2027 жылға дейін Қазақстандағы ірі қара мал санын 7 млн бастан 15 млнға жеткізту және бордақылау орталықтары мен ет өндірісі зауыттарын салу мақсатында, мемлекет шаруа қожалықтарына жеңілдетілген несие үшін 6,5 трлн теңге бөлді.

Нарық мақсатындағы етті үш санатта бөлуге болады:

1. Ішкі нарыққа арналған мұздатылған ет. Ішкі нарықты 100% қамтуы тиіс. Қайнар көзі – ЖҚХ (жеке қосалқы шаруашылықтар) және ФШҚ (фермерлік шаруа қожалықтар). Базарларда, дүкен мен супермаркеттер сөрелерінде дайын күйінде сатылады.

Ветеринарлық және басқа да талаптарға байланысты экспортқа шығарылмайды. Қазақстанда бұл сала КСРО құлағаннанғ колхоз, совхоздар тарағаннан бері қалыптасқан.

2. Мұздатылған кесек ет (өңдеу үшін)

Асыл тұқымды емес ірі қаралар, жарамсыз деп танылған сиырлар негізгі шикізат көзі. Жеткізіп беру бағасын қоса алғандағы әлемдік баға 3-4 АҚШ доллары. Бұл көбіне сүт өнімдері шаруашылығы дамыған елдерде көп кездеседі. Сүтті малдардың еті етті малдардың етінен дәмсіз болуына байланысты шұжық және консерв өнімдеріне пайдаланылады.

Сондай-ақ, аналық малдарға арналған жайылымдары бар және дәнді дақылдар өнімі(жүгері, арпа сынды) қсіретін елдерде қатты дамыған(АҚШ, Канада, Бразилия, Австралия, Аргентина).

3. Салқындатылған және мұздатылған жоңары сапалы сиыр еті.

Инфрақұрылымы және дәнді дақылмен бордақылау технологиялары дамыған ірі АШТӨ (ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер)арқылы жүзеге асады. Сыртқа шығаруға, экспорттауға мүмкіндігі жоғары. Әлемдік баға 5-10 доллар. Ветеринария талаптарға және стандарттарға сай, көтерме саудаға гарантия беріледі. Қосымша халал және natural сертификаттарын алуыңыз мүмкін.

1991 жылға дейін біздің елімізде сүт өнімдері шаруашылығына бағытталған вектор қалыптасқан болатын. Нәтижесінде сиыр етінің жалпылама алғандағы көп бөлігі сүтті сиырлардың етінен алынды.

Ет өнімдерін дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жүйеленбеген жұмыстар жүргізіле бастады. Соның нәтижесінде дүниеге қазақтың ақбас сиыры келді.

Бұл тұқымның атағы Кеңес Одағына тез тарады. КСРО құлаған соң, еліміз ес жия бастаған тұста ет өнімдеріне көңіл қайта бөліне бастады. Оған 2011 жылдың 29 шілдесіндегі "Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Үкіметінің Қаулысы себеп болды.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында заманауи стандарттар мен ұстанымдарға, технологияларға сай сала пайда болды.

2017-2021 жылдар аралығында АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде жалғасын тауып, ет шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2018-2027 жылдарға дейін жалғасатын болды. Сондай-ақ, еліміздегі мал басын 7 млннан 15 млнға дейін өсіру жоспарлануда. Сол кезде фермерлерде орта есеппен 50-200 әрә ұарадан болуы тиіс.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін 6,5 трлн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы шаруа қожалықтардың жеңілдетілген несие алуына (мал басын өсіру, техника алу) шаруа қожалықтарына жер алу, 1 млн аналық мал басын импорттау, ет өндірісін экспорттайтын комплекстерге, мал бордақылау комплекстеріне жұмсалады 

 

Еліміздегі сиыр етінің импорты мен экспорты және тұтынылуы

Атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

1990

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Ірі қара

Мың бас

9 757

5 702

5690

5851

   

 

Соның ішінде сиырлар

тыс. гол.

4 879

2 503

2580

2735

   

 

Сиыр еті

мың тонна

709,6

392,8

373,5

383,7

   

 

Экспорт

мың тонна

184,5

0,02

0

0,3

   

 

Импорт

мың. тонн

6

12,3

20,6

23,4

   

 

1 адам басына тұтыну

кг

30

24,5

23,1

23,9

   

 

Импорт үлесі

%

0,0

3,0

5,5

5,6

   

 

 

Етті мал шаруашылығы құрылымының сараптамалық-бағдарлау құрылымы төмендегідей болады:

Асыл тұқымды ірі қараны көбейтетін шаруашылық

Ангус, Герефорд, Қазақтың ақбас сиыры, Әулиекөл сиыры секілді асыл тұқымды ірі қара өсіруші шаруашылықтардың басты міндеті – генетикалық тұрғыда өздерін жетілдіре беру, нарықтағы сұраныстарды қанағаттандыру, басқа шаруашылықтарды асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз етуге ұдайы ат салысу.

Ет саласының барлық тармақтарының тиімділігін арттыру

Тұқым беруші асыл тұқымды бұқалар, асыл тұқымды тайыншалар мен құнажындар – басты өнімдер. Тауар алушы фермерлерге асыл тұқымды бұқаларды көктемде, яғни, сиырлар қашатын мезгілде өткізген тиімді. Ал, асыл тұқымды тайыншалар мен құнажындар аналық бастарды көбейткісі келетін шаруашылықтар үшін. Торпақ секілді жас малдарды арнайы аукцион арқылы сатуға да болады.

Тұқым беруші бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыру тәжірибесі де кездеседі. Бұл көбіне ет тазалығына немесе салмақ қосу, жеңіл бұзаулату дегендей белгілі бір себептермен жасалады. Бұл үшін арнайы орындар қарастырылған(салмақ өлшеу орыны, қолдан ұрықтандыру, екпе жасау). Малды жартылай интенсивті күйде ұстау (жазда жайылымда, қыста арнайы жылы орында).

Асыл тұқымды ірі қара ұстайтын тауарлық фермалар

Аналық ірі қаралар (көбіне асыл тұқымды емес) ұстайтын жеке шаруашылықтар қатарына тауарлық шаруашылықтар мен коперативтер кіреді. Бұлар малдарын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқаны табиғи жолмен ұрықтандыру мақсатында жайылым маусымында пайдаланады.

Бұлар етті бұқаларды бордақылау орталығының көлемді ет саласының басты негізі болып есептеледі

Сондай-ақ, ауылдық жерлердің тұрғындарының өз-өздерін қамтамасыз етудегі кәсіптерінің алғашқы сатысы десек те болады.

Сайттағы ақпаратқа сенсек, 18 500 фермердің аналық малы 1 000 000 бас. Орташа есеппен жан басына 50-200 бас аналық малдан келіп тұр (www.sybaga.kz сайты). Бұлар асыл тұқымды немесе жай ғана аналық бастар. Жайылым маусымында бір асыл тұқыммды бұқа 30 бас сиырдан артық сиырды қашырмауы тиіс.

Бұл шаруашылықтардың басты өнімі – әрі қарай бордақылау үшін 7-8 айлық еркек торпақтар және аналық бас ретінде басқа фермаларға сатылатын тайыншалар. Әсіресе жемдеу барысында салмақты тез қосатын етті тұқым бұқалары бағаланады. Бұлар жартылай интенсивті жайда ұсталады. Жаз жайылымда, қыста арнайы орында.

Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау орындары

Мәрмәрдай таза кесек ет алу мақсатында бордақылау орталықьтары малды 90 күннен 180 күнге дейін жемдейді.

Бордақыланатын мал алғаш келген кезде әуелі мал дәрігерінің жіті тексерісінен өтеді. Сондай-ақ, жемдеу барысында да дәрігердің бақылауында болады. Өндіріс көлеміне байланысты (3000 бастан бастап) сұранысты тұрақты түрде стандартқа сай сапалы етпен қамтамасыз етіп отырады.

Фермерлерден жем, бұқалар сатып алуына байланысты тізбекті түрде қосымша ақылар қосылып, түсімге енеді

Бұл кәсіптің жүріп кетуі, пайда әкелуі бордақылау орнының көлеміне тікелей байланысты. Бір мезгілде 3000 бас малды бордақылай алатын орын экономикалық тұрғыда табысты деп есептеледі. Біздің Қазақстандағы жағдайларды бағамдай отырып, 20 000 басты бордақылайтын орын болса ірі табысқа кенелері анық.

Өзіндік құны жағынан тиімді жемдер – концентратты жемдер(арпа, сұлы, кебек), жүгері. Бұл жемдер қоры кем дегенде 1 жылға жетуі керек. Сондай-ақ, осындай дәнді дақылдарды суарылмалы жүйеге шамаңыз келсе өзің өсіруді де қолға алған жөн. Біздің елдегі жағдайды есепке алар болсақ бұл өнімдерді өзіңіз өсірген тиімді. Осылайша сіз өзіңізге қажетті көлемде,алдын ала жасаған болжамдарыңызға сүйеніп, қатты дәнді дақылдарды немесе жай ғана дәнді дақылдарды өсіресіз. Бұл өзіндік құны жағынан да тиімді болар еді. Бордақылау орталықтарына мал азығын тарататын техникалар да керек болады. Осылайша сіз адам күшін үнемдеп, уақыттан да ұтасыз.

Ет өңдеуші комбинаттар

Комбинаттар малды сойып қана қоймай, еттің одан кейінгі сақталу жағдайларын, ветеринарлық бақылауына, етті салқындату, ваккумды орамаларға салу, өнімнің әрі қарайғы іске асуына да жауап береді. Бұл тізімге еттің экспортталуын қосуға болады.

Өнімдерге сертификат беретін және және өнімді сапасына қарай сұрыптайтын орталық болып есептеледі

Салқындатылған жас ет және мұздатылған брикеттелген жас ет – басты өнімдер. Сондай-ақ, екінші сортты өнімдерді шұжық цехтарына тапсыруға болады.

Ішкі нарық сиыр етімен 97% қамтамасыз етілген. Фермадан бастап, бордақылау, сою орталықтарында жасалатын жұмыстарды, дайын өнімге дейінгі жолды ветеринарлық бақылау жүйесін автоматтандыру керек.

Бұл саланың экспорттау нарығы өте ауқымды (Ресей, ҚХР, Парсы шығанағы елдері). Асыл тұқымды малдардың етіне деген сұраныстың өсуіне байланысты бұл саланы дамытуды назардан тыс қалдырмаған жөн. Белгілі бір шекке жетіп алған соң, яғни, жоғары сапалы еттер мен жоғары сапалы жемдерге қол жеткізген соң салаға субсидия бөлуді тоқтатқан жөн (шамамен 2022 жылдар).

Малды үй маңында сою дәстүрі әлі де жойылмағандықтан 50 млрд шамасындағы кіріс кірмеуде. Мал терісі, сүйектері секілді қалдықтардың барлығы өңделуі тиіс. Ал, арнайы орында сойылмағандықтан көбіне бұл қалдықтар экологиялық нормаларды бұзып, далаға тасталуда.

Мақсұт БАҚТЫБАЕВ,

"Қазақстан Ет одағы" басқармасының төрағасы, эксперт

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз