Сүт адам организміне оңды әсер ететін өнім. Алайда соңғы жылдары өнім сапасы төмендеді, оны көтеру үшін Қазақстанда барлық сүт өндірушілер мен сүт сатушылар үшін регламент енгізу керек.

21 ғасырда сүт өнім ғана емес, ол ғылыми, медициналық, экономикалық және идеологиялық пікірталас құралы болып отыр. Сонымен сүт дегеніміз не? Өмір сусыны ма, әлде ақ өлім бе? Жаны жақсы көру мен жек көруге, қорқыныш пен құрметке толы адамзаттың азық-түліктің қай түрімен болсын үнемі қарым-қатынаста болатыны анық.Бірақ дәл қазіргідей тағам жөніндегі басқаша түсінік бұрын соңды болған емес. Әрбір жаңа жылда, әрбір күн, әр айда жаңа сенсациялар туып жатады. Біздің тағам туралы түсінігіміз түбегейлі өзгерді. Үйреншікті азық-түліктің құпиясы көбейді, ал оның шешімі адамды таңырқатып келеді.


Сүт құрамында витаминдері, микро- және макровитаминдері, тез қорытылатын майлар, белоктар мен көміртегі өте көп болғандықтан аса пайдалы. Сүт түрлі аурулардың алдын алуда және емде қолданылады.Сүт ішу тіс пен сүйектің қалыптасуына, жүрек пен мидың жұмысына, қан айналымы мен жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді.


Дегенмен соңғы жылдары оның сапасы төмендеп келеді. Сондықтан Қазақстанда техникалық регламент – барлық сүт өндірушілер мен сүт сатушыларға арналған ереже қабылданды. Бұл құжат әлі де өзекті, өйткені ол ереже әдетте өндірісте сақталады да, ал жекеменшіктер өңделмеген, тексерілмеген өнімдерді саудалап, бақылаусыз қалып жатады. Негізінен сүт өнімділігі сиыр өнімділігін өсіру есебінен арттырылады. Дәл солай оның сапасына да мән берілуі керек. Сапалы сүт өнімін алу үшін сапалы шикізат болуы маңызды.



Бұл реттегі маңызды кезеңдердің бірі - сүтті сауылғаннан кейінгі 3 сағаттың ішінде +2 - +4 °С градусқа дейін салқындату, мұндай температурада сүттегі микроорганизмдердің белсенділігі нөлге тең болады

Сүттің микроорганизмдерді тұншықтыру қабілеті бактерицидтік қасиеті деп аталады, ал сүтте бактерицидтік қасиет көрініс беретін уақыттағы кезең бактерицидік фаза деп аталады. Сүттің бактерицидтік қасиеті ондағы ферменттердің(лизоцим, пероксидаза),иммуноглобулиндердің, лейкоциттердің болуында. Бактерицидтік фаза санитарлық-гигиеналық жағдайдың сақталуына тікелей қатысы бар бактериалды тұқымдандыруға байланысты. Аса үлкен қашықтықта зауытқа сүт жеткізушілердің бір де бірі қысқа мерзімде сүтті жеткізе алмайды. Сол сияқты кез келген зауыт та бір адамның, иә бір ферманың әрқайсысынан 20-100 литрден сүт қабылдауға қауқарлы бола қоймас. Зауыттар үшін мұндай тәсіл тиімді болмайды. Ауылдарда модульді сүт қабылдау пункттерін орнату осы мәселені шешудің бір жолы болып саналады.

Сүт қабылдау пункттері қалай жұмыс істейді

Қазіргі кезде сүт жөнелту тәсілі сүт өңдейтін зауытқа тікелей орталықтандырылған тасу арқылы жүзеге асырылады. Дайындау тәсілі, өнім өткізуші мен кәсіпорын арасындағы байланыс өзара келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Сүтті алуды, өңдеуді, сақтау мен тасымалдауды жақсы ұйымдастыру тауарлық шығарылымды, сиырдың сауылуын, сүт сапасын арттыруды, сүт шаруашылығындағы экономикалық тиімділікті арттыруға ықпал етеді. Кейде сатып алушының өзі пастерленген, зарарсыздандырылған, қалпына келтірілген және байытылған сүттердің арасындағы айырмашылықты ұғына бермейді. Сапалы сүт – сапалы дайын өнім – қанағаттанған тұтынушы.
 

Сүт қабылдау пункттерін орнату арқылы тазалық, физикалық-химиялық көрсеткіштер дәрежесі бойынша дайындалатын сүттің сапасы жақсартылды, су қосу әрекеттері тоқтатылды.


СҚП –бұл ең алдымен сыйымдылығы осы елді мекенде күніне қанша көлемде сүт қабылдай алатынына байланыстыболатын танк-суытушы, майлылығын, тығыздығын, суы бар-жоқтығын т.б. айқындау үшін сүттің сапасын анықтайтын құрал, сүтті механикалық қоспалардан тазарту фильтрі, сүтті сүт таситын машинаға құятын сорғы, сүттің тазалық деңгейін анықтайтын құрал, сүт шлангісі, сүт өлшеуіш, Петри табақшасы, құрал-жабдықтарды жууға арналған құрал-сайман, жуу және дезинфекциялық құралдар, «шыбын аулағыш», су жылытқыш, дезинфициялаушы кілем, алкотестер.



Сүт қабылдау күніне 2 рет – таңертеңгі және кешкі сиыр сауудан кейінгі кезең. Сүттің сапасын бақылау оның химиялық құрамын жүйелі зерттеу мен гигиеналық сипаттарын тексеру арқылы жүзеге асырылады

Қабылдаушы сүт сапасын анықтау үшін сынама алады, егер сүт талапқа сай болса, онда сүтті суытқышқа құяды. Аптасына 2-3 ретсүт дайындау менеджерлері мен лаборанттар сүт қабылдау пункттері мен шаруашылықтардың жұмысына аудит жүргізу үшін ауылдарға шығады. Әрбір сүт қабылдау пунктінде дайындалатын сүтке арналған ГОСТ талаптары, сауу және сиырды күтіп баптау ережелері ілінген.

Таз сүттің 1мл-де 500 мыңнан аспайтын микроб бар (ауру тудырушы болмағанда). Сүт жөнелтілгеннен кейін барлық құрал-жабдықтарды бірден жуып-тазалау керек.


Сүт суытқышты қолмен жуу тәртібі төрт кезеңнен тұрады.                                                                                          1 – Алдын ала шаю: суытқыш жууды ол босай салысымен бастау керек, олай болмаған күнде сүттің қалдықтары кеуіп, суытқышты шлангілерге жалғанған сорғы арқылы ыстық сумен жуып-шаю, тазарту қиындайды.

2- Суытқышты жууға дайындау: ағызу шүмегін жауып, температурасы 70 °С 20-30 литр ыстық су құяды, 0,8 – 1,2 % концентрацияға дейін арнайы жуу құралын қосады.

3- Танканы жуу: Щетканы қолдана отырып жоғарыдан төмен қарай жуады, қақпақтың ішкі жағын, араластырғыш қалақты, танканың шет-шетін мұқият жуады, ағызу құбырын ысқышпен немесе щеткамен жуады, суытқыштың сыртқы бөлігін жуады.

4- Шайқау: суық сумен шаю, шайқағаннан кейін жуу құралдарының қалып қалмауын қадағалайды, көзге көрінетін дақтар мен кірлердің қалмауын бақылайды.

Жемдеуден саууға дейін
Егер шағын және орташа шаруашылықтардың азықтандырудан саууға дейінгі технологиялық процестерді сауатты атқара білулеріне көмектессек, олардың бізді сапалы сүтпен қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге толық мүмкіндіктері бар деп есептейміз. Ауылдар мен шаруашылықтарда сапалы сүт алу үшін төмендегідей жайттарды ескеру керек:

− сиырларды жүйелі түрде тазалап тұру,
− мал тұратын орынды дер кезінде тазалау;
− мал қоралар жақсы желдетілетін болуы тиіс.

Сауар алдында сиырдың желінін жақсылап жуып, орамалмен құратып сүрту керек, олай етпеген жағдайда ол сүттің микроорганизмдермен былғануына себеп болуы мүмкін. Екі-үш сиырды жуғаннан кейін шелектегі суды ауыстыру керек, ал орамалды төрт-бес сиырдың желінін сүрткеннен кейін ауыстырған жөн. Кейбір микробтар желін цистернасына емізік каналы арқылы түсе отырып, ортаға бейімделіп, үнемі желінде болады: мұндай микрофлораны облигатты деп атайды.



Емізіктің кіріс саңылауында бактериялық кептіліс қалыптасады; бұл бактериялар сүтке түспес үшін оның алғашқы сауымын жеке ыдысқа сауып алады, ал патерлеуден кейін оны бұзауға береді. Бұл сүттің бактериялық тұқымдануы жоғары деңгейде болады, бұл жиынтық сүттің санитарлық тазалығын төмендетеді.


Ыдыстар мен сиыр сауатын аппараттарды (пульсатор, коллектор, сиыр сауатын шелек, қақпақтар, шлангілер және т.б.) ысқыш пен щеткаларды пайдалана отырып, мұқият тазалап, жылы сумен шаяды, кальцилендірілген соданың 0,5% жылы (40-45С) ерітіндімен дезинфекциялап, белгілібір ережелерді сақтай отырып арнайы ғимаратта сақтайды.

Атап өтсек, сүт өңдеудің мақсаты – сүтті сүт өндіретін кәсіпорындарға тасымалдауға қажетті уақыт ішінде балғын күйінде сақтау. Мысалы: тазалық тобы бойынша сүттің 80%-і1-топтағы тазалыққа жатып, сүттегі май 0,2 бірлікке өсті. Сүт сапасының артуы есебінен қабылдау пункттерінің сүтке кететін шығыны шамамен 1,5 – 2 жылдан кейін өтеледі. Сүт дайындау барысында сүт өткізушілерге сүтті сақтау, жоғары сауымға қол жеткізу үшін малды баптау, азықтандыру мен тұқымын жақсарту шаралары туралы үнемі кеңес беріп отыру керек. Базалық білімсіз сапалы сүт пен жоғары сауымға қол жеткізу мүмкін емес. Бұл - мал шаруашылығындағы жеке үлкен тақырып.


Владимир ШИН
сүтті мал шаруашылығы саласындағы сарапшы.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз