Тауарлық табын ұйымдастыруда бұқа таңдау шаруаның табысын айқындайды. Бұқа сатып алғанда, неғұрлым көп белгілер ескерілсе, соғұрлым жақсы. Көбіне тұқымын, типін және малдың тегін ескереді. Бұны қалай жүзеге асырауға болады? Баяндап берейік.

Маңыздысы – малдың тұқымы

Бұқаны сатып алмас бұрын кезде фермер өзі үшін өсіретін малдың тұқымын анықтап алуы керек. Өндірушінің аталық малдың тұқымы туралы мәселеде табын үшін арнайы сатылып алынатын өндіруші жақсартылған немесе таза тұқымды екеніне байланысты шешім қабылдайды.

Біріншіден, сізге нәтижесінде қандай мал керек екенін түсіну, оның сапа көрсеткіштерін, еттік формаларын, түр-түсіне дейін (тоқал ірі қара мал, мүйізді мал), мінезін және т.б. ескеру керек.

Бүгінгі таңда елімізде 9-10 етті тұқым өсіреді. Ішіндегі ең бастылары – Ангус, Герефорд, қазақы ақбасты. Оларды өсіру ареалы – Қазақстанның барлық табиғи-географиялық зоналары.

Табынды бағалап, таңдауыңды жаса

Егер өз табыныңды өнімділік, даму көрсеткіштері жағынан жақсы білетін болсаң, өз мүмкіндіктеріңді, азық базаңды, жануарларды бағып ұстау бойынша аймақ ауданын, және сондай-ақ т.б. білсең, онда мәселе табынды арттыратын және табыс әкелетін өндіруші малды таңдауға ғана тіреледі.

Жас мал – төлге арналған қора ауданы нормасын ескеріңіз. Төл үшін 3 шаршы метр, сиыр мен бұзау үшін 5 шаршы метр, төлді серуендетіп жаю үшін 15 шаршы, сиыр және бұзауды серуендету үшін 20 шаршы метр қажет. Жайылым жер нормасына келетін болсақ, ол мал басына 3-5 гектардан келеді. Асыл тұқымды бұқаның шағылысу маусымындағы жүктемесі - 25 қашар, тәжірибеде ең оңтайлы жүктеме 18-20 бас болып саналады.

Асыл тұқымды бұқа сатып алу туралы мәселені шешуді тұқымдардың республикалық палатасының сайттарындағы ақпаратты зерттеуден бастау керек. Осы ресурстарда асыл тұқымды материалдарды сату бойынша ақпарат бар, зауытшы мүшелерінің байланыс деректері бар.

Сырт келбеті де маңызды

Бұқаны таңдаған кезде республикалық мал шаруашылығы жүйесінің (ақпараттық-талдамалық жүйе) деректер базасынан мәліметтерді оқып шығыңыз. Өндірушінің шығу тегі – енесі, әкесі, жануардың өзі туралы деректер, бұзаулату жеңілдігі сияқты маңызды көрсеткіш жайлы айтып отырмыз.

Түрінің жалпы көрінісін, тип дамуын және қоңдылығын бағалаңыз (жасы, дене салмағы, пропорционалды дене, тұқымның етті екені байқалатын кең және дөңгелекше денесі).

Бұқаның жақсы дамыған бұлшық еті, күшті, бірақ дөрекі емес қаңқа сүйегі болуы керек.

Бас және мойынын тексеріңіз (басы тұқымға тән болуы керек, мойыны бұлшықетті болуы тиіс). Кеудесі кең, терең және дөңгелектенген, жауырынының маңы ойық болмағаны дұрыс.

Бұқаның, сондай-ақ, жақсы дамыған, кең, алға шығыңқы төс еті болуы керек.

Бұған қоса, жануардың жоғарғы сызығы тегіс, кең, етті шоқтығы, бұлшықеттері жақсы дамыған кең және ұзын жон арқасы мен бел тұсы бар болуы керек.

Тұқымды тегіс, кең және ұзын, бұлшықеттермен жақсы толтырылған, дұрыс орналасқан құйрық та айрықшалайды. Сан еті шабуға жауап беретін буынға дейін түсетін дамыған бұлшықеттермен ерекшеленуі керек; жамбастың ішкі жағы етті болуы керек, шап майы денесінің төменгі сызығымен бір деңгейде орналасады.

Аяқтарын да тексеріңіз, тұяқтары нық болып, оларды дұрыс басуы керек.

Әнуарбек СЕЙІТМҰРАТОВ,

«МШжВҒИО» ЖШС мал шаруашылығы және ветеринария бөлімінің меңгерушісі

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз