Бұрын өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру - шығын сомасының 50% мемлекет субсидиялады  

Қазақстанда 2018 жылдан бастап әлемде танылған өсімдік шаруашылығындағы көрсеткіштік сақтандыру жүйесі енгізіліп келеді. Ол 2004 жылдан бері қолданылып келе жатқан міндетті сақтандыру жүйесіне балама бола алады.

Жаңа жұйенің ерекшелігі – фермер өз егіс алқабын ауа райы қатерінен SMI (топырақтың ылғалдылық көрсеткіші) негізінде сақтандыра алады.

Қазақстан қуаңшылық әрбір 3-5 жыл сайын болып тұратын және өнім шығынының 80 пайызы қуаңшылыққа байланысты болатын қатерлі аймаққа жататындықтан ауа райы қатерінен (қуаңшылықтан немесе мөлшерден тыс ылғалдылықтан) сақтандыру тиімді тетік болып саналады.

SMI – қатерлілікті дәл бағалаудың тетігі. Өйткені ол топырақтағы ылғал мөлшерін NASA (АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы) және ESA (Еуропалық ғарыш агенттігі) мәліметтері негізінде жерді қашықтықтан зерттеу (ЖҚЗ) арқылы бағалайды.

SMI жүйесімен ылғалдылықты анықтау әлем бойынша фермерлерге қызмет көрсететін және бұлтты күндері де тоқтаусыз жұмыс істейтін голландиялық VanderSat компаниясына тапсырылған.

Сақтандыру нысанасы – топырақ ылғалдылының SMI көрсеткіші (топырақтағы ылғал жеткіліксіздігі немесе оның мөлшерден жоғары болуы.

Сақтандыру жағдайлары:

1. топырақтағы ылғал жеткіліксіздігі

Сақтандыру мерзімі:

  • 15 мамырдан 15 тамызға дейін (дәнді дақылдар үшін)
  • 15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін (майлы дақылдар үшін)

Сақтандыру құнын есептеу:

1 гектарға сақтандыру көлемі 30 000 теңге (1 гектарға орташа шығын мөлшері)

Бағам – сақтандыру сомасының 4,8 пайызы

Жалпы төленетін сома: 1 га = 1440 теңге

Оның 50 пайызын = 722 теңге – мемлекет субсидиялайды

Ең жоғары сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының 48% немесе 1 гектарға 14 400 теңге

2. топырақтың шамадан тыс ылғалдылығы

  • 15 тамыздан 15 қазанға дейін

Сақтандыру құнын есептеу:

1 гектарға сақтандыру сомасы – 30 000 теңге (1 гектарға орташа шығын мөлшері)

Бағам – сақтандыру сомасының 2,43%

Жалпы төленетін сома: 1 га = 729 теңге

Мұның 50% = 365 теңге – мемлекет субсидиялайды

Ең жоғары сақтандыру төлемі – сақтандыру сомасының 20% немесе 1 гектарға 6 000 теңге.

Сақтандыру жағдайы туындамаса сақтандыру сомасының 12% фермерге қайтарылады.

SMI әр ауданға есептеледі. Сақтандыру төлемдері жиі болуы үшін сақтандыру мерзімі кезеңдерге бөлінген.

SMI бойынша сақтандыру Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты.

Сақтандыру онлайн желісінде QOLDAU.KZ порталының AGROINSURANCE бөлімінде қол жетімді.

SMI фермерге онлайн желісінде QOLDAU.KZ порталында қол жетімді.

Бұл тетік туралы толығырақ бейнетаспаны қараңыз.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз