Қой шаруашылығы Қазақстанда дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығының басты тауашаларының бірін алады. Бұл салада біздің фермерлердің шаруашылығын жүргізудің көп ғасырлық тәжірибесі жинақталған. Қой шаруашылығының бұлжымас қағидаларының бірі - әрқашан бұл жерде жоғары өнімділікті мал жаю мен азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана алуға болатыны болып келеді.

Пайдасы оның көл-көсір

Жайылымдар Қазақстандағы қой шаруашылығында негізгі жемшөп қорлары болып табылады. Жайылымдық азық жайылымдық және қолда (қорада) бағу кезінде қой рационы тағамдық құндылығының 50-55%-ын, жайылымдық бағуда - 70-80%-ын құрайды. Осы жайт қой бағудың төмен өзіндік құны мен жоғары рентабельділігін анықталады.

Табиғи аймақтар (шөл, дала, таулы) бойынша әкімшілік облыстар бөлінісінде, жыл мезгілдеріне сай айылымдардың өндірістік шығымдылығын және мал түрі бойынша шамамен 1 гектарға түсетін жүктемесін (ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы, түйе) біз төменде, 1-қосымшада ұсынып отырмыз. Ал шолуда жайылымдарды ұтымды пайдалану туралы нақты кеңестерге тоқталамыз.

Жемшөптік жерлерді жақсарту бойынша әрекетке бірқатар маңызды іс-шаралар кіреді: жемшөптік шөптерді егу, ұтымды жаю, өрістік жаю жүйесі, орман алқаптарын құру, жаңбырлату және суаруды пайдалану, органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалану, шалғындық түрлерінің алуандығын сақтау.

Жоғары өнімділікті сақтаудың үздік жолы - жемшөп түрлерін дамыту, оларды тиімді пайдалану, олардың маусымдық жағдайы, пайдалану мен мал жаю нормаларының жағдайларын білу. Бақыланатын өрістік жайылымда жемшөп біркелкі игеріледі, жерге механикалық жүктеме азаяды, жемделу, шөппен азықтану мен өрістің демалуының кезектесуін бақылау үшін жағдай жасалады.

Бабалардың жолымен

Жануарлардың өнімділігі жайылымды дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Мұнда қой бағуды ұйымдастырудың кейбір ережелері берілген.

Біріншіден, қысқы қорада бағып ұстаудан қойды көктем мен жазғы өрістікке біртіндеп көшіру керек, өйткені күн тәртібінің күрт өзгеруі жануарлардың асқазан-ішек, тұмау және басқа да ауруларын тудырады. Бастапқы уақытта қойларға таңертең және жайылымнан оралғаннан кейін пішен шөппен азықтандыру қажет.

Екіншіден, жануарларды ылғал шөпке жаймаған жөн. Қой шық жапқан шөпті жегенде олардың іші кеуіп, асқазан-ішек жолдарының мәселесі және ақсақтауға әкеледі, нәтижесінде жануарлардың қоңдылығын төмендетуге әкеледі.

Үшіншіден, қойды бір жерден екінші жерге қажетсіз айдай беруге де болмайды. Күндізгі және түнгі демалыс кезінде жануарға толық тыныштық беріледі.

Төртіншіден, ыстық ауа райында жайғанда отар желге қарсы, ал ыстық басталғанға дейін – жел бағытымен жүреді. Күн сәулесі жануардың тікелей көзіне түспеуі тиіс, сондықтан қойды жайылымда күн оның жанынан немесе артынна түсетіндей етіп ұстау керек.

Бесіншіден, жайылымда қой жаю радиусы оның оттық шығымдылығы және аумақ рельефіне байланысты. Шығымдылығы төмен шөлейт және шөлді жайылымдар үшін мал жаюға келесідей радиус ұсынылады: көктемнің соңында, жазда және күздің басында - 5-6 км; қыс, ерте көктемде және күздің соңында - 1,5-3 км. Осы негізде және біздің ата-бабамыздың ғасырлар бойғы тәжірибесіне сүйене отырып, жазда жайылымның шалғай телімдері, ал қара күзде және ерте көктемде жақын орналасқан жерлер пайдалынылады.

Кешіктірмей шауып ал

Малды қорада бағу кезінде қойларға арналған негізгі азық - сапалы пішен шөп пен концентраттар. Жемшөптік қатынаста бұршақ және дәнді дақылдар ең жақсы азық болып табылады, құндылығы азырағы – қияқ тұқымдастар және аралас шөптер.

Шөптің сапасы шөп шабу уақытына байланысты. Жас шөптердің құрамында толыққанды ақуыз және дәрумендер ғана емес, сондай-ақ аз мөлшерде болсын жануарлар үшін ең қолайлы жасунық талшықтар бар.

Оның құрамында лигнин аз, сондықтан жақсы сіңіріледі. Өсімдіктер қартайған сайын іріленеді, қатаяды, оларда жасунық мөлшері артып, ао өз кезегінде жасунықта лигнин мөлшері айтарлықтай көбейеді, сондай-ақ ақуыз және басқа қоректік заттардың мөлшері күрт төмендейді. (1-кесте)

Тым ерте немесе кеш шөп шабу кезінде шабындықтардың өнімділігі осы жылға ғана емес, кейінгі жылдарға да төмендейді. Бұл өсімдікте қоректік заттардың жиналуы масақтану немесе бүрлену кезеңінде қарқынды жүріп, гүлдену кезеңінде аяқталуымен түсіндіріледі.

Сондай-ақ, шөп шабудың ұсынылатын оңтайлы биіктігін де ескеру қажет, ол көпжылдық егілген шөптер мен табиғи шабындық үшін алғаш шапқанда 5-6 см-ді, екінші рет шапқанда 6-7 см-ді, бір жылдық шөптер мен олардың қоспалары үшін 4-6 см-ді құрайды.

Ұсақтап турау - азықтандыру үшін ірі және дәнді жемдерді дайындаудың ең қарапайым тәсілі. Қойларға арналған шөп кесу ұзындығы 2-3 см болуы тиіс, ал дәнді азыққа оның сапасы, жануардың түрі мен жасына қарай белгіленеді. Ірі қара мал секілді қойға да 1,5-4 мм бөлшектері басым орта және ірі түйіршікті дәндер пайдаланылады. Біраз ластанған болса (5%-дан жоғары), жемді ұнтатуға дейін шөп-шаламнан, әсіресе құм, топырақ, ұсақ тас және зиянды арамшөптердің тұқымдарынан тазалау керек.

БЕРІК АРЫНҒАЗИЕВ,

Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты

Қосымша материалдар

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз