Шолуды сарапшы Виктор Асланов ("Зерновые и Масличные№ Казахстан") арнайы Agrobilim.kz үшін ұсынды.

Экспорт

Майлы дақылдардың тапшылығы өткен жылдың сәуір айында енді ғана басталып жатқан, сондықтан шетелге сатылған өнім көлемі жоғары деңгейде қалды. Сәуір айының қорытындысы бойынша шетелге сатылған жалпы көлем 81 380 тонна майлы дәнді дақылды құрады, бұл наурыз айынан 12%-ға (92 162 тоннаға) аз. 2017 жылдың сәуірінде - 52 мың тонна.

Барлық майлы дақылдардың жөнелтімдері өткен жылдікінен асады. Соңғы уақытқа дейін зығыр артта қалған болатын, алайда сәуір айында алшақтық жойылды.

Барлық май жинақтайтын майлы дақылдардың экспорты, мың тонна

2017-18 жылдардың қорытындысы бойынша барлық майлы дақылдардың экспорты бір миллион тонна, дәлірек айтсақ, 992 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың сегіз айының ішінде 742,5 мың тонна майлы дақылдар сатылды, бұл өткен маусымның осындай кезеңімен салыстырғанда 22% артық және болжамның 75%-ын құрайды.

Көріп отырғанымыздай, сауда жүйелі түрде табысты түрде аяқталуға қарай жылжып келеді. Кейбір тармақтар бойынша белгілі бір күмән бар. Мұның бәрі төменде талқыланады.

Дақылдар бойынша майлы дақылдар экспортының құрылымы, жинақтайтын, мың тонна

Қайта өңдеу

Қазақстанның май зауыттары демалысқа кетуге мәжбүр. Елде өңдеу үшін шикізат қалмады десе де болады. Майлы дақылдардың қоры, күзден бері дайындалған өнім көлемі сәуір айында-ақ таусылды.

Кейбір кәсіпорындар, олардың өкілдерінің айтуынша, көктемнің соңынан бастап жұмыссыз тұр және қазан айына дейін жұмысын жалғастырмайды. Басқалары техникалық жөндеу жұмыстарына орай жабылып, шамамен қыркүйек айына дейін өндірісін бастамайды. Осылайша, алдағы айларда өндірістің маусымдық төмендеуі күтілуде. Алайда, статистикалық мәліметтерге сәйкес, мамыр-маусым айларында майдың бірдей көлемі: 30,5 және 29,3 мың тонна (зығыр майсыз) өндірілді. Айырмашылық 4%-ды құрайды. Ағымдағы маусымның артықшылығы -12% сақталып отыр.

Өсімдік майларының (жинақтайтын) барлық түрлерін өндіру динамикасы, мың тонна

Өндірістің тұтастай алғанда маусымдық өсуі оның әр түрін қамтыды.

Өсімдік майлары өндірісінің түрлері бойынша құрылымы, мың тонна

Майлардың экспорт-импорты

Майлы дәнді дақылдармен қоса экспорттық рекорлдтар қоюды өсімдік майлары жалғастыруда. Сәуірде 10,1 мың тонна майдың негізгі түрлері жөнелтілді (наурызда - 16 мың тонна). 8 айдың экспоры былтырғы жылдың көрсеткішінен 53%-ға артық.

Май жинақтайтын өсімдік майлары экспортының динамикасы, мың тонна

Экспорттау құрылымында өткен маусыммен салыстырғанда мақсары мен соя майын жөнелту сәйкесінше 5% және 17%-ға қалып келеді. Маусымның соңғы айларында, жоғарыда айтылғандай, өнім көлемі тапшылығына байланысты осы май түрлерін өндіру ең төменгі мәндерге дейін азайған.

Өсімдік майларының түрлері бойынша экспорт құрылымы, тонна

Рапс

2017-18

Қайта өңдеу көлемі жетік бағаланбаған. Тауарлық субсидияларды ескере отырып және Моңғолия арқылы Қытаймен сауда жасаудың қиындай түсуіне байланысты, ағымдағы маусымда қайта өңдеушілердің экспорттаушылардан артықшылығы бар екенін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Алайда, теңгерімдерімізде бұл фактор ескерілмеді. Нәтижесінде шілденің шолуында біз қайта өңдеу болжамын шамамен екі есеге көтеріп отырмыз, бұл бізді өтіп жатқан маусымда аудан және кірістілігік бағалауымызды арттыруға мәжбүр етеді - қазір бұл баға ресми деректер деңгейінде.

Ақырғы қорлар әлі де барынша төмен.

Бағалар

2017 жылдың басынан бері рапс бағасының динамикасы, USD/МТ

Бір тоннасына 460 доллардан Солтүстік Қазақстан трейдерлері Иранға (Incheburun) рапс жөнелтті. Сатып алу бағасы көптеген басқа дақылдарға секілді виртуалды - тоннасына 130 мың теңге. Рапс жомының бағасы 76 тг / кг құрайды.

Рапстың орташа өлшемді бағасының динамикасы, $/MT

Келешегі

Рапсқа қатысты бұрынғы болжамымыз қарапайымдау болды, көп адамдар маржиналдық мәдениетті дамытудан қорықпайтын «бақшашылар» жайлы айтқанымен, біз рапс трендін толықтай болжай алмадық. АШБ-ның алдын-ала мәліметтері бойынша, төрт облыстағы дақылдың жалпы ауданы 361,4 мың гектарды құрады, бір жыл бұрын - 250,7 еді, айырмашылық + 31%. Біздің болжам 300 болды, бірақ, шамасы, Комстаттың жедел деректерінен біз одан да үлкен сандарды көреміз. Өсім көбіне СҚО-ға байланысты.

Ағымдағы маусымда фермерлерге жақпайтын ауа-райы жағдайлары қалыптасты: ұзаққа созылған көктем жазда арамшөпке толды. Химиялық өсімдіктерді қорғау өнімдерінің көптігінен шатасқан сауал салынғандар дәрмектің сапасы нашарлау деп санайды. Әрбір аграрийдің өзінің таңдауы бар және өз «химиясын» табу үшін көптеген нұсқаларды қарап көруге тура келеді. Дәрі-дәрмектерді таңдау бойынша қосымша эксперименттер, респонденттердің айтуынша, қажетсіз шығындар мен негізсіз тәуекелдерді тудырады. Ағымдағы маусымда қайбір өндіруші елге артықшылық беру қиын дейді олар. Әртүрлі фирмалар, әртүрлі сапа. АШТӨ деректері бойынша, зиянкестерге қарсы өңдеу бес-алты рет өткізілді, дәрмек қолданудың әсері тіпті екі аптаға созылмапты.

Рапстың бастапқы бағасы, фермерлердің пікірінше, тоннасына 100 мың теңгеден төмен болмауы керек, одан төмен болуы мүмкін емес: «Қосалқы бөлшектерден бастап дизельдік отынға дейін бәрі қымбат», «Өндіріс шығындары 50%-ға артты» дейді олар. «Салымдарымды өтеу үшін тоннасы 170 мыңға сатуға тура келеді» - деп есептеді өндірушілердің бірі.

Зығыр

Экспорт

Зығыр экспортының динкамикасы, ай сайынғы жинақталуымен, мың тонна

Импорттаушылар құрылымында Бельгия алда келеді.

Басты импорттаушылар бойынша экспорттар, мың тонна

Қалған елдерге экспорттау құрылымы, мың тонна

Қайта өңдеу

Зығыр майын өндіру туралы соңғы деректер – мамыр айынікі. Жалпы, маусымның басындағы үрдіс сақталып отыр. Ағымдағы маусымда өндіріс былтырғыдан озып тұр. Себебі басқа жағдайлардағы секілді анық - бұл шикізаттың ұлғаюы.

Зығыр майы өндірісінің (жинақталуымен) динамикасы, мың тонна

Сәуір айында май экспорты 869 тоннаға дейін өсті (наурызда - 615), бүкіл көлемді Қытай сатып алды.

Зығыр майын (жинақталуымен) экспорттаудың салыстырмалы талдауы, тонна

Бағалар

Трейдерлердің айтуынша, зығырдың аздаған мөлшерін Солтүстік Қазақстан облысынан табуға болады. Сатып алу бағасы тоннасына 100-105 мың теңгені құрайды. Фермерлер зығырды 110 мың теңгеге ұсынады, бірақ сапасы туралы сұрақтар пайда болса, 100-ге де келіседі, дейді экспорттаушылар. Экспорттауға арналған зығыр бағасы тоннасына 275-280 еуроны құрайды.

Экспорттық бағыттарда (негізінен қытайлық бағытта) - 748 USD / MT.

Келешегі

Зығырдың егіс алаңына қатысты ең оптимистік болжамдар орындалды. ЗМ бағалауды арттыратын шығар. Сонымен қатар, алқаптағы өсімдіктердің дамуы да жағымды ойларға жетелейді. Қазақстан - зығыр державасы? Неге болмасқа?

Зығырға қатысты көз алдымызға бірінші кезекте келетіні: осы дақылдың егіс алаңдары миллионнан асты. Фермерлер арасында жүргізілген мониторинг негізінде, ЗМ сәуір айында-ақ зығыр үрдісінің нығаюын болжады. Статистикалық фактілер зерттеудің нәтижелерін толығымен растайды. Өткен жылы қарастырылып отырған облыстар зығырға - 846 мың гектар, ағымдағы жылы - 1050 мың гектар бөлген. Өсім - 19%. Мұндай өсім Солтүстік Қазақстан аграрийлерінің зығырға ден қоюына байланысты болғанын айта кету керек. Солтүстік Қазақстан облысының фермерлері егістік алқаптарды былтырғы жылмен салыстырғанда 30% артық, ал қостанайлықтар - 31% -ға артық бөлді.

Зығыр өндірушілер үшін бастапқы баға туралы сұрақ күрделі емес. Көбі соңғы бес жыл деңгейіндегідей тоннасына 80-88 мың теңге етіп бастапқы баға белгілеуін болжайды. Ұсыныс ауытқуы: тоннасына 80-нен 105 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар, өндірушілер тоннасына 80 мың теңге - қазіргі жағдайда тәуір баға екенін атап өтеді. 103-105 мың теңгені – яки ағымдағы бағаны аграрийлер тамаша деп санайды.

Күнбағыс

Экспорт

Сәуір айында күнбағыс тұқымдарының саудасы төмендеді. Жөнелтілгені - 25,9 тонна (наурызда - 34,4). Сегіз ай ішінде біздің болжамымыздың 70%-ы орындалды.

Күнбағыс экспортының динамикасы, ай сайынғы, жинақталуымен, мың тонна

Атап өтетіні, импорттаушылар арасында көшбасшы өзгерді – Қытайдың орнына Өзбекстан келді.

Экспорт құрылымы (басты импорттаушылар), мың тонна

Экспорт құрылымы (қалған елдер), мың тонна

Қайта өңдеу

Ағымдағы жылы күнбағыс майының өндірісі өткен маусымнан 11% артық.

Күнбағыс майы өндірісінің динамикасы, жинақталуымен, тонна

Шикі күнбағыс майының экспорты, мың тонна

Күнбағыс майының түрлері бойынша (тазартылмаған) экспорт динамикасы, тонна

Импорттаушылар арасында сенімді түрде Қытай алда келеді.

Күнбағыс майының барлық түрлерінің басты импорттаушылары (1512119101, 1512119109, 151219), тонна

Баға

Барлық факторларды ескере отырып, өсімдік майының орташа бағасы Қазақстанның солтүстігінде және шығысында шілденің басында төмендегідей болып орнады: күнбағыстың шикі майына тоннасына 280-310 мың теңге, тазартылғанына - тоннасына 300-310 мың теңге, экспорттық бағытта - 780 USD / MT.

FOB жағдайында күнбағыс майының баға динамикасы , $/MT

Соңғы деректерге сәйкес, ШҚО-да өңдеушілер күнбағысты тоннасына 125-130 мың теңгеден сатып алуда, ал көктемде шемішкені тоннасына 100-105 мың теңгеден сатып алған. Баға өсімі - 20%. Мониторинг деректері бойынша, Қостанайда шемішке сатып алу тоннасына 110 мың теңге, сәуір-мамыр айларында - 90-95 мың теңгемен жүзеге асырылады, өсім - 19%.

Күнбағыстың орташа өлшемді бағасының динамикасы, $/MT

Келешегі

АШБ-ның алдын-ала деректеріне сүйенсек, ағымдағы маусымда үш солтүстік және екі шығыс облыстың аграрийлері шемішке тұқымының егіс алаңдарын 3%-ға қысқартты. Бұл біздің өсім күтуімізді растамайды. 2018-19 жж. маусым үшін өз ауданды бағалауын 100 мың гектарға қысқартты.

Өткен жылы бұл өңірлердің үлесі 788,2 мың гектар болатын, ал биыл - 766,4 мың гектар. Өткен маусымда Қазақстанда шемішкеге 902,1 мың гектар пайдаланылды.

Ең алдымен, төмендеу Ақмола (-49%) және Қостанай (-21%) есебінен болды. Павлодар және Шығыс Қазақстан - өткен жылдың деңгейінде. Солтүстік Қазақстан облысында өсім бар - 21%.

ЗМ мониторингінің деректері бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы күнбағыс дақылдарының егістері (ағымдағы жылы 403,8 мың гектар шемішкеге бөлінген) бүрлену сатысында. Кейбір алақпатарда егу уақытына байланысты гүлдену кезеңі басталуда. Фермерлердің айтуынша, ағымдағы маусымда ешқандай аурулар немесе зиянкестер жоқ.

Ұқсас жағдай Павлодар облысының алқаптарында (185,1 мың гектар) байқалады. Өсімдіктердің даму сатысы - бүрлену, гүлдеудің басталуы. Бұл да себу уақытына байланысты, кей жерлерде жұмыс 10 күн кешігіп басталды. Көктемдегі суық және жаңбырлы ауа-райы кейбір шаруашылықтарда егіс алқаптарының ауданына әсер етті. Аграрийлер ұзақ уақыт бойы топырақтың жылынып болмағандықтан (температура 7-8 градустан төмен болды) шемішке тұқымының танабын азайтты. Аурулар мен зиянкестер байқалмады.

Жалпы алғанда, өндірушілер күнбағыстың орташа өнімділігін күтуде, бастапқы бағасы, олардың пікірінше, тоннасына 100 мың теңгені құрауы тиіс.

Мақсары

Сәуірде экспорт төмендеді: 3,85 тонна, ал наурызда 6,46 тонна болатын.

Мақсары экспортының ай сайынғы динамикасы, жинақталуымен, мың тонна

Импорттаушылардың тізімінде: Тайвань - 179,9 тонна, Қытай - 2 870 тонна, Өзбекстан - 553 тонна.

Қытайға мақсары экспорты, мың тонна

Қайта өңдеу

Бұрын жазғанымыздай, алдыңғы маусымға қарағанда бұл түрдегі май өндірісі субсидияларға байланысты. Өткен маусымнан екі есе озып тұр.

Мақсары майы өндірісінің динамикасы (жинақталуымен), тонна

Сонымен қатар, май экспорты қалып келе жатқан алшақтықты айтарлықтай азайтты:

Бағалар

Бағалардың, көбіне виртуалды бағалардың аздап құбылуы. Мақсары жомының бағасы, өңдеушілердің айтуынша, 35 тг / кг құрайды.

Мақсарыны орташа өлшемді бағасының динамикасы, тг/кг

Келешегі

Мақсары дақылдарды өсіретін екі негізгі облыстың өндірушілері ағымдағы жылы дақылдың жақсы өнімділігін болжайды, бірақ олар баға сапасына сәйкес келмейді-ау деп қорқады.

«Өнімділік орташадан төмен болмайды», - дейді жауап берген респонденттер. Түрдің өнімділігі – гектарына 5 центнерден кем емес. Қазіргі уақытта белсенді гүлдеу басталады. Алқаптағы жағдайдың егжей-тегжейлі сипаттауға диқандар құлықсыз. Көптеген фермерлер даму кезеңін атауға қиналады: аграрийлердің айтуынша, бастысы - қашан егін жинау және егу керек екенін білсе болды. Нақтырақ білім жоқ.

Жамбыл облысындағы ауа-райын фермерлер қолайлы деп жатыр: ылғал жеткілікті. Дегенмен, екі ай бойы қатты соққан желдер топырақты кептірді, бірақ бұл дәнді дақылдармен салыстырғанда, мақсары үшін аса күрделі мәселе емес. Оңтүстік Қазақстан облысында құрғақшылық байқалады.

Соя

Экспорт

Сәуірде 4 мың тонна соя экспортталған, ал наурызда - 3,4 мың тонна.

Соя экспортының ай сайынғы динамикасы, жинақталуымен, мың тонна

Өзбекстан - 318 тонна (наурызда - 1465 тонна), Қытай - 3691 тонна (1 661 тонна).

Соя экспорты, мың тонна

Қайта өңдеу

Өңдеушілердің пікірінше, олар соя майын өндіруді арттыруға дайын, алайда экспорттаушылар жағынан бәсекелестік күшті. Қазіргі уақытта өндірісте өткен маусымнан озуы бар небәрі 7% құрайды. Маусым былтырғыдай 19 мың тоннамен аяқталады деп болжауға болады.

Соя майын өндіру динамикасы, мың тонна

Наурызбен салыстырғанда сәуір айында соя майының экспорты 36%-ға артып, 1 557,6 тоннаны құрады, ай бұрын - 1,3 мың тоннаны құраған. Бүкіл көлемді бұрынғыдай Өзбекстан алды.

Экспорт соевого масла, с накоплением, мың тонна

Сәуір айында үш импорттаушы болды: Тәжікстан - 451,3 тонна (наурызда 700 тонна), Өзбекстан - 1,9 мың тонна (2,7 мың тонна), Түркіменстан - 58,6 тонна.

Соя жомының экспорты, мың тонна

 

Статком мәліметтері бойынша, сәуірде Ресейге соя жомының ең үлкен экспорты 10,5 мың тонна жөнелтілді.

Ресей Федерациясынан кері қарай 521 тонна ғана «қайтып оралды», басқа экспорттаушылар болған жоқ.

Соя күнжарасының импорты, мың тонна

Баға

Аналитиктер мен сарапшылардың хабарлауынша, агронарықтардың Қытай мен Америка Құрама Штаттары тарапынан өзара саудаға қойылған шектеулермен байланысты сауда-саттық қысымында қалуы жалғасып келеді. Салыстырмалы түрде тұрақты өсуден кейін жаңа өзара айыптаулар мен АҚШ президенті әкімшілігіне жақын адамдар таратқан жаңа өсек-аяңдар жағдайында Чикаго биржасындағы соя фьючерстері тағы да «турбуленттілік» аймағына қайта кірді.

Сояның орташа өлшемді бағасының динамикасы

Сарапшылар әлемдік бағалар сауда соғыстарының тұтқыны болып қала беретініне келіседі. Америкалық фермерлер Трамп әкімшілігін жақын арада сауда серіктестерімен келісімге келуге шақырады, бірақ әзірге тараптар жағдайды одан сайын ушықтырып жатыр.

Табиғи-климаттық фактор сояның өнімділігі жақсы болатынына үміт берді. Алайда сарапшылар баға алыпсатарлық ниеттегі «бұқаларға» тартымды болу үшін түсуі де мүмкін дейді.

ЗМ мониторингіне сәйкес, шілдеде сояға деген сұраныс бағасы тоннасына 170 мың теңге болған. Салыстырсақ, маусым бойы баға 100-105 мың теңгеден көтерілмеген, бағаның өсуі орташа есеппен 40%. Айта кету керек, бұл бағаны іс жүзіндегі дегенннен гөрі виртуалды деген жөн. Фермерлер қалжыңдап: «Оларға өнім көлемін ұсынып көр, баға дереу құлдырайды» дейді.

Жаңа маусымда фермерлер баға тоннасына 140 мың теңгеден төмен болмауы керек деп күтуде.

Келешегі

Оңтүстіктегі жаңбырлы көктем, бір жағынан, өндірушілерге пайдалы болды, екінші жағынан, арамшөптердің мол өсуіне, себеп болды, өйткені фермерлер күресуге қосымша қаражат жұмсайды. Фермерлерден алынған ақпаратқа сәйкес, гербицидтердің сапасы онша жақсы емес. Уәде етілген әсерді өндірушілер тарапы отыр. Нәтижеге максималды қолдану мөлшерінен асырса ғана қол жетеді. Химия өнімдерінің дилерлері өндірушілердің өздері дәрмекті дұрыс пайдаланбайды деп, сын-шағымды қабылдамайды. Барлық өңдеу жұмыстарын фермерлер өсімдік кішкентай болып тұрған кезде, қысқа мерзімде жүргізуге мәжбүр. Кейін алқапқа ену оңай болмайды: қатарлар бұзылып, суару процесі қиындайды. Фермерлер химиялық өңдеуді барлығы 2-3 рет өткізуді жоспарлап отыр.

Арамшөптермен күрестегі қиындықтарға қарамастан, фермерлер биылғы жылы соя дақылдарының егіс жағдайы өткен кезеңдерге қарағанда әлдеқайда жақсы екенін атап өтеді. Жағымды факторлардың бірі - жақсы ауа-райы жағдайы және уақытылы жаңбыр. Өсімдік гүлдеу кезеңінде. Жағдайы жақсы және өте жақсы. Бір суару жұмыстары қазірдің өзінде жасалды, екеуі алда. Өндірушілер суару маусымы кезінде үлкен кезек болады дейді: «су үшін төбелес жүреді». Алдын-ала есептеулер бойынша ағымдағы маусымда суару шығыны көп болады. Фермерлер жыл сайын суару құны орта есеппен гектарына 500 теңгеге дейін көтерілетінін атап өтеді. Биылғы жылы тарифтер қалай өзгеретінін айта алмайды, себебі толық есептесу маусымның соңында орын алады. Қазір олар тек гектарына 2000 теңге құрайтын аванс береді. Кейбір өндірушілердің алдын ала шамамен есептеуі бойынша, суару бағасы 4000 теңгені құрайды.

Суарудан басқа, дизельдік отын, гербицидтер, солярка құны шамамен 20%-ға артты. Мұның бәрі, әрине, өзіндік құны ауырлатады, бұл ақырғы бағасына әсер етеді. Фермерлердің айтуынша, осы маусымда баға тоннасына 130-150 мың теңгеден төмен болмауы керек. Әйтпесе өңір диқандарына күздік бидайды өсірген жөн: «бас ауру азырақ».

Қазіргі уақытта дақыл өнімділігі гектарына 25-30 центнерді құрайды. Өндірушілер өнімді жылы болады деп болжайды.

Сауалнамаға Алматы облысының Саркан, Алакөл, Ақсу, Ескелді аудандарынан 15 АШТӨ-лер қатысты.

Қыша

Өткен сәуір айында барлық көлем бұрынғыдай Моңғолияға аттанды: 653 тоннадан 610-ы Монғолияға тиесілі (Қытайды да меңзейміз). Қалғаны тең үлестермен Германия мен Польшаға тиесілі.

Қыша экспортының ай сайынғы динамикасы, жинақталуымен, мың тонна

Келешегі

Осы маусымда едәуір ауқым қосқан «солтүстік» дақылдарының бірі - қыша. Және бұл жағдайда ЗМ болжамы сәйкес келді. Үш облыстағы қыша алқаптарының жалпы ауданы 56,2 мың гектар, өткен жылы - 20,7 мың гектар еді. Бұл дақыл бойынша көшбасшы - Қостанай облысы.

Қазақстанда осы маусымда қыша мерекесі болып жатыр деп айту – дұрыс емес. Фермерлер бұл маржиналды дақылға енді-енді көз тастап келеді. Иә, егіс ауданы артты, бірақ импорттаушылар талап ететін сапаға қол жеткізе аламыз ба? Қыша егуге, негізінен техника, химия сатып алуға мүмкіндігі, сондай-ақ тәжірибелі агрономы бар ірі фермалар дауалайды. Алайда, тіпті олардың өзінде әлемдік нарықтың маркетингтік талаптары туралы нақты түсінік жоқ.

Фермерлер қышаның егістік жай-күйін қысқа ғана бағалайды: «қалыпты». Көбі алғаш рет өсіріп жатқандықтан егжей-тегжейлі нақтырақ ақпарат алу мүмкін болмай отыр. Қышаның қандай түрі – ағы ма, сарысы ма, қарасы ма, қайсы себілгенінен де көбі шатасады. Өндірушілер кемпірқосақтың барлық түстерін тізбелей бастағанда, күлкілі жауаптар да боп жатады.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз