Қаз өсіру – ауыл шаруашылығындағы ең тиімді кәсіп түрлерінің бірі. Бұл шаруашылықпен бүкіл отбасымен айналысуға болады. Мысалы, бір адам 1000 қаз, ал егер кәсіби түрде айналысатын бүтін бір отбасы болса (3-5 адам), онда тұрақты 3000- 10000 дейін қаз өсіруге болады. Ал, бұл 50 тонна салмақтағы сойылған ет есебінде. Өз кезегінде, қаз шаруашылығы - маусымдық бизнес, оның сақтауға міндетті өз ерекшеліктері, технологиясы да бар.

Бұл бизнестегі Ноу-хау – қаздарды "фуа-гра" ("семіз бауыр") қоректендіру. Осындай тәсілді бордақылау бізге ежелгі Египеттен келген. Осыдан 4500 жыл, б.э. дейінгі Египетте қазар мәжбүрлі түрде маймен тамақтандырған, кейін оған майлы бауыр қосылған. Францияда өнеркәсіптік өндірістегі фуа-гра 1980 жылдары басталды. Қазақстанда қаз шаруашылығы біртіндеп қайта жандана бастады. Ынталы фирмалар мен шаруа қожалықтарының арқасында үлкен перспективаларға толы осы сала қарқынды даму үстінде. Өйткені өсіріп және бордақыланған 1000 қаздан бір маусымның соңында 5 тонна ет алуға болады. Ешқандай ірі қара мал 5-6 ай көлемінде мұншалықты ет бермейді.

Өз кезегінде, сапалы сою үшін заманауи қымбат құрал-жабдықтармен жабдықталған мал сою цехы қажет. Өндірістің барлық кезеңдерінде тірі қазды қабылдауда, оның етін салқындату, қаптау, мұздату және сақтау кезінде тиісті ережелерді және жағдайларды қолдану керектігі ұсынылады.

Сынақ хаттамасымен расталған облыстық ветеринариялық зертхана өнімнің сапасы туралы барлық ережелердің сақталғанын растауы тиіс. Сондықтан, біз шаруа қожалықтарына келетін қызметтің осы түрімен айналысуға көмектесуді ұйғардық.

Қазды дұрыс өсіру

Егер өнеркәсіптің бұл түріне жеделдетілген бордақылау тәсілін енізетін болсақ, онда оған жылу мен тазалығы сақталған үй-жай, суарғыш (өндірістік құрал-жабдықтар) және ақуызы жоғары теңдестірілген жем-шөп, дәрумендер, майлар, ақуыздар және үлкен көлемді энергия қажет. Мұндай замануи тәсілмен бордақыланған қаздардың етке жарамды болуы үшін 3-4 ай қажет. Әдетте учаскелерге жақын жерде интенсивті бордақылау барысындағы қаздарды серуендету де қаартық етпейді.

Мал өсірудің дәстүрлі схемасы бойынша төлді төсеніште немесе үй-жағдайында аралас келген едендерде (70% төсеніш, 30% торлы едені) өсіруді дұрыс деп санаймыз. Арнаулы үй-жағдайында төлді тәуліктік мерзімнен қаз болып ересек табынға қосылғанынша өсіреді. Немесе климаты реттелетін үй-жайларында 3-4 апта ішінде өсіреді. Кейіннен, жеңілдетілген құс қоралардағы жайылым, суды пайдалана отырып өсіреді.

Бірінші аптаның ішінде қаз үшін құс қорада ауа температурасы 26-28 C деңгейде болуға тиіс. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 65-70%. Екінші апта үй-жайдағы ауа температурасы 2-3 C төмендейді. Үшінші аптада ауа температурасын 22 C-қа жеткізуге болады. Кейіннен олар бір-бірінен ажыратылады, ал ауа температурасын 18-20 С-қа дейін төмендету әдісін пайдалануға болады.

Бұл ретте үй-жайындағы температураны төмендету немесе арттыру қаздардың мінез-құлқына қарай қызмет етуі тиіс. Қалыпты ауа температурасы кезінде олар үнемі қозғалыста, біркелкі болған жағдайда абдырап қалуы мүмкін. Ал төмен температура кезінде қаздар қыңсылай бастайды.

Қазды ұстау кезінде торлы және аралас едендердегі сыйымдылығы 250 бас әрбір секция алмалы-салмалы қоршаулармен бөлінуі керек. Құс секциялары мен құс қораларына едендер әдетте, бетондалған, жуу және дезинфекциялауға төзімді қатты жабыны бар болуы керек.

Төсеніш ретінде ағаш үгінді, жоңқа, түйе қамыс, шымтезек, күнбағыс тұқымдарының ұнтақталған өзектері, жүгері собықтарын және басқа да материалдар қолданады. Ескі, тез тозып кететін және шикі төселетін материалдарды пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Төсеніш материалдың ылғалдылығы 25% - дан аспауы тиіс. Құсты отырғызар алдында төселетін материалдың қабаты кемінде 15 см болуы керек.

Ластануына қарай төсенішке жаңа қабат төсеп отыру керек. Қаз өсіру процесі аяқталғаннан кейін, төсенішті ауыстырады. Әр қазға бір килограмм көлеміндегі төсеніш қажет, тәуліктен 9 аптаға дейінгі қаздың өсуі – 6,5 кг, 9-дан 30-ға дейін апталық қаздарға қарағанда – 21,0 кг қажет.

Балапандар үшін серуен алаңы әдеттегіден 1,5 есе артық болуы керек. Алаңның үштен екі бөлігі солярий биіктігі 1,5 метрден кем емес тормен қоршап және әр секцияны торлы бағандармен бөлу қажет. Қаздарды серуендетуге бірте-бірте үйрету тиімдірек. Жылдың жылы мезгілінде апталық қаздарды серуендеуге шығаруға болады, және ол есепке күн сайын 20-30 минут қосып отыруға болады.

Қаздарды солярийге шығару үшін құс қорасында арнайы лаз ұйымдастырады, бір лазға 125 бас асыл тұқымды қаздар сыяды. Лаз мөлшері жас төлдер үшін: ені - 0,5; биіктігі – 0,5; табалдырықтың биіктігі - 0,05 метрден.

Қаз өсіру кезінде қаздарды отырғызу тығыздығы мен көлемінің маңызы зор. Ол өз кезегінде құстардың мінезі мен реакциясына әсер ететін құбылыс болып есептеледі. Тым тығыз орналастырылған жағдайда, құстарға жеке кеңістік жетіспегендіктен, олар тынымсыз күй кешуі мүмкін. Мықты әрі агрессивті құстар тамақтың жанынан шықпай, әлсіз құстарды шетке ығыстырып жіберуі де әбден ықтимал жағдай.

Құстарды тым тығыз орналастыруда каниибализмге әкеліп соғу қаупі де бар. Әрі құс санының да шектен тыс көп болуы өзара стресске әкеліп соғары даусыз. Себебі, бір-біріне таңсық индивидиумдар тіршілік ете жүріп, бір-бірінен үркіп, қорқа бастайды. Сондықтан келесі талаптарды сақтау қажет:

- қаздарды тірі салмағы бойынша теңестіріп тұру қажет (әлсіз туғандарды бөлек қоректендіріп, ортақ салмақты шығару қажет);

-нашар микроклиматты жерде қону тығыздығын азайту қажет;

9 апталық қаздар үшін қоршау биіктігі – кемінде 0,6 м құрауы керек; 9 аптадан асқан қаздар үшін – кемінде 1,2 м; әр түрлі топтағы құстарды араластырып ұстауға тыйым салынады.

Қаздарды өсіру кезіндегі негізгі технологиялық параметрлер

Жылдың жылы мезгілінде 3-4 апталық қаздарды жайылымдар мен су қоймаларына шығаруға болады. Жайылым кезінде 1 га алаңға құстардың жайылуы үшін бірнеше факторлар әсер етеді. Ең алдымен, алаңдағы шөптің сапасына, оның өсіп-өну кезеңіне және т. б. Мән берілген дұрыс. Қаздың толық қорегі үшін тәулігіне шамамен 1 кг сапалы шөп қажет. Қаздардың суға қону тығыздығы көп жағдайда судың құрамы мен онда өмір сүретін жанды нәрселерге байланысты келеді (балық, т.б.) Жоғарыда көрсетілген факторлардан бөлек, жеке жағдайларда мамандар құстардың қону тығыздығын өздері де анықтай алады.

Қаз өсіру кезіндегі құстардың ұшу алаңының параметрлері

Жарықтандыру

Қаз өсіру процесінің негізгі тармақтарының бірі – жарық режимі болып табылады. Табиғи жарықтандыру кезінде құсты қамтамасыз ету үшін жеткілікті жарық пропорциясы терезелермен және еден арасындағы қашықтық 1:10 – 1:20 болуы тиіс. Ауа-райы бұлтты кезде немесе жаңбырлы күндері қосымша электр жарықтандыру пайдаланылады.

Алғашқы тәуліктерде жарықтандыру күні бойы, содан кейін жарық күннің ұзақтығына байланысты жарты сағатқа қысқарып отырады, 4 апталық қаздарға жарық беру 14 сағатқа қысқартылып, 9-10 апталық кезеңіне дейін жалғасады.

Маусымдық өндірісте табиғи жарықтандыру кезінде ет жөндеуші төлдер 3 апталық кезеңнен 30-апталығына дейін өсіреді. Жыл дөңгелегінде балапан етін өндіру әдісі қолданылып, сараланған режимнің жарықтандыру есебі бойынша: 9+17-апталықтарда жарық күн ұзақтығы 10 сағат, 17-ден 30 апта – 7 сағат. Жарықтандыру деңгейінде науалар мен астаулардың суы 25-30 лк. Болуы шарт. 30-апталық кезеңге жеткен құстың жарық режимі ауыстырылып, ересек қаздардың өнімділігін арттыру кезеңі орын алатын болады.

Қаз өсіру кезінде құс өсіруші басшылары қаз отырғызудың норма тығыздығын ескере отырып, тәуліктік-кезеңнен 4-апталық кезеңге дейін 8 гол/м2 құрауы тиіс, ал 4-апталықтан 9 (10) апталыққа дейін – 4 гол/м2 құрағаны жөн. Қаз өсіру кезінде орын алмастырусыз нормалық отырғызу тығыздығының орташа өлшемі, тәуліктік кезеңнен 9 (10) апталығына дейін– 4 гол/м2-ден жоғары болуы тиіс, сәйкесінше 10 апталық мерзімдік көрсеткіш – 3 гол/м2 тең болу керек.

Суарғышты күн сайын жуып отыру керек, науалар – ылғалды азықтандыру талабы бойынша тәулігіне бір рет тазартылып тұруы тиіс.

Қазды температуралық режимінде өсіру

Климаттық жағдайларға байланысты, бірақ кем дегенде тәуліктік қаздарды қабылдаудан 24 сағат бұрын, құс қораларында жылыту жабдықтары қамтылатын болады. Температураны астында орналасқан жасанды қыздырылатын құрылғы арқылы 32о С-қа дейін көтереді, ал үй-жайда 26-27о С (температурасын еденнен 10 см биіктікте өлшейді). Қаз өсірудің температуралық режим күндері келесі кестеде берілген.

Қаздар үшін температураны әр 2-3 күн сайын біркелкі 0,5 С-қа азайтып отырады. Үй-жайдың температурасы қаздардың мінез-құлқы мен жағдайына әсер етеді. Егер ол көтерілетін болса, қаздар бұрыштарға қаша бастайды, бұл жағдайда брудерді көтеру керек. Егер олар шоғырланып жүрген болса, демек, температура төмен. Қалыпты температурада қаздар біркелкі орналасады.

Температураны бақылаумен бір мезгілде ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын да бақылауға болады. Алғашқы 4 апта салыстырмалы ылғалдылық деңгейінде 65-70% сақталады, одан кейін балапандардың ылғалдылығы 70-80% құрауы мүмкін.

Жылу беру мезгіл және климаттық жағдайларға байланысты. Жылдың алғашқы айларында туылған қаздар жылытуға кем дегенде 4 апта бойы мұқтаж болады. Ал сәуір және мамыр айында алынған қаздар 1-3 апта көлемінде жылытады, ал шығарылған күндерді – тек бірнеше күн немесе тек түнгі уақытта ғана жылыту мекенінде болады.

15-күндік жасынан бастап қаздарды тамақтанатын уақытында сыртқы жоғары температура 20 С болған жағдайда үй-жайға жақын жердегі ашық жайылымға шығарады. Қаз үшін алғашқы 30-40 күн едәуір қауіпті қиын уақыт болып табылады.

Ауа-райының кенеттен ауысуы немесе жаңбырдан құс ауруы мүмкін, өйткені мамық оны жаңбырдан қорғай алмайды және бұл функцияны өзіне кейінірек пайда болатын қауырсын алады.

Құрал-жабдықтар

Азықтандыру үшін қарапайым ағаш астаудан металл цилиндр науаларға дейін, механикалық тізбекті жем беретін құбырлары бар кез келген астау түрлерін пайдалануға болады

Алғашқы апта сыйымдылығы 3-тен 4 л цилиндрлік, вакуумдық суарғыш пайдаланады, содан кейін сызықтық суарғыш – бетон немесе кесілген пластмасса, металл құбырлар, бір шетінен белгіленген арналары жабылған торлы суарғыш қолданылады.

Конструктивті суарғышты құстың өсуіне қарай көтереді. Суарғыш құстың арқа деңгейін белгілейд. Басқа жануарлармен салыстырғанда құстар суды тұмсығымен тартып, басын жоғары қаратқанда ғана су өңешіне түседі.

Қаз өсіру тәжірибе ретінде біздің еліміздегідей шетелде де, ересек құс ұстайтын үй-жайларда қалың төсеніште тығыздығы отырғызу көрсеткіші – 1 м2 еденге 1,5-1,7 бас. Құс өсіретін жай бойында қоршалған серуендету орны жасалады, оның мөлшері үй-жайдың ауданынан 1,5 есеге артық. Қазды шығару үшін арналған серуендету орнын арнайы лазамен жабдықтайды.

Қаздарды науалар үлгісіндегі СБГ-0,3, БЕС-0,5 тамақтандырады ҚНУ жабдық жиынтығын пайдалануға болады, сондай-ақ осыған қатысты басқа типтегі т. б. құрылғылар бар. Азықтандыру фронты кемінде 10 см/гол.

Қаз суғару үшін ағынды сумен реттелетін су деңгейіндегі АПЖ-140 үлгісі пайдаланады. Суарғыш торлы тақтаймен жабылған кәріздің үстінде орналасады. Суару фронтының үлесі бір басқа 3 см-ден кем болмауы тиіс.

Сергей СЕРГИН,

ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз