Агроөнеркәсіп кешенін сатып алушы ұйымдар белгіленген мөлшерде бюджетке ҚҚС төлейді, сонымен бірге бюджетке төленген ҚҚС сомасы есептелген көлемде Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия түрінде қайтарылады.

Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі дайындау ұйымдары үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) субсидиялау Бағдарламасын ұсынады (қосымша құн салығы – 12%).

Бұл нарыққа өздері өндірген экологиялық таза өнімдерді шығаруға ынталы, бірақ салық шектеулеріне байланысты мұндай мүмкіншіліктері жоқ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған нысаналық бағдарлама.

Атап айтқанда, мәселе алғашқы ҚҚС жайында.

Қазақстанның Салық Кодексі бойынша ЖШҚ және ФШҚ қосымша құн салығын төлемейді (ҚҚС– 12%).

Осыған байланысты, ірі сауда орындары мен өнімді өңдеу кәсіпорындары жеке шаруа қожалықтарынан (ЖШҚ) немесе фермерлік шаруа қожалықтарынан (ФШҚ) сатып алынған дайын өнімді және оны қайта өңдеуден алынған өнімді сатқан кезде өнімнің жалпы сауда айналымынан түскен сомадан қосымша құн салығын (12%) төлеуге мәжбүр. Бұл тұтынушыға келетін ақтық өнім құнының ҚҚС төлейтін компаниялардан алынған өніммен салыстырғанда 12% немесе одан да жоғары қымбаттауына әкеледі.

Тағы бір айтары, ЖШҚ өнімдерін сатып алғанда өңдеуші кәсіпорындар мемлекеттік салық қызметкерлерінің міндетін атқарып, жеке шаруа қожалықтарынан жеке кіріс салығын (ЖКС– 10%) ұстап қалуға міндеттеледі.

Іскерлік қатынастардың осындай ауыртпалығынан нарықтың білікті қатысушылары ЖШҚ және ФШҚ шаруашылықтарымен әріптестіктен бас тартуға мәжбүр болады.

Осыған байланысты, АШМ қосымша құн салығы сомасын өтеу тетігін ұсынады.

Бұл үшін ФШҚ және ЖШҚ өздері немесе білікті нарыққа қатысушылар арқылы ҚҚС сомасын мемлекеттік демеуқаржы түрінде өтеу құқына ие болатын «Дайындау ұйымдарын» құруы қажет.

«Дайындау ұйымдарының» артықшылықтары:

• ЖШҚ және ФШҚ үшін нарықта өнім сатудың жаңа мүмкіндіктері ашылады;

• өндеуші кәсіпорындар арзан ауылшаруашылық шикізатпен қамтамасыз етіледі ;

Демеуқаржыны рәсімдеу онлайн желісінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүргізіледі.

Демеуқаржыны беру мерзімі 3 жұмыс күні (порталға кірген кезден бастап)

Қандай «Дайындаушы ұйымдар» демеуқаржыға үміткер бола алатыны туралы бейнетаспадан біліңіз.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз