2018 жылдың 1 тамызынан бастап бағдарламаның өзгеруіне байланысты алушылар шеңбері кеңейді

2014 жылдан бастап Қазақстанда қарызақшаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау Бағдарламасы қабылданған. Оның негізгі мақсаты несие немесе қарызақша мөлшерлемесі бойынша жартылай өтемақы беру арқылы несиенің фермерге түсіретін салмағын жеңілдету.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап бағдарламаның өзгеруіне байланысты демеуқаржы алушылар саны арта түсті.

Бүгінгі күні мемлекет мына бағыттар бойынша жартылай өтемақы береді:

  • Несие (айналымдық қаржыны толықтыру мақсатында)
  • Несие (негізгі өндіріс құралдарын жаңарту мақсатында)
  • Қарызақша (негізгі өндіріс құралдарын жаңарту мақсатында)

Негізінен мына негізгі құралдарды алу үшін қарызақша беріледі:

  • Жануарлар
  • Техника (жаңа)
  • Технологиялық құрал-жабдықтар (жаңа)

Қарызақша бойынша талаптар:

• 4 жылдан ерте берілмеуі (өтінім берілген мерзімнен бастап)

• мерзімі өтпеуі

• жылдық мөлшерлемесі теңгемен 17%, Ресей рублімен 14%, 7 пайыздан аспауы тиіс

Өтемақы көлемі:

  • Негізгі құралдар алу үшін – теңгемен 10%, Ресей рублімен 8%, басқа ақшамен 2%
  • Айналымдық қаржыны толықтырғанда – теңгемен 5%, Ресей рублімен 4%, басқа ақшамен 1%

2019 жылдан бастап қарызақшаны субсидиялау туралы өтінімді беру, қарау және мақұлдау істері онлайн жұйесі бойынша Egov/Qoldau.kz порталы арқылы жүргізіледі.

Нәтижесінде демеуқаржыны рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін қысқарды, және құжаттар жиынтығы 2 есе азайды.

Шарттар туралы толығырақ бейнетаспадан қараңыз.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз