Біздің тұрақты авторымыз әрі сарапшымыз Владимир ШИН agrobilim.kz порталының оқырмандарымен өзінің ауылшарушылық кооперативін құру тәжірибесін бөліседі.

Біз алысқа құлаш сермедік...

2016 жылы жаңа бір кезең – жеке қосалқы шаруашылықты ірілендіріп, ауылшаруашылық кооперативін құрудың алғашқы іс-шаралары қолға алына бастады. Міне, сол тұста Қарағанды облысының Нұра ауданында 12 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Шыны керек, мұның қандай жоба екенін білмегендіктен, бұл тәжірибе өзімізге де қызық болды: ауыл тұрғындары кооперативтің арқасында табысын молайтып, әрі қарай дами ма екен деп нәтижесін тағатсыздан тостық десек те болғандай.

Қол қусырып отырмай, оған өзіміз де кірісіп, Абай ауданында кооператив құрып, алдымыздан қандай қиындықтар шығар екен, не кедергі болар екен деп кірісіп кеттік.

Алғаш құрған сәтте кәсіпорындардан алған тәжірибелердің көмегі болды және бұған белгілі бір дәрежеде машықтанған мамандар, менеджерлер де тартылды. Солайша біздің кооператив 2017 жылдың маусымында құрылды.

Құрылайшылар құрамында заңды тұлға – дайындаушы ұйымдар тұрды, себебі негізгі бастама иелері солар еді, ал қалған негізгі жұмыстар сол заңды тұлға тарапынан атқарылды. ҚР «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заңында кемі үш жақ болуға тиіс деген талапқа сәйкес, құрылтайшылар құрамына екі жеке тұлғаны да қостық.

Ал кооператив мүшелерінің санына шектеу жоқ, бірақ 23-тен кем болмауға тиіс. Ал біздің қазіргі кооперативіміз 182 адамнан тұрады. 2018 жылдың 1 қаңтарында 147 адам еді, яғни, тоғыз айда оған 35 адам тағы қосылды. Аумағы алты елді-мекенді қамтитын кооперативтің негізгі жұмысы ауылшаруашылық өнімдерін жинау, сақтау және тарату. 2018 жылдың 9 айы бойынша кооператив 912 тонна сүт жинаған, ал ол өткен жылмен салыстырғанда 762 тоннаға артық көрсеткіш. Бұл әрине, өз кезегінде кооператив мүшелерінің санын арттыруға да байланысты. Кооператив, негізінен жеке шаруа қожалықтарымен жұмыс істейді, ал оларда 1118 бас ірі қара мал бар.

Біз тек жай ғана сүт жинауды ұйымдастырумен шектелген жоқпыз, сонымен қатар сүт қабылдау бекеттерін орнатып, арнайы көлік ұйымдастырдық та. Себебі біз ауқымды істерге ұмтылдық, сондықтан бірнеше бағыттарда іс-әрекеттер жасауға тура келді.

біріншіден, біз малды тұқымдық түрлендіруге ден қойдық. Ол жұмысты қолға алу үшін біз симменталды және англер тұқымдарының қос жынысты ұрығының 300 дозасын сатып алдық. Міне, осы тұста біз қателестік, себебі бір ғана жынысты ұрық алуымыз керек еді.

Алғашқы аяқ алысымызда тұрғындарының барлығы дерлік кооперативке кірген елді-мекенді таңдадық. Тәжірибе таза нәтиже беруі үшін біз негізгі жұмыстарды осы елді мекенде жұмыс істедік. Ауылда – 139 бас ірі қара мал болды. Біз бір басқа 2 доза кетеді деп есептеген болатынбыз. Бірақ нәтижесінде бар болғаны 50 бас малды ғана ұрықтандыруға жетті. Себебі бір басқа орта есеппен төрт не одан да көп ұрық кетті. Бұл кәдімгідей үлкен шығын екенін түсіндік. Және де бұл біздің ұрықтандырушыларымыздың білімі мен білігі жеткіліксіз екендігін көрсетті. Солайша біз тағы бір үлкен мәселені аңғардық – мамандарымыздың біліктілігін міндетті түрде арттыруымыз қажет екен.

Малды апталап тексердік

Ұрықтандыруды, сосын бұзауларды қадағалау үшін біз журнал арнап, ұрықтандырудың күнтізбелік жоспарын жасадық. Тұқымдандыру жұмыстарын қолға алмас бұрын табынның жағдайын байқап, бағамдап, иелеріне іріктеу бойынша кеңестер бердік. Тіпті сол үшін маған сол ауылда апталап жатуға тура келді, бірақ мен соған тәуекел етіп, үйме-үй тексеріс жүргізіп, малдың күйін, олардың азықтануы мен суғарылуын байқап-бағамдадым. Әркіммен жеке-жеке кездесіп, сондай-ақ кооператив мүшелерінің басын қосып, ұжымдық талқылаулар да өткіздім. Алдын ала жасалған жұмыстың нәтижесі осындай іс-шаралар жоспарын түзуге ықпал етті.

2017-2018 жылдарға арналған күнтізбелік жоспар

          Жұмыс атауы

Атқарылу мерзімі

1

Мал шаруашылығында малды іріктеп, асылдандыру мен өнімділігін арттыру сапасын өңдеу және жүзеге асыру бағдарламасы

Жыл бойына

2

Сүтті және етті мал шаруашылығына мамандану жұмыстарын ұйымдастыруда кеңестік-әдістемелік және тәжірибелік көмек

Жыл бойына

3

Мал шаруашылығында зоогигиеналық және ветериналы-алдын алу шаралары бойынша кеңестік-әдістемелік және тәжірибелік көмек

Жыл бойына

4

Табынды бағытты-айналма әдісі арқылы аналықты қолдан ұрықтандыруды ендіру бойынша кеңестік-әдістемелік және тәжірибелік көмек

Жыл бойына

5

Жемөндіруді жақсарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру

Жыл бойына

6

Мал бағуды жақсарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру

Жыл бойына

7

Мал өнімділігін бағалау нәтижелерін сараптау

Жыл бойына

Бастысы – сиырлардың күйлі-қуаттылығын қамтамасыз ету

Тұқым асылдандыру атты нөмірі бірінші мақсаттан өзге екінші маңызды бағыт ретінде біз өзімізге – сиырлардың күйлі-қуаттылығын қойдық. ТАңдап алынған елді-мекен ірі елді-мекендерден қашық жатқандықтан, ветеринарлық дәрілер алыс, мал дәрігерінің өзі де ауылда тұрмағандықтан, біз өз алдымызға жеке мал дәрігерлік дәріханасын құрдық. Бұған ұсыныс өз тарапымнан жасалды. Оған қажет дәрі-дәрмектер тізімін беріп, сонымен қатар шаруаларға қажет жағдайға кеңес бердім.

Бірақ осы уақыт аралығында бізге мал дәрігерлік саласы бойынша тек бір рет қана жүгінді.

Оған асқазан ішек жолдары ауруы деген диагноз қойылды, оның себебін анықтадық. Бұл оқиға қаңтар айында болғандықтан, сарайдан сыз өткен және жеткілікті азықтандырылмағандығы белгілі болды.

Жемді сараптаудан өткіздік

Жасанды ұрықтандыру арқылы пайда болған бұзау 2018 жылдың қазан айында туды. Оның нәтижесі қандай болғаны жайлы бөлек тоқталып, айтамыз. Ал қазір одан өзге не істелінгеніне тоқталсақ. Ұзақ жылдар бойы біздің бұл ауылда асылтұқымды емес, жай сиырларды француз технологиясы бойынша өткізген жасанды ұрықтандыру тәжірибеміздің өзі – байқауға әрі жария етуге тұрарлық жақсы нәтиже.

Ал, екінші болашағы зор бағыт ол – тек қана бағуға ғана емес, дұрыс азықтандыруға да байланысты өрбитін сиырлардың саулығы. 2018 жылдың ақпан айында тап осы елді-мекенде біз түйіршіктелген құрама азыққа шаруашылық-өндірістік тәжірибе жасалған болатын. Тәжірибе бір шарушылықтың мысалына сүйеніп өткізілген еді. Нәтижесінде, малдың азық қорына түйіршіктелген құрама азықты ендіру сауылған сүттің екі есеге артқанын көрсетті.

Біз осы тәжірибе туралы кооператив мүшелеріне айтып едік, бірақ ол айтарлықтай тарала қойған жоқ. Бәлкім, барлық бизнес-процесстердің нәтижелігін халық түсініп, мойындауы үшін біраз уақыт керек болғаны-ау...

Кооператив өз тарихында сүтке төрт миллион теңге сусидия алды, оның 50%-ы кооператив мүшелеріне айлық ретінде төленсе, қалған сома дамуға жұмсалды. Осы қаражат есебінен ветдәрілер, қолдан ұрықтандыруға қажет ұрық алынды.

Мамандарды оқыту шарт

АӨК-де техникалық база жағынан салқындатқыш бар, ал автокөліктің сүтқабылдайтын бекеттерін жалға алдық. Құрылтайшы болып табылатын дайындаушы ұйымның аруаларды жабдықтармен қамтамасыз еткені осы ғана.

Яғни, бұдан кооперативтердің өздері сырттан өзінен күштірек мекемелерсіз әлі өмір сүре алмайды деген ой түюіміз мүмкін. Оған себептер де жеткілікті, ең алдымен – мамандардың жеткілікті білімді болмауы, жаңа бір нәрсені құрып, аяғынан тұрғызуға білімі мен қуаты жеткілікті менеджерлер жоқ. Біздің жағдайымызда ауыл тұрғындары іс жүзінде дайын үлгіге ие болды.

Екіншіден, кепілдікпен қамтамасыз ету жағынан мәселелер туды, яғни, әлсіз материалдық базатабынды жаңартуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар кооперативпен жұмыс істеу барысында көршілес елді-мекендермен байырғы дауларды шешуге тура келді.

Тағы бір үлкен мәселе – азықтандыру базасы. Биыл біз кооперативтің бір мүшесінің жеріне қарабидай егуді жоспарлаған болатынбыз, бірақ техниканың жоқтығы ен кооперативтің басқа мүшелерінің тарапынан бастаманың қолдау таппауы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Демек, бастама тек АӨК кооператив мүшелеріның емес, тек қана құрылтайшылары тарапынан ғана бар деген сөз. Ал құрылтайшылардың барлық мәселелерді шеше беруге күші жете бермейді.

Сондықтан осындай жағдайлардың барлығын саралай келек, даму үшін ең күрделі бағытты анықтай аламыз – ол білікті мамандарды даярлау. Жұмыс көп, коопертив құру мн дамыту да барынша күш-қажырды талап етеді және соңында жобалардың барлығы нәтиже бергенін қалайсың.

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз