Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына қатысып конкурстан тыс жайылымдық жер ал.

2019 жылдан бастап мемлекет мал өсіру шаруашылықтарына жайылымдық жерді конкурстан тыс алу мүмкіндігін береді

Бұл үшін жоба мына талаптарға сай болуы қажет:

  • ҚР Жер Кодексінің 48 бабына сай жоба инвестициялық бағытта болуы керек
  • Етті мал өсіру бағдарламасының қатысушысы болуы тиіс
  • Индустрияландыру және аймақтардағы кәсіпкерлікті қолдау карталарына кіруі керек

Ең алдымен жоба аймақтық индустрияландыру Картасына кіруі қажет. Бұған қатысты шешімді құрамының 50 пайыздан астамы кәсіпкерлерден тұратын Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) қабылдайды.

АҮК оң шешім шығарғаннан кейін фермер Жобаны іске асыру үшін жергілікті әкімдіктен (ауыл шаруашылығы басқармасынан (АШБ) жер телімін жалға алу хұқын алуы тиіс.

Бұл үшін фермер әкімдікке АҮК шешімін және жер телімін жалға алу туралы өтінімді тапсырады. Жер комиссиясы құжаттарды қарап мақұлдағаннан соң фермер жергілікті атқарушы орындар бекіткен жерге орналастыру жобасын (жер телімінің сызба жоспарын) ұсынады. Осының негізінде жер телімін бөлу туралы шешім қабылданып, ол рәсімделеді.

Бұдан басқа, фермер сол жердегі жер телімінің шекарасын белгілейді.

Конкурстан тыс жер телімін рәсімдеу мерзімі 30 күнді құрайды.

Бейнетаспадан жайылымдық жер беру кезеңдері туралы толығырақ білуге болады.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз