Қазақстандықтар үшін жер қай кезде де ерекше маңызға ие және ұлттың баға жетпес қазынаcы. Сол себепті жер туралы заңнама, әсіресе оны аграрлық тұрғыда пайдалану саласында қоғамның жіті назарында болумен келеді. Қазақстанда ауылшаруашылық мақсаттағы жер алудың шарттары мен әдістері туралы біздің жан-жақты нұсқаулығымыздан оқыңыздар.

Жалға алу құқығы кімдерге беріледі?

ҚР Жер кодексіне сәйкес, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермерлік шаруашылықтар жүргізуге арналған. Жер учаскелеріне ауыл шаруашылын жүргізуге қатысы жоқ құрылыс нысандарын, соның бірге тұрғын үйлер, жеке тұрғын үйлер салуға рұқсат етілмейді.

2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының жеке меншігіне ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді сатуға рұқсат етілмейді.

Жалға алу құқығы Қазақстан Республикасының шетелдік үлесі жоқ жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларына ұсынылады: біріншіден, ҚР азаматтарына 10 жылдан 49 жылға дейін мерзімге және оралмандарға 25 жылға дейінгі мерзімге шаруа немесе фермерлік шаруашылық жүргізуге; екіншіден, ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына 49 жылға дейінгі мерзімге ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге беріледі.

Жерді кім және қалай береді?

Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді беру құқығына мемлекет атынан жергілікті атқарушы органдар: Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудан әкімдіктері иелік етеді.

Шаруашылық мақсаттағы бос жатқан жерлер туралы ақпарат әкімдіктердің интернет-ресурстарында немесе мерзімдік басылымдарда жарияланады.

Жер алудың бірінші әдісі

Әкімдіктер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде жиі байқаулар өткізіп тұрады.

Байқау өткізудің тәртібі

Байқауды ұйымдастырушы байқау өткізгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімдік басылымдарда және әкімдіктің ресми интернет-ресурсында байқау өткізілетіні туралы хабарландыруды жариялайды.

Хабарландыруда келесідей деректер көрсетіледі:

1. байқауға қатысудың тәртібі;

2. жер учаскесінің орналасқан орны, ауданы, нысаналы мақсаты;

3. бастапқы бағасы;

4. кепілдік жарнаның көлемі мен өткізудің тәртібі;

5. қатысушылардың хатқалтасын ашу және байқау қорытындысын шығару жөніндегі байқау комиссиясының отырысын өткізудің күні, уақыты мен орны;

6. байқауға қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі;

7. өтінімнің нысаны;

8. жер учаскесінің бағасы мен пайдалану жөніндегі ұсыныстарды (байқау өтінімін) ұсынудың мерзімі;

9. жер учаскесін пайдалануға қойылатын шарттар мен талаптар бойынша критерийлер (инвестициялардың көлемі, ашылатын жұмыс орындарының саны, жерді қорғау және басқалар);

10. жер учаскесінің бағасы мен пайдалану жөніндегі ұсынысқа (байқау өтініміне) талаптар.

Аукционға қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен басталады және байқау басталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде аяқталады.

Саудаға қатысу үшін өтінім жазбаша түрде әкімдікте (немесе жер қатынастары бөлімінде) байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша қабылданады.

Байқауға қатысудың шарасы

Бірінші кезең – байқауға қатысуға тіркелу

Қажетті құжаттар:

1) байқауға қатысуға өтінім;

2) жеке куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

3) тиісті салық органынан байқау өтінімдері салынған хатқалта ашылатын күннің алдындағы үш айға салық қарызының жоқтығы немесе бар екендігі және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарна бойынша қарыздары туралы аталған салық органының бірінші басшысының немесе қол қою құқы бар тұлғаның қолы қойылған, мөрі басылған белгіленген формадағы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі

4) кепіл жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты (жер учаскесінің ең төмен бағасының 5%)

5) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

Көшірмелердің нақтылығын растауға салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Екінші кезең – жер учаскесінің бағасы мен пайдалану бойынша байқау өтінімін беру

Қажетті құжаттар:

заңды тұлғалар үшін:

– қатысушы ұсынған жер учаскесінің бизнес-жоспары немесе пайдаланудың өндірістік бағдарламасының еркін жазбасы;

– кәсіпорын штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларының кемінде екі маманы бар екені туралы олардың біліктілігі мен жұмыс өтілін көрсете отырып, бірінші басшының немесе қол қою құқы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтаманың түпнұсқасы;

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған қажетті қанша ауыл шаруашылығы машиналарының бары туралы бірінші басшының немесе қол қоюға рұқсаты бар тұлғаның қолы, заңды тұлғаның мөрі қойылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алуға (қызметті жалға алу, сатып алу және т.с.с.) шарттың көшірмесін ұсыну қажет;

жеке тұлғалар үшін:

жер учаскесін пайдаланудың қатысушы ұсынған еркін жазылған бизнес-жоспары немесе өндірістік бағдарламаны ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін қажетті қанша ауыл шаруашылығы машиналары барын көрсете отырып және (немесе) оларды сатып алуға (қызметті жалға алуға, сатып алуға және т.с.с.) шарттың (немесе сатып алу ниетінің хаттамасы) көшірмесін ұсыну қажет;

білімі туралы дипломның (егер болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек еткені және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс өтілі туралы мәліметті көрсете отырып жеке өмірбаяны.

Қатысушы байқау жеңімпазын анықтау барысында байқау комиссиясы есепке алуы мүмкін өзі туралы басқа да ақпаратты ұсына алады.

Жер учаскесінің бағасы мен пайдалану жөніндегі байқау өтінімінің болмауы байқау өтінімінен бас тартуға негіз болады.

Байқау құжаттарын ұсынудың нысаны

Байқау өтінімдері мөрленіп, беттері нөмірленіп, тігілген күйінде ұсынылады және соңғы беті: жеке тұлғалар үшін – қатысушының қолымен / заңды тұлға үшін – бірінші басшының қолымен (немесе сенімді тұлғаның) және мөрмен расталады.

Байқау өтінімдерінде жолдар арасына сөз қосу, өшіруге рұқсат етілмейді.

Байқау өтінімдері хатқалтаға салынып, хатқалтада қатысушының атауы мен мекенжайы; байқауды ұйымдастырушының атауы мен оның мекенжайы; «_________ жылғы _____________ сағат «___» ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» жазу (байқау өткізу туралы хабарландыруда белгіленген нақты уақыт пен күні көрсетіледі) көрсетіледі.

Байқау өтінімдері ұйымдастырушының қолына немесе құжат қабылдаудың мерзімі аяқталғанға дейін поштамен ұсынылады.

Ұйымдастырушы байқауға қатысуға өтінімді қабылдаудан бас тартқан жағдайда жазбаша немесе рұқсат ету және хабарлаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы бұл туралы өтінім берушіге өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себебін түсіндіре отырып хабарлайды.

Байқау жеңімпазын анықтаудың тәртібі:

1) Байқау комиссиясы байқау өткізу туралы хабарландыруда белгіленген уақытта байқауға қатысушылардың қатысуымен:

– келіп түскен байқау өтінімдері салынған хатқалталарды ашу;

барлық бекітілген талаптардың орындалуын тексереді;

қажетті мәліметтер мен құжаттардың болуын анықтайды;

– келіп түскен ұсыныстарды оқиды.

2) Байқау комиссиясы байқау өтінімдерін жер учаскесін пайдалануды айтылған критерийлері бойынша балдық бағалау тәртібіне сай бағалайды.

3) Қатысушылардың байқау өтінімдерін қарау нәтижесі бойынша балдық бағалаудың нәтижесін көрсете отырып байқау комиссиясының қорытындысы жасалады.

Әкімдік байқау комиссиясының шешіміне қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде байқау жеңімпазын анықтайдыы. Байқаудың қорытындысы байқау қорытындысы шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мерзімдік басылымда, ресми интернет-ресурста жарияланады.

Рәсімдеу шарасы

Байқаудың жеңімпазы:

Байқаудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды;

Сатушы шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сатып алу-сату шартын жасайды;

Сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындайды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңіске жетпеген қатысушыларға қатысушының реквизиттерін көрсете отырып кепіл жарнаны керу қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде кепіл жарна қайтарылады.

Жер алудың екінші әдісі

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес (48 бап) мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелерін ҚР заңды тұлғаларына беру немесе жер учаскелерін жалға берудің инвестициялық жобасын іске асыру үшін байқаудан тыс жүзеге асырылуы мүмкін.

2018-2027 жылдарға арналған Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде фермерлер мен шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлерді алу мүмкіндігі бар

Ол үшін инвестициялық жобаны республикалық деңгейде индустрияландыру картасына немесе жергілікті деңгейде аймақтардың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу қажет.

Жобаларды іріктеу 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 «Жобаларды индустрияландыру картасына және аймақтардың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізудің ережесін бекіту туралы» (Ереже) ҚР Үкіметінің Қаулысымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

1. Өтінім беруші Ереже шеңберінде жобаның индустрияландыру картасына неесе кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін тиісті аймақтың жергілікті уәкілетті органына электронды және қағаз түріндегі келесідей құжаттарды өз қолымен табыстайды:

Осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

Осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба паспортының өтінім беруші растаған көшірмесі;

Осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің өтінім беруші растаған көшірмесі;

Жобаны қаржыландырудың пысықталғанын растайтын құжаттардың көшірмемелері (жобаны қаржыландыру туралы ниет және/немесе шешім туралы меморандум және келісім);

Келесідей мәліметтерден тұратын 1 беттік слайд-таныстырылым: жобаның атауы; жобаның мақсаты; өтінім беруші; іске асырудың орны; іске асыру кезеңі; жобаның жалпы құы; қаржыландыру құрылымы; күтілетін нәтижелер; құрылыс және пайдалануға беру алдында жұмыс орындарын құру;

– Орналасқан орнын (схемалары) көрсете отырып жер учаскесінің және жобаны іске асыру үшін жоспарланған аумақтың алдына ала таңдалғанын растайтын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы хатының көшірмесі.

2. Жоба облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жалпы санының кемінде 50%-ын бизнес-қауымдастық өкілдері құрайтын аймақтық үйлестіру кеңесі – консультативтік-кеңесу органының (АҮҚ) қарауына шығарылады .

3. АҰҚ қарауынан кейін хаттамалық шешім шығарылып, ол Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес жер учаскесін беру үшін ұсыныс сипатына ие болады.

4. Әрбір жобаға аймақтық сараптама жүргізудің мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды. Аймақтың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін жобаны қараудың мерзімі жобаның мазмұнына байланысты, алайда өтінім берген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.

5. Инвестициялық жоба болып табылатын өтінім беруші жер учаскесінің ауданы, оның шекаралары мен орналасқан орны, аралас меншік иелері мен жер учаскелеріне сервитуттар туралы мәліметтерден тұратын жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасына (жоспар) өзі тапсырыс береді (тапсырыс берушімен жасалған шарттағы мерзімге сәйкес).

6. Жерге орналастыру жобасы (ауданның) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органының бұйрығымен бекітіледі және ЖАО шешімінің жобасы жеті жұмыс күні ішінде (әкімдіктің қаулысы) жасалады.

7. ЖАО шешімі (қаулысы) қабылданады және қабылданған шешім негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін жалға алу туралы шарт жасалады.

8. Учаскені пайдалануға акті дайындалады.

9. Әділет органдарына құқықберуші құжаттарды тіркеу.

10. Учаскенің шекарасын белгілеу.

agrobilim.kz

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз