Қазіргі кезде Қазақстанның жылқы шаруашылығында аналық бастың саны аз екені байқалады: биелердің үлес салмағы 33%-тен аспайды. Аналық бастың үлесі осындай болғанда, жас төлді 3-3,5 жасқа дейін және одан да ұзақ ұстау экономикалық жағынан ақталмағандықтан табын құрылымында саланы жүргізу қарқындылығы едәуір төмендейді.Қандай құрылым шаруашылық иесіне барынша көп пайда әкелетіні жайлы шолуымызда әңгімелейміз.

Етке сұраныс - жыл бойы 

Өндірістік үй-жаймен, база-бөлінісімен, таразылармен қамтамасыз етудің нашарлығы табындық жылқы шаруашылығы технологиясының негізгі кемшіліктерінің бірі. Осының бәрі зоотехникалық жұмыстарды ұйымдастыруды күрделендіріп, ветеринарлық шараларды жүргізуді қиындатады. Кейбір шаруашылықтар әлсіреген малдар мен үйірге түсетін айғырларды қосымша жемдеу үшін ірі азықтар мен құнарландырылған азықтардың сақтық қорын әзірлемейді. Үйірді дұрыс қалыптастырмау жылқы басы сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Үйірдегі тұқым жылқысын жыл бойы ұстау құлындардыңкеш тууына алып келеді де құлындар қыс мерзімінде өліп қалады, ал кеш құлындаған аналық бие келесі жылы қысыр қалады.

Сонымен қатар жайылымдық мал шаруашылығының айтулы артықшылықтарына, өндірілген өнімінің арзандығы мен экологиялық тазалығына, тіл үйірер дәміне қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері бар, ол – өнім жеткізудің, соның ішінде ет жеткізудің маусымдылығы.

Жоғары сапалы жылқы етіне деген сұраныс жыл бойы үздіксіз жүретін қазіргі  қалыптасқан нарық талаптары кезінде мал шаруашылығын өркендетудің қарқынды тәсілдері көмекке келеді.

Қазір кеңестік кезеңмен салыстырғанда табындардағы бие проценті (33%) назар аударарлық.Бұл жұмысқа жегілетін жылқылардың және неғұрлым расталған есептердің азаюымен түсіндіріледі. Жалпы табындағы бие мөлшері төлдердің сатылу жасымен айқындалады – төл неғұрлым ерте сатылса, табын құрылымындағы биелердің мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Республика бойынша жылқының жалпы санының өсуі төлдің басым бөлігін неғұрлым тиімді мерзімде етке өткізуді көздейтін табын құрылымын оңтайландырумен үнеміқатар келе бермейді. Жылқыны зерттеуші ғалымдар конструктивті есептеу жолымен, сол сияқты міндеттерді есепке ала отырып оңтайландыру әдісімен табын құрылымының оңтайлы нұсқасын негіздеудің тәсілдерін дайындады. Жылқының жас төлінің әртүрлі жасқа дейінгі өсіру кезеңінде тірі салмақтағы бір центнерінің өзіндік құнының нормативтік белгілері есептеудің негізіне алынды. Алынған құлынның нормативтік көлемі ментұқымдық құрамдағы 100 басты ұстау шығынынан туындаған есептеулердіңәр тууда бір құлыннан алуесебінің шығыны өзіндік құнына тұрақты көлем ретінде алынған.

Тұқымдық қабілеті мен өмір сүруге қабілеттілігі жылқыларды өсіру жағдайының бейімделген сапасын сипаттайтын анағұрлым объективті көрсеткіш болып табылады.

Табындық етті жылқы шаруашылығының басты міндеті – ет өндіру, сондықтан түрлі тұқымдар мен олардың қоспасын өсірудің есебінен өндірілген өнімнің көлемі қандай болатынын білу маңызды.

Сөйтіп, осы келтірілген материалдар ет өндіру үшін табындық жағдайда неғұрлым көп өнімберетін жылқылардың тура сол генотипін өсіруді Қазақстанның әрбір өңіріне негізді түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Арттырудың негізгі тетігі

Орталық Қазақстанның бірқатар шаруашылықтарында біз табындық шаруашылықтарда жаңа қарқынды тәсіл қолданамыз. Оның мәні сол, табын шаруашылығының барлық технологияларды сақтауы барысында шаруашылықтар алдына табын құрылымында биенің ең көп көлеміне қол жеткізу міндетін қояды.

350 бастантұратын әрбір табынның құрылымы мынадай:

– негізгібиелер– 300 бас (85%);

– тұқымдықжылқылар– 20 бас (6%);

– біржасқадейінгібиелер– 10 бас (3%);

– екіжасқадейінгібиелер– 10 бас (3%);

– үшжасқадейінгібиелер– 10 бас (3%).

Бұл әдісті біз табындағы аналық басты көбейту үшін ұсындық.

Қазақстанда 2,3 млн. жылқының 760 мың басы, барлығы 33% -аналық бас. Жылқының 67 %-інің қалған шлейфі құлындар, азбандар және үш жасқа дейінгі төлдер.

Етті жылқы шаруашылығын субсидиялау табын құрылымындағы аналық бастың үлесін көбейтудің негізгі тетігі бола алады. Тұқымдық биеден алуға болатын төлдің, жылқы сүтінің, жылқы еті мен өзге де өнімдердің өзіндік құнын арзандатуға қатысты табиғи мультипликативтік пайда алу мүмкіндігі жоғары болғандықтан, мемлекеттік субсидияларды тұқымдық биеніөсіріп, ұстауға бағыттауға болады. Қазақстанда 2018 жылдың басында 760 мыңнан астам бие болса, соның 50 % төлдейді. Құлынды биені ұстауды субсидиялау табын құрылымында аналық бастың көлемін 60% дейін өсіруге ынталандырады.

Табындық жылқы шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлер жайлы жеке сөз ету қажет. Жалпы бұл салада жылқы етінен басқа сүт те өндіріледі. Сүт бизнесімен айналысушылар қалалардан 10-50 шақырым қашықтықта орналасқан, соңғы үш жылда олар өз позициясын едәуір нықтап алды. Негізгі бөлігінде сүт сауу мен пісу процесі толықтай механикаландырылған, өздерінің тұрақты сатып алушылары бар.

Еуропа үйлеріндегідей

Сөйтіп, егер біз табын құрылымында бие 60 % кем болмауы керек екенінеауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің көзін жеткізсек, онда 2022жылға қарай елімізде 3 млн-ға жуық жылқы, соның ішінде бие саны 2 миллионнан кем болмайды.Жылқы басының жыл сайынғы өсімі, яғни ет көлемінің деөсімі 5-8 есе өседі деген сөз.

Сонымен қатар қазақ даласында ежелден бері семіз жылқының еті жоғары бағаланады.

Қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында қала тұрғындарын Еуропа елдеріндегідей құлынның етін тұтынуға үйретудің уақыты жетті.

Бұл процесс біз ойлағандай соншалықты қиын емес. Егер жыл сайын 7-9 айлық құлындар күздің соңғы кезеңдерінде сатылса, онда нарықта жылқы етінің бағасы түседі, ал табында аналық бастың үлесі арта түсетін болады.

Әрине, бұлмәселетыңғылықтықарастырудықажететеді, ал нәтижесі айтарлықтай экономикалық әсер туғыза алады: нарық неғұрлым арзан және экологиялық таза етпен толығып, еліміздегі жылқы саны өсе түседі.

 

Дәурен СЫДЫҚОВ,

«Атамекен» ҰКП жылқышаруашылығыбойыншасарапшысы, ауылшаруашылығығылымдарының кандидаты.

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз