Қант қызылшасы алқаптарының аумағы жылдан жалға кеңейіп отырғаны байқалады. Осы ауылшаруашылық дақылының жалпы түсімі де, оны өндіру көлемі де үздіксіз артып келеді.

Жинаудан қайта өңдеуге дейінгі толық цикл

Техникалық дақылдарға жататын қант қызылшасы негізінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында өсіріледі. Оған Алматы және Жамбыл облыстарының суармалы жерлерінің ауа райы жағдайы қолайлы. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында да қызылшаның тәжірибелік танаптары бар.

Дақылды өңдеуде осы салада алдыңғы орындарда тұрған «Орта Азиялық Қант Корпорациясы» жауапкешілігі шектеулі серіктестігі белсенді жұмыс атқарып отыр. Корпорацияның құрамында алты кәсіпорын - Ескелді, Көксу, Бұрындай, Меркен, Тараз және Шу зауыттары бар.

Назар аударарлығы, өнімді қабылдау, жиналғаннан кейінгі өңдеу және қайта өңдеуге дейінгі кезеңге қажетті барлық материалдық-техникалық қор да Алматы және Жамбыл облыстарында шоғырланған.

Тұрғыдан көп қуат жұмсауды қажет ететін қызылша өндірісі шығыны мол сала болып есептеледі. Осы себепті де оның нарықтағы бәсекелестігін, инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қызылша өндірудің тиімділігін жоғарылату қажет. Бұған дақылды жаңа ресурс үнемдеу технологиясын енгізу және негізгі өндіріс кезеңдерін барынша толық механикаландыру арқылы қол жеткізуге болады.

Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда қант қызылшасын себу алқаптарының үздіксіз кеңейіп отырғаны байқалады. Егістіктің аумағы жағынан Жамбыл облысы көш бастап тұр. 2017 жылы осы дақыл 9,5 мың гектар жерді қамтыды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға артық еді. Мұның басты себебі осы дақылды өсіруге ауа райының ауыл шаруашылығы тұрғысынан қолайлы болуы, көмек қаржы бөлу арқылы өнімнің қаржылық тартымдылығын арттыру және өнімді өткізудің сенімді нарығына айналған қант зауыттары болуы.

Көлемін арттыруда өсімдік шаруашылығы саласында өндіріс құрамын әртараптандыру саясатына көшудің және суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында қатаң шаралар енгізілуінің маңызы зор борлды. Бұл шаралардың нәтижесінде ауылдық жерлерде өзін өзі қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны өсіп, олардың тұрмыс деңгейі жоғарылауы тиіс.

Өсімдік ауруларына қарсы біріккен күшпен

Қызылшасы шаруашылығы дамуындағы оң үрдістерге қарамастан, егістік аумағын ұлғайтуға кедергі болатын бірқатар қиындықтар туындап отыр. Мысалы, негізгі су жолдарының тазаланбауынан, тіпті кей жағдайда толық қалпына келтіруді қажет етуінен егістікті суландыру жүйесі тиімді пайдаланылмай келеді. Судың жетіспеушілігн әсіресе Жамбыл облысының қызылша өсірушілері анық сезініп отыр. Дақылдарды алмастыру жөніндегі кеңеске көңіл бөлмеудің салдарынан нашарлап кеткен суармалы алқаптардың едәуір бөлігін органикалық және минералдық тыңайтқыштардың көмегімен қалпына келтіруге тура келеді.

Үстіне, саңырауқұлақ ауруларына өте сезімтал қант қызылшасының микрофлора қоздырғыштарынан ауру жұқтыруы өткір мәселе болып тұр.

Қант қызылшасы сабағын және жапырағын зақымдайтын, химиялық дәрілер мен пестицидтерге төзімді зиянкестерден ауру жұқтырған алқаптар көлемі ұлғайып келеді.

Бұл мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекет органдары және шаруа, фермерлік қожалықтар күш біріктіруі қажет. Алайда, сөз болған қиыншылықтар бытыраңқы жеке кәсіпорындарда, ұсақ шаруа және фермерлік шаруашылықтарда жиірек кездеседі. Өйткені оларда көп жағдайда технологиялық мәселелерді шешуге қажетті қаржы жетіспейді.

Орайда қант қызылшасын өндіруге жұмсалатын шығынның тиімділігін арттыру үшін ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің бірігуі қажет сияқты. Бұл жағдайда ірі кәсіпорындар ұсақ ауыл шауашылық құрылымдаорына тіреу болып, бірлесе жұмыс жүргізе алар еді. Бұл қадамды өнімді өткізу кооперативтерін құрудан бастап, соңынан оларға бірте-бірте шаруашылықты жанар-жағармаймен, тұқыммен, химиялық тыңайтқыштармен, техниканың қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз ету, өндірісті механикаландыру сияқты жаңа міндеттер жүктеуге болады.

Кәсіпорындарды қамтамасыз ету маңызды міндет

Басты көрсеткіштерді сөз етер болсақ, Қазақстанда өнім жинаудың жалпы көлемі қант қызылшасын өндірудің ұлғаюына сай тұрақты түрде артып келеді. 2017 жылы бастапқы салмағы 5038,7 мың центнер, ал қосымша өңделгеннен кейінгі салмағы 3891 мың центнер қызылша жиналды. Бұл орайда жиналған өнімнің жалпы көлемінің артуына егістік көлемінің ұлғаюы себеп болды. Қолда бар мәліметтерді сараласақ, өнім бағасы сапасына байланысты орта есеппен 20-22,7 пайызға төмендеген екен. Бұл азықтық қызылша өсірушілер үшін айтарлықтай зиян.

Бағаның төмендеуіне негізінен комбайнмен жиналған қант қызылшасында арамшөп қоспаларының шамадан тыс жоғары болуы әсер ететінін айта кетелік. Өйткені кез келген ауыл шаруашылық өнімін өсіруші өнімді неғұрлым аз шығын шығарып, қысқа мерзімде жинап алуға тырысады. Бұл ретте арамшөп қоспаларының пайыздық көрсеткішін төмендету үшін қызылшаны комбайнмен жинау және дайындаушының қабылдау орынына жөнелту аралығында өнімді тексеру қажет. Мұндай әдіс өнімдегі арамшөп қоспаларының пайыздық деңгейін мөлшерлеп, тамырынан шіріген немесе басқа да ақаулары бар жарамсыз қызылшаны анықтауға мүмкіндік береді.

Осы орайда тағы бір маңызды мәселені айта кету керек. Жиналған өнімнің жалпы көлемінің артуына қарамастан, осы уақытқа дейір қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету толық шешімін таппай отыр. Олардың өндірістік қуаты жобаланған қуаттың 25-30 пайызы деңгейінде ғана пайдаланылады . Бұл көп ұзамай олар қант шикізатының басқа түріне, мысалы қант қамысына көшуге мәжбүр болады деген сөз. Мұндай үрдіс қазірдін өзінде байқалып отыр. Мысалы, Тараздағы қант зауыты қант қамысы шикізатынан құмшекер шығару технологиясына бейімделіп толықтай қайта жабдықталды.

Көлемі үлкен болғанмен өнімділігі төмен

2017 жылғы қант қызылшасын жинау науқанының қортытындысын зерделесек, бұл дақылдың өнімділігі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 4,14 пайызға кеміп кеткенін көреміз. Бұл топырақ құнарлылығының төмендеуінен, жылдағы ауа райының ерекшелігінен және жүргізілген агротехникалық шаралардың тиімділігінің төмендігінен болып отыр.

Өнімділігі төмен болғанымен, 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өскенін де байқауға болады. Мұның басты себебі қант қызышасын өсіру саласында егістік алқаптар аумағының айтарлықтай ұлғаюында.

Сонымен қатар, кейбір ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер әр гектардан 600-800 центнер өнім алды. Бұл тамшылата суару сияқты жаңа ресцурс үнемдеу тенологиясын қолданудың, қымбат элиталық сұрыпты тұқымды сеуіп, армшөпті отауда арнайы комбайндарды пайдаланып, қол еңбегін барынша қысқартудың, ауыспалы егіске білікті көзқараспен қараудың нақты нәтижесі

Түйіндеп айтар болсақ, еліміздің қант қызылшасы шаруашылығы дамып келе жатқаны анық байқалады. Елдің өндіріс саласында табысты дамуына қажетті құнарлы жер, қолайлы ауа райы жағдайы, жеткілікті өндіріс қуаты, ғылыми-зерттеу институттары сияқты ақпарат және кеңес беру желілері тәрізді мүмкіндіктердің бәрі бар.

Алайда, шаруа және фермер шаруашылықтарының белсенділігін қажет ететін бірқатар үлкен кедергілер де бар. Ең алдымен игерілмеген жерлерді пайдалану және ол жерлерді айналымға енгізу, өндіріс технологиясын сақтау және жоғары деңгейде механикаландырылған ауыл шаруашылығы техникасын қолдану мақсатында күш біріктіруі қажет.

Нұржан МҮСЛІМОВ

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз