Жаңа жобалармен қатар жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту мақсатында жұмсалған шығындар да субсидияланады.

Мемлекет шаруашылықты дамытуға және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге белсенді түрде инвестиция салатын фермерлерге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге (АШӨӨ) шығындарының 25% инвестициялық салымдар үшін демеуқаржы беру жолымен қайтарылады.

  • 2018 жылдан бастап шығындары демеуқаржымен өтелетіндер:
  • құрылыс-монтаж жұмыстары (!)
  • ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
  • құрал-жабдық сатып алу
  • аналық ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу

Демеуқаржы жаңа жобалармен қатар жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту үшін де беріледі.

Мемлекет техника, құрылыс-монтаж жұмыстары және құрал-жабдықтың инвестициялық шығындарын жобаның белгіленген құнының (нарық бағасы деңгейінде) 25% көлемінде өтейді. Жайылымдарды суландыру жағдайында бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жетеді.

Бұдан басқа, демеуқаржы берілетін техника мен құрал-жабдық тізімі кеңейіп, нарықтық бағаны ескере отырып, демеуқаржы мөлшері де арттырылды.

2018 жылдан бастап субсидияны техника мен құрал-жабдықты сатып алу кезінде алдын ала төлем немесе алғашқы жарна ретінде де пайдалануға болады.

2019 жылдан бастап демеуқаржыны рәсімдеу онлайн жүйесімен Egov.kz/Qoldau.kz порталы арқылы жүргізіледі.

Бұл қалай жасалатынын бейнетаспадан біліңіз.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз