ең бір қиын кез болып табылады. Жауын-шашынды ауа-райы онсызда стресстік жағдайда тұрған бұзаулардың жүніндегі табиғи жылу шығармайтын қасиетіне кері әсер етуі мүмкін. Көктемде сыз бен шаллық желінді ластап, бұл да өз кезінде жаңа туған бұзаулардың суыққа шалдығуына немесе тағы да басқа жағынан денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Бейімделуден бастаңыз

Малды қақаған қысқа дайындау үшін, диетаны күн әлі онша суй қоймаған күзден бастау керек. Сиырлардың қар түсіп, мұз қатқанша шыдайтындай салмақ пен артық май жинауына, жеткілікті мөлшерде жем-шөп жеп жеп, азықтанып жатқанына және оның сапасы қандай екеніне көз жеткізіңіз.

Осы тұста бұзауларды бөліп әкету қосымша азықтандыру қажеттілігін төмендетіп, сиырлардың күш алуына жағдай туғызады. Суыққа үйренген мал дұрыс және уақытылы қоректенген жағдайда май қорын жинайды, ал ол өз кезегінде қыстың суығына қарсы тұру үшін денедегі жылуды сыртқа шығармай күш-қуат береді. Қыс басталмай жатып сиырлардың салмақ тастап, тым сидиып қалуына жол бермеңіздер (9 баллдық шкалада кемі 4 балл болуы керек), өйткені күн қақаған суықта ағзаның күш қуаты кеміп, қайтадан қоң жинау үшін бұрынғысынан да күшті жем-шөп қажет болады.

Рационды тепе-теңдікте ұстауға арналған көптеген бағдарламалар ауа-райына тікелей байланысты, бірақ ең жақсы жолы сиырлардың жағдайына қарай негізделгені.

Желден қорғау

Сиырлар желден қорғауды қажет етеді, әсіресе күн қатты суық кезде. Ал, ол үшін желден қалқан боларлық қақпа, желге қарсы аймақты қоршау керек. Желдің екпінін, жылдамдығын азайтып, мал жемдейтін қашалардағы қарды тазарту үшін түрлі биіктіктегі ағаш отырғызу керек / ара қашықтықтары жел бағытымен 15-30 метр/, сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін.

Осылай желдің соуынан солтүстік бағытқа қарай отырғызылған қорғанның ығындағы жайылымдарда мал дәл сондай диетадағы, бірақ жай ғана желден ыққа жайылған ірі қаралардан орташа есеппен тәулігіне 1 келі артық салмақ қосып отырған.

Желден қалқан болатын көшеттер (ағаштар, бұталар және солардың арасындағы шөптер) өріс орнына қолданылмауы керек, себебі ондай жайылым ағаштарға қауіп төндіріп, тіпті, тамырына балта шауып, жел мен қардан қорған болмай қалады.

Фигура 2. Адамдар мен малға қауіпті аймақтағы жел факторы

Термометрдің нақты мәні (С°). Желдің шамамен жылдамдығы (ш/с) – бір қалыпты.

Желге қарсы қорған тұрақты не жылжымалы болуы мүмкін, оларды өрістің қоршауының бір бөлігі ретінде не олардың қашаның ішіне жан-жағынан кіретіндей етіп орнатуға болады. 20% ашық және 80% тұтас кеңістіктен құрастырылған желден қорғайтын қорған биіктігіне қарай ауаның еркін айналуына мүмкіндік береді, сондай-ақ 10-нан 30 метрге дейін ара қашықтағы желдің жылдамдығын бәсеңдетеді. Мәселен, биіктігі үш метрлік қақпалар желдің жылдамдығы мен бағытына қарай, оның жылдамдығын 30 метрден, 90 метрге дейін төмендете алады.

Тұрақты немесе жылжымалы желден қорғайтын қақпалар (НИЦК)

Аралары ашық қақпа желдің екпінімен қораға қар кіргізіп жіберуі мүмкін. Ал тұтас қақпалардың маңайына қар қалың жиналып қалады, яғни, олар қардан қорғалған аумақтың аясын тарылтады.

Желден уақытша қорғайтын пананы үйілген шөптен жел, қар кіретін жолды бойлай жүк көлігі арқылы үйіп (сабан немесе жеуге жарамайтын биомассалар – қамыс не зығыр сабағы) жасауға болады.

Немесе трактордың дөңгелектері секілді желге ұшып кетпейтін ауыр материалдар да кәдеге асыруға жарайды. Ал желден қорғайтын қора жоқ жерлерде жаңа туған бұзаулар мен сиырды тасымалдауға болатын жабу қолдану керек. Оларды үнемі қозғап, жылжытып, төсеніштерін ауыстырып отыру керек.

Мал бағудың қысқы ерекшеліктері

Бүгінде шаруаларға қоршағаны ортаны қорғау тұрғысынан үлкен талаптар қойылған. Ал бұл ­ мал табыны ұлғайған жағдайда ірі қара малды жаюға болатын дәстүрлі «драйлоттар» аясы (құрғақ жерлер) тарылады деген сөз. Яғни, көбіне даладық жайылымға басымдық беріледі. Ірі қара малды жайылымда бағу баға жағынан қандай да бір артықшылықатрға ие, яғни, ондай жағдайда қораларды тезектен қолмен тазарту сияқты қажеттіліктер тумайды, ол шығынды айтарлықтай қысқартады.

Әрине қыста ашық жайылымда азықтандыру кезінде желден қорғау мәселелесі бәрібір сол өзекті күйінде қала береді. Ал желден табиғи қорғанысы (қалың ағаш, терең сай, тартылған өзен аңғары) жоқ жерлерде жылжымалы қақпа орнату керек. Су айдыны маңайында мал бағудан сақ болған жөн, ондай жерлерде бақпаған дұрыс, мүмкін болса. Тезек жиналып қалудн және ағыннан қашу үшін мал жаятын жерлерді тұрақты тұрде ауыстырып отыру керек, Есте сақтаңыздар, шөп таратушы машиналардың көмегімен әкелінген шөп жайылымда келесі жұмыс істеу үшін қалдықтың көлемін азайтады. 

Малды азықтандыру үшін қажет жемге қолжетімділкті қамтамасыз ету мәселесі қашанда қиын мәселе күйінде қала береді. Жүк тиегіш арқылы жайылымда бірнеше қатар жасауға болады, бұл ұйтқығына боранды тежеп, азықтануға қажет таза орынмен қамтамасыз етеді.

Дұрыс азықтандыру – табыс кепілі

Күн суыған сайын ірі қара малдың еркін жайылуға қажеттілігі арта түседі. Бұл тәуелділік бірінші кестеде көрсетілген. Ірі қара малдың тұтынысы ауа температура -6-дан төмендегенде алдын ала болжанған тұтыныстан 105-тен бастап 110%-ға дейін көтеріледі. Ал ауа райы -15 °С-тан төмендегенде бұл көрсекіш 125%-ға дейін өседі. Сақылдаған сары аязда (желді есептегенде -30°С не одан төмен) тұтыныс төмендеуі мүмкін, өйткені мал желден ық жерден кеткісі келмейді. Қатты аязда тез сіңірілетін жем беру қажет, яғни, ІҚМ ағзасы жеген азығынан күш-қуат алуы үшін бұрынғыдан әледқайда сапалы жем-шөп қажет.

1 кесте. Жылуы әр түрлі жағдайларда ірі қара малдың жемді еркін тұтынуы

(NRC, 1981 алынған)

Қатты суықтар мен борандарда малды қоректендіруге арналған заттардың белгілі мағынасы әр түрлі болып ауысуы мүмкін. Кесек азықтың көлемін шектеуге тура келеді. Ең бастысы – қоректендіретін заттардың /ТДН/, жалпы қорытылуын әр төмендеген 5 градусқа 0,5 кгарттырып отыру қажет.

Тағы бір нұсқа, олардың еркін азықтануына жол беріп, бірақ егер рационды жоспарласақ, сиырлардың ауа райының жайлы жағдайда өз дене тұрқының 2,5 %-ы, ал қатты суықта 3,5%-ға дейінгі мөлшерде азықтанатынын ескерген жөн.

Ал азықтандыру барысында шөптен айрылып қалу тұтынысты азайтуы мүмкін.

Дұрыс азықтандырмау және буаз сиырлардың рационындағы қоректендіру заттарының дұрыс болмауы қысқамерзімді және ұзақмерзімді салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Арық сиырлар бұзаулау кезінде одан сайын әлсіреп, сапалы уыз өндіре алмауы мүмкін, ал ол бұзаудың өмір сүріп кетуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті бұзаудың өсуін тежеуі де ғажап емес. Жаңа туған төлдердің дамуын зерттеу барысы жем-шөптен берілетін ақуыздың мөлшері сиырдың өмір бойғы денсаулығы мен бұзаудың өнімділігіне ықпал етуі мүмкін.

Оларға қоспа керек!

Жем — мал бағудағы өте маңызды ресурс. Сиырлар жақсы жағдайда болуы үшін сапасы ең жоғары жем қолдану керек. Қосымша қоректендіру заттары сапасы төмендеу жем тұтынған жағдайда малдың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет.

Ұзаққа созылған аяз сиырлардың жағдайына әсер етуі қалай болғанда да қисынды. Егер мал қыстың қатал ауа райына сай азықтандырылмаса, онда ол барынша әлсірейді. Тіпті қарны қампайып тойып тұрса да, егер жемнің сапасы өте нашар болса, қосымша қоректендіргіш заттар болмаса, сиыр аштан өлуі де мүмкін. Жемге деген қажеттілік дұрыс өтелмесе, ірі қараның бойындағы кейбір функциялардың жойылып, тіпті өліміне де апарып соғуы ғажап емес. Егер негізгі азық тек сапасы төмен шөп болса, онда қосымша ақуыз бен қуат беретін жем ауадай қажет.

Ендеше, жем сапасын қалай анықтауға болады? Ол үшін әр жемнің үлгісін алып, сенімді лабораторияларға жіберу керек. Сонда ғана сіздер оның қандай қоректендіргіш заттардан тұратынын және рационды дұрыстау үшін оған не қосу керектігін нақты біле аласыздар. Рационды өңдеу үшін қажет көмекті сіздер дамыту бөлімінің кеңсесі не жем жеткізуші компаниялар арқылы ала аласыздар.

Қатырылған жем жылыту үшін ылғал жемнен /мысалы, сүрлем не бидай қалдығы/ қарағанда айтарлықтай көп қуатты қажет етеді. Мұндай жемдерді ерітіп, дене температурасындай шамаға дейін жылыту керек. Ерітілген жемнің ас қорыту жүйелеріндегі микробтарға әсер етуі әзірге толық зерттелмеген.

Аралық мерзім сақтаңыздар

Қоректендіргіш заттарға бай жемді (сүрлем азық-түлік қалдықтары, бидай және минералды заттарды) екі күнде бір беріп отыруға болады.

Алдын ала жасалған зерттеулер ірі қара малдың өнімділігіне ол әсер етпейді дейді. Сондай-ақ ол зерттеулер қосы мша қоректендіргіш заттарды азайту

(мал басына 0,5 кг-дан 1 кг-ға дейін) әр үш кұнде бір рет беріліп отыру керек деген сөз. Мысалы, егерде сиырға күн сайын қосымша қоректендіру заттары қосылған 1 келі жем беріліп отырса, онда әр үш күнде мал басына 3 келі жем кетеді деген сөз.

Етті сиыр асырау үшін аралық сақтап азықтандыруды зерттеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Үшінші тоқсанда (соңғы үш айда) қоректендіру талабы сәл көбейтіледі, сондықтан зерттеліп бітпей тұрып, екі күндік интервалды қоректендіруге кеңес берілмейді.

Жұмыс күшін қысқартудың басқа әдісі малға беретін жемді алдын ала басқа қораға орналастыру болып табылады, тек сөйткенде ғана тракторлер мен жүк артушылардың жұмысын азайтуға қол жеткізуге болады. Ол үшін малға басқа жатын қорасы қажет болады. Нәтижесінде малды азықтандыру үшін тек күнде немесе күнара қақпаны ашу керек болады.

Осылайша мал қораның көлемі мен азықтандыру аумағы және сиыр санына қарай аптасына бір рет алдын ала маяланған шөптерді орналастыруға болады.

Сондай-ақ жайылымдарда бірнеше күнге жететін шөп қорын жинап алу деген де қарқын алып келеді, (немесе электроқоршау қолдану) ол малды азықтандыруға кететін шығынды азайтады.

Сиырды жем-шөппен қамтамасыз етіп, қоректенуге деген талабын қанағаттандыру үшін, сондай-ақ шығынды қадағалау үшін қанша салмақтағы тең шөп керек екенін білу шарт. Малға кететін азық мөлшерін жоғары және төмен сапалы жем мөлшері мен шөптің тең санына қарай анықтауға болады. Жоғары сапалы және бағасы қымбат шөп аздап шығын болады, ал сапасы мен бағасы төмендеу шөп қалдық боп қалады не төсеніш рөлін атқарады.

Сұрыпта да...азықтандыр

Сиырлар қоректендіруге кететін заттарына қарай сұрыпталып, соған сай азықтандырылуы керек. Мұндай тәсіл жемді пайдалануды оңтайландырып, малдың семіріп кетуінен сақтайды, сонымен қатар арық сиырлардың салмағын айтарлықтай бәсекесіз қалыпқа келтіруге септігін тигізеді.

Сиырларды салмағы мен жасына қарай азықтандыру мүмкіндігі жоқ фермаларда тым құрыса қосымша қамқорлықты қажет ететін малдарға жеке қора қажет, себебі оларға бәсеке аз, стресс туғызбайтын жер мен сапасы жоғары жем керек. Бірінші рет бұзаулаған сиырлар мен арық кәрі сиырларды бірге жемдеуге болады және олар солай күш-қуат жинай алады, ал тың, бойында күші бар сиырларға қажет етуіне қарай күш-қуаты азырақ жем бере беруге болады.

Алты айға толған бұзауларды бөлек азықтандыру керек, себебі олар ересек сиырлармен бәсекелесе алмай, аш қалады.

Уақыттың маңызы зор

Сақылдаған сары аяз кездерінде кешкі уақытта сиырға жем-шөп беру олардың күйсеуі мен күйіс қа йыруына (азықты қайта шайнау) байланысты түнде жылы жатуына жағдай туғызады. Ал түнде азықтандыру бұзаулау ерзімін өзгертуі мүмкін. Буаз сиырларды кешкі 17.00 мен түнгі 22.00 аралығындаға азықтандырған жағдайда бұзаулардың 85%-ы таңғы 06 мен кешкі 18.00 аралығында туған. (Андерсон, 1982).

Төтенше жағдай туа қалса...

Егер шөп аз болып жемдеу мерзімі шектеуге тура қалса, онда сиырларға ең алдымен астық немесе өндірістік тағамдардың қалдығын беруге болады. Алайда шаруалар ондай тағамның сиырдың қарнына әсер етпей қоймайтынын білуі және қадағалауы керек. Жемді сиырларға бірдей бөлінетіндей етіп бөлу керек, барлық сиырлар жей алатындай болуы керек, әйтпесе әлімжеттік жасап, кейбір сиырлар көп жеп қойып, соның салдары ацидозға әкеліп соғуы мүмкін.

Мұндай тәсіл қоректенуге қатысты біршама қауіп туғызуы мүмкін. Ашып кету, боржу мен қышқылдың көбейіп кетуінің алдын алу үшін бидай бүтін болуы керек. Бидай, арпа, сүрлем немесе қызылша сығындысы секілді - талшығы көп жем (фибра) астықтан гөрі дұрысырақ, себебі оның құрамында крахмал өте көп, ол ацидоз, яғни, ағзада қышқылды азайтады. Астық қалдығының құрамында май мен күкірт көп, сондықтан ол жемнің құрамындағы жалғыз құрам болмауы тиіс. Қыс мезгілінде қоспасы мол диета кезінде мұқият жоспралару мен ұзақ уақыт бейімделу ұсынылады.

Өйткені сусыз...

Ірі қара малды кез келген кезде таза әрі жаңа алынған сумен жеткілікті мөлшерде суарып отыру керек. Ағысы қатты жүйесі бар көптеген автоматты науалар су қатып қалмас үшін қыруар қуатты қажет етеді. Егер ірі қара көп болса және олар тұрақты түрде су ішсе не су терең құдықтың суы үнемі науаға жоғары температурада құйылып отырса, онда қуат көзін қажет етпейтін сумен қамтамасыз ету жүйесі пайдалы болады. Термостаттың істейтініне және суды ысытып жібермейтініне көз жеткізу үшін науаны жиі тазартып және су температуасын бақылап отырыңыздар. Коммерциялық науаның электрқуатын тұтынысын азайту үшін корпус үшіне көбірек ажыратуды қосыңыздар, сондай-ақ астында сумен жабдықтау ұңғымасы жатқан жердің бетін бетон плиталарымен жауып жүріңіздер. Сэндвич-панельден жасалған ажыраманы пайдалануға кеңес беріледі, себебі ол суды сіңіріп алады.

Терең ұңғымадан науаға көтерілетін су диаметрі 10 дюйм не одан да көп корпуста, тереңдігі жерге қарай 3 метр кеткен /жылы құдық/ корпуста жиналуы керек. Құрылыс кезінде бетон плитаның әсерінен құбырдың сыртқы изоляциясы суды қатып қалудан сақтайды.

Бу изоляциясы құбыр ішінде судың қатып қалмауына пайдалы болуы мүмкін, жеткілікті мөлшердегі жылуды инфрақызыл лампа береді, солайша құбыр қатпайды. Су қабатын қалқымалы тығынмен жауып, шынжырмен бекіту керек. Өйткені сиырлар оны жұлып әкетуі мүмкін.

Периметрі 30 сантиметрлік астау бір күнде 16 сиырды сумен қамтамасыз ете алады. Төтенше жағдайда тіпті ауыз су ретінде қарды пайдалануға болады, бірақ ол мұз боп қатып қалған не қабықпен қатып қалмаған жұмсақ болуы шарт.

Кейбір малдың қарды жеуге бейім болмайтынын, солайша сусыздануға шалдығуы мүмкіндігін де ескерген жөн. Сонымен қатар еріген қарды дене температурасына дейін жылытып беру сиырдың энергетикалық ресурсын азайтады.

Жылы төсеніш — саулық кепілі

Маңызды мәселе - суықты жұмсартуға ықпал ететін төсеніш қолдану, сондай-ақ малды таза жерде ұстау, қар мен қатқан қатқан топырақтан аулақ ұстау.

Салмағын бір қалыпты ұстау үшін негізінен тек жемшөп жеп үйренген қашарлар суық жел мен температуралық стрессті тез қабылдауы мүмкін, сондықтан суықтап қалып, соның салдары бірнеше апта бойына олардың салмақ тастап, тіпті саулығына зияны да келуі мүмкін.

Төсеніш қолдану мәселесі сондай-ақ етті сиырлар үшін де маңызды, әсіресе қыста бұзаулар алдында. Төсеніш сиырларды таза ұстауға септігін тигізіп, суыққа тоңып қалудан және желінінің ластануынан сақтайды.

Таза қар болса, төсеніш тек бұзаулер кезде ғана керек болады. Жаңа туатын бұзауларға даярланған кеңістікті таза ұстап, уақытылы жаңа төсеніш салып отыру шарт.

Әсіресе, бұқалар төсеме мен желден қорғанды қажет етеді. Мүмкін болса оларды бастырмада немесе қоршауы мықты жерде ұстау керек, себебі бір қабат қақпа оларға жеткіліксіз болуы мүмкін. Өйткені, суық оның тұқымдығын қатырып тастауы мүмкін, яғни, ұрықтылығын әлсіретеді деген сөз.

Қар мен тезекке жол жоқ

Науаның айналасы мен астауға қатқан қар мен мұзды қыс бойы тазалап отыру керек. Ол ірі қара малды қажет топырақпен қамтамасыз етеді. Ондай болмаған жағдайда сиырлар түсік тастап, сүйектері мен тамырларына зақым келуі мүмкін.

Мұз бен жиналып қалған қарды бұжыртабанды экскаватор не пайлоудер тазалай алады. Жүріп-тұратын жерлерде тезектің де мұз боп қатып қалуыған тұяққа күш түсіреді, сондықтан оны қырнап тастау керек. Қатып қалған тезек пен қарды шөп бар жерге қаттап жинау керек.

Қатқан тезекті тазарту сондай-ақ ірі қара малдың қозғалысын жеңілдетеді. Егер қораны қардан тазалау қажет болса, қарды шетке, ағып кететін суағарға не жыраға тастаңыздар. Таза қардың ағысы қорғаныс конструкциясына қарсы бағытталуы керек.

Қауіпті аймақтағы денсаулық

Қысқы экстремалды ауа райы жағдайы гипотермияға, ал оның соңы өлімге әкелуі мүмкін. Суық қатты өтіп кеткеннен немесе үсіктен мал ауруға шалдыққыш келеді. Ал ондай сиырдың жылы, құрғақ, желден қорғалған жерде тұрған малдан қарағанда өнімділігі азайып кетеді.

Суық кезде ауру малды емдеу – жұмысшы үшін проблема. Екпе мен дәрілер тасымалдау кезінде және пайдалану барысында 2-7°С-тағы "жылы жәшікте" сақталуы шарт. Ықшамды жылу көзі немесе жылу беретін шкаф таптырмас құрал болар еді: қызметкер сол жерде қолғабын шешіп, өткір құралдармен жұмыс істеп немесе екпені араластыра алар еді.

Қыста бұзаулау

Бұзаулағанға дейін сиырларды бақылап және туындаған мәселені шешіп отыруға ыңғайлы жерде сұрыптау қажет. Қысқамерзімді бағуға арналған шағын қоралар сиырлардың бұзауын емізуіне жайлы жағдай туғызады. Мүмкін болса, әлгінде ғана бұзаулаған сиырларды жаңа қораларға немесе жайылымға ауыстырыңыздар, бұл жаңа туған бұзаудың бейімделуін жеңілдетеді. Бұл сондай-ақ бұзаудың жақсы қоршаған орта туғызар еді. Жаңа туған төлге толып кеткен қоражай іш өту мен респираторлы аурулардың таралу қаупін күшейтуі мүмкін. Бұзауларға арналған қысқы үйлерді жаңа жайылымға көшіру, бұзаулардан жиі хабар алып тұру, сондай-ақ таза төсемелерді пайдалану мұндай мәселелерді азайта алады. Сиыр қатаң ауа райы жағдайында бұзауласа, бұзауға мұндайда жылытқыш та пайдалы болуы мүмкін.

Сиырлардың қыста төлдеуі олардың құлағы мен құйрықтарының үсіп қалуына әкелуі мүмкін. Бірақ ол оның өнімділігіне кері әсерін тигізбейді, яғни, ол бар болғаны косметикалық мәселе ғана. Ал желіндерінің қатып қалуы бұзаулары бірнеше күнге толып, сүтті көп емуге жетпейінше қиындық туғызуы мүмкін.

Қыста бұзаулау өндіріс иелері, олардың отбасы мүшелері мен қызметшілері үшін қиын кезең. Бұзаулаған сиырларды жиі қадағалау, әсіресе қыстың қатты аяздарында, бұрқасын дауылдарында, сондай-ақ жаңа туған бұзауларды күту үнемі күш-жігерді қажет етеді. Ұйқының бұзылуы, бұзаулау кезіндегі уайым жұмысшының жеке денсаулығына кері әсер етуі де ғажап емес.

Бұзаулауға қатысатын барлық мамандарды оқыту керек, себебі олар бұзау мен сиырдың өмірін сақтап қалу үшін қалай күресу керектігін білмей, болмайды. Жұмысшылардың күндіз және түнде ауысуы бұл процесті жақсартып әрі оңайлатады, сондай-ақ жаңа жұмысшылардың көп нәрсе үйренуіне жол ашады.

Түйін

Қоршаған ортаның жағдайына қарай азықтандырып, желден қорғай алса, ірі қара мал төменгі температураға бейімделуге және қалпын сақтауға қабілетті. Шаруаға қойылар ең басты талап ­– ауа райына қарамай ірі қара малға қажет барлық қоректендіргіш заттары бар үйлестірілген жем-шөппен қамтамасыз ету. Желден қорғайтын қақпа мен төсеніш қолдану малды күту процесін жақсартып, тұтыныс шығынын азайтады.

Екатерина ЗИМИНА

Мал дәрігері

                                                                                                                                                           

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз