Генетика – фермерлердің ең жақын серігі. Ғылымның аталған түрі жануарлардың мінез-құлқын айқындайды. Бұл өз кезегінде малшылар мен зоологтар үшін аса қажетті һәм пайдалы дүние. Ал этология (инстинкттерге қатысты пәндер) жетістіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларын қоректендіру мен күтіп-баптау технологиясында, оларды сұрыптау ісінде қолданылып келе жатқанына біршама уақыт болды. Шындығында, отарлы мал шаруашылығында жануарлардың мінез-құлқына қатысты ғылымның алар орны ерекше. Әсіресе, қой шаруашылығында, ет өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығында әрдайым жетекші рөлге ие. Себебі инстинкттерді білу жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға жол ашады.

Білімнің артықшылығы жайында

Егер сіз табынды жылқы шаруашылығымен айналысып жүрсеңіз, жануарлардың мінез-құлқын жетік білуге тиіссіз. Бірінші кезекте практикалық тұрғыдан мән берген жөн. Өз кезегінде мұның бәрі жануарларды жайылымға шығару, басқа бір жерге айдау, қоректендіру, құлындату, толықтырма төлдерді ұстау технологияларының жаңа әдістерін ойлап табуға әрі жетілдіруге өз септігін тигізеді. Сондай-ақ, жылқышының жұмысын едәуір жеңілдетеді. Демек, саланың табыстылығын арттыруға да мүмкіндік береді деген сөз. Табындағы жылқылардың мінез-құлық әрекеттерін ескерсек, технологияларды жетілдіру екінші жағынан еңбек өнімділігін арттыруға жол ашады. Ал жоғары өнімділік мінез-құлыққа негізделген таңдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Жылқының тәулік бойғы белсенділігі туралы

Жыл бойы жайылымда жүретін табынды жылқыларға қоршаған ортаның табиғи факторлары үздіксіз әсер етеді. Көптеген зерттеуші жылқылар қандай өсімдіктерді жақсы көретінін, жайылымдағы жануарлар қанша шөп жейтінін, қоршаған ортаның факторлары жайылымға қалай әсер ететінін зерттеп, зерделеді. Зерттеудегі негізгі құралдың бірі жайылымдағы жылқының тәулік бойғы белсенділігін айқындау болды.

Мәселен, профессор Ю.Н.Барминцев [1951] Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріндегі табынды жылқылардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеп, мынадай шешімге келген: тәуліктік хронометраж жылқының биологиялық ерекшеліктерін сипаттауға көмектеседі. Ғалым осының көмегімен тәуліктік белсенділік ырғағын анықтаған. Бұл ретте малдың жайылымға шығуы мен тынығу кезеңдерінің саны, аталған кезеңдерді бір күнге бөлу (күннің шығуы мен батуына байланысты) салыстырмалы түрде тұрақты болып шыққан.

Басқа зерттеушілер жыл мезгіліне және тіршілік ететін өңірге байланысты малды жаю мен тынығудың түрлі циклдік ырғағын анықтаған. Оңтүстік және батыс өңірлерде жеті циклді ырғақ, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда алты циклді ырғақ байқалған.

Табындағы жылқылар түннің екінші жартысында, таң алагеуіміне дейін, күн шыққанға дейін 2-3 сағат, күн ортасында, қараңғылық түскенге дейін 2-3 сағат, қараңғы түскен соң 1-2 сағат демалады. Ал оңтүстік ендікте жетінші цикл қосылды. Ол күндіз орын алады.

Қазақ жылқысы ыстыққа шыдамды

Жылқының тәулік бойғы белсенділігіне сыртқы ортаның көптеген факторы әсер етеді. Сондай-ақ, тұқымы, жасы, физиологиялық жағдайы да әсер етпей қоймайды. Мәселен, Қазақстанның оңтүстігінде тәуліктік белсенділік тікелей жоғары температураға байланысты болады. Сәуірде жайылымдағы жылқылар тәулігіне 18 сағатқа дейін жайылады. Ал маусым айында аталған көрсеткіш 10-11 сағатқа дейін қысқарады.

Ал Маңғыстау облысының жағдайы мүлде басқаша. Бұл өңірдегі жылқылар шілде айында түнгі уақытта 6 сағат, ал күндіз 2 сағат қана жайылады. Басты себеп – ауа температурасының 30 цельсий градустан 35 цельсий градусқа дейін көтерілуі. Күннің ыстығы жайылым уақытын қысқартады. Осының салдарынан жылқы да айтарлықтай арықтайды. Мұндай жағдайларда жергілікті қазақ жылқылары зауыттан шыққан және будандастырылған тұқымдармен салыстырғанда артықшылыққа ие.

Академик И.Н.Нечаевтың [1975] зерттеулерінде Орталық Қазақстанда табындағы жылқылар мамыр айында ауа температурасы 7-18 оС-ды құраған шақта жайылымға уақыттың 58,6%-ын, ал тынығуға 41,4%-ын жұмсаған. Тамыз айындағы көрсеткіш мынадай: жайылым 47,5%, тынығу 52,5%. Ал қараша айында жылқылар уақыттың 55,3%-ын жайылымда өткізіп, 44,7%-ын тынығуға арнайды екен. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне арналған басқа зерттеулер келтірілген цифрлармен салыстырғанда біршама ерекшеленеді: мамыр айында ауа температурасы 14-21оС жылы болғанда жылқылар уақыттың 52%-ында жайылып, 48%-ында тынығады екен. Шілде айының соңындағы көреткіш төмендегідей: жайылым 43,5%, тынығу 56,5%. Қараша айында жылқылар уақыттың 54,2%-ында жайылып, 45,8%-ында тынығады.

Академик И.Н.Нечаевтің байламынша, ауа температурасы +30оС-тан жоғары болған жағдайда табындағы жылқылардың жайылымын бір сәт үзу қажет. Өйткені, мұндай уақытта олардың жылу шығару қызметі дұрыс жұмыс істемейді. Сондай-ақ, қан сорғыш жәндіктер де жағымсыз әсерлерді күшейте түседі. Көптеген бақылау көрсеткендей, жазғы уақыттағы түнгі жайылым жалпы уақыттың 45%-ына дейін жетеді.

әр мезгіліндегі жем-шөп тұтыну уақыты ересек жылқылар мен жастарында әртүрлі қалыптасады. Биелер мен үлкен аттар тәуліктің 14 сағатқа жуығын жайылымға арнайды. Ал байталдар мен құнандар 12 сағатқа дейін жайылады. Тайлар мен жабағылар бар-жоғы 9 сағатқа дейін жем-шөп жейді. Енесін еметін құлындар 4 сағаттан артық жайылмайды.

... аязға да төзімді!

1936 жылы Л.П.Давыдов пен И.Н.Степанов тәулікті хронометражды қамтитын зерттеу әдіснамасын әзірледі. Тебіндік кезіндегі қардың қалыңдығы мен суықтың әсерін анықтауға, температура мен жел әсерінің негізгі параметрлерін белгілеуге осындай зерттеулердің көмегі тиді.

Аталған әдіснама Қазақстанның үш аймағында қолданылған. Дәлірек айтқанда, әдіснаманың көмегімен қар қалыңдығы 10 сантиметр болған жағдайдағы жылқының қозғалу жылдамдығын белгілеген. Осылайша, жылқының күндіз және түнде қарды аршып, шөпті жеуге қанша уақыт жұмсайтынын анықтаған. Бұл ретте бұған дейін И.Н.Нечаев пен Ю.Н.Барминцев жүргізген зерттеулермен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық табылған жоқ. Десе де, қазақ, мұғалжар, күшім жылқылары будандастырылған және зауыттан шыққан жануарлардан айтарлықтай ерекшеленді.

Қазақ жылқылары ауа температурасы 35оС суық болса да, тоңбайтындығы анықталды. Қазақ жылқыларына желдің жылдамдағы 6-10м/сек-ты құрап, -20°C болғанда ғана ауа температурасы кері әсер етеді. Аязды күні жел өткір болған жағдайда олар ықтасын жерге қарай ойысуға тырысады. Табындағы жылқылар бір орынға қарай үйіріліп, бір-бірін паналай бастайды.

Будандастырылған жылқылар желдің жылдамдағы 6-10м/сек-ты құрап, ауа температурасы 15оС аязға жеткенде жайылуды доғарады. Ал жылдамдығы 15-20 м/сек-қа жетерлік өткір жел тұрып, шамалы ғана аяз болғанның өзінде олар жайылмай қояды.

Дәлірек айтқанда, жылқының тәулік бойғы белсенділігіне сыртқы ортаның факторлары ғана емес, тұқымы, жасы, күйлілігі және басқа да ішкі факторлар әсер етеді.

И.Н.Нечаевтың және басқа да ғалымдардың зерттеулерінде қазақ жылқысының эволюция барысында дене қызуын аса көп жоғалтпай, төменгі температураға төтеп беру қабілеті қалыптасқаны айтылған. Бұл морфофизиологиялық ерекшеліктерді анықтайтын маңызды бейімделгіштік қасиеттердің бірі. Сондай-ақ, организмнің байырғы жылқыларға тән төмен температураға бейімделу мүмкіндігі зауыттан шыққан тұқымдарда сақталмайды. Ал будандастырылған тұқымдар қысқы тебіндікке айтарлықтай бейімделе қоймаған.

Тебіндік кезінде жылқылар жем-шөптің сапасыздығымен ғана емес, оның жетіспеушілігімен де бетпе-бет келеді. Мұндай кезде жануарлар өздерінің ішкі майлары мен ақуыздарын пайдалануға мәжбүр болады. Тері астындағы майлы тін жұқарады да, дененің жылу сақтауы төмендейді. Керісінше жылу шығару қызметі артады. Осының бәрі түптеп келгенде, жылқының күйін жоғалтуына алып келеді. Бұл ретте, будандастырылған тұқымдар ұзақ уақыт бойы қорексіз жүруге және суық температураға шыдай алмайды. Соның салдарынан мұндай тұқымдардың арасында жаппай құлын тастау жиілейді. Осылайша, мал басы азаяды.

Көптеген зерттеуге сүйенсек, қысқы уақытта Қазақстанның әр аумағындағы тебіндіктің қалыңдығы әртүрлі болады. Мәселен, шығыс Қазақстан аумағында тебіндіктің қалыңдығы 45 см-ді құраса, орталық өңірде 35 см-ге дейін жетеді. Ал оңтүстік өңірде мұз қатқан 20 см-лік қардың қалыңдығы табынды жылқыны асырауға айтарлықтай кедергі келтіреді.

Факторлар жиынтығы

Температураның төмендігі және жоғарылығы Қазақстанның әр аймағындағы жылқылардың организміне әртүрлі уақытта кері әсер етеді. Мәселен, оңтүстік өңірде – қыста 15 күн, жазда 35 күнге дейін, солтүстік өңірде – жазда 10 күнге дейін, қыста 55 күн, шығыс өңірінде – жазда 15 күнге дейін, қыста 43 күн, орталық өңірде – жазда 10 күн, қыста 58 күн.

Табындағы жылқының мінез-құлқы бір ғана факторға байланысты емес. Ол жалпы факторлар жиынтығымен айқындалады. Төмен температурадағы жел жайылымдағы өнімді кезеңді қысқартады. Ал ыстық күндегі желдің пайдасы мол. Ол қан сорғыш жәндіктерден қорғайды және малды ұзақ жаюға мүмкіндік береді.

Мәселен қар солтүстік және орталық өңірдегі жайылымдағы жануарларды ұстауға теріс әсер етеді. Дегенмен, дәл осы кезеңде ылғалдың қардан басқа көзі болмайды. Сондықтан жылқылар қар арқылы шөлін қандырады. Ақ түтек борандардан кейін қар жабындысы қалыңдап, тығыздалады. Осылайша, жылқының тебіндеуі қиынға түседі. Тебіндік деп отырғанымыз – жылқылардың алдыңғы аяқтармен жерді аршып, шөппен қоректенуі. Тебіндік рефлексі күрт континентальды климат жағдайында табынмен жүретін барлық жылқыда дамыған.

Бұл ретте қазақ жылқысының бейімделгіштік қасиеті қысқы тебіндік кезінде артықшылыққа ие. Осылайша, олардың тірі қалуына және күйлілігін жоғалтпауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде үлкен және күшті тұяқты жылқылар да кездеседі.

Бұл «физика» ғана емес, психика да

Жылқының экономикалық және өнімділік көрсеткіштері негізінен жайылымдық мінездемелермен айқындалады. Сондықтан мінез-құлықты зерттеуде толық жүйелі көзқарастың болуы өте маңызды.

Ғалымдар жануарлардың психикалық белсенділігі мен олардың өмір сүру ерекшеліктерінің арасындағы байланысты анықтау арқылы жануарлардың ішкі жағдайына байланысты қоршаған ортаға әсердің өзара байланысы туралы тезисті ұсынды. Оның мінез-құлқын анықтау факторына көз жеткізді. Психиканың бейімделу құндылығы туралы қорытындылар да маңызға ие. Атап айтқанда, жануарлардың психикалық қасиеттерінің физикалық қасиеттерге қарағанда олардың түрлерін сақтауда рөлі зор. Бұған табындық және үйірлі инстинкттерді жатқызуға болады. Соның нәтижесінде Eguus caballus түрі сақталып қалған.

Табынды жылқыны зерттеген жетекші жылқы өсіруші ғалымдар (ҰҒА академигі И.Н.Нечаев) мінез-құлықтың фенотип пен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуінің нәтижесі екенін нақты дәлелдеп берді.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жылқыларда әр түрлі психикалық белсенділік бар – сезімдер мен әдеттер. Бірақ олар әрекеттерінің мәнін түсінбейді. Жануарлар тілдесе де алады. Алайда олардың тілі сезімді ғана білдіреді.

Қажеттілік әдетті туындатады (үйрену үрдісін талап етеді). Әдет машыққа айналады. Жануарлар бұған қарсы тұра алмайды. Олар өздігінен өзгеріс енгізе алмайтын жағдайда болады. Осыдан барып олардың әдет қимылдары және жеке дағдылары басталады. Бұларды "инстинкттер" деп атайды. 

Табынды жылқыларда қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты бейімделудің екі түрі бар:

1. жануарлардың (құрылымы мен функциялары) өте баяу жүретін және қоршаған ортаның бірте-бірте өзгеруіне ғана бейімделуге мүмкіндік беретін өзгерістер (бұл жекелеген тұқым түрлерінің аймақтың климаттық жағдайларына бейімделуі. Бұған жалдың, құйрықтың, аяқтағы жүндердің өзгеруі жатады);

2. тұқым қуалаушылыққа жатпайтын жоғары икемділік негізінде жануарлардың жеке мінез-құлқының өзгеруі (табындағы жылқылардың бірнеше күнге жалғасқан күшті борандардағы мінез-құлқы. Олар өздеріне ықтасын жер іздеп, бірнеше күн бойы төтенше жағдайдың аяқталуын күтеді).

Соңғы жағдайда мінез-құлықтың өзгеруіне байланысты қоршаған ортаның өзгерістеріне тез бейімделуге болады. Мұндай жағдайда психикалық қабілеті дамыған жануарлар тығырықтан қиналмай шығады. Дәлірек айтқанда, олар – әлдеқайда икемді, дағдыларды дамытуға қабілетті және құбылмалы жеке мінез-құлықтың басқа да нысандарын бойға жинаған жануарлар.

Инстинктивтік мінез-құлыққа келер болсақ, өзінің төмен өзгермелілігі (қатаңдық) салдарынан ол мұндай функцияны орындай алмайды. Десе де, жануардың организміндегі өзгерістер сияқты тектік мінез-құлқындағы ерекшеліктер табиғат өзгерістерінің баяулауына бейімделе алады. Себебі мұндай өзгерістер көп уақытты қажет етеді.

Инстинкт жайлы бірер сөз

Инстинкттік компоненттердің тұрақтылығы және қатаңдығы өмірдің кездейсоқ, өтпелі жағдайына қарамастан түрдің бір немесе басқа өкілінің ең маңызды функцияларының қауіпсіздігін және орындалмауын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл ретте күшім жылқыларының тебіндік инстинктін уақытша жоғалтып алуын мысал ретінде келтіруге болады. Олар қыстайтын кезінен бастап, шабылып, жиналған шөптермен жайылады. Ал тебіндік жасайтын уақыт болғанда өзінің ескі дағдыларын үлкен қиындықпен болса да, әйтеуір қайта еске түсіруге мәжбүр болады.

Іс-әрекеттің туа біткен компоненттерінде түрдің бүкіл эволюциялық жолының нәтижесі сақталады. Оған тебіндік кезіндегі ерекше дағдылар, ауа райының қолайсыздығына байланысты пана жер іздеп, ықтау жатады.

Түр тәжірибесінің жинақталуы – бұл филогенез кезінде жануардың өмір сүруіне және генін жалғастыруға арналған ең құнды дүние. Төтенше жағдайларда түрлендіру түріндегі инстинктивтік мінез-құлықтың резервтік пластикасының нәтижесінде өмір сүру мүмкіндігі артады.

Жануарлардың жеке дамуының нақты жағдайларында тектік мінез-құлық бағдарламасын енгізу бейімделу үдерістерімен қамтамасыз етіледі. Яғни қоршаған орта жағдайларындағы жеке туа бітті, тектік мінез-құлықтар. Тек, осы қасиеттер ғана жылқының кез келген жағдайға қарсы пайдалы әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Инстинктивтік мінез-құлық нақты мінез-құлықта болмайды. Бірақ өзгелермен бірлесіп, бір-бірімен араласып, біртұтас мінез-құлық актін құрайды.

Инстинктивтік мінез-құлықтың және оның барлық құрамдас бөліктерінің өзіндік ерекшеліктері мен сапалық сипаттамалары бар. Өмірлік процестерде бір-бірінен айқын айырмашылығы болады.

Инстинкт – бұл тіршілік жағдайында дамыған түрдің тарихында қалыптасқан қоршаған ортаға әсер етудің тұқымқуалаушылық реакциясы.

Инстинктивтік мінез-құлық – сыртқы әсерлер арқылы өзгере отырып, пластикалық дамудағы белсенділік.

Түрлердің «инстинктивтік мінез-құлқы» – инстинктивтік қимылдардан немесе акттерден құрылады. Өз кезегінде бұлар жекелеген инстинктивтік қозғалыстардан тұрады (кейіп, дыбыс және т.б.)

Бұл терминдердің аражігін айқындап алу талқыланатын жануарлардың мінез-құлық санатының этологиялық талдауы үшін қажет.

Біз мінез-құлықтың жануарлар организмінің сыртқы органдарының функцияларының тіркесімі екенін айтқан кезде, аталған функциялардың уақыт пен кеңістіктегі бағдарын ажыратуға тиіспіз. Екеуі де инстинктивтік негізде жүзеге асырылады. Оқу арқылы осы функциялардың бағытын өзгертуге болады. Демек, ешқандай білім жануардың органдарын жасай алмайды. Өйткені бұл олардың генетикалық тұрғыдан бекітілген құрылымына байланысты. Морфологиялық ерекшеліктер ғана бұл сипатты анықтай алады.

Қозғалыс қана емес, бөлек бір рәсім дерсің

Этологияда бастапқы қозғалыстар «автохтондық» қозғалыстар атауын иеленді. Ал екінші жағдайда мүлдем жаңа, сигналды, функциялық «аллохтондық» атауын алды. Мұндай типтік-әдеттегі стереотиптік қозғалыстар нақты ақпарат функциясымен этологиядағы «ритуализацияланған қозғалыстар» деп аталды.

Ритуализация белгілі бір және нақты мазмұнды жеткізу үшін ғана қызмет ететін әрекеттердің шартымен сипатталады. Бұл әрекеттер генетикалық тұрғыдан бекітілген. Максималды стереотипптілікпен орындалады. Яғни, нақты мән бойынша орындалады. Демек, бұл түрдің барлық жеке әрекеттері типтік инстинктивтік қозғалысқа жатады. Сол себепті аталған түрге жататын барлық жануарлар осындай оптикалық (немесе акустикалық) байланыс сигналдарының мағынасын «дұрыс» түсінуге қабілетті. Бұл жануарлардың мінез-құлқындағы максималды қатаңдықтың, консерватизмнің типтік мысалы бола алады.

Ритуализацияланған қозғалыстар қатаң тәртіп бойынша көп немесе шамалы ғана күрделі «рәсімдер» немесе «салт-жоралар» түрінде орындалады. Әдетте екі жануардың «диалогі» ретінде орындалады. Көп жағдайда көбею мен күресте жануарлардың ішкі жағдайын, оның физикалық және ақыл-ой қасиеттерін бейнелейді. Сондай-ақ туа біткеннен кейін байланыс формалары қалыптасады.

Жоғары деңгейдегі жануарлардың (жылқылардың) мінез-құлқы, әдетте, жыныстық қарым-қатынас жағдайында жүзеге асырылады деп айтуға толық негіз бар.

Байланыстың оптикалық түрлерінің қатарында мәнерлі кейіптер мен дене қимылдары маңызға ие: жануарлар көбінесе нақты сигнал белгілерін алып жүретін денелерінің белгілі бір бөліктерін бір-біріне көрсетеді. Сигнализацияның мұндай формасы «демонстрациялық мінез-құлық» деген атауға ие болды. Басқа жағдайларда сигнал функциясы арнайы қозғалыстармен орындалады (тұтас денемен немесе оның бөлек бөліктерімен). Ал тағы бір жағдайларда дене бетінің немесе оның кейбір бөліктерінің орналасуын өзгереді (құлағын жымқырады, мойынын жерге дейін созады). Осы қозғалыстардың бәрі әрдайым «шамадан тыс» қарқындылықпен орындалады. Алайда, жылқылардың барлық қозғалысы өзгенің қатысуынсыз орындалатын болса, сигналдың қандай да бір түріне ие болады.

Қарым-қатынастағы маңызды элемент – ақпарат алмасу. Яғни, коммуникация. Бұл ретте коммуникативті іс-әрекеттердің (зоосемантика) ақпараттық мазмұны жануардың физиологиялық жай-күйін (аштық, жыныстық қатынас) белгілеу немесе басқа жануарларға төнген қауіпті, қорек табу, тынығу орындарын анықтау үшін қызмет етуі мүмкін (белгілі бір түрге, қауымдастыққа, жынысына байланысты).

Іс-әрекет механизміне сәйкес (зоопрагматика) байланыс формалары ақпарат беру каналдарында (оптикалық, акустикалық) ерекшеленеді. Бірақ барлық жағдайда жануарлардың байланысы (адамға қарағанда) жабық жүйе болып табылады. Яғни олар «жануарлар экспедициясы» арқылы жіберілген типтік сигналдардың шектеулі санынан тұрады және «сезімтал жануар» арқылы дұрыс қабылданады.

Табында кім «қожайын»?

Жануарлардың өзгелерімен салыстырғанда, қолайлы сыртқы жағдайларға ұқсас позитивті реакция нәтижесінде табынды жылқылардың қауымдары өз мүшелерінің тұрақты құрамымен сипатталады. Сонымен қатар, олардың ішкі құрылымы болады. Олар жануарлар арасындағы қатынастарды реттейді.

Бұл құрылым қоғамдастықтың барлық мүшелерінің бағыныштылық иерархиялық жүйелерінің нысанын қабылдайды. Бұл олардың біртұтастығын сақтайды және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Осы орайда табындағы жылқылардың қарым-қатынасында айғырлардың, болмаса да басқа да «көшбасшы» жылқылардың орыны ерекше. Олар жас жануарлар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Тай-құлындарға қамқорлық көрсетеді. Сондай-ақ басқа да маңызды қызметтерді атқарады.

Үйірді ұстайтын айғырдың мінез-құлқы қарамағындағы үйірдің мінез-құлқына айырықша әсер етеді. Ғалымдардың пайымдауынша (Нечаев И.Н.), айғыр өз үйірін өзгелерден оқшаулауға тырысады. Осылайша, ол өз үйірін өзге үйірлерден алыстау жерде ұстайды. Өйткені айғырлар арасында талас-тартыс орын алып қалуы әбден мүмкін.

Биелердің мінез-құлқы әрдайым үлкен қызығушылық тудырады: кез келген үйірде жүрген биелер айғырларға бағынышты екенін көрсетеді және айғырдың қасынан бір елі қалмауға тырысады. Тіпті, басқа үйірге қосылған биенің өз үйіріне бірнеше рет қайтып оралғандығы бар. Кейде өзге үйірдің биесіне басқа бір айғыр шабатын болса, сол үйірдің айғыры әлгі биені өз тобынан қуып шығады да, кейін қайта қосып алады. Айғырдың бұл әрекетін былай түсіндіруге болады: ол өзге айғырдан буаз боп қалған биені құлын тастады. Кейін ол биеге өзі шабады.

Аумақтық мінез-құлық да маңызды болып табылады. Зерттеулерге сүйенсек, айғырлар жеңіске жетіп, тартып алған жерде қалуды артық көреді. Мұндай жерде жануарлар өздерін сенімді ұстайды. Өзге айғырлар тарапынан қауіп-қатердің жоқтығына көз жеткізеді. Сондай-ақ үйірді басқаратын айғырлар өзге үйірлердің аумағына «қол сұқпауға» тырысады.

Біренеше сағат бойы жүргізілген бақылаулар құлындайтын биелердің түрлі мінез-құлықтарын анықтауға жол ашты. Мұндай биелер тығыз топтардан аулақ болуға тырысады. Оларға өзге аттар жақындаған сайын агрессиялық мінез-құлық күшейеді. Кейде қауіптердің саны олардың орындалу фактілерінен де асып түседі (тебу, тістеу). Ал құлындайтын уақыт жақындаған сайын биелердің агрессиялық мінез-құлқы төмендейді. Бұл негізінен аналық инстинктке байланысты түсіндіріледі. Яғни биелер құлындайтын жақын уақыт таяғанда агрессияға берілмейді. Іштегі құлынды аман сақтауға күш салады. Құлындауға 2-3 сағат қалғанда бие жайылуды доғарады. Айналшықтап көп жүріп алады. Одан кейін бие үйірден бөлінеді де, біртегіс және құрғақ жер іздейді. Ал мұндай кезде үйірден бөлектенген биені айғыр үйірге қайта қосуға талпынбайды да.

Табындағы жылқылардың инстинктивтік мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттеу – ұзақ әрі қызықты процеес. Бір анығы барлық жылқылар адамдар секілді бес сезімге ие. Олардың мінез-құлқы өзін-өзі сақтауға және ұрпағын сақтауға бағытталған. Бірақ бұл қалаулар мен импульстар рахат сезіміне немесе ауырсынуына негізделген.

Географиялық «консерватизм»

Жылқылардың жыл бойы жайылымда жүруі нақты практикалық және теориялық маңызға ие. Ерте заманнан бері Қазақстандағы жылқы шаруашылығының өзіндік ерекшелігі бар. Жылқылар күзде, қысты, көктемде жайылым жерлерін өзгертіп отырады. 1976 жылы Л.М.Баскин жылқыларды белгілі бір жайылымда ғана жайылуын сынға алып, бұл технологияны кеңістік консерватизмі ретінде анықтады.

Мұндай технологиялық оңтүстік өңірдің жылқы шаруашылығында кеңінен қолданылады. Тіпті, жем-шөбі мол жақсы жайылымға айдалып апарылған табындардың тәулігіне 50-60 шақырым жол жүріп, бастапқы өз жайылымдарына қайтып оралғандары бар.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, табындағы жылқыларды жаюдың негізі, ең алдымен, белгілі бір аумаққа байланысты болмақ. Онда олар өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайларды табатындығын көрсетті. Жылқылардың үйірлерге бөлінуі табындағы, отбасылық және өзге топтардағы жеке қашықтықта орналасқан иерархияны анықтайды.

Жайылымды дұрыс таңдау

Табынды жылқылар жүретін жайылымдарды тиімді пайдалану тұрақты, экономикалық тұрғыдан тиімді басқаруға және Қазақстандағы жылқы шаруашылығын одан әрі дамытуға жол ашады. Шикізаттың қатал климаттық жағдайлары, технологиялық әдістердің бұзылуы және қолжетімді жерлерді тиімсіз пайдалану жылқылардың өнімділігінің төмендеуіне әсер етеді.

Қазақстандағы табынды жылқыла жайылатын жайылымдарға қатыстық мәселелер алғаш рет 1945-1947 жылдары көтерілген. Тіпті сол кезде жылқы ұстау әдістері болды, жайылым түрлері белгіленді. Жайылымдық жемді күнделікті тұтыну есептері жүргізілді. Өсімдіктердің жеуге жарамдылығы жыл мезгілдерімен және өсімдіктердің ботаникалық құрамына қарай 20-дан 60%-ға дейінгі жайылымдарды пайдаланумен анықталды.

Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда мал шаруашылығында жайылымдарды пайдалануда елеулі кемшіліктер бар. Тебіндік аумағы біркелкі пайдаланылмайды: жайылымдардың жоспарлы маусымдық ауысуы жоқ немесе ол өздігінен жүзеге асырылады. Жайылымдарды пайдалану кезінде олардың өнімділігі, жем-шөп ресурстарын жаңартып отыру шарттары, зоогигиена талаптары толығымен ескерілмейді. Осының салдарынан жайылымдардың тозуын көрсететін бірқатар қайталама өсімдіктер пайда бола бастады.

Құнарлы жем-шөптердің орнын құнарсыз өсімдер мен мүлде жеуге болмайтын түрлері басты. Көптеген бақылаулар мен есептер көрсетіп отырғандай, қысқы кезеңде жылқылар пайдаланатын азық қоры жаз мезгіліндегі жайылымдардың 80%-ы (ц/ га) болады. Жылқылар жалпы қордың 40%-дан астамын ғана пайдаланады.

Қазақстанның оңтүстік аймағында соңғы жылдары 150 және одан да көп жылқы ұстайтын ірі фермалар пайда болды. Бұл жақсы жаңалық, әрине. Алайда мұнымен бірге ауыл малдары да жайылымдарға шоғырлана бастады.

Көптеген жерлерде шабындық және жайылымдық жерлерді жыл бойы ретсіз пайдалану жайылымның жайылып кетуіне және толықтай нашарлауына әкеп соқты. Осының салдарынан әлгі жайылымдар ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылудан қалды. Сонымен қатар, мүлдем пайдаланылмағандықтан, арам шөптер, бұталар, өсіп кеткендіктен, Қазақстан жері шамамен 40%-ға азайды. Яғни, олар біртіндеп ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланудан қалып барады.

Жайылымдарды өнімділік, азық мазмұны немесе сіңімділік ақуызына қатысты бағалау толық бағалау болып табылмауы мүмкін. Өйткені мұндай бағалау тек сапалы аспектіні, тіпті шамамен көрсетеді. Себебі ол мал шаруашылығы өнімдерінің сапалық және сандық аспектісін объективті бағалау өлшемі болып табылмайды.

Жануарлардың жайылымдағы жүктемелілігін оңтайландыруды зерттеу – қажеттілік. Жүктемелікті нақты анықтау өсімдіктер мен топыраққа зиян келтірмейді. Сондай-ақ бұл қадам жануарлардың энергия, ақуыз және басқа да қоректік заттарды мейлінше көп алу үшін маңызды.

Жүктемені анықтаудың маңызды критерийі ретінде жайылымдық жемді алуға болады. Бұл малдың түріне, шөптерге, су көзіне, мал жаюға байланысты. Жайылымдар әлсіз жүктемемен қамтылса, қажетсіз дүниелер жинақталып, олардың баяу бұзылуына байланысты өсімдіктердің жаңаруы депрессияға ұшырайды. Сонымен қатар, жануарларды жайылымдау топырақ қабатын бұзады, топырақтың тұқым байланысы ықтималдығын арттырады және өсімдік жаңаруының өсуі басым шөп түрлерінің ұрпақтарының өзгеруіне әкеледі.

Бірқатар автордың пікірінше, жартылай шөлді аймақта ересектерге арналған жыл бойы жайылымның қажеттілігі 35-36 гектар, 12 айдан 2 жасқа дейінгі жастар жануарлардың қажеттілігі 27 гектар, 2-ден 3 жасқа дейін жануарлардыкі - 33 гектар. Таулы аймақтарда 1 аналыққа 8 гектардан 10,5 гектарға дейін, 2 жасқа дейінгі жас жануарларға 5,5-ден 8 гектарға дейін, ал 2 жастан асқан жануарлар үшін 6,5-тен 10 гектарға дейін бөлу ұсынылады.

Басқа да зерттеулер Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарында қысқы тебіндік кезінде 17-21 гектардан, көктемгі жайылымдарда 5 гектардан, жазда біршама көбірек және күзгі жайылымдарында 7 гектарға дейін қажет екенін көрсетті.

agrobilim.kz

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз