Қазіргі кезде көкөніс және картоп дақылын өсіруменмен айналысатын шаруалар дақылдың сорттарын және будандарын таңдауда басты назарға алып отыр. Шаруаларға сорттың универсалдығы, жоғары өнімділігі, ауруға төзімділігі, тауарлық сапасының жоғарлығы көптеп қызықтырады.

Қазіргі кезде көкөніс және картоп дақылын өсіруменмен айналысатын шаруалар дақылдың сорттарын және будандарын таңдауда басты назарға алып отыр. Шаруаларға сорттың универсалдығы, жоғары өнімділігі, ауруға төзімділігі, тауарлық сапасыныңжоғарлығы көптеп қызықтырады. Сорт таңдау, тұқымдық материалдың сапасы көкөніс және картоп өсіруде пайда табыудың негізгі факторларының бірі есептелінеді.

"Жақсы сорт-жарым ырыс" деп шаруалар бекер айтпаған. Қазіргі кезде көкөніс және картоп дақылдарының отандық және шетелдік сорттарының қаптаған түрлері бар.

Ал жоғары өнімді, сапалы өнім беретін сыртқы қоршаған ортаға бейім ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді сорттарды таңдау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әрине бұнда тажірибелі маман немесе білікті агроном қажет болады.

Еліміздің басым облыстарында көкөніс дақылдарын өсіру табиғи-климаттық шарттарына байланысты маусымдық сипатта жұргізіледі. Бұнда оңтүстік өңірлерде құрғақшылыққа төзімді өте ерте пісетін, солтүстік аймақтарға суыққа төзімді сорттар таңдау қажет болады. Жалпыламай еліміздің ерте пісетін көкөністері оңтүстік аймақтарда орналасқан, ал республикамыздың солтүстік өңірлерінде, көкөніс аз өсіріледі. Алайда 1-2 гектар жері бар шағын шаруа қожалықтарыкөкөніс түрлерін өсіруге ниеті жоқ.

Көптеген шағын шаруашылықтарда қаржы жоқтығынан заманауи технологияны пайдалана алмай отыр. Республикмыздың солтүстігіне бейім табиғий климат жағдайына орнықты көкөніс дақылдарының сорттары жетіспейді, солтүстік өңірге өсіруге шыдамды сорттық тұқымшаруашылықтарыда жоқ ал шетелден келетін тұқым қымбат,екіншіден, өнімді қайда өңдейтін заманауи құрылғылары бар өңдеу орындары мардымсыз және көкөніс өнімін сақтайтын жер жеткіліксіз. Нәтижесінде солтүстік өңірде жергілікті өнімнің аз болатындығынан, көбіне Оңтүстік Қазақстан облысынан немесе көрші Өзбекстан, Түркменстан, Қырғыз мемлекеттерінен келтірілген көкөніс өнімімен қамтамасыз етіледі.

Сондықтан қыс бойы сәбіз, пияз, сарымсақ, қияр мен қызанақтың да бағасы шарықтап түрады. Оңтүстік өңірден солтүстік өңірге көкөніс өнімдерін сапалы жеткізуде қыйыншылық туғызады себебі көкөнісөнімінің құрамында судың көптігіне байланысты өнім тез бұзылады және тасымалдауға қиындық келтіреді, өнімнің тауарлы түрі мен қасиеті нашарлайды.

Ал көрші мемлекеттерден өнген өнімнің сапасы сын көтермейді. Осы орайда солтүстік өңірде ерте көкөніс дақылдарының өнімін шығаруда ертегі көшет пен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек болады.

Мәселен оңтүстік өңірлерде көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіріп солтүстіктің ауа райы қолайлы болған кезде жеткізіп беру жұмыстарында қарастыру керек.

Қазіргі кезде Қазақстанда көкөніс өсіруде шаруалар негізінен шетелдік сорттарды таңдауға қызығушылығы жоғары. Шетелдік сорттар өнімді өндіруде жоғары технологияны талап етеді. Әріне кезкелген шаруалар шетелдік сорттардың тұқымдарын сатып алуға жағдайлары келе бермейді. Сондықтанда өзіміздің отандық сорттардың әр аймаққа аудандастырған сорттарын егіп жоғары өнім алып отырған шаруаларда бар. Отандық сорттардың тұқым материалдары арзан және табиғи – климат жағдайына төзімді болып келеді. Бірақта отандық сорттарды шаруаларға жеткізіп беруді бірнеше себебтер қол байлайды; 1. отандық сорттардың жетістіктерін жарнамалау жеткіліксіз денгейде; 2.отандық селекционерлердің жасап шығарған сорттарының атамасы толықтай қазақ тілінде аталмаған; 3.отандық сорттардың өнімділігіде сапасыда шетелдік сорттармен бәсекелесе алады, бірақ отандық сорттарды жетістіретін тұқымшаруашылықтары жеткіліксіз.

Шетелдік ғалымдар, фирмалар дақылдардың сорттарын, негізінен базар маркетінен зерттеп қандай сорт өтімді және өнімді, басекеге қабілеттілігін зерттепжоғары технологияны және ғылыми жетістіктерді пайдаланып жасайды.Сондықтанда бірқатар ірі шаруашылықтар, кейбір кәсіпкерлер шетел өнімдерін тиімді деп бағалайды.

Сорттық агроэкологиялық жүйені қалыптастыру, сорттық агротехниканы дұрыс қолданбау көкөніс дақылдарының сортынан биопотенциалдық мүмкіндіктерін толық игере алмай өнімнің шығымдылығы төмен болатындығын тажірібеден көріп отырмыз

Агротехнологиялық шаралар дұрыс қолданылған жағдайда кейбір сорттар мен будандардың биопотенциалдық мүмкіндіктерін толық игеруге және оның өнімділігін көтеруге болады.

Қазақстанда ең көп егілетін көкөніс дақылдарының бірі қызанақ (егістік алқабы 2017 ж. 29497,5 гектарды құрады). Оның өнімділігі орташа есппен 25-30 т/га құрайды. Қазақстанда қызанақ дақылының орташа өнімділігі әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда төмен деңгейде. Мұның басты себебі қызанақ дақылын өңдеуге техника өндірісінің жеткіліксіздігі, материалдық базаның мардымсыздығы, сонымен қатар қызанақ дақылының ораналасыуы тәуекелді (суға) егіншілік аймағында орналасқандығында, шетелдік қызанақ сортарының жоғары қарқынды технологияны қажет ететіндігі.

Қызанақ балғын және қайта өңделген күйінде қолданады. Біздің елімізде қызанақ негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында көптеп егеді (10277,8 га) жәнеде асқа жиі пайдаланады. Ал, қайта өңдеу өндірісінің талабы бойынша қызанақ жемістердегі құрғақ зат мөлшері 6% -дан жоғары болуы керек, бірақ көптеген сорттар осындай талапқа сай келе бермейді. Құрғақ зат мөлшері бойынша қайта өңдеу талаптарына сай қызанақ сорттарынан негізінен отандық және шетелдік сорттарды алуға болады, олардың жемісіндегі құрғақ зат мөлшері 6% - дан жоғары. Отандық сорттардан сапасы биохимиялық құрамы шетелдік сорттармен бәсекелесе алады. Біздің ғалымдар жасап шығарған сорттар. Заря Востока, Меруерт, Пламя, Самаладай (45-50 т/га) сорттары өзінің сапасымен дәмділігімен, тойымдылығымен ерекшеленеді. Өнімділігіде жақсы, сапасыда жоғары. С дәруменінің мөлшері бойынша Меруерт сортында 24,48-28,50 мг% - С дәруменіне салыстырмалы түрде ең бай сорт ретінде қарауға болады. Сондықтанда болашақта қайта өңдеу өнеркәсібі өндірісінің талаптарына толықтай сай келетін сорттарды көбейтіуіміз керек. Қызанақтың жоғары өнімді сапалы сорттарын ірі шаруашылықтарға отырғызу тиімді болады. Шетел сорттарынан өнімділіктің жоғары қызанақтың Метеор, Багио сорттары еліміз жағдайында өнімділігі бойынша жоғары тұрады 80,0 т/га дейін. Ал, отандық сорттарды жоғары технология және тамшылатып суғару, топырақ құнарлылығын артырып өңдесе гектарынан 25-30 % жоғары өнім алуға болады.

Көкөніс дақылдарынан қызанақ, қияр, баялды, бұрыш түрлерін негізінен қала және аудан маңына жақын шаруалар көптеп өсіріде. Бұл еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға, өнімді ішкі базарға өңай тасымалдауға және жақын маңайдағы қайта өңдеуші кәсіпорындарға жеткізіп беру оңтайлы келеді.

Ал, қала және аудан маңайынан ұзақтау жерлерге қырққабат, сәбіз, пияз, сарымсақ құсаған дақылдарды егу тиімді болады. Көкөніс өсіру негізінен қол еңбегін көптеп талап ететін өте машақатты іс. Әріне қазір қала және ауыл тұрғындарының жұмыссыз отырған еңбек резервтерін маусым аралық жұмыс пен қамтуда көкөніс дақылдарының алатын орны ерекше және әлеуметтік, экономикалық маңызы бар. (жұмыссыз жастарды жұмыс пен қамтыуда).

Қазақстанда ең көп таралған көкөністердің бірі басты пияз және асханалық сәбіз дақылдары. Майда және ірі шаруашылықтар үшін пияз және сәбіз өсіру өте ұтымды. Себебі бұл көкөніске деген сұраныс жоғары және оның шығыны өте аз. Сонымен, сәбіз және пияз ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыруда ең маңызды ауыспалы егіске өте ыңғайлы және оның егу жерін картопен алмастыруға болады.

Жамбыл аумағында өндірілген ас сәбіздің өнімдерін күз түсісімен көрші Өзбекстанға тасымалданады себебі Жамбыл өңірінде өндірілген ас сәбіз, кулинарялық жақтан сапалы, ұзақ сақталынады, дәмді және бағасы қол жетімді.

Сондықтанда трансшекаралық аймақ Жамбыл облысында сәбіз және пияз дақылын көптеп егіп экспорттық мүмкіншіліктен толықтай пайдалануға болады. Қазіргі кезде пияз және сәбіздің экспорттық мүмкіншіліктерінен жергілікті шаруалар толық пайдалана алмай отыр.

Себебі, күзде өнген өнімді тасымалдайтын, сақтайтын орындардың жоқтығынан делделшілер Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен келіп егіс алқабынан тікелей көтерме сауда жасап бағасын арзан бағаға сатып алады. (Мысалы, тамыз, қыркүйек айларында пияздың көтерме бағасы 25 тенгемен сатылады). Әріне бұл майда шаруалар ұшін өте тиімсіз. Ұсақ шаруалардың қыста сақтайтын қоймалары, жақын маңайда пиязды және сәбізді өңдейтін өңдеуші кәсіп орындары жоқ. Сондықтанда дайын өнімдер арзан бағада шет ел асып кетеді.

Қазақстандық селекционер жетістірген ас сәбіздің сорттары өнімділігі және құрамындағы пайдалы қасиеті жағынан шетелдік сорттармен бәсекелесе алады (отандық сорттардың құрамында 15-19 мг% каротин бар).

Қазақстанда картоп шаруашылықтарында өсіріліп атырған картоптың өте ерте пісетін сорттарының үлесі 1,7% құрайды. Бұл демек әліде болса гектарынан 30-40 тонна өнім алынатын 50-60 күнде пісетін өте тез пісетін картоп сорттары шаруашылықтарда жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Картоптың өте ерте пісетін 2 сорты мемлекеттік тізбесіне енгізілген. Сондықтанда осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында отандық селекционерлеріміз жоғары сапалы өте тез пісетін диеталық мақсаттарда өсірілетін отандық картоп сорттарын жетілдіру қажеттігі туынтап отыр.

Қазақстан республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізілген картоп сорттарының ерте пісетін сортарының үлесі 24,7% құрайтын болса, орташа және орташа ерте пісетін картоп сортарының үлесі 27,4-32,7 % - ды құрайды. Орташа кеш пісетін сорттар-13,5%.

Мысалы Ақмола облысы бойынша отандық картоп сорттарының үлесі 36% құрайды, шет ел селекционерлерінің сорттары 64%. Қарағанды облысы бойынша сәйкесінше 26,6; 73,4 %. Кейбір облыстарда отандық сорттардың үлесі жоғары: Қызылорда облысында отандық картоп сорттары 70,0%, шет елдік картоп сорттары 30,0%. Батыс Қазақстан обылысы бойынша сәйкесінше 75,0%; 25,0% яғный отандық сорттардың үлесі жоғары.

Картоп өніміде агроэкологиялық аймақтар бойыншада ерекшелінеді. Бүл демек аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты картоп өнімінен бір сорттан әр түрлі аймақтардан әр түрлі өнім алынады. Картоптың ерте пісер сорттары Оңтүстік Қазақстанда жоғары өнім топтаса (30,36 т.га) сол картоп сорты Батыс Қазақстанда 18,61 т.га өнім алынған. (Королева анна сортынан)

Орташа ерте пісетін сорттардан Алматы облысында жоғары өнім алынса 37,2 т.га. Сол картоп сортынан Оңтүстік Қазақстан облысында 17,3 т.га өнім алынған. (Аризона- сортынан). Бұл әртүрлі аймақтардың табиғи-климаттық жағдайына, сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, экологиялық жағдайларға, сонымен материалдық техникалық қамтылу дәрежесінеде байланысты.

Әлі де болсада сорттарды әр аймақтарға аудандастыру кезінде сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, генетикалық мүмкіншіліктеріне, топырақтың құнарлылығына және де сумен қамдылу денгейіне қарап аудандастыру қажет болады.

Әр түрлі аймақта таралған зиянкестермен ауруларда картоп өніміне кері әсерін тигізеді. Сорта таңдауда фермерлер:-сорттарың жоғары өнімділігін, жақсы сапалық көрсеткіштерін, жергілікті жердің топырақ-климат жағдайына бейімділігін, ұзақ сақтауға жарамдылығын, биотикалық, абиотикалық факторларға төзімділігін білуі керек.

Картоп жасаң және қайта өңделген күйінде азыққа пайдаланылады. Әлемнің жетекші елдерінде картопты қайта өңделген күйде пайдалану өсу үстінде. Қазақстанда картоп өнімдерін қайта өңдеу, (пастерлеу, вакуумды қаптау) өнеркәсіп орындары жеткіліксіз дамыған. Картопты қайта өңдеу бойынша Қазақстандық технология мардымсыз.

Қазақстан республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізілген (2018 ж) картоп сортының 113 нің 90 сорты асқа арналға- 79,6 %, 23 универсальды сорттар -20,4% құрайды. Картоптың универсальды сорттары жеткіліксіз. Кулинарлық жақтан өңделетін диеталық және әр түрлі сақтау мерзімдерге жарамды картоп өнімдерін өнідіретін өнер кәсіп орындары мардымсыз. Картоп өнімінен крахмал алынатын отандық сортар жасалмаған жәнеде Қазақстанда картоптан крахмал өндіретін өнеркәсіп дамыту керек.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда көкөніс және картоп дақылдарын өндіруде, заманның жаңа талаптарына сәйкес сорттарды, будандарды, озық үлгідегі технологияны шығаруға және инновациялық технологияларды енгізу, шағын шаруаларды біріктіріп кооперациялар құру, осыған қажетті мамандар даярлау мен материалдық жарақтандыруға шаралар қарастырылуы тиіс.

Қуандық СЕЙІТБАЕВ,

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз