Көпжылдық өсімдіктердің, әсіресе бұршақтұқымдастардың органикалық заттарын күйіс қайтаратын жануарлар оңай сіңіреді. Олар жоғары сіңімді, ас қорыту каналынан жылдамырақ өтеді, жақсы желінеді. Сондықтан орым сәйкесінше тиімді жасалу керек.

Жинау тәсілін таңдау және жемшөптік ретінде бұршақ тұқымдыларды қолдану мақсатында олардың келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:

Өсімталдық айналымы мен көп орымды болуы.

Бұл қасиет жануарларды жайылымда немесе қорада 5-6 ай бойы балғын жасыл массалық жеммен қамтиды

Жапырақтарының сабақтарға қарағанда құрамы біршама құнды. Мұнда 80% протеин және 2/3 құнды минералды элементтер бар. Олардың сіңімділігі сабақтарға қарағанда айтарлықтай жоғары.

Жапырақтар (сабақтар) ара қатынасы вегетация кезінде жылдам алмасады. Бұл кезде жер бетіндегі өсім массасының жалпы жемдік құны бәсеңдейді. Вегетация басында сабақ өсімімен қатар жаңа жапырақтар көбейе береді, және жапырақтар ара қатынасы тұрақты сақталады. Бірақ, бір уақыт келгенде, сабақ ары қарай өсуін жалғастырады ал жапырақтардың жалпы массасы төмендегі жапырақтарының түсіп қалуының кесірінен ұлғаймайды.

Бұл сыни сәт болады, себебі бұдан кейін жемшөптің құндылығы тез бәсеңдеп кетеді.

Мұндай жағдайдың жылдамдауын су тапшылығы мен жоғарғы температура арттыруы мүмкін. Орымдарда жоңышқаны кептіру барысында жиі жауын-шашын болса, жапырақтары төгіліп қалып, пішенның сапасы төмендеп кетеді.

Жоңышқа мен эспарцеттің сабақтары жуан, қалың балауызды жабындысы болады, ол кептіру кезеңін ұзартады. Жауын-шашын жиілеген кезде және дестелерді қалыңдатып жиғанда пішені жылдам шіріп, өзінің құндылығын жояды. Бұл ерекшелігін қыс кезеңіне жемшөп жинап, даярлағанда ескеру қажет.

Бұршақ тұқымдастардың жемшөптік массасын кептіруін орымды шөпшапқы-жаныштауыш арқылы жылдамдатуға болады. Осы әдіс арқылы дихандар өсімдіктің ең құнарлы бөлігін – жапырақтарын сақтап қалу мүмкіндігіне ие бола алады.

Шөпшапқы-жаныштауышты қолданудың негізгі артықшылығы – ол оның көп атқарымдылығында. Барлық үдеріс бір мезетте бірнеше өзара байланысты сатыларарқылы орындалады. Ең алдымен сабақтары роторлық элементтермен немесе буынды кескіштермен кесіледі. Орым арнайы қалбағайымен реттеліп жатады. Ол екі қызмет атқарады – орым бағытын реттейдісосын орылған шөпті дестелегіш иірме арқылы жаныштауыш ауызына алып барады және соңғы кезеңінде олардан дестелер түзіледі, негізінен бұл жемшөптің көлемін азайту үрдісі. Кейіннен еш бір қосалқы әкеретсіз олар тайлағыш-жинағышпен немесе шөпшапқы-ұсақтағышпен пішендеме және сүрлем жасау үшін жинақталады.

Қысқы кезеңге пішен, шөп дайындаудың бұл технологиясы Түркістан облысының Шардара ауданындағы "Біржар" ЖШС-нда қолданылған болатын, ол серіктестік тастанды жерлердің 58 гектарына "жасыл" жамылғылы (арпа және судан шөбінің қосындысымен) жоңышқа еккен болатын. Олардың орымдық пісіп жетілу кезеңдері әр алуанды болады.

Шөпшапқы-жаныштауышты қолдау арқылы ол айырмашылық теңістіріліп реттелді жер беті вегетативты құнды жиынтықтың – жапырақтары мен гүлдерінің сақталуымен алғашқы және кейінгі орылымдар дер кезінде жүргізілді.

Ағымдағы жылдың жоңышқа пішенінің өнімі бірінші орымда 7т/га құраса, екіншісінде 8т/га және үшіншісінде – 6т/га жоғары сапалы пішен жинақталды. Бұл егіндікке 2018 жылдың тамыз айында семинарға қатысушылар барып, тастанды жерлерді қайта іске қосуы, жемшөптік дақылдардың айналымын арттыруы және пішенді, шөпті қысқа дайындық барысында қалдықсыз технологиясын қолдануы тәжірибесін жоғарғы санатта бағалады.

Бақтияр САДЫҚ,

Ауыл-шаруашылық ғылымдарының докторы,

Жемшөптік дақылдар және жем өңдеу жөніндегі маман

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз