Астық қолхаты – құнды қағаз. Ол элеваторда сақталатын астықты меншіктеу құқығын растайды. Астық қолхаттарының екі түрі бар: қағаз және электронды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан астық қолхаттарының қағаз нұсқасы жойылады.

Электронды астық қолхаты несімен ерекше?

1) Оңай әрі ыңғайлы;

2) Астықты үйден шықпай-ақ сатып алу немесе сату мүмкіндігі;

3) Жоғары өтімділік – несие немесе лизингті рәсімдеу кезінде оны банкке кепілге салуға болады;

4) Зор мүмкіндіктер – ол инвестиция тартудың айқын да тиімді құралы болып табылады. 2016 жылы астық қолхаттары электронды түрге көшіріле бастады.

Qoldau.kz порталындағы E-grain жеке ресурсы толығымен ЭАҚ-на арналған.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз