Қазақстан ДСҰ және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған сәттен бастап отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі өзекті мәселеге айналды. Халықаралық сынақтар жағдайында сапалы ауылшаруашылығы өнімін қалай өндіруге болады? Сертификаттаудың барлық гигиеналық және ветеринарлық талаптарына қалай төтеп беруге болады? Қазіргі заманғы сүтті мал шаруашылығының технологиясы қандай және оның өзінік құнын қалай төмендетуге болады? Біз осы сұрақтардың әрқайсысы бойынша он бір тәжірибелік кеңес бергелі отырмыз.

1. Май және ақуызға баса мән беру қажет

Қазақстанның озық шаруашылықтарында әрбір сүтті сиырдан күніне 2,72 кг май және таза ақуыз алатын болса, ал қарапайым фермер осы компонеттердің 2,5 кг алуға тырысады. Қағида бойынша, егер голштин тұқымының табыны бойынша сүттегі майдың жалпы көрсеткіші 3,5%-дан төмен, ал ақуыз 3%-дан төмен болса, онда мұндай табынның жағдайы жақсартуды талап етеді.

Сүт майлылығының төмен болуы қарын арқылы ерекше қанық емес майлы қышқылдар өтетіндігін білдіреді. Олар сүттегі май синтезін жылдам тежейді. Бұл көп жағдайда рационның дұрыс болмауына, сапасыз азықпен жемдеуге байланысты болады.

Ал сүттегі ақуызға келер болсақ, оның көрсеткіші 3%-дан төмен болуы, қарындағы ферменттелу мен ақуыздың микробиологиялық синтезі жоғары деңгейге жеткізілмегенін білдіреді, немесе аралас ақуыз немесе қорғалған аминқышқылдарды пайдалана отырып, аминқышқылдардың тепе-теңдігін реттеуді қажет етеді.

Сүтте компоненттердің пайыздық құрамындағы өзгеріс рацион өзгертілген соң 10-14 күннен кейін болатынын есте ұстаған маңызды.

2. Сауынды ұлғайту

Көп жағдайда сауынды ұлғайта отырып, табыс көлемін арттыруға, болады. Ол үшін басқару стратегиясын өзгерту қажет. Бұл кезде физиологиялық жағдайына қарай топтарды, секцияларды қалыптастыру қажет. Топты өнімділігіне қарай қалыптастыру қате тәсіл саналады.

Өнімділігі мен физиологиялық жағдайы тұрғысынан әрбір топ пен секция бойынша рациондар жасау, сондай-ақ жаңа бұзаулаған малдарды екі еседен үш есеге дейін немесе тіпті төрт есе саууға және қалғандарын екі есе саууға көшіруді жүзеге асыру маңызды.

Сондай-ақ, табында суалудың бірінші және екінші фазасын тиісті фаза бойынша рациондармен айқындау қажет және жоғары тепе-теңдікке келтірілген рационның көмегімен азықтың тиімділігін арттыру керек.

3. Бұзаулаған жас сиырлардың өліміне жол бермеу қажет

Озық сүт фермаларында бұзаулаған жас сиырлардың өлуі бұзаулаған алғашқы 60 күнде 6-7%-ды құрайды. Көптеген фермер бұзаулаған және суалмалы секциялардың тығыздығы, бұзаулағанға дейін және одан кейін малдарды топтарға жиі қайта бөлу, немесе желіндеп тұрған сиырлар мен кәрі сиырлар арасында бәсекеліктің салдарынан 10-15%-нан айырылып жатады. Рационды пайдаланудан туындайтын проблема тәжірибеде жиі кездеседі. Оның себебі – суалтудың ерте және соңғы кезеңдері үшін аралас азықтағы құрғақ жемазықты ұзын тұрау; қоспаларды өлшеуде қателестіретін аралас жемнің ылғалдылығы.

Жоғары сапалы жем пайдаланатын фермаларда әдетте ерте суалатын сиырлар үшін энергиясы өте төмен жем пайдалану қажет. Осы кезеңде жоғарыэнергетикалық жемді тұтынуы бұзаулаған жас сиырлардың денсаулығын нашарлатып, өлім-жітімді көбейтеді.

4. Өнімділігі төмен сиырларды есептен шығару

Азық пен жұмыс күшіне кеткен шығынды ақтамайтын, аздаған кіріс әкелетін өнімділігі төмен сиырларды бөліп алған жөн. Өнімділігі төмен сиырларды анықтап, оларды есептен шығарып, сауалту кезеңіне ауыстыру немесе оларды алмастыру үшін өзіңіздің есепке алу жүйеңізді пайдаланыңыз. Өнімділігі төмен сиырларды асыра толтырылған секцияларға ауыстыру өзге сиырлардың өнімділігінің жоғарылығы арқасында алынған сүттің жалпы санына әсер етпейді. Сүтті мал шаруашылығының тәжірибелі кеңесшісімен бірге нақты табынға қатысты жағдайды талдау қажет, әр табындағы жағдай әртүрлі.

5. Хаттамаларды назарда ұстау қажет

Сүт фермаларын басқарудың көптеген салаларында хаттамадан ауытқу (мәселен, сауу процедурасының хаттамасы, тұқымды жетілдіру, бұзауларды уызға тойдыру, өсіп-өндіру, азықтандыру). Бұл сауынның біртіндеп төмендеуіне, сүттегі соматикалық жасушалардың көбеюіне, ұрықталу индексінің төмендеуіне, бұзаулардың аурушаңдығы және өлім-жітімі деңгейінің артуына, азықтандырудың тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Сауу процедурасының сәйкес келмеуінен, сіз қондырғы мәселесі немесе жалпы сүттің сапасына әсер ететін сүтінің соматикасы жоғары бірнеше сиырдан-ақ шығын шегуіңіз мүмкін. Ферма жұмыскерлерімен бірге хаттамаларды қайта қарап, хаттамалардың дәл орындалуына көз жеткізу үшін есепке алу жүйесін ұйымдастырыңыз.

6. Өсіруге артық шығындалмау

Шаруашылықтардағы ұзақ жылғы зерттеулер мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, жақсы құнажын өсіріп одан, 22-24 айлығында тұқым алу үшін көптеген табында бірінші бұзаулау 26-28 айлығында жүреді. Бұл құнажындарды азықтандыру мен күтіп-бағуға айтарлықтай қосымша шығын әкелуі мүмкін.

7. Өсіп-өндіру бағдарламасын іске асыру

Сүт фермаларында желіндеудің жоғары көрсеткіштері әдетте сүт беретін күндердің азаюы мен сүт компоненттерінің жалпы өндірісіне сәйкес келеді. Малды күтіп-бағуға шығыстар қысырлықтың әр күнінде арта береді. Өткізіп алған құштарлықтың әр күні фермерге 35000 теңге шығын әкеледі. Табынның өсіп-өнуін басқару бағдарламасы бойынша жұмыс істегенде сауудың 90-шы күніне дейін барлық сиырды алғашқы ұрықтандырумен қамтамасыз ету қажет. Ұрықтандыру хаттамасын енгізу кезінде барлық ерекшеліктерді сақтай отырып, Біркелкілік бағдарламасын пайдалану – табынның өсіп-өнуін басқаруда негізгі аспектілер болып табылады.

8. Бұзаулармен жұмысты оңтайландыру

Сүт фермаларында бұзаудың өлі туылу санын, сондай-ақ сүтпен азықтандыру және сүттен суға ауыстыру кезеңінде бұзаулардың ауруға шалдығу және өлім-жітім деңгейін төмендетудің түрлі әдістері бар. Ең табысты шаруашылықтар өлі туылу көрсеткішін жалпы бұзаулау санының шамамен 4-5% межесінде ұстап тұрады, алайда бірқатар сүт фермаларында бұл көрсеткіш 12-15%-ға жетеді немесе одан да жоғары.

Малдарды суалтудың соңғы айлары секциясынан бұзаулау аймағына дер кезінде ауыстыру жөніндегі тиянақты жұмыс бұзаудың өлі туылу көрсеткішін төмендетеді. Тірі туылған бұзау саны көп болса, табынды ұлғайтатын немесе пайда табу үшін сатылатын мал басы көбейеді.

Бұзауларды туылған соң алғашқы біржарым сағатта уызға тойдыру голштин тұқымы бұзаулары үшін маңызды фактор болып табылады. Бұл бұзаулардың имунитетінің нығайып, олардың организмі құнарлы заттармен қанығуға әсер етеді. Бұзауларды туылған сәттен бастап 56-шы күнге дейін салмағы екі еселенетіндей етіп азықтандыру қажет. Азықтандырудың бұл принципі дәстүрлі ұсыныстарға сәйкес келмейді, алайда салмақты жақсы жинауына мүмкіндік беріп, сонымен қатар бұзауға қажетті құнарлы заттармен қамтамасыз етіп, сол арқылы оның иммундық жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және дәрі-дәрмекке және мал дәрігерінің қызметіне шығыстарды азайтуға ықпал етеді.

9. Рационды тепе-теңдікке келтіру

Сүтті сиырлардың рациондарында дербес шаруашылық базасында өсірілген жемді тиімді қолданудың түрлі мүмкіндіктері бар. Мысалы, толыққанды рационды тепе-теңдеу үшін жем-азыққа нақты талдау, азықтың модельдерін жиынтықтай отырып, күрделі талдау (мысалы, жасұнықтың қорытылуын анықтау) жүргізуге болады. Мәселен, шаруашылықта жоғары сапалы жем-азық, тиісті сападағы жемазықтық қорлар бар делік. Осы жемдердің әлеуеті толығымен пайдаланыла ма? Сондай-ақ, керісінше, жоғары сапалы жемді пайдалануға мүмкіндік болмаса, жеткілікті сүт көлеміне қол жеткізуге бола ма?

Жақында жүргізілген зерттеулер сауынның және сүт компоненттері пайызының жоғарылығын сақтай отырып, тұтынатын ақуыздың мөлшерін қысқартудың бірнеше әдісі барын анықтады. Бұл әдіс құрғақ заттың құрамына кіретін қарында бөлінетін ақуызды тұтынуды 8-9%-ға дейін төмендету, қарында бөлінбейтін ақуыз көздерін, сондай-ақ организмде ақуыздың алмасуын қамтамасыз ететін аминқышқылдарын пайдаланудан тұрады. Бұл әдіс базалық жем ретінде жүгері сүрлемін пайдаланатын шаруашылықтар үшін экономикалық тұрғыдан барынша тиімді болмақ.

Сиырлардың рационын өзгертерде аталған жаңашылдық күткен нәтижеге қол жеткізетініне сенімді болу үшін таза пайда мен жемге жұмсалатын шығынды бағалап, есептеп алу маңызды.

10. Азықтандыру бағдарламасын ұлғайту

Рационалды емес азықтандыру жасырын шығындар әкелуі мүмкін. Бұл проблеманы сүрлем шұңқырында азықтың кеуіп қалмауын жол бермеу, азықты ордан дұрыс алып шығу, сондай-ақ сиырлардың рационалды азықтанып жатқанына көз жеткізу үшін құрғақ заттар мөлшерін нақты әрі жиі бағалай (аптасына кемінде бір рет) отырып шешуге болады. Бұл да хаттамадан ауытқуды байқауға болатын сүтті шаруашылықты басқарудың тағы бір саласы болып табылады. Сонымен қатар, олқылықтар азық тарататын бір механизатордың жұмысынан да, сондай-ақ бірдей тапсырманы орындайтын бірнеше механизатордың жұмысынан байқалмақ. Мұндай олқылықтар жем-азықтың туралу ұзындығының және азықтандыру тұрақтылығының өзгеруіне алып келуі мүмкін, ол өз кезегінде құрғақ затты тұтынудың тұрақсыздығына және жасақталған рацион тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

11. Сарапшылық кеңес алу

Егер сіз фермаңыздың жағдайына қатысты бастапқы бағасын бергені үшін кеңесшіге ақы төлесеңіз, сырттағы маманмен ынтымақтастық орнату объективті кәсіби бағаға ие болуға мүмкіндік береді. Кеңесші қызметіне жүгінерде оның үлкен табынды басқарудағы тәжірибесінің молдығына және ветеринарияны тек теориядан біліп қана қоятындығына көз жеткізіңіз. Бұл инвестицияңыздың өзін-өзі ақтауын жылдамдатады.

Николай АФАНАСЕВИЧ,

мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз