Соңғы жылдары Қазақстанда шошқа бағушылардың жасанды ұрықтандыруға деген қызығушылығы арта бастады. Ондай жағдайдың қалыптасу себептері тікелей әр мегежіннен сапалы әрі көп төл алу, Қазақстан жерінде ол тұқымдық мал алу және өз падасының генетикалық сапасын арттыру мүмкіндігіне байланысты. Бұл мақалада үй шошқасының жасанды ұрықтандыруының мән-маңызы және үй жағдайында ұрықтандырудың ерекшеліктері жайлы айтылған.

Жасанды ұрықтандыру (ЖҰ) – ұрғашы малдың жыныс жолдарына аталықтан алдын ала алынған шәуетті жасанды тұрғыда енгізу. Мал шаруашылығында құнды тұқымдық малдан көп төл алу мақсатында көптеп қолданады. Ол - адамдарда да болатын үдеріс.

Жасанды ұрықтандыру мал шаруашылығында соңғы 50 жылда кең қолданысқа енген. Сұрыптау әдістерімен қоса ЖҰ адам үшін ұтымды әрі пайдалы генетикалық тұрақтандырылған өзгерістерді алу мүмкіндігін қамтиды. Бұл әдіс кең ауқымда мал, құс, шошқа шаруашылығында қолданыста. Неғұрлым фермалық шаруашылық үлкен болса, соғұрлым бұл әдіс актуал.

Жасанды ұрықтандыру үрдісі біз ойлағандай оңай емес.

Шәуетті аналық жыныс жолдарына енгізу - қарапайым жосықтың алдында үлкен әрі күрделі дайындық жұмысы жүргізіледі; ол жоғары өнім беретін қабандардың шәуетін алудан басталып, оны сақтау және тасымалдау мақсатында мұздату, ЖҰ орнына жөнелту, шәуеттің өозғалысын анықтау арқылы сапалығын бағалау секілді шаралардан қалыптасады.

Шәует алу әдістері хирургиялық, қынаптық және уретральдік деп бөлінеді.

Хирургиялық әдісті қолданған кезінде шәуетті өлтірілген немесе тарттырылған қабанның ен қосалқысынан алады. Қынаптық әдісте оны ұрқашы шошқаның қынабынан шағылысудан соң қынап айнасымен арнайы қасықша арқылы, немесе губка арқылы алады.

Бұл әдістердің кемшіліктері ретінде осылай жұқпалы ауруларды тарату және жұқтырып алу ықтималдылығын айта аламыз.

Уретральді әдістерге ұрық түтіктерінің түйіндерін уқалау, фистулалық, электроэякуляциялар, шәует жинағыш және жасанды қынап жатады.

Кеңінен қолданыста болатын әдіс ол жасанды қынап әдісі. Тұқымды қабан жасанды шошқатектес тұлыпқа асылуды үйретіледі. Бұл кезде ұрықты шашуы үшін оны қолмен қоздырады.

Негізінен, шәуетті қабаннан аптасына екі рет алады.

Шәуетті сақтау.Төмен температурада сақталатын шәуетті тұқымдық өнеркәсіптерде - 196°С температурада қапталмаған не қапталғангранулаларда, түтіктерде мұздатады (мұздату кезінде шәуетке глицерин, қанттар, тауық жұмыртқасының саруызын және натрий цитратын еңгізеді)

Қысқа мерзімді сақтау кезінде шәуетті тұқымды қабандардан алған соң сұйылтылады және жәймендеп салқындатылады, сонан соң ЖҰ орындарына бір қолданылатын пробиркалар немесе капсулаларға құйылған түрде жеткізіледі. Тасымалдау кезінде термос ішінде мұз капсулалар астында да үстәнде де болуы шарт.

Мұздатылған шәуетті сулы жылытқышпен арнайы қоспа қосып, дер кезінде еріту қажет, өйткені қристалдар түзілген жағдайда олар сперматозоидтерге қатты әсер етеді.

Шәует сапасын бағалау 10 ұпайлық деңгеймен жүргізіледі. Ең жоғары бағаны (10 ұпай) барлық сперматозоидтері белсенді алға бақытталып қозғалатын деңгей алады. Тоғыз ұпайлықты шәуетте белсенді сперматозоидтердің саны 90%, сегіздікте - 80%, жетілікте – 70% және т.б. Мұздатылған шәует ерітіле салысымен бағаланады.

Жасанды ұрықтандырудың мән-маңызы

Мегежіннің қынабына алдын ала жиналған шәуеті бар құрылғы еңгізіледі.

Бұл үдеріс тек күйлеу кезінде, яғни мегежін қабанды қабылдауға дайын болғанда жүзеге асырылады.

Мегежіннің көбеюге дайындығын келесі сыртқы көріністері арқылы біледі:

сарпайының ісінуі

жыныс мүшелерін ұстау кезінде тыныш болуы

Жасанды ұрықтандырудың табиғи ұрықтандырудан қандай ұтымды жақтары бар?

1) Ең маңызды және ұтымды жағы – ол ең үздік генетикалық қасиеттерді еңгізу, себебі ол тұрғыда генетикалық ең құнды қабан пайдаланылады.

2) Жасанды ұрықтандыру бір тұқымдық қабанның шәуетімен өте көп мегежіндерді ұрықтандыруға мүмкіндік беретіні анық, әрі қысқа мерзімде. Бір қабанның шәуеті жылына 500 шошқаны ұрықтандыруға жарамды шикізатты бере алады.

3) Жануарлардың шағылысудан бас тартуы кезінде қолдану (Зообақтарда жойылып және азайып бара жатқан жануарларды көбейтуде жиі қолданады).

4) Шошқалардың жасанды ұрықтандыру кезінде жыныс жолымен жұғатын аурулардың таралуына тосқауыл болады.

5) Қажеттілік туған кезде шәуетті мұздатылған күйде үлкен қашықтыққа тасымалдауға болады. Яғни, қашықтықта орналасқан аудандардың малдың тұқымдық қасиеттерін арттыруға болады.

6) Орындалуының оңай болуы, арнайы құрал жабдықтарды қажет етпейді.

7) Бірнеше мегежіндерді бір уақытта ұрықтандыру туылғаннан кейін торайларды бағуда қиындықтар тудырмайды, керісінше, әлдеқайда жеңілдетеді. Төлдеу уақытындағы арақашықтық 10 күннен аспайды. Бірнеше тәулікте 100ден астам мегежінді ұрықтандыруға мүмкіндік болады.

8) Шәуетті аса тиімді пайдалана алу (500 мл эякулятты 80 мл-ден бірнешеге бөле алу), яғни шошқаны ұрықтандыруға жұмсалатын шәуеттің мөлшерін айтарлықтай азайту.

9) Өнімділік көрсеткіштерін арттыру, толыққанды төл алу мүмкіндігі.

10) Қожалықта қабан бағудың қажеттілігі жоқ.

Сонымен қатар, жасанды ұрықтандыру шағылысудағы салмақтық сәйкессіздіктерді, аналықтар мен аталықтар арасындағы туындайдын қиындықтарды жояды.

Десе де, шошқалардың жасанды ұрықтандыруы тек қана жануарлардың тойымды әрі толыққаңды жемтігі, дұрыс баптауы мен қолданысы болған жағдайда ұтымды болады.

Мегежіндердің жасанды ұрықтандыру түрлері

Мегежіндердің торайларынан айырғаннан кейін шағылысуға қайта дайындығының келесі түрлері болады:

- ерте – 3-4-ші күндерден соң басталады;

- қалыпты – бесінші күні ашылады;

- кеш – 6-7-ші күндері белгілі болады.

Ерте болатын шағылысуға бейімділігі торайларынан айырылғаннан кейін 3-4-ші күндерден соң басталады және үш күннен астам уақытқа созылады.

Алғашқы рет мегежінді күйлеу басталғаннан кейін 24-36 сағат санап ұрықтандырады (қозғалыссыздық рефлексінің білінуі). Сосын, 12-15 сағат күтіп, қайталайды. Ұрықтандыруды 12-15 сағаттан соң үшінші рет те жасауға болады.

Сұйылтылған шәуетпен ұрықтандыру

Егер мегежіндерді сұйылтылған шәуетпен ұрықтандырса, сперматозоидтердің тығыздығы (концентрациясы) кемі 4-5 бірлікке тең болуы керек (яғни еңгізуге дайын шикізаттың 1 мөлшердегі миллиард спермийлер)

Құйылатын сұйықтықтың мөлшері кемі 150 мл болуы шарт, жобамен 1мл - 1 кг шошқа салмағына

Мегежіндерді ұрықтандыратын құрылғы келесі пішінде болады: екі резіңкелі түтік шығатын қақпақты шынылы колба немесе пластиктік сұйыққойма. Заманауи құрылғылардың басым көпшілігі пластиктен жасалады.

Бірінші түтікке катетерді жалғаса, екіншісіне бүріккіш қосылады. Бүріккішті түтік арқылы сұйықтық шынылы сұйыққоймаға, одан ары қарай ол катетер арқылы тікелей тікелей жатыр бойнына қарай жылжиды.Сұйыққойманың орташа көлемі - 250мл-ден артық, 150 мл-ден кем емес. Катетер жатыр мойнына жетіп тірелгенде, сұйыққойманы жоғары көтереді, сол кезде шәует ішке құйылады, шынылы құрылғы қолданса, оған қосалқы ауа бүріккімен жылжуын жылдамдатады, ал пластиктік болса оны жәй бұрап жәймендеп сығады.

Кейде мегежіндердің қынаптарының бүрісуі мүмкін. Ондай жағдайда кішкене күтіп қайта жалғастыру керек.

Жалпы жас мегежіндердің осындай жолмен ұрықтандыру үдерісі шамамен 7 минут алады, ал басқаларына жобамен 1-3 минут жұмсалады. Ұрық сұйығының температурасы 30-39 градустан төмен болмауы керек, себебі салқын температурадан жатыр мойынының еріксіз бүрісіп қалуы мүмкін. Міндетті шарт: құрылғылардың залалсыздандырылуы және қолданар алдында кептіруі.

Фракциялық әдіс

Фракциялық еңгізу әдісі екі сатыда жасалады. Алдымен мегежінді аз мөлшерлі сұйылтылған шәуетпен ұрықтандырады, ол жатырдың жоғарғы жағына түсуі керек. Сұйылтатын ерітінді глюкозадан, хлорлы натрий (кәдімгі тұз), дистилденген судан тұрады.

1литр суға 4,5 грамм тұз және 30 грамм глюкоза салынады. Біріншісі мөлшерді құйған соң,екіншісі тұтас сұйылтқыштан тұрады. Осылайша спермийлер үшін қажетті орта қалыптасады.

Бұл әдісте қолданатын қондырғылар: жылытқыш багы бар термостатикалық қаптама, сонымен қатар сұйылтыш мен шәуетке арналған ампулалар (колбалар) (100 мл үш дана және 250 мл үш дана). Егер межегін бұрын төлдеген болса – 250 мл үш ампула қолданады, біреуіне 5 мөлшер шәует құйылса, қалған екеуіне 5 мөлшерден сұйылтыш (тұзды ерітінді) құйылады. Колбада сұйылтылған ұрықтық ерітінді абайлықпен шайқалуы тиіс, спермиялар тұңбаланбас үшін.

Зондты жатыр мойнына дейін еңгізген соң фильтр арқылы ауа бүркіп отыра, ашық түтік арқылы шәует жіберіледі, екінші түтік қысқышпен бекітіледі. Ұрықтық сүйық құйылған соң, екінші түтік ашылып, ол арқылы сұйылтқыш жіберіледі. Көбіне жеңілдетілген алдымен шәует, артынша сұйылтқыш жіберілетін бір түтікті қондырғылар қолданылады.

Күйлеу кезеңінде шошқаны ұстап тұру қиындыққа соқпайды себебі шошқаның бұл кезеңде денесіне тиген жағдайда оның "сіресіп" қалуы қалыпты жағдай.

Ең бастысы – шошқаның ұрықтандыруға дайындығын білу үшін, күйлеу кезеңін дәл анықтау. Күйлеу кезеңіне жақындаған сайын тәулігіне екі рет қарап шығуды ұйымдастыру қажет. Күйлеу кезеңінің басталуы мен біту мерзімін дәл анықтау қажет.

Жасанды ұрықтандыру үшін катетер қолданатындықтан, шошқаның жатырының қалпын анықтау керек. Әйтесе де, шәуеті бар катетерді шошқаның жыныс жолдарына еңгізудің өз қиындықтары бар. Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты катетер шошқаның қынабына белгіленген мүйісте еңгізілуі тиіс. Әйтпесе, ол қуығына еніп кетуі ықтимал, яғни жасанды ұрықтандыру ұтымды және жануар денсаулығына зиянды әсер етпейтіндіктің кепілі – ол ұрықтандыруды маманның қолымен жасалынуы. Сонымен қатар, маман жетекшілігімен барлық ережелерді орындай отырып шаруашылық иесі барлығын үй жағдайында өзі орындай алатынын айтып кету керек.

Елена КУХАР,

шошқа шаруашылығы бойынша сарапшы,

биология ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ доценты

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз