Құрметті студенттер! Agrobilim.kz  ақпараттық-білім беру порталы үздік материалға байқау жариялайды.  

Байқау шарттары:

Байқауға қатысушылар төмендегі тақырыптардың біріне мәтінмен немесе графика (инфографика) арқылы жазылған материал жазулары тиіс: 

  • Ауыл шаруашылығындағы заманауи технология;
  • Қазақстандағы АӨК-нің табысты жобаларының тарихы туралы; 
  • ҚР АӨК өнімдерінің сәтті маркетингтік шешімдері;
  • Ауыл шаруашылығының болашағы зор өнімдері; 
  • Міндеттер мен шешімдер (АӨК-дегі проблемалар мен оны шешу жолдары)
  • Менің жолым (ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандарға/кәсіпкерлерге мүмкіндіктер)

Ескерту:

Байқауға қатысушы agrobilim.kz порталына тіркелуі тиіс (тіркелу тегін); 

Байқауға қатысушы ауылшаруашылығы саласынан бір сарапшыны (кәсіпкердің, ғылыми қызметкердің, кеңесшінің тәжірибесі) материалына соавтор ретінде ұсынуы тиіс 

Материал нақты бір фактіге (нақты кейстер, пікірлер, деректер) негізделуі

Байқау нәтижесінде үш жеңімпаз анықталып, олар ақшалай сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болады. 

Дедлайн: 30 қараша, 2018 ж.

Дайын жұмыстар agrobilimkz@gmail.com почтасы арқылы қабылданады. 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз