8 қыркүйекте «Баршатас» ӘКК базасында (ШҚО, Аягөз ауданы) «Қой шаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайту технологиялары мен ет сапасын жақсарту. Отарлы қой шаруашылығы. Қой шаруашылығындағы ветеринарлы-санитарлық іс-шаралар» тақырыбына арналған семинар өтеді.

Семинардың басты міндеті – қойларды сатып алуға, іріктеуге, қойларға вакцина егуге, мал азығын дайындауды жоспарлау және әзірлеуге қатысты мәселелерге толықтау сипат беру, сондай-ақ, қой шаруашылығымен айналысатын шағын шаруа қожалықтары жұмысының ең қолайлы үлгілерін таныстыру.

Семинар ауылшаруашылық тауарларын өндірумен айналысатын тұлғаларға немесе асыл тұқымды және тауарлы қой отарын өсірумен айналысуды жоспарлайтын тұлғаларға арналған.

Толық ақпаратты «Семинарлар кестесі» бөлімінен білуге болады.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз