Тұрақты авторымыз әрі «Біліктілік орталығы» ЖШС-ның жемазықтық дақылдар және жемазық өндірісі жөніндегі сарапшы Бақтияр САДЫҚ көпжылдық шөптердің бұрын егілген егістерінде өнімділікті арттыру жөнінде оқырмандарымызға арнайы тәжірибелік кеңес беріп отыр.

Нәтиже көп күттірмейді

Көпжылдық шөптердің бұрын егілген егістерінде біржылдық азықтық дақылдар егу арқылы өнімділікті арттыру мүмкіндігін көрсеттік. Ол үшін тоғыз жылдық тәлімі жоңышқаға ерте көктемде дискілі сыпыражыртқышпен одан әрі қатарлар арасын 15 және 30 см-ден арпа, бұршақ, күнбағыс, мақсары тұқымдарының қоспасын еге отырып өңдеу жасалды.

Қосымша егілмейтін учаскедегі жоңышқаның жемазық массасындағы үлестік салмағы 43,9%, ал өнімділігі төмен қысқа тіршілікті арамшөптер 56,1%-ды құрады. Жоғарыда аталған дақылдарды қосымша еккен жағдайда жоңышқаның жемазықтық массадағы үлестік салмағы 27,3-37,6%-ға дейін төмендеді, есесіне азықтардың мол өнімділігін қамтамасыз еткен қосымша егілген дақылдардың үлесі 46,4-52%-ға дейін артты.

Осылайша, қатарлар арасы 15 см болатын көпкомпонентті қоспаны еккендегі бұрын егілген жоңышқа егістерінің өнімділігі гектарына 93,8 центнерге дейін, ал ал қатарлар арасы 30 см-де – қосымша екпегендегі гектарына 61,4 центрермен салыстырғанда гектарына 108,9 центнерге дейін артты (1кесте).

Жоңышқаның бұрын егілген егістерде өнімділікті жедел арттыру жөніндегі көрнекі нәтижесі Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты «Заңғар» шаруа қожалығының алқаптарында қол жеткізілді. Күзгі жауын-шашыннан топырақ жеткілікті ылғал жинағаннан кейінгі күзгі мезгілде жоңышқаның сиретілген егістерінде «жасыл» қабат ретінде күздік арпа, тритикале және сұлы, қара бидайды бірден егу жүргізілді.

Ең құнды шөп

Көктемде жоңышқа бой беріп, күздік астық тұқымдастардың жаппай түптену фазасы басталғанда екі ізбен тырмалау және гектарына 350 текше метр есеппен спринклермен суару жүргізілді.

Жаппай масақтану фазасында азықтық массаны жығуға шабылды. Жығылғандардың кебуіне қарай алқапты кезекті рет суаруға босату үшін шөпті сығымдау жүргізілді.

Арпа мен тритикаленің «жасыл» қабаты астындағы жоңышқаның шығымы 280-285 ц/га, сұлы – 320 ц/га және күздік қара бидай 380 ц/га құрады. Арпа мен сұлының «жасыл» қабатымен егілген жоңышқа егістіктерінен алынған шөп әлдеқайда құнды болып шықты. Бірінші жыл жоңышқа арпаның тұтастай қабаты астында егіліп, екінші жылы қосымша егу жүргізілмеген көршілес шаруа қожалықтарында шығымдылық тек 145 ц/га – екі есе және одан да төмен болды.

Көпжылдық шөптердің сиретілген және бұрын егілген егістіктердің азықтық массасының шығымын жедел арттыру технологиясы өте қарапайым және әрбір шаруа қожалығы үшін қолжетімді. Оны көп жылдық шөптерді жаңадан егуге босалқы қаражаты және өзге де ресурстары жоқ барлық агроқұрылымдарда сәтті қолдануға болады.

Бахтияр Садық 

мал азығын өндіру бойынша сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз