Идентификация - малды ажыратумен беліглеу үшін салынатын белгі (ен, күйдіріп белгі салу, нөмірлеу)

Асыл тұқымды малдарды таңбалау

Малдарда таңбалаудың маңызы. Етті бағыттағы малды таңбалау асыл тұқымды мал шаруашылығында міндетті түрде атқарылатын жұмыс. Онсыз шаруашылықтың өндірістік негізі болып саналатын есепті жүргізу мүмкін емес. Таңбалаудың мақсаты малдың өнімділігін, өз төлінен өсуін, ауру таралу жағдайын қадағалап отыру және зоотехникалық, малдәрігерлік шараларды жүргізу.

Таңбалау түрлері. Күрделілігі мен шығын көлеміне қарай таңбалаудың әр түрлі әдістері болады. Таңбалау үшін мыналар:

• сырғалау,

• бояу жағу,

• суық және ыстық таңбалау,

• радиожиіліктік сырға

• тері асты сырғасы

Бұл әдістердің әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Биркование. Сырғалау мал таңбалауда ең кең таралған әдіс. Әдетте сырғаларды ашық, жарқын түсті етіп, қара түсті сандарды қолданып жасайды. Бақылау көрсеткеніндей, сырғалар жақсы тағылса оның 0,5 пайызына дейіні ғана жоғалады. Әдетте сиырдың екі құлағына қайталанып отыратын сандары бар сырға тағады. Сырға жасалатын пластикалық материал барлық гигиеналық және басқадай талаптарға сай келеді. Ол тиісінше қатты және өте ыстық немесе суық температураларды сыртқы түрі барынша аз өзгеретіндей төзімді келеді. Зиянды заттар әсеріне де төзімді, қозу, тітіркену жағдайларын тудырмайды. Таңбалайтын сия сырғаның үстіңгі қабатына сіңеді де, жазілған нөмір ұзақ уақыт өшпейді. Нәтиже жақсы болуы үшін сияны екі қабат етіп жазу керек.Бұл сияның барынша терең сіңуіне әсер етеді. Жалаң сырғалардың инесі қозғалмалы болғандықтан оны 90 қисайтып, жануардың құлағы зақымдалуын азайтуға болады. Бұл үшін бекіткіштің тұтқасын қысып, жылжытса болғаны. Сонда ине 90 градусқа бұрылады. Бұл кезде бекіткіштің тұтқасын жібермей қысып ұстау керек.

Бояу жағу. Бояумен таңбалау ең қарапайым және арзан әдіс. Бұл үшін 0 ден 9ға дейін сандар белгіленген темір және пластмасса мөртабан жиынтығы бар арнаулы қысқыштар қолданылады. Таңбалау кезінде мөртабандарды арнаулы ұяшықтарға қояды. Бұл әдіс бойынша оң құлақтағы белгіленген жерді қажетті инелі мөртабандары бар қысқыштың көмегімен теседі де, тесілген жерге арнаулы бояу сіңдіреді. Нөмірлерді

құлақтың қан тамырлары аз ішкі жағынан қояды. Алдымен инелі мөртабан жиынтығынан керекті нөмірді алып, қағазды тесіп нөмірдің дұрыс таңдалғанына көз жеткізеді. Сонан соң құлақты жуып, тазалап, денатурат спирті, карбол қышқылының 3,5% ерітіндісі немесе фенолды креолиннің 2% ерітіндісімен зарасыздандырады. Осыдан соң бояумен таңбаланатын жерге бояу жағып, қысқышпен қысып тұрып тиісті нөмірді қояды. Тесілген жерге тағы да бояу жағып, бояуды тесіктерге ысқылап сіңдіреді. Бұл әдістің кемшілігі таңбалау жұмысының біршама ұзақтығында, нөмірлерді оқудың қиындығында және уақыт өте нөмірлердің көмескіленіп қалатындығында. Бұл үшін үнемі қадағалап, оларды жаңартып отыру керек. Осыған қарамастан бұл әдіс сенімді және жануарға ауырсыну туғызбайтындықтан тәжірибеде кең таралған.

Радиожиіліктік сырғалар. Мал шаруашылығында RFID жүйесін қолдану өте ыңғайлы. Өйткені ферма жұмысшылары мал басын санау және азықтандыруға байланысты көптеген күнделікті жұмыстардан құтылады. RFID технологиясы нақты бір сиырдың қозғалысы, белсенділігі, және жалпы мал табыны, оның өзгеріс барысы туралы жылдам және дәл мәлімет алуға мүмкіндік береді. RFID жүйесіне негізделген мал анықтаудың артықшылықтары мынада:

Малдың ферма аумағындағы қозғалысын бақылаудың айтарлықтай жеңілдеуі;

Мәліметтерді қолмен жинаудың қажетсіздігі

Барлық жануарларды дәл анықтау

Чип тағылған әр сиырдың электрондық құжатын жүргізу

Әр басты толық анықталып, оның салмағының өзгеруі, дәрі еглуінің тіркелуі сияқты есебін жүргізу

Бұл жұмыстың әлемдік стандартқа толық сай келуі

Тұтынушылар тарапынан сенім болуы

Радиожиіліктік сырғалар үшін жануар туралы барлық мәліметті сақтайтын, компьютерге немесе көрсеткішке жіберетін сканер қолданылады.

Әнуар ТҰРҒАНОВ,

"Ангус Казахстана" республикалық палатасының сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз