Алыс елдерден мал таңдап алмастан бұрын фермер назар аударуы тиіс бірнеше маңызды жайлар бар. Әңгіме тек қосымша салмақ қана емес, фермердің өзінің мүмкіндігін дұрыс бағалауы жайында да болып отыр. Біздің бейнефильм бірінші кезекте назар аударарлық мәселелер туралы болмақ.

Шаруашылыққа мал таңдағанда малдың сырт келбеті немесе денсаулығы, тіпті оның қосымша салмақ беру мүмкіндігі тұрғысынан емес, нақты іс жүзіндегі жағдайды есепке алып таңдау керек.

Алыс елдерден мал таңдап алмастан бұрын фермер назар аударуы тиіс бірнеше маңызды жайлар бар.

Қазіргі кезде Қазақстанда мүйізді ірі қара малдың бес түрі кең таралған. Олардың қатарына қазақтың ақбас сиыры, Әулиекөл, Герефорд, Абердин-ангус, қалмақ тұқымдас сиырлар кіреді.

Қазақтың ақбас сиыры

  • сүйек бітімі мықты
  • дене тұрқы домалаңқы, бұлшық еттері жақсы жетілген
  • сиырдың тірі салмағы - 500-550 кг
  • бұзаудың туғандағы тірі салмағы – 25-27 кг
  • 18 айлық өгізшелердің тірі салмағы бордақылау кезеңінде – 540-550 кг

Әулиекөл тұқымы

  • дене тұрқы ірі, бұлшық етті;
  • мүйізсіз
  • жемазыққа талғампаз емес
  • сиырдың тірі салмағы - 550-700 кг
  • бұзаудың тірі салмағы туылған кезінде - 30-35 кг
  • 15-18 айлық өгізшелердің тірі салмағы - 450-540 кг

Герефорд тұқымы

  • дене бітімі кеспек тәріздес, кең, ұзынша келген
  • сиырдың тірі салмағы – 650-850 кг
  • бұзаудың тірі салмағы:

                             туылған кезде – 35-45 кг

                              8 айында, енесінен айырғанда – 280-300 кг

  • 18 айлық өгізшелердің тірі салмағы – 550 кг және одан артық

Абердин-ангус тұқымы

  • тұқымаралық шағылыстыру нәтижесі жақсы
  • аналық түйсігі жоғары
  • сиырдың тірі салмағы – 650-700 кг
  • бұзаудың тірі салмағы:

                                туылғанында – 22-28 кг

                                енесінен айырғанда - 230 кг

  • 18-24 айлық өгізшелердің тірі салмағы – 500 кг және одан артық

Қалмақ сиыры тұқымы

  • дене тұрқы мықты
  • қар астынан/тебіннен азықтана алады
  • сиырдың тірі салмағы – 430-480 кг
  • бұзаудың тірі салмағы:

                                туылғанында – 20-25 кг

                                8 айында, енесінен айырғанда - 180-220 кг

  • бордақылаудағы 18-24 айлық өгізшелердің тірі салмағы – 480-520 кг

Жалпыға ортақ ереже бойынша өнімділігі жоғары малға мол жемазық, жақсы күтім қажет, ал өнімділігі төмен малға ерекше күтім қажет емес.

Бірақ тек қана өнімділік жоғары тиімділіктің кепілі деген сөз емес, өйткені пайда табу көптеген жағдайларға байланысты.

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз