Таңқурай өсіру Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағы кең саласы. Бұл бағытта табысқа жету тұқымды дұрыс таңдау, тиісті тыңайтқышты қолдану, сауатты агротехникалық шаралар сияқты бірнеше факторларға байланысты. Бұл туралы осы мақалада кеңірек әңгімелейік.

Ең дұрысы – көпжемісті тұқым

Әдетте таңқурай көшеттерін отырғызуға жергілікті тұқым қолданылады. Бірақ бұл әрдайым табысқа жеткізе бермейді. Бәрінен де әлемдік ең жақсы тұқымдарды алып, оларды жергілікті жерде сынақтан өткізген дұрыс. Қазір елімізде жеміс тұқымдарын сырттан алып, жергілікті жағдайға бейімдейтін шаруашылықтар аз емес.

Жаңа тұқымдардың өнімділігі жоғары, жемісі ірі, тасымалдауға жеңіл. Негізінен бұл тұқымдардың бәрі де көпжемісті. Өнімді жас өркенінен бірінші жылы жинап алуға болады. Кұзде өнім жиналғаннан кейін бұталар толықтай шабылып, тамыры ғана қалдырылады. Келесі жылы жас өркендер көтеріліп, шілде айында гүлдейді де, шілдеден қазан айына дейін (біздің аймақта қырау түскенге дейін) өнім береді. Таңқурай жемісін араға күн салып жинайды. Яғни, үш ай бойы жақсы өнім алып тұруға болады.

Тәжірибелі бағбандар өнімділігі жоғары, ірі жемісті «Карамелька» және «Нижегородец» тұқымдас таңқурай отырғызуға кеңес береді.

«Нижегородец» - ең ірі жемісті (20 граммға дейін) тұқым. Мұндай таңқурай өндірістік өңдеуге, жас күйінде жеуге, тоңазытуға ыңғайлы. Бұл тұқымның бір гектарынан 30 тоннаға дейін жеміс алуға болады. Тағы бір өнімділігі жоғары тұқым «Карамелька» да гектарынан 20 тоннаға дейін өнім береді. Оның жемістері кішірек, бірақ өте тәтті, ең дәмді десерттік жеміс. «Карамельканы» отырғызу және күту жеңіл. Оның бұталары тік өседі және жуан. Оған сүйеніш қажет емес, тікендері аз. Өркендерінің биіктігі бір жарым метрге жетеді, ал жақсы күтім көрсе бұдан да биік өседі.

Қоректік заты бар орлар

Таңқурай өсірудегі ең маңызды нәрсе дұрыс күтім және агротнехникалық шаралар. Бұл ереже сақталса бір түп таңқурайды 8-10 жыл өсіруге болады.

Бірінщіден, жер дұрыс таңдалуы керек. Топырақ жеңіл, қопсыған болуы тиіс. Отырғызар алдында топырақтың минералдық құрамын, рН мөлшерін қышқылдығын зерттеу керек. Топырақ қышқылдығы жетіден төмен (таңқурайға ең қолайлы қышқылдық деңгейі 5,5-6,7) болуы керек.

Таңқурайды күздің (қазан айының) соңына қарай немесе ерте көктесмде, наурыз, сәуір айларында отырғызады. Ең дұрысы күзде отырғызу. Сонда қыс кезінде оның тамырлары топыраққа бейімделіп үлгереді.

Алдына да топырақты дайындап, кеңдігі мен тереңдігі 40 сантиметр болатын ор қазып, оған қарашірік немесе көң салады. Бұған жапырақ немесе бұтақ сияқты басқа органикалық қалдықтар да жарайды. Таңқурай органикалық тыңайтқышты сүйеді. Тыңайтылған топырақта өсімдік жақсы өседі, жан жаққа жайылып кетпейді. Таңқурайдың тамыры жайылып өсетіндіктен оған атызда қоректік зат жетпесе ол атздан шығып кетеді. Егер орға жеткілікті тыңайтқыш салсаңыз таңқурай он жыл бойы бір қатардан шықпай өсе береді.

Ордың үстіңгі қабатына топырақ салынады. Оған таңқурай бұталары отырғызылып, үстінен тағы да қарашірік жабылады.

Суару және жабын

Отырғызу оларға жабын жабумен аяқталады. Бұл ылғалды сақтап, тамырды коректендіруге, топырақты қорғап, сапасын жақсартуға жақсы, өсімдіктің қалыпты өсуіне өте тиімді әдістердің бірі.

Түбінің шеңберін қарашірікпен, жапырақпен, сабанмен, немесе кез келген басқа органикалық қалдықтармен жабу керек. Сонда таңқурай өте жайлы сезінеді. Таңқурай сілтілігі тым жоғары топырақтан басқа кез келген жерде өсе береді. Бірақ органикалық тыңайтқыштарды қолданып қышқылдығын ондай топырақтың да көтеруге болады.

Суару кезінде суды үнемдеу, әр түпке біркелкі ылғал сіңіру үшін тамшылап суарған қолайлы. Қайталап суару кезінде біркелкі ылғалдандыру мүмкін емес. Сондықтан тамшылап суаруды қолданған жөн. Бірінші жылы бір ғана, екінші жылы екі тамшыландыру желісі қолданылады.

Өсімдікті қорғау

Әрине, таңқурайдан жақсы өнім алу үшін оны зиянкестерден, аурудан және арамшөптен қорғау керек. Бұл кез келген дақылды және мол өнім алудың басты шарты.

Басқа дақылдарды бүлдіретін аурулар мен зиянкестер, сорғыштар мен кеміргіштер (өсімдік биті, жапырақ көбелегі, кене) таңқурайға да тән.

Оларға қарсы Ресейде шығарылатын «Битоксибациллин» сияқты дәрілерді қолданған дұрыс. Бүгін саңырауқұлаққа қарсы биологиялық табиғи дәрілер де бар. Олар бактериялар негізінде жасалып, құрамында зиянды химиялық заттар болмайтындықтан жемісі бар ағашқа да себуге болады.

Арамшөптер әдетте қолмен оталады. Қатараралық отау жұмысын бірінші жылы пышақты өңдеуіштің көмегімен, екінші жылы жабын жабу арқылы жүргізеді.

Александр ДРАГАН,

жеміс-жидек дақылдарының сарапшысы

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз