Бүгінде қазақстандық фермерлердің көбі малдарының тұқымын жаңғырту тәсілдеріне қызығушылық танытып жүр. Зерттеулер нәтижесі бойынша, бұның мүйізді ірі қара өсімін көбейтіп, иммунитетін көтеріп, тұқым сапасын арттыруға ықпалы зор. Сонымен қатар, бұл әдіс арқылы сиырлардың еті мен сүтін көбейтуге, генетикалық дамуына оң әсер етеді.

Жаңа қан құю

Әлемдік стандарттарға сай асыл тұқымды мүйізді мал алу–соңғы он жылда Қазақстандық мал шаруашылығындағы басты мәселелердің біріне а йналды. Бүгінге дейін елімізде малдың тұқымын жаңғырту бойынша ауқымды істер атқарылды. Бізде ет және сүт алуға арналған мүйізді ірі қара малдың 48 тұқымы мен тұқымдық топтары бағылады. Жоғары сапалы сүт өнімдерін беруге қабілетті сиырлардың тұқымдары анықталды.

Әр шаруа өз табынындағы малды көбейтіп, одан алынатын өнімді арттыруға мүдделі. Аймақтардағы шаруалардың жануарларды, оның ішінде сүт беретін малдарды жасанды түрде ұрықтандырабастағанына көп бола қойған жоқ. Ғалымдардың пікірінше, жасанды ұрықтандару арқылы тек сүтті көбейтуге ғана емес, малдың өнім беретін жасын да ұзартуға болады.

Сиырлардан сапалы тұқым алу үшін сүт беретін мал басын көбейту әр жануарды орнымен пайдалануды және мұқияттылық пен шығармашылық көзқарасты талап етеді.

Табынды ұрықтандыру мәселесі де маңызды. Жасанды ұрықтандыру тәсілін таңдағанда, таза тұқым көбейтуге баса мән беру қажет, яғни тұқым толығымен жаңғырғанша, асыл тұқымды малдың қанын бұзбау қажет. Мысалы, тұқымы нашар сиыры бар фермер оны шағыстырмас бұрын оған англерлік және қызыл дат тұқымының қанын құюы қажет.

Жеке үйлердегі тұқымы нашар бұқалардың еркін жайылымда таза тұқымды сиырлар мен тайыншалармен шағылыспауын қадағалау қажет. Бір-біріне «туыс» болып келетін бір елді мекеннің бұқалары, сиырлары мен тайыншалары, бір жайылымда бір-бірімен шағылысуы мүмкін. Қанның бұлай араласуы тұқым сапасының нашарлауына, әлсіз, иммунитеті төмен, түрлі ауруға бейім төлдің туылуына себеп болады.

Бүгінде сиырдың тұқымы мен оны қашыру үшін мұқият таңдалатын бұқаның генетикалық қасиеттерін толық білу қажет. Себебі, жасанды ұрықтандыру нәтижесінде таза, асыл тұқымды төл алынуы тиіс. Сиырды қашыратын бұқа малдың сүтті болуы, маститке және басқа да ауруларға иммунитеттің жоғарылығы, сауын мерзімінің ұзақытығы сияқты көп талаптарға сай таңдалады.

Француз технологиясы бойынша

Тұқымы тексерілген бұқадан алынған мал төлі шаруаларға жақсы табыс әкеледі. Биыл біз жасанды ұрықтандыру арқылы тұқым жаңғыртудың қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.

Сонымен қатар, сиырлардың сүт беру қасиетін арттыру мақсатында Зеңгбі баба ұрпақтарын жасанды ұрықтандыруда француз технологиясын қолдандық.

Англерлік тұқымды олармен тұқымдас даланың қызыл сиырларымен шағыстыру кезінде 20 нашар тұқымды сиыр ұрықтандырылып, 17 ұрық тамыр тартты. Бұл алдағы уақытта сиырлардан алынатын тұқымның сүтін көбейту үшін генетикалық көрсеткіштерді араластырудың нәтижелі екендігін көрсететін дәйекті дәлел.

Дегенмен, бір сиырды ұрықтандыру –тұқым беруші бұқа ұрығының 3-4 дозасын қажет ететін қымбат процесс. Оның үстіне, ұрықтандырған сиырдың сүтін көбейту үшін оны дұрыс тамақтандыру, санитарлық нормалар мен температуралық режимді сақтап, оған жақсы жағдай жасау қажет. Яғни, сәтті ұрықтандыру шаруашылық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мен ветеринарлық-зоотехникалық талаптардың толық орындалуын қажет етеді.Тәжірибе көрсеткендей, жасанды ұрықтандыру қажетті өнім беретін асыл тұқымды жануар алып қана қоймай, табындағы малдың түрлі инфекциялық аурулардан айығуына, иммунитеттерін көтеруге көмектеседі.

Бұл тәсілдің тағы бір артықшылығы–әр фермердің өз табынына, тіпті әр сиырға сай өнім беруші бұқа таңдап алуына мүмкіндігінің болуы.

Үй жағдайында асыл тұқымды мал өсіру

Жақсы нәтижеге қол жекізу үшін сиырлардың күтімі мен оларды тамақтандыруға байланысты барлық ережелерді орындау қажет. Бұл баса назар аударылатын мәселе. Сонымен қатар, ұрықтандырушы-техник маманның кәсіби біліктілігі де маңызды роль атқарады.

Осылайша, кеткен шығынға қарамастан, біз қаншама жылдан бері тұңғыш рет ауыл шаруашылығы кооперативі базасындағы нашар тұқымды сиырларды жаңа француз технологиясы бойынша ұрықтандаруды енгізіп, жоғары нәтижелерге қол жеткіздік.

Айтпақшы, асыл тұқымды малды тек арнайы зертханалар немесе үлкен фермаларда ғана емес, үй жағдайында ұрықтандырып, сапалы малдың санын арттыруға болады. Бастысы, мал асырау мен ұрықтандырғандағы шарттарды сақтап, технологияларды дұрыс жүзеге асыра білу керек.

Владимир ШИН

ауылшаруашылық саласының сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз