Етті жануарлар тұқымының дамуы жылдам. Сондықтан, оларды бордақылау да өте тиімді. Тез қоң жинап, семіруге бейім. Өсіру және ұстау жағдайларына төзімділігі - малдың рентабельдігін арттырады.

Сиырдың ас қорыту жүйесіндегі көп қабатты асқазанының арқасында арзан жем түрлерімен, техникалық өнімдердің өңделген өнімдерімен қоректене алады. Етті ірі қара - мал жайылымдарын тиімді пайдаланады, сондай-ақ асқазанындағы микроорганизмдермен (асқазаны бір камералы жануарларға қарағанда 2-3 есе) жақсы қорытылатын, құрамында жоғары көлемде өзегі бар қатты жем-шөптерді де пайдаланады. Сондай-ақ бұл тұста нәруызды синтетикалық азотты қоспалармен де алмастыруға болады.

Етті ірі қара аштықты және басқа да жағымсыз экологиялық факторларды жақсы көтереді. Олар қолайсыз жағдайлардан жоғалтқан майлық пен салмақты тез қалпына келтіреді. Жануарлардың басқа түрлерімен салыстырғанда олар өлімге әкелетін аурулардан аз зардап шегеді. Етті ірі қараның бұл биологиялық қасиеттері будандастырған кезде ұрпаққа беріледі.

Ірі қара малдың тағы бір тартымды ерекшелігі – ірі инвестицияларсыз даму мүмкіндігі.

Мал шаруашылығында етті ірі қара ұстау сүтті ірі қара ұстаудан 8-10 есе төмен болуы мүмкін.

Малдың бір басының жазғы шығыны 4-5 есеге дейін азайтылуы мүмкін. 

Егер сүтті мал шаруашылығында 450-500 кг салмақтағы бір басқа 2 тоннаға дейін астық тұтынса, етті мал шаруашылығында 400-500 кг салмақты бір басқа 4-5 есе аз. Жақсы ұйымдастырылған мал шаруашылығына еңбек өнімділігі жоғары өсімі тән. Мұнда жайылым кезеңінде, механикаландыру немесе автоматтандырудың қымбат емес құралдарын пайдаланбай, бір жұмысшыға немесе фермерге арналған малдың жүктемесі жазда 400-500, қыста 120-150 басты құрайды. Бұл сүтті мал шаруашылығына қарағанда 5-6 есе жоғары. Ірі қара малдың биологиялық және өндірістік ерекшелігі олардың климаттық жағдайларына беймделу қабілетінде. Анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен үлкен дене массасына (400-700) байланысты микроорганизмдердің биохимиялық жылу үрдістерімен жылыну арқасында олар төмен температураны жақсы көтереді.

Ірі қара малдың температуралық сезімталдығы жақсы дамыған, ол қыс мезгілінде гипотермиядан және жазда қызып кетуден, жауынның (қар, жаңбыр)және желдің жағымсыз әсерінен сенімді қорғайды. Бұл сондай-ақ сүт тұқымдарының талшықты қабатынан 4-5 есе жоғары тері астындағы нәруызбен берік әрі тығыз терімен байланысты.

Күзде етті ірі қараның терісі қалыңдығы 2,5 см-ге дейінгі шашты қаптамамен өседі. Бұл оны жеңіл-желпі сарайларда аяздан қорғайды. Әсіресе сиырдың желінін қатып қалудан қорғау үшін маңызды.

Ірі қара малдың жайлы жыл мезгілінде май жинақтауы азық-түлік қорын аз мөлшерді қамтамасыз ету мүмкіндігі жем-шөппен азықтандыру шығынын төмендетуге мүскіндік береді, бұл мал шаруашылығының табысты дамуының негізгі факторы болып табылады

Жақсы дамыған аналық сезімі бұзауды қорғауға көмектеседі, жайылымды және жас малдың қауіпсіздігін жеңілдетеді. Етті мал жайылымдардың жолдарын және қауіпті жерлерін есте сақтайды. Сондықтан жақсы көрінетін, айналмалы көрініспен қозғалуды қалайды, зерттелген жолмен оралуды ұнатады.

Етті малдың өмір сүру ырғақтықтары айқын, әсіресе сүт тұқымдастарымен, циклдік көбею түрінде бірқатар физиологиялық процесстердің маусымдық ырғақтарымен (ақпан-наурыз айларында, көктемде, жазда молықтыру және т.б.) салыстырғанда жақсы сақталған.

Олар жақсы дамыған бұлшықеттермен (әсіресе мойын, жауырын, жамбас және сан) кең баррель тәрізді денемен сипатталады. Дененің жоғары сапалы ет беретін бұл бөлігінде бұлшықеттер күшті дамыған.

Дәнді және биологиялық пайдасы бойынша етті ірі қараның еті сүтті ірі қара тұқымдарының етінен жоғары.

Ірі қара малдың денесінде , әсіресе майында, қоректік заттардың қоры артып, 75-80% судың мөлшері ұшада суару түрінде, бұлшықеттің арасында және ішінде жиналып, еттің мәрмәрлығын береді.

Олар сою өнімділігіне ие (50-55% сүтті тұқымдастардың жас малының бордақыланған түріне қарағанда 60-65%). Ұшаның жеуге жарамсыз және жарамды бөліктерінің ең жақсы қатынасының көп мөлшерін майлы кебек арттырды, құрамының калориялық мазмұнын арттырады. Олардың ұшаларында сүйектер мен сіңірлер аз, етті ауыр кесектері көбірек (сүтті малдан салыстырғанда 3,5-4 кг, 1кг сүйекке 6 кг еттен келеді).

Етті ірі қара тұқымдарының жас малы өсімнің жоғар энергиясын және азық-түлік өнімдеріне ақы төлеуді (жануардың салмағын көтері бірлігі) алады.

Мақсұт БАҚТЫБАЕВ,

"Қазақстан Ет одағы" басқармасының төрағасы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз