«Сыбаға» бағдарламасының аясында фермерге асыл тұқымды, таза тұқымды немесе тексіз мал сатып алу мүмкіншілігі берілген. Малдың тұқымдық қасиеттерімен қатар, қаржыландыру және субсидиялау көлемінде де айырмашылықтар бар. Малды қателеспей таңдау жолын біздің бейнефильм түсіндіреді.

Асыл тұқымды малды таңдаймыз ба, әлде таза тұқымды малды ма?

2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша алдағы 10 жылда мал басын 7 миллионнан 15 миллионға дейін арттыру көзделген. Бұл мақсатқа жету үшін 1 миллион бас аналық мал сатып алу жоспарланып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында фермердің асыл тұқымды, таза тұқымды немесе тексіз (тауарлық) мал сатып алу мүмкіндігі бар.

Әр малға оның сол елдегі құнына және тұқымдық сапасына қарай несие беру қарастырылған.

Мысалы, ағымдағы кезеңде бір бас тексіз мал үшін қаржыландыру көлемі шамамен 250 мың теңге, таза тұқымды малға – 625-650 мың теңге шамасында, асыл тұқымды малға 700-800 мың теңге болып отыр.

Субсидиялық қаржы төмендегідей бөлінген:

Бір бас аналық асыл тұқымды мал – 225 мың теңге

Таза тұқымды мал – аналық мал құнының 25%

                                                             *бірақ бір басы 175 мың теңгеден артпайды

Тексіз мал – 0 теңге.

Елдер бойынша 2019 жылғы мал экспортының көлемі :

Ресей – 15 000

Ресей Мираторг – 10 000

Австралия – 20 000

АҚШ – 5 000

Канада – 5 000

Оңтүстік Америка елдері – 70 000

                                                         *Қазақстанның Ет Одағы деректері бойынша

Экспорттаушы елдердегі МІҚМ бағасы:

АҚШ – $2 300 – 2 400

Канада – $2 200 – 2 300

Австралия – $2 200

Оңтүстік Америка елдері – $1 500 - 1600

Ресей – 1 кг тірі салмақ 1500-2000 теңге.

                                                         * Қазақстанның Ет Одағы деректері бойынша

                                                   ** 2019 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз