Бүгінгі күні қазақстандық фермерлердің 80 пайызының қаржылары болмағандықтан сапалы тұқым сатып алу мүмкіншілігі жоқ. Көптеген фермерлер жалпы сұрыпты тұқымды, немесе тіпті тауарлық бидайды пайдаланады.

Жаңа ереже бойынша,

Тауар өндіруші көктемде тұқым шаруашылығынан немесе сатушыдан мөлшер бойынша 1 сұрыпты тұқым алады.

Және тұқым тауар өндірушіге төлемі күзге дейін шегеріліп алғашқы салымсыз беріледі.

Сонымен қатар тауар өндіруші элиталы тұқымды элиталы тұқым шаруашылығынан ала алады.

Мөлшер тауар өндіруші тұқымды сепкен соң жыл сайын сұрыпты жаңалап, 2 жылдан соң өз алқабына неғұрлым жоғары сұрыпты тұқым себуге мүмкіндік алатыны ескеріліп есептеледі.

Тұқымның құнын толық (100%) облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы өтейді.

Өнім өндіруші күзгі астық жинаудан соң сәйкес жылдың 1 желтоқсанына дейін мөлшер бойынша элиталы тұқымның және (немесе) 1 сұрыпты тұқымның 30% құнын Мамандандырылған ұйымға (болжамша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚна ) қайтарады .

Тұқым өсірушілерге субсидия берудің жаңа ережелері туралы осы бейнероликте айтылады

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз