Жалған сүт пен сүт өнімдерін жасау сонау көне замандардан, Рим империясы кезінен бар құбылыс көрінеді. Адамзат өркениеттің әр кезеңдерінде сүтті қалай алмастыруға болады деп бас қатырған, бірақ үнемі қадағалушы орындар олардың өтірігін әшкерелеудің жаңа әдістерін де ойлап тауып отырған. Мұндай бұра тарту негізінде сүт құрамындағы бір затты ауыстыру арқылы жүзеге асады. Өкінішке қарай, ондағы негізгі мақсат тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі емес, пайда табу болып табылады.

Бар болғаны қаймақ қос...

Жалған сүттің ең алғашқы материалдары Көне Римде тіркелген, ол кезде ешкі сүті жатжұрттық жауынгерлерге ірімшік әзірлеуге сатып алынатын. Сонда жұрт оның көлемін көбейту үшін ешкі сүтіне сиыр сүтін араластыратын болса керек. Ал, мұндай жалғандық үшін, егер ұсталған жағдайда,оларға бұзау тісті қамшымен 50 дүре соғылатын болыпты.

Кейінірек сүттің белгілі бір көрсеткіштері мен өлшемдерін көбейту үшін басқа құрамдас заттармен бұрмалай бастады. Мәселен, сүт өңдеуші кәсіпорындар сүтті жаппай сатып ала бастаған кезде оның құрамындағы майлылығы және ақуыздың мөлшерінегізгі баға белгілеуші параметрлеріне айналды. Соған сәйкес пайдакүнем пысықтар аталған көрсеткіштерді қайтсек заңсыз көбейтеміз деп әлекке түсті.

Сүтті бұрмалаудағы ең басты мәселе – алынған өнімнің қауіпсіздігі. Тіпті қолданылған «алмастырғыштар» денсаулыққа зиянсыз деген күннің өзінде, көбіне олардың бағасы қымбат келеді. Бұрмалаудың мұндай тәсілдері соңғы алынған өнім таңбасын қолдан жасағанмен тең. Себебі шын мәніндегі өнім мен табиғи құрамды алмастырғыштар мен қоспа көрсетілген сипаттамалы заттаңба екеуі сәйкес келмейді.

Бүгінде алынған өнім мен сапасын бақылау мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері арқылы жүзеге асады. Соңғы 100 жылда әр өнім типіне сәйкес келу стандарты қалыптасқан.

Алайда, егер өндіруші өзінің пайдасын ұлғайтқысы келіп, таза емес жол арқылы өндірістен үнемдегісі келсе не болмақ? Ендеше, бұған бір мысал келтіріп көрейік.

Айталық, майлылығы 15% сары майдың 150 грамы200 теңге тұрады дейік. Ал қаймақты балмұздақ шығару үшін белгілі бір мөлшерде кілегей немесе сары май қосу керек, сонда ғана ол айтылған заттаңбаға сәйкес келеді. Кілегей пайдалану өнімді дәмдірек етеді және өнім реномесі тұтынушылар тарапынан белгілі бір табысқа жетеді. Алайда мұндай өндіріс өз бағасын салыстырмалы түрде баяу ақтайды. Алғашында өндірісті технолог жүргізеді, сондықан сәтті рецепт шығады. Кейінірек түрлі себептермен компания молырақ табыс табу үшін балмұздақ жасауды арзандатуды ұйғарады. Міне осы кезде кілегей мен сары майдың орнына өсімдік майларын (күнбағыс,жержаңғақ) пайдалануға көшеді.

Қауіпсіздік тұрғысынан бұл бір қарағанда соншалықты қауіпті мәселе емес. Сондықтан бұл іске сүт қоспасына өсімдік майын «байқатпай»араластырып, нәтижесінде шын мәнінде 15% майлылық көрсететіндей сәйкес аппараттар қосылады. Бұл кезеңде нақты құрам мен заттаңбада көрсетілген құрам екі түрлі көрсеткішке айналады да, заңды бұзу фактісі орын алады.

Әрине, тек сары май немесе кілегей қосылған өнім өсімдік майын қосып жіберіп арзандатқан өнімнен әлдеқайда қымбат тұрады. Алайда өндіруші суррогат өнімді табиғи өнім бағасына сатқан мезетте заң бұзу оқиғасы орын алады да, компания адал ниетінен ауытқып кетеді.

"Аңыздар" түбімізге жетпесін...

Өкінішке қарай, осы күнге дейін тұтынушылар үнемі өздерінің өнімге көңілі толмайтынын нақты тұжырымдай бермейді.

Адамдардың дені жекелеген кәсіпкерлердің мақсатты түрде жасалған айла-шарғыларының құрбанына айналады.

Қазақстанда соңғы 5-7 жылда: "Дүкеннің сүті мен қаймағы, сүзбесі – ұнтақтан жасалатын тұтас химия, құрамында мүлдем табиғи нәрсе жоқ" деген дүдәмалдау, тіпті денсаулыққа өте қауіпті аңыз пайда болды. Бірақ сөйте тұра адамдар өздері танымайтын біреулердің, құрамы белгісіз "табиғи" сүт өнімдерін алу үшін аулаларға барады.

Немесе осыған ұқсас бір жағдай: жарамдылық мерзіміне жетпей ашып кетсе, адамдар "табиғи өнім" деген қате тұжырым жасайды. Неліктен олай? Бар болғаны сүт ашығаны үшін бе? Барлық санитарлы-гигиеналық шарттарды сақтау тұрғысынан бұл, яғни, сүттің өндіре сала 1-2 күн ішінде ашып кетуі мүлдем дұрыс емес қой. Себебі гигиенаның барлық талаптарын сақтаған жағдайда сүт 5-7 күн пастерленген күйінде сақталуға тиіс екендігі әлдеқашан дәлелденген жайт.

Мысалы, "ТетраПак" қорабы қолданылса, демек тұтас құйылу процесі септикалық жағдайда өтті, яғни, соңғы өнім көбірек сақталуы мүмкін деген сөз. Себебі мұндай қораптың ішін тазалау барысында барлық шарттар сақталады.

Трендте– «органик»

Аулада немесе бақылаудан тыс жәрмеңкелерде сатылатын сүт антибиотик, ветдәрілер қалдығы, қыл аяғы ағзаға қауіп төндіретін түрлі аурулардың қайнар көзі болып табылады. Мұндай сүттен қандай да бір күдік байқаған тұтынушы теріс пиғылды сатушыларды жауапқа да тарта алмайды.

Көбіне тексерілмеген қайнар көздердің шикізат не өнімді тексеруге арналған лабораториясы бола бермейді. Егер тұтынушылар мұндай өнімнен уланып қалса, тіпті тиісті орындарға кімді айтып шағымданарын да білмейді.

Есесіне, нақты сауда маркаларын өндірушілерін қажет болған жағдайда жауапқа тартуға болады. Әсіресе, сүт өнімдерін шығарушылар арасында теріс пиғылды өндірушілердің жабылып қалып жатқаны сирек кездесетін жағдай емес.

Соңғы әлемдік үрдістер ауыл шаруашылығындағы жаңа қызықты бағыт – «органик» саналатынын байқатып жатыр. Өнімнің мұндай типі соңғы үш жылда көптеген елдерде 2-3 есеге артты. Бұлай жалғаса берсе, табиғи жайылымы мол Қазақстан (елдің 80% аумағы) мал шаруашылығы органикасы саласында көшбасшы болуы әбден мүмкін. Әсіресе, сүт пен сүт өнімдерін өндіру ісінде. Тек соған лайық өндіріс пен сапалы шикізат технологиясын ретке келтіре алсақ болды.

Ал ең бастысы – халық арасында органик сүт пен сүт өнімдерін сатып алуға бірауыздан даяр еті тірі тұтынушылар болса, жеткілікті.

Гауhар ҚОНЫСПАЕВА,

Ауылшарушылық саласын бойынша сарапшы

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз