Еліміздің оңтүстігіндегі тоғандық балық шаруашылықтары табысты қолданып отырған пайдалы балықты өсірудің арнайы технологиялық схемасын назарларыңызға ұсынамыз.

"Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС мәліметтеріне қарағанда тоғандық балық шаруашылығы Қазақстандағы аквамәдениетті дамытудың неғұрлым табысты бағыты саналады.

Тоғандық балық шаруашылығының 50 % астамы еліміздің оңтүстігінде орналасқан (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары). Өсірудің негізгі нысандары – тұқы және өсімдікпен қоректенетін балықтар (ақ амур, ақ және ала дөңмаңдайлар).

Тұқы мен өсімдікпен қоректенуші балықтардың тауарлық өнімдерін тоғандық балық шаруашылығында өсірудің өндірістік схемасы 1-суретте көрсетілген.

Қазақстанның оңтүстігіндегі балық шаруашылықтарында тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың 3 күндік дернәсілдерінің ("іскерлік") құны бухгалтерлік есеп бойынша 0,33 теңге/дана тұрады.

Тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтың шабақтары құнының есебі 1 кестеде ұсынылған.

1 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлеріндегі өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғандары бар тұқылық балық шаруашылықтарындағы тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балық шабақтары құнының есебі.

Ұсынылған мәліметтен көргеніміздей, өсірілген шабақтардың зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір көбірек үлесті балық өсіру материалы (дернәсілдер) алады (48,51%). Мұнан әрі кему ретімен, шабақты тоғанның үлестік өндірістік шығындары (39,21%), табиғи азық базасын ынталандыратын құралдар (6,62%) мен әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (5,66%) жатады.

Биотехникалық схемаға сәйкес өндірістік процесс кезінде өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген дамбаланған тоғандарға тән шығынның мынадай түрлерін қарастыру аса қажет.

Есеп 2 кестеде ұсынылған.

2 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген дамбаланған тоғандары бар балық шаруашылықтарындағы тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың биылғы төлі құнының есебі

2 кестеден көріп отырғанымыздай, биылғы төлдің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (45,73%) экономикалық жағдайларға байланысты құны мерзімдік өзгеріп отыратын жасанды азыққа кететін шығын алады. Мұнан әрі кему ретімен, балық өсіретін тоғанның үлестік өндірістік шығындары (40,66%), балық өсіру материалының құны (9,04%), әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры(2,95%),жанар-жағармай шығыны (1,62%) жатады.

Тұқым мен өсімдікпен қоректенетін балық өсіру барысында бір жыл өткеннен кейін оларды қыстатуға қажетті жағдайды қамтамасыз ету үшін қосымша шығындар туындайды.

Одан әрі экономикалық салымды қарастыра отырып, қыстап шыққан жылдық балықтардың зауыттық өзіндік құнын анықтауға болады.

Қыстау тоғандарында қыстап шыққан тұқының, өсімдікпен қоректенетін балықтардың бір жылдық төлі құнының есебі 3 кестеде көрсетілген.

3 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген дамбаланған тоғандары бар балық шаруашылықтарындағы тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың бір жылдық төлі құнының есебі

3 кестеде ұсынылған мәліметтерден көріп отырғанымыздай, бір жылдық төлдің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (87,01%) балық өсіру материалдарының (биылғы төл) құны алады. Мұнан әрі кему ретімен, әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (7,68%) мен қыстайтын тоғанның үлестік өндірістік шығындары (5,31%) жатады.

Дамбаланған тоғандар мен өздігінен ағатын сумен қамтылған тоған шаруашылықтарында биылғы төлді өсіру кезінде орташа 60 г дейінгі массада«баға-сапа» қатынасындағы көрсеткіш мәні 21,87/60 = 0,3645 теңге/г (364,5 теңге/кг) тең. Аталған типтегі балық шаруашылығында қыстағаннан кейін "баға-сапа" қатынасындағы көрсеткіш мәні бір жылдық төлдің орташа массасы 60 г болғанда 33,51/60 = 0,5585 теңге/г (558,5 теңге/кг) тең. Өндірістің бұдан арғы қызметін қамтамасыз ету үшін балық өсіру материалының және тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтың тауарлық өнімдерінің ұзақ мерзімдік күтіп-бапталуын есепке алу қажет.

Әсіресе, тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлін күтіп-баптаудың өзіндік құнын есепке алу қажет, өйткені бұл бұдан әрі өнеркәсіптің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ұзақ уақыт бойы балық өнімдерін өткізуге қосымша мүмкіндік туғызумен қатар, жаңа балық өнімін бұдан әрі өсіруге қажетті тірі материалдың сақталуына ықпал етеді.

Есебі 4 кестеде көрсетілген.

4 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғандары бар балық шаруашылықтарындағы тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлі құнының есебі

4 кестеде ұсынылған мәліметтерден көріп отырғанымыздай, тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлінің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (41,17%) жасанды азық шығындары алады. Мұнан әрі кему ретімен, ІІ қатардағы балық өсіру тоғанының үлестік өндірістік шығындары (36,61%), балық өсіру материалдарының (жылдық) (15,47%), құны әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (5,30%) мен жанар-жағармай шығындары (1,45%) жатады.

Сонымен қатар өсімдікпен қоректенетін балықтардың өзіндік құнын анықтау кезінде едәуір бөлігін құрайтын қыстатумен қамтамасыз ету шығындарын есепке алу қажет. Қажетті шығындардың тармақтары төменде көрсетілген (5 кесте).

5 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғандары бар балық шаруашылықтарындағы өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлі құнының есебі

Балық шаруашылығын дамыту барысында ұзақ мерзімдік шығындар тармақтары да есепке алынады. Атап айтқанда, шырлану тоғандарында қатар өсірілген тауарлық тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлі құнының есебі.

Бұл ретте тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлін өндірудің жоғарыда көрсетілген әдістемемен есептелген шығын сомасы дамбаланған тоғандар мен өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген балық шаруашылықтары үшін 266 750,00 + (1500*33,51 + 712*38,64) + 300 000,00 + 10 598,00 + 38 609,82 = 693 734,50 теңге/га құрайды.

Шырлану тоғандарынан 1200 кг/га тең тұқының тауарлық өнімін шығару кезінде, ақ амур – 154 кг/га, ақ дөңмаңдай 770, ала дөңмайдай 360 кг/га; ҚҚС шегергендегі бөлшек саудадағы бағасы мен сауда шығыны тұқы мен ақ амур үшін 630 теңге/кг, ақ және ала дөңмаңдай үшін 500 теңге/кг, шырлану тоғандарында тауарлық балық өнімінің өзіндік құны 1200*630 + 154*630 + 770*500 + 360*500 = 1418020,00 теңге/га құрайды.

Бизнес құнының есептік мәні 724 285,50 теңге/га, толық өзіндік құны - 780 648,76 теңге/га, есептік "таза" пайдасы - 637 371,24 теңге/га, табыстылығы - 81,64% тең.

Бұл технологиялық схеманың үлестік өндірістік шығындары үлкен көлемде болатын механикалық сумен қамтамасыз етілген, дамбаланған тоғандардағы балық шаруашылығында қолдануға есептелгенін ескере отырып, балық өсіру материалы мен тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың тауарлық өнімі құнының есебі қайта жүргізілді.

Тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың өсірілген шабақтары құнының есебі суреттеліп отырған жағдай үшін 6 кестеде келтірілген.

6 кесте - ҚР Оңтүстік өңірлерінде механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғандары бар балық шаруашылықтарындағы тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың өсірілген шабақтары құнының есебі

Ұсынылған мәліметтерден көріп отырғанымыздай, механикалық сумен қамтамасыз етілген тоғандарда тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың өсірілген жас өскіндерінің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (51,21%) шабақты тоғандардың үлестік өндірістік шығын алады. Мұнан әрі кему ретімен, балық өсіру материалдары (дернәсілдер) (38,94%), табиғи азық базасын ынталандыру құралдары (5,31%), әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры мен шығын құжаттамалары (4,54%) жатады.

Биотехникалық схемаға сәйкес өндірістік процесс кезінде механикалық сумен қамтамасыз етілген дамбаланған тоғандарға тән шығынның мынадай түрлерін қарастыру аса қажет. Есеп 7 кестеде ұсынылған.

7 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде механикалық сумен қамтамасыз етілген дамбаланған тоғандары бар балық шаруашылықтарындағы тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың биылғы төлі құнының есебі

7 кестеден көріп отырғанымыздай, биылғы төлдің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (51,78%) балық өсіретін тоғанның үлестік өндірістік шығындары алады. Мұнан әрі кему ретімен, экономикалық жағдайларға байланысты құны мерзімдік өзгеріп отыратын жасанды азыққа кететін шығын (35,80%), балық өсіру материалының құны (8,85%), әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (2,30%), жанар-жағармай шығыны (1,27%) жатады.

Есептеулер кезінде анықталғандай, механикалық сумен қамтамасыз етілген тоған шаруашылықтарында және дамбаланған тоғандарда тұқы және өсімдікпен қоректенетін балықтардың биылғы төлдерін жетілдіру барысында дамбаланған тоғандары бар және өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген шаруашылықтарда жүргізілген дәл осындай кезеңдермен салыстырғанда биылғы төлдің әр данасының бағасы 27,72% -ға қымбаттаған.

ҚР Оңтүстік өңірлерінде механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды қыстату тоғандары бар шаруашылықтарда қыстап шыққан тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың бір жылдық төлі құнының есебі 8 кестеде ұсынылған.

8 кесте - ҚР Оңтүстік өңірлерінде механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды шаруашылықтарда тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың бір жылдық төлі құнының есебі

8 кестеден көріп отырғанымыздай, қыстап шыққан бір жылдық төлдің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (84,26%) балық өсіру материалдарының (биылғы төлі) құны алады. Мұнан әрі кему ретімен, қыстату тоғандарының үлестік өндірістік шығындары (8,33%), әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры мен шығын құжаттамалары (7,41%) жатады.

Биылғы төлді механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды шаруашылықтарда өсіру кезінде 60 г орташа салмақта «баға-сапа» қатынасындағы көрсеткіш мәні27,94/60 = 0,4667 теңге/г (466,7 теңге/кг) тең. Көрсетілген типтегі балық шаруашылықтарында қыстатудан кейінгі «баға-сапа» қатынасындағы көрсеткіш мәні бір жылдық төлдің орташа массасы 60 г болғанда 34,72/60 = 0,5787 теңге/г (578,7 теңге/кг) тең болады.

4 кестедегі есептік мәліметтердегі ұқсастыққа орай механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды шаруашылықтарға арналған ірі балық өсіру материалы ретінде өсімдікпен қоректенетін екі жылдық балықтың өзіндік құнының есебі жүргізілді.Есеп 9 кестеде берілген.

9 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды шаруашылықтарда тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлі құнының есебі

9 кестеден көріп отырғанымыздай, екі жылдық төлдің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (48,22%) ІІ қатардағы балық өсіру тоғанының үлестік өндірістік шығындары алады. Мұнан әрі кему ретімен, жасанды азық шығындары (33,34%), балық өсіру материалдарының (бір жылдық төл) құны (12,98%), әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (4,29%), жанар-жағармай шығыны (1,17%)жатады.

Механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды шаруашылықтарға арналған өсімдікпен қоректенетін екі жылдық балықтың өзіндік құнының есебі 10 кесетеде берілген.

10 кесте – ҚР Оңтүстік өңірлерінде механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғанды шаруашылықтарда өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлі құнының есебі

Қыстап шыққан екі жылдық төлдің зауыттық өзіндік құнының құрылымында едәуір үлесті (73,28%) балық өсіру материалдарының (екі жылдық төл) құны алады. Мұнан әрі кему ретімен, қыстату тоғандарының үлестік өндірістік шығындары (16,03%),әлеуметтік аударымдар мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (10,69%)жатады.

Бұл ретте тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлін өндірудің жоғарыда көрсетілген әдістемемен есептелген шығын сомасы дамбаланған тоғандар мен механикалық сумен қамтамасыз етілген балық шаруашылықтары үшін 433 913,00 + (1500*34,72 + 712*188,03) + 300 000,00 + 10 598,00 + 38 609,82 = 969 078,18 теңге/га құрайды.

Шырлану тоғандарынан 1200 кг/га тең тұқының тауарлық өнімін шығару кезінде, ақ амур – 154 кг/га, ақ дөңмаңдай 770, ала дөңмайдай 360 кг/га; ҚҚС шегергендегі бөлшек саудадағы бағасы мен сауда шығыны тұқы мен ақ амур үшін 630 теңге/кг, ақ және ала дөңмаңдай үшін 500 теңге/кг, шырлану тоғандарында тауарлық балық өнімінің өзіндің құны 1200*630 + 154*630 + 770*500 + 360*500 = 1418020,00 теңге/га құрайды.

Бизнес құнының есептік мәні 448 941,82 теңге/га, толық өзіндік құны - 1 023 191,20 теңге/га, есептік "таза" пайдасы - 394 828,80 теңге/га, табыстылығы - 38,59% тең.

Тауарлық балықтың өзіндік құнында едәуір үлесті (44,87%) үлестік өндірістік шығындар алады, ал екінші орында – жасанды азық шығындары (31,02%), мұнан әрі кему ретімен, балық өсіру материалдарының (бір жылдық тұқы мен екі жылдық өсімдікпен қоректенетін балықтар) (19,23%), әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік аударымдары мен шығын құжаттамалары бар жалақы қоры (3,79%), жанар-жағармай шығындары (1,09%)жатады.

Тауарлық тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтарды қатар өсіру есебінен екі жылдық балықтардың(ірі балық өсіру материалы) құны, соңғыларын өздігінен ағатын сумен қамтылған дамбаланған тоғандарда өсіргенде нөлге түскен, ал ІІ қатардағы балық өсіретін тоғандарда алғашқы табыс алынған.

Механикалық сумен қамтамасыз етілген шаруашылықтарда қор сыйымдылығы үлкен болған жағдайда бұл байқалмайды. Керісінше,механикалық сумен қамтамасыз етілген тоған шаруашылықтарында өсірілген өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлінің құны өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген шаруашылықтарға қарағанда 3 есе көп.

Механикалық сумен қамтамасыз етілген шаруашылықтар өндірісінің аз табыстылығы осымен түсіндіріледі.

Жасалған талдаулар көрсеткендей, шабақтарды жетілдіру, биылғы төлді өсіру, оларды қысқату, тұқының және өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлін дамбаланған тоғандарда және өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген балық шаруашылықтарында өсіру өндірістің материал сыйымдылықты түріне, өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлін қыстату – қор сыйымдылықты, тауарлық балық өсіру – материалдық-қор өндірістік түріне жатады.Механикалық сумен қамтамасыз етілген және дамбаланған тоғандары бар шаруашылықтарда шабақтарды жетілдіру, тұқы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың биылғы төлдерін өсіру үлестік өндірістік шығындардың өсуінің есебінен қор сыйымдылықты өндіріс, биылғы төлді қыстату, екі жылдық төлді өсіру, өсімдікпен қоректенетін балықтардың екі жылдық төлін қыстату – материал сыйымдылықты, тауарлық балық өсіру – материалдық-қор сыйымдылықты өндіріске айналады.

Қарастырылған екі жағдайда да тауарлық балық өнімдерін өндіру жоғары табысты болып саналады, бұл өз кезегінде сипатталған техникалық схеманы өндіріске енгізуге ұсынуға мүмкіндік береді.

Дәл осындай технологиялық схемада тұқының және өсімдікпен қоректенетін балықтардың тауарлық өнімін өздігінен ағатын сумен қамтамасыз етілген және арналы (балшықты) тоғандары бар тоғандық шаруашылықтарда өсіруге болады.

Ұсынылған "ҚазБШҒЗИ" ЖШС технологиялық схемасы мысалында Қазақстанның Орталық және Оңтүстік өңірлеріндегі тоғандық балық шаруашылығына арналған осындай техникалық карта әзірленген.

Қуаныш ИСБЕКОВ,

Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы.

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз