Тұқымдық жануарларды өсіретіндердің басты мақсаты жоғары сыныпты генетикалық материалды өндіру болып табылады, себебі олар үздіксіз генетикалық үдеріске құштар. Қазақстандағы ең үдемелі селекционерлер меншік отарын тұрақты жақсарту үшін жасанды ұрықтандыруды пайдаланады. Жасанды ұрықтандыру генетикалық жақсарту жылдамдығына тікелей әсер етеді.

Қолдан ұрықтандыру селекционерге жоғары санатты бұқаларды пайдалануға мүмкіндік береді және соның есебінен, асыл тұқымды табында генетикалық үдеріс тез өтеді. Нәтижесінде, өсіруші қолдан ұрықтандырудан бұзау түрінде экономикалық нәтиже алады. Қолдан ұрықтандырудан алынған жануарлардың құндылығы жоғары және селекционерлер арасында жоғары сұранысқа ие.

Қолдан ұрықтандырудың маңызды артықшылықтары бар. Ол ең бағалы асыл тұқымды малды ұрықтандыру жолымен табынды тиімді әрі тез жақсартуға мүмкіндік береді, ата-аналық жұпты іріктеуге зор мүмкіндік береді және осы топтағы сиырлар үшін қажетті, асыл тұқымдық сапасы бар малды таңдап алуға мүмкіндік береді.

Қолдан ұрықтандыру жағдайлары

Қолдан ұрықтандыру сиырларды белгілі бір мерзімде ұрықтандыруға мүмкіндік береді, инбридингті (жақын туыстық тоғысуын) бақылау жеңіл болуға, ұрықтандыру және сиырдың бұзаулауын бақылауды қамтамасыз етуге және жоспарлауға, сиырлардың ұрықтануын арттыруға, ірі

бұқалардың ұрғашыларды жарақаттауына жол бермеуге мүмкіндік береді. Қолдан ұрықтандырудан төл алудың жоғары деңгейіне жетіп пайда түсіру үшін, мынадай жағдайларды ескеру қажет:

Шағылысу кезеңіндегі сиырлар мен бұзаулардың қоңдылығы- сәтті ұрықтандырудың басты біралғышарты. Он балдық шкала бойынша қөзбен шолу жүргізіп, дене күйінің жағдайын бағалау әдістемесі бар. Ұрықтандыру кезінде жануарлар -балдық шкалаға сәйкес- орташа қоңдылықта (бес балға тең) болуы қажет. Ортадан төменгі қоңдылықтағы сиырлар ұрықтандыру кезінде төмен нәтиже көрсетеді. Дене күйінің жағдайы буаздық көрсеткішіне әсер етеді. Жануарлардың қоңдылығын бағалауға арналған ең жақсы кезең бұзауларды енесінен айырудан бастап шағылысу маусымына дейінгі 6 ай. Бүл аралықта өсірушінің арық сиырлардың күйін жақсартуға қосымша уақыты болады.

Сиырдың ұрықтанғаннан кейін бұзаулауынан кейінгі кезең де маңызды. Сиыр бұзаулағаннан кейін қайта қалпына келуі қажет, сәтті ұрықтану үшін бұған 45 күн қажет болады.

Селекционер бұқалардың ұрығын таңдауға мұқият қарауы қажет. Бүгінгі күні нарықта халықаралық компаниялар қоңдылықты басқа бұқарлармен салыстырғанда 10% ғана ұлғайтатын бұқарлардың ұрығын ұсынады.

Селекционер жадынамасы

Қолдан ұрықтандырудан қоңдылықтың жоғары болуы өсірушінің өз жануарларымен қалай жұмыс жүргізетініне дебайланысты. Көптеген селекционерлер қолдан ұрықтандыруды жыныстық күйлеумен сәйкестендіруді пайдаланады және жануарларды бөлу арқылы кемінде үш рет қуып, айдайды. Өндірушінің іс жүзінде күш түсірусіз жұмыс жүргізуі өте маңызды. Күш түсіру қоңдылықтың пайыздық көрсеткішінің төмен болуына себеп болады. Жануарламен күш түсірусіз жұмыс жүргізу үшін сенімді әрі қолайлы бөлу және сиырларды қимылдатпайтын бекіткіш орын болуы қажет, бұл ұрықтандыру үшін жануарға кедергісіз қол жеткізуге және сиырларды қимылсыз қалдыруға мүмкіндік береді. Жануарлармен жұмысты айғай-шусыз, иттерсіз, электр есеңгіреткішсіз, арқандаусыз байыпты түрде жүргізу қажет.

Сәтті ұрықтандырудың басты бір факторы жыныстық күйлеуді айқындау болып табылады. Мал еті шаруашылығында мұны жүргізу әсересе жануарлар жайылымда болғанда немесе мал басы көп болғанда оңай емес, Сондықтан көптеген селекционерлер жануарлар тобында күйлеудің бір мезгілде пайда болуы үшін жыныстық күйлеуді сәйкестендіруді пайдаланады.

Бұл келесідей артықшылықтарды береді:

Қысқа мерзім ішінде жануарлардың көбін ұрықтандыруға.

Бүкіл табыннан қатардағы бұзау алуға.

Жануарлардың күйлеуін сәйкестендіру жыныстық күйлеудің қиындауы анықталған немесе мүмкін болмаған жағдайда, өндірістік себептермен, қызмет кезеңін қысқарту үшін.

Ұрықты сақтауға және тасымалдауға көңіл бөлу қажет. Ұрықты сенімді жабдықтаушылардан сатып алу қажет. Дьюар ыдысын пайдалану кезінде нұсқаулыққа сүйену қажет және азотты уақтылы құйып отыру қажет.

Ұрықтандырушының да орыны маңызды. Ұрықтандыруды сенімді, беделді, тәжірибелі ұрықтандырушы жүргізуі қажет. Тосын жағдайлар үшін әрқашан қосымша ұрықтандырушының болуы қажет.

Әнуар ТҰРҒАНОВ,

"Қазақстандық ангус" республикалық палатасының сарапшысы

Әнуарбек Сейітмұратов,

"НИЦЖжВ" ЖШС мал шаруашылығы және мал дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз