Ішкі мониторинг жүйесін Австрияда 2009 жылы неміс және австриялық ғалымдар ойлап тапты, қазіргі кезде жүйені 25 елдің, соның ішінде Қазақстанның фермерлері белсенді қолданып отыр және 20 мыңнан астам болюстер сатылды.

Сүт өндірісіндегі өзекті қарсылық

Жемдеуді басқару оңтайланған болуы тиіс, өйткені жемдеу шығыны жалпы өндірістік шығынның 60-70% құрайтындықтан кәсіпорынның экономикалық табыстарына қатты әсер етеді.

Репродуктивті қабілетті басқару – басты назарда, бұл ретте мынаны ескеру керек: - Малдың денсаулық жағдайы ұрықтандырудың табысты болуында маңызды рөл атқарады;

- Жоғары өнімділіктегі малда жыныстық әуестіктің белгілері аз байқалады: неғұрлым қысқа мерзімде; белсенділік негізінен түнде артады.

Ең бастысы сиырлардағы Эструс кезеңі (ұрықтандыруға арналған кезең) 10 сағатқа жуық созылады. Келесі Эструс кезеңі 21 сағаттан кейін туады. Сәйкесінше осы кезеңді білместікпен өткізіп алса, келесі жолы тек 21 сағаттан кейін ғана малды ұрықтандыруға болады.

Мұндағы шығын айқын: бұл күтіп-баптау шығындары, сүттің толмаған литрлерінің ысырабы, атап айтқанда, орташа сауымда бір бастан күніне 25 литр, ал 21 күн іркілісінде – 400 – 500 литр сүт. Ақшалай есептегі шығын сүттің орташа сатып алу құны бойынша (1 литрі 145 тг.) бір бастан 21 күнде - 72 мың тг.

Бұзаулау мен төлдерін тиімді басқару да аса маңызды. Мұнда алдымен сиыр мен бұзаудың саулығына мән беріледі. Бұзаулауды бақылау жүйесінің жоқтығы және сиырды сүт-тауарлы фермалардың бұзаулау бөліміне дер кезінде апармаған жағдайда, әсіресе, бұзудың және ересек мал басының өлімі кезінде шығын көлемі әлдеқайда көп болатыны жасырын емес.

Бұдан әрі азықтандыру. Жоғары калориялы рационды пайдалану қарынның қышқылдану қаупін арттырады, бұл ауру туғызуға себеп болады, сонымен қатар сауылымның азаюына, сол сияқты сүт сапасына әсер етеді.

Саны артқан мал басын жеке-жеке бақылау әсіресе сиырларға ішкі мониторинг жасау жүйесін жүргізу қосалқы құралдарсыз мүмкін емес.

Табынның бәрі смартфонда. Сиырларға ішкі мониторинг жүргізу жүйесі — фермер үшін өз табынының денсаулығын бақылау мүмкіндіктерін арттыратын құрал. Ол заманауи шаруашылықтардың тиімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуде шешуші маңызға ие негізгі ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Ішкі мониторинг жүргізу жүйесі нақты уақыт режимінде сиырдың негізгі физиологиялық мәліметтерін ұсынады, мәліметтер қолайлы форматта және кез келген жерде, тәуліктің кез келген уақытында ұсынылады. Кез келген цифрлық құрылғыларға, жеке компьютерге, планшетке немесе смартфонға шығару мүмкіндіктері есебінен

Ішкі мониторинг жүргізу жүйесі онлайн режимде сиырдың жағдайындағы өзгерістерді хабарлап отырады, сондықтан жағымсыз әсерлерді (сауылымның азаюы, табындағы сырқат) болдырмауға бағытталған түзету әрекеттерін дер кезінде орындауға зор мүмкіндік бар.

Ішкі мониторинг жүргізу жүйесінің негізгі артықшылықтары мыналар:

- Ауыз арқылы енгізілген болюстер малдың қарнында болады – олар басқа жерге орналаса да, жоғала да алмайды.

- Сүт өндірісін жүргізудің неғұрлым маңызды құрамдарын кешенді күтіп-баптау арқылы СТФ тиімділігін арттыру: малдың саулығын қорғау, аң аулаудың басталуын автоматты және сенімді түрде анықтау, малдың денсаулығына зиян келтірместен, теңдестірілген рацион құру көмегімен әлеуетті, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді жұмылдыру. Азықтандыру үдерісін оңтайландыру үшін теңдестірілген рацион құру мүмкіндіктері.

- Мал басының жағдайы туралы онлайн режимдегі қолжетімді ақпараттардың есебінен СТФ-дағы менеджменттің сапасын арттыру.

Ішкі мониторинг жүргізу жүйесі мынадай компоненттерден тұрады:

smaXtec sensor — Датчик smaXtec — қозғалтқыштың белсенділігі мен температурасын үздіксіз өлшеуді қамтамасыз етуге арналған.

smaXtec pH Sensor — pH & температураның smaXtec датчигі қарындағы pH деңгейін, малдың қарнындағы температура мен қозғалтқыш белсенділігін үздіксіз өлшеуге арналған.

smaXtec Climate Sensor —smaXtec климаттық датчигі — ауа температурасы мен дымқылдығы сияқты қоршаған орта факторларын үздіксіз өлшеуге арналған. Малдағы жылу стресінің тууының алдын алады.

smaXtec Base Station — smaXtec базалық станциясы — нақты уақыт режимінде жүйе датчиктерінен мәлімет алу мақсатында қолданылады. Мәліметтер серверге жіберіліп, мәліметтер базасында сақталады.

smaXtec Repeater — smaXtec ретрансляторы — smaXtec базалық станциясының қамту аймағын кеңейту мақсатында ойлап табылған.

smaXtec Messenger — SmaXtec Messenger — сиырлардың денсаулық жағдайындағы кез келген өзгерісті хабарлап отыру үшін хабарламаларды көрілімді, автоматты түрде қабылдап отыратын құрал ретінде шығарылған.

Жүйенің негізі - болюс - ол бағдарламалық-аппараттық құрылғы болып саналатын қозғалтқыш белсенділігі мен температуралық тербелістерін, рН қарынның қышқылдану деңгейін есептеу мүмкіндігі бар кішкене сенсорлы құрал.

Датчик - болюс сиырдың қарнына ауыз арқылы жіберіледі. Малдың ішіндегі датчик бөлігінің сыртқы әсерді бәсеңдетуі, сол арқылы фермер мал жағдайы туралы нақты әрі толыққанды ақпарат ала алауы датчиктің ең басты артықшылығы болып табылады

Датчиктің үздіксіз жұмыс атқаруын қамтамасыз етіп отыратын батареясы бар. Оның кепілді жарамдылық мерзімі 4-5 жыл, бұл уақыт орта есеппен алғанда жануардың белсенді лактация кезеңіне сәйкес келеді.

ішкі мониторинг жүргізу жүйесін қолданудың тиімділігі. pH-ті өлшеу арқылы қарынның саулығына мониторинг жүргізіп, оны қолдауға, фермент бөліну жүйесі бұзылуының алғашқы кезеңін бірден байқауға және малдарды тамақтандыру жүейсін басқаруға болады. Азықты конверсиялауды жақсарту есебінен сүт фермаларының жұмыс істеу қарқыны біршама артады. Бұл болюстің ерекше құндылығы ретінде сиырдың денсаулығына зиян келтірмей, тамақтану рационын ауыстырғанда саууды арттыруға көмектесу деп тануға болады.

Жүйе қозғалтқыштық белсенділік деңгейін өлшей отырып, жыныстық әуестіктің басталғанын анықтауға және ұрықтандыруға қолайлы мерзімді көрсетуге көмектеседі, сол сияқты қозғалтқыштық белсенділіктің төмендеуі сырқаттың басталуының көрсеткіші болуы мүмкін

Температураны өлшеу артықшылықтары: аурудың басталуының ерте байқалуы (дірілдейтін аурулар, зат алмасу процесінің бұзылуы, бұзаулаудан кейінгі денсаулығының нашарлауы), төлдеудің басталуының ерте байқалуы. Жануардың сүттілігі оның жасымен тікелей байланысты. Әдетте, жас сиырдың сүттілігі үлкен жастағы сиырлардыкіне қарағанда біршама аз болады. Көп мөлшерде сүт беру кезеңі сиырда 4-ші немесе 5-ші бұзаулағаннан соң басталады. Бірнеше жыл қатарынан сиырлардың фермерлерді сүтпен қамту деңгейі бірқалыпта тұрады. Содан кейін әр жыл сайын жануардың қартаюымен қатар оның сауылу мөлшері де азая береді. Жануардың ары қарайғы өмірінің ұзақтығын қамтамасыз ету үшін оның денсаулығын әрдайым бақылауда ұстау керек.

Микроклиматты бағалау жылулық стресінің алдын ала алады. Ол мал шаруашылығы ғимаратындағы температураны және ылғалдылықты тұрақты бақылауға мүмкіндік береді

Сондай-ақ, бұл жүйе су ресурстарына мониторинг жүргізе отырып, жануардың су ішу циклін бақылауда өз септегін тигізеді. Сүт 87% судан тұрады, сондықтан жануардың су ішуі оның жақсы сүт шығару дәрежесіне айтарлықтай әсер етеді. Соған сәйкес, суды тұтыну процесінің өзгерісі жемді тұтыну процесінің өзгеруімен сипатталады.

Осылайша ерте хабардар ету фермерлер үшін өте маңызды болуы мүмкін. Мысалы, олар қажетті жағдайда жылдам ем жасап әрекет ете алады, сонымен бірге олардың шығынын азайтып, тиімділігін арттырады. Фермер малдың жағдайы нашарлаған сәтте оны дұрыс бағамдап, қажетті шараларды қолға ала алады

Экономикалық тиімділікті "Олжа Садчиковское" ЖШС сүт-тауарлы фермасының нақты жобасының негізінде байқауға болады. Жануарларды қосымша бақылау, әсіресе, қарындағы pH дәрежесін анықтау нәтижесінде күнделікті рационды өзгерту қажеттілігі байқалды. Бұл сауу процесіндегі сүт мөлшерінің күніне 2200 л-ға өсуіне алып келді. Ақшалай есептегенде: 2200 * 145 теңге = 319000 теңге. Қосымша шығындарды (өзгермелі, өндірістің көлемін өзгерту барысында туындаған өзгермелі шығындар) алып тастасақ, 2200 * 45теңге = 99000теңге 319000-99000 = 220000 теңге. 30 күнге көбейтсек, енгізілген алғашқы айлардағы қосымша табыс мөлшері айына 6 600 000 теңгені құрайды.

Ирина СУЛИМЕНКО,

мал шаруашылығы саласының сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз